Просмотр содержимого документа
«"?й, осы математика" сайысы»
«Әй, осы математика» атты интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Ойында интерактивті тақта, үлестірме қағаздар қолданылады.
Қатысушылар: 8- сынып оқушылары. Олар сыныпта өткен сайыс жеңімпаздарынан құралған оқушылар.
Сайысқа қатысушылар:
Сайысқа қатысу үшін өздеріне сәйкес нөмірлерін таңдап алады.
Бүгінгі күн сайыста
Ешкінен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста- деп
«Әй, осы математика» атты сайысымызды бастаймыз
Сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.
Өту жоспары:
Математиктер жайлы әңгімелер
Логикалық есептер
Мақал-мәтелдер сайысы
Есепке кім жүйрік?
Кім көп біледі?
Қорытынды
1- сайыс . Математика жайлы ұлы ғалымдар айтқан ұлағатты сөздерді айта келіп, математиктер жайлы әңгімелердіайтамыз
1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М.В.Ломоносов)
3.Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Оқушылар математиктер жайлы дайындаған әңгімелерін айтады.
2- сайыс: Логикалық есептер шешу.
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз- деп, логикалық есептер шығару
Интерактивті тақтадағы есептерден әр оқушы өз нөмірлеріне сәйкес есептерді шығарады.
7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп
сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105 )
Сандар қатарындағы келесі санды тап?20,21, 23, 24,26, 27, … (29)
Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(17)
Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде?(20)
3-сайыс. Мақал-мәтелдер сайысы.
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік –деп, берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.
Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.
7 рет өлшеп,
рет кес.
2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.
1 кісі қазған құдықтан,
кісі су ішеді.
Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
7. Білгенің бір 9, білмегенің 99.
4-сайыс.Есепке кім жүйрік?
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек-деп, берілген есептерді барлығы шығарады.
Берілген есептегі жұлдызшалардың орнына цифрларды қоя отырып, көбейтуді орында:
* 2 *
х 2 7__
3 6 * 8
+
* * * *___
* * * * * (524 · 27 = 14 148 )
2.0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең?
(3 210 – 1023= 2 187 )
3.Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )
5– сайыс. “Кім көп біледі?” .
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен –деп әроқушыға 7сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі.
№1 оқушы
1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. 8 санының квадраты неге тең?(64)
3. y=√x функциясының графигі қай ширекте орналасқан? (І ширек)
4. Төртбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы? (3600)
5. D
6. 1/2- ге кері сан?
7. Ғасырдың жартысы неше жыл?
№2 оқушы
1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. D0 болғанда квадрат теңдеудің неше түбірі бар? (2)
5. Барлық қабырғалары тең параллелограмм ... деп аталады (ромб)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
7. 12 санының квадраты? (144)
№3 оқушы
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
(диаметр)
2. Тангенстің 600 – тағы мәні (√3)
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
4. D=0 болғанда квадрат теңдеудің неше түбірі бар? (1)
5. 15 санының квадраты? (225)
6. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама – қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең. Бұл теорема (Виет теоремасы) деп аталады.
7. Трапецияның орта сызығы неге тең? ( табандарының қосындысының жартысына
№4 оқушы
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)