Алгебра 8 сыныа
Сабақтың тақырыбы: функциясы және оның қасиеттері мен графигі
Сабақтың типі: жаңа материалды бекіту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды функциясы және оның
қасиеттері жайлы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру, функциясының графигін сала білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Қайталау.
1. Функция дегеніміз не?
2. Анықталу облысы деген не?
3. Функцияның берілу тәсілдері.
4. функциясы, қасиеттері.
ІV. Жаңа матреиалды бекіту.
1. Оқушылардың білімдерімен шеберліктерін тексеру
Оқулықпен жұмыс. № 102, №104, №106
2. Математикалық диктант.
1. А(64;8) нүктесі функциясының графигіне тиісті ме?
2. функциясы графигін пайдаланып,мына сандарды салыстыр:
)және; ә)және.
3. Сандарды өсу ретімен орналастыр:
V. Қорытынды. Не үйрендік?
VІ. Үйге тапсырма. №102 (4,5,6) №105
Бағалау.
Пән: алгебра Сынып: 7
Тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі
Мақсаты:
Бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, бірмүшенің коэффиценті, бірмүшенің дәрежесі ұғымдарын енгізу, оларды есептер шығаруда қолдану;
жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу;
әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзыреттілігін дамыту.
САБАҚ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды анаграмма шешу арқылы табайық. Анаграмма шешу:
ШЕБІМРҮ; 2. РЕЖӘДЕ; 3. ЦИФОНКЭФТЕ
Бірмүше; 2. Дәрәже; 3. Коэффицент
Анықтама. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.
Анықтама. Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғастыра айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған түрін бірмүшенің стандарт түрі деп атайды.
Анықтама. Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
Тапсырма: Төмендегі өрнектер бірмүше бола ма?
3aba • (-8)a; a; 4ab2 • 17m3 • a2; 3a2 — 7; a3 : b.
Дәптермен жұмыс. Бірмүшелерге 3 мысал ойлап, жазу;
-0,125a2(-4b)(-2a) бірмүшесінің a = 1/2; b = -32 болған кездегі сан мәнін табыңдар
Сұрақ : оңай есептеу тәсілі бар ма? Қандай?
— 0,125a2(-4b)(-2a) = -0,125 • (-4) • (-2) • (a2 • a) • b= -1a3 b= -a3 b
Егер a = 1/2, b = -32, онда -(1/2)3 • (-32)= 4 Жауап: 4.
Сергіту сәті.
Жаңа сабақты бекіту. Тапсырма: тақтаға жазылған өрнектерді пайдаланып кестені толтыр:
Бірмүше | Бірмүшенің стандарт түрі | Бірмүшенің коэффиценті | Бірмүшенің дәрежесі |
| | | |
| | | |
| | | |
5x2 7yx; a+3b3 • b2; aabbb; -x3; 2 ab+c-4; (-1/4)2bab3; —
Бірмүшені стандарт түрде жазыңдар: а) 16xy(-0,25)y3
б) -0,5ac2(-2)a3c
в) 3/4 • a2 b • 4a3 b2 m • (-0,25abm3)
Өрнектің сан мәнін табыңдар: а) 3,5x2 егер x = -1
б) -0,02aca2 егер a= -1, c= 5
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?
Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
VІІІ. Үйге тапсырма №159-160
Х. Бағалау
: