Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы: «Не үйрендік, не білдік?»
Мақсаты: Оқушылардың қызықты математика пәнінен алған білімдерін тексеру, білімдерін шыңдау, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Ребус, кесте, пішіндер, нақыл сөздер, жұмбақтар, слайдтар
Әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, тест, әңгімелеу
Түрі: Сайыс
Жүрісі:
І. Кіріспе:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде «Не үйрендік, не білдік?» тақырыбында сайыс өтпекші. Бұл сайыстың тақырыбы неге олай аталды? Себебі, біз «Қызықты математика» сабағында көптеген қызықты да, қиын тапсырмаларды үйреніп жатырмыз, әлі де үйрене береміз. Сол сабақта үйренгенімізді, не білгенімізді бүгінгі сайыста көрсетуіміз керек екен.
- Енді ортаға «Білімді бірді жығады, білекті мыңды жығады» - дегендей осы математика ғылымына өзіміздің азғантай болса да үлесімізді қоссақ деген үмітпен келіп тұрған жас математиктерімізді ортаға шақырайық! Қол соғып қарсы алайық!
- Ендеше сайысымызды бастайық!
(Әділ – қазы сайланады)
ІІ. Психологиялық дайындық
Ауданымыздың білім додасында олимпиада жүлдегері атанған 4 – сынып оқушысы Іңкәрдің «Сәттілік тілеймін сіздерге!» деген тақырыпта жазған өлеңін тыңдайық
- Сәттілік тілейік!
І. Таныстыру
ІІ. Ұшқыр ой
ІІІ. Ойлан, тап!
ІҮ. Математикалық фокус
Ү. Көңілді ребус
ҮІ. Сиқырлы пішіндер
ҮІІ. Зерде
ҮІІІ. Қас қағым
ІХ. Санжұмбақ
І. «Таныстыру» (Әр топ өздерін таныстырады)
«Болашақ» - 3 – сынып
Ұраны:
Еліміздің болашақ,
Азаматы боламыз.
Білім менен ғылыммен,
Болашаққа барамыз!
«Бәйтерек» - 4 – сынып
Ұраны:
Бәйтеректей биікке,
Ұмтыламыз, талмаймыз.
Есептерден сайыста
Біз ешкімнен қалмаймыз!
ІІ. «Ұшқыр ой» Тест тапсырмалары беріледі
«Болашақ» тобының тапсырмалары
«Бәйтерек» тобының тапсырмалары
ІІІ. «Математикалық фокус»
«Болашақ» тобы «Бәйтерек» тобы
азайт
7. Айырманы 50 –ге көбейт
8. Шыққан санды 10- ға бөл
9. Неше шығады?
Егер барлық амал дұрыс орындалса,
нәтижесінде 565 саны шығады
ІҮ. «Ойлан, тап!»
Логикалық тапсырма
(Екі топқа бірдей тапсырма. Кесте толтырады.)
Қайрат, Бауыржан, Ерасыл, Ілияс жарыста алдыңғы 4 орынды иеленді. Бірақ балалардың ешқайсысы бірдей бір орынды өзара бөліскен жоқ. «Нешінші орын алдыңдар?» деген сұраққа олар былай деп жауап берді.
Кім қандай орын алды?
Б/А
І орын
ІІ орын
ІІІ орын
ІҮ орын
Қайрат-
+
-Бауыржан
-
+
-
-
Ерасыл
+
-
-
-
Ілияс
-
-
-
+ҮІ. «Зерде» ( Жанкүйерлермен сайыс сұрақ - жауап )
Ү. «Көңілді ребус»
Тапсырма:
Ребусты шешіп мақал құрастыр.
(Батырлық, отан туралы мақалдар құрастырады)
ҮІ. «Білгенге маржан»
Тапсырма:
Рим цифрлары латын әрпінің неше әрпімен таңбаланады, қандай әріптер?
I – 1, V – 5, X – 10, L – 50, C – 100, D – 500, M - 1000
«Бәйтерек»
1. МС, DL қандай сан айта ғой?
2. Мұсылманның бес парызын атап бер
3. Қос қол есе оң ауыз - қандай сан?
4. Бес мүшелді қалай түсінесің?
«Болашақ»
1.Үш арсызды ата
2. Қолаяқ, көз мұрын - нешені білдіреді?
3. DС, LX мына санды арап цифрымен айта ғой
4. Баяғыда 50 жылды қалай айтқан?
ҮІІ. «Сиқырлы пішіндер»
1. Топ басшыларына
Тапсырма:
Шаршыны белгіленген әріп және сандар бойынша боя. Қандай бейне пайда болады?
3 – сынып -А3, В2, В3, В4, В5, С4, Е3, Д4, 4 – сынып- А3, В5, В4, С4, В6, Д6, Д4, Д5,
Д5 Д1, Д3, Д2, Е1
2. Тапсырма:
Көрші орналасқан жүзім дөңгелектеріндегі сандарды бір – біріне көбейт. Нәтижесін астындағы дөңгелекке жаз.
ҮІІ. «Қасқағым» слайдпен көрсетіледі
Тапсырма:
ҮІІІ. «Санжұмбақ»
Тапсырма:
Санжұмбақтар шешу
Қорытынды:
Әділ – қазыларға сөз беріліп жеңіске жеткен топ марапатталады.
Диплом тапсыру 4 – сынып оқушысы «Бастау» аудандық математикалық турнирінде «Бас жүлде» иеленген Құрбанғазы Ғайни табыстайды.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт