Просмотр содержимого документа
«« Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу »»
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Сальменова Г.Т.
Сынып: 6 «в»
Пән: математика
Мұғалім: Сальменова Гулия
Өткізу түрі:«Биоинтернет» картасы, БжС технологиясы
Тақырып: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Сабақтың мақсаты:Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу тақырыбы бойныша оқушылардың білімдерін бекіту оқушылардың 63% білім сапасын өздерінің түсіндірулері арқылы көрсету. Оқушыларды ынтымақтастыққа , ұжымдық жұмыс жасауға әсер ету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.
Әдіс - тәсілі: Биоақпараттану және Синергетика технологиясы
Картасы: «Биоинтернет»
Сабақ барысы: «триада –биоинтернет» картасы бойынша
Ұйымдастыру кезеңі
«Биоинтернет» картасы бойынша оқушылардың жұмыс жүргізу мотивациясы төмендегіше:
Орындадың+түсіндіре білдің=меңгердің.
Білімді болу – өз ойыңды нақты жеткізу және сұрақ қоя білу біліктілігің.
Үйренгің келсе – үйрет, оқыт.
Топтық рух: сенде мүмкіндік бар, басқаларға көмектесе отырып, өзіңе көмектесу.
Мұғалімнің сөзі: осы тақырып бойынша бекіту үшін 2 сабақ бар. Биоинтернеттен кейін жаттықтырғыш картасына көшеміз. Сабақ формуласы: есеп шығару +түсіндіре білу = бекіту Ұран - бәріміз алға! Алға ! Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ!
Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі.
ООМ бойынша жұмыс барысы түсіндіріледі.
«Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектендіру»
Тақтаға мұғаліммен бірлесіп кезекпен қатаң ОӘЖА сызбасы бойынша тізбектің шешімін айта алатын сарапшы шақырылады. Терминологиялық дұрыс сөйлеуге баса көңіл аударылады.
1.Ұйымдастыру кезеңі
мотивация
Күнтізбелік жоспар бойынша тақырыптарға қалған уақыт көрсетіледі. Оқушылардың мотивациясы сыныптың бір топ ретінде болуы: Сыныптық -топ «Биоинтернет» және «Жаттықтырғыш» карталар бойынша максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқыту барысында уақытты үнемдеуді болжайды және «Логика», «Көшбасшы», «КТС» карталарындағы жұмыс түрлерін пайдалануға мүмкіндік жасайды. «Биоинтернет» картасы бойынша оқушылардың жұмыс жүргізу мотивациясы :
1.Терезенің сыртында сиқырлы өмір, өмірде табысты болу үшін сабақта табысты болу керек.
2.Орындадың + түсіндіре білдің=менгердің.
3.Білімді болу - өз ойыңды нақты жеткізу және сұрақ қоя білу біліктілігің.
4.Үйренгің келсе –үйрет, оқыт.
5.Топтық рух: сенде мүмкіндік бар, басқаларға көмектесе отырып өзіңе көмектесу.
Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады. № 1кесте ООМ бойынша жұмыс барысын түсіндіру. Ойлау қабілетінің дамуына, табысты болуға ынталандыру.
Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі
2.Жетекші білімдері мен
Іс-әрекет тәсілдерін
өзектілендіру
Егер «Алгоритм» картасы бойынша жұмыс жүргізілгеннен 48 сағаттан артық уақыт өтсе,онда ОӘЖА бойынша қысқаша тақырыпты қайталауға рұқсат етіледі. Оқушылар тақырып бойынша сұрақ қою керек.Қайталау ұзаққа созылмауы тиіс. Оқушыларды жұмыс жүргізуге тақтаға шығаруға болмайды.
3.
1 цикл.
Стандартты және өзгермелі жағдаятта
білімді қолдану үлгісін
құрау
Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ
екі нұсқа бойынша.
Нұсқа
ТКШ
АКШ
ЖКШ
І
11
10
18
ІІ
12
12
19
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырмайды, «Қолдағы қаламсап–бұл қателік» бұйрығы беріледі.
1.Мұғалім дұрыс жауаптарды тақтадан көрсетеді. Тақтаға барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған балалар шығады және әр оқушыны мұғалім тексереді - бұлар «Альфа» тобы.
2.Тақтаға екі тапсырманы дұрыс орындаған балалар шығады. Оларды «Альфа» тобындағы оқушылар тексереді.
3. Бір тапсырма немесе барлық тапсырмасы дұрыс орындалмаған оқушылар үшінші қатарға отырады, бұлар
«Гамма» тобы, ал екі тапсырманы дұрыс орындаған, тексеруден өткен оқушылар екінші қатарға отырады –бұлар «Бета» тобы, «Альфа» тобының балалары бірінші қатарға отырады.4 оқушы шығарылады. Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Тапсырманы орындау бойынша сыныпты үш топқа бөлу.
Альфа: ТКШ-АКШ-ЖКШ
Бета: ТКШ-АКШ
Гамма: ТКШ немесе барлық тапсырма дұрыс орындалмады.
4.
Білімді өзбетінше
қолдану
Орындалған жұмыстар бойынша қатемен жұмыс. «Альфа» тобының сарапшылары ООМ толтырады және «Бета» тобымен жұмыс жасайды. Мұғалім ООМ «Альфа» тобындағы оқушылардың санын белгілейді және келесі ереже бойынша, егер «Альфа» тобында;1 оқушы болса, сарапшылар тобын күшейту үшін «Бета» тобынан кезекпен қатемен жұмыс. Мұғалім эксперттерді дайындау жұмысыңың өзіндік стратегиясын құрады. Тақтаның алдында тек үшін тақтаға 5 оқушы шығады;
2 оқушы болса 4оқушы шығарылады;
3 оқушы болса 3оқушы шығарылады;
4 оқушы болса 2 оқушы шығарылады;
5 және одан жоғары болса 1 оқушы шығарылады;
ОӘЖА бойынша барлық шешімдер терминдер, түсініктер, ежелер және формулалар қатаң түрінде қайталанып шығады.Мұғалім бүкіл сыныпқа сарапшы мен оқушы жұмысының үлгісін көрсетеді. Мұғалім 3 сызба негізінде сарапшы пен жаттықтырушыларға оқушылармен жұмыс жүргізу ережесін көрсетеді. Тек қана «Бета» тобының оқушылары жұмыс жүргізеді. Әрқайсысы тақта алдындағы жұмыстан кейін ООМ өзінің ұйяшығына плюс алады және жатттықтырғыш болу құқына ие болады.«Альфа» тобына ол кірмейді.
5.
Бақылаужәне
өзіндік
бақылау
Мұғалім өзі ООМ белгі арқылы «Альфа» тобындағы сарапшы- оқушыларға және Бета тобынан жіберілген жаттықтырушыларға қозғалу маршрутын көрсетеді. Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды,сарапшылар қасына келмеген жағдайдада өзбетінше ОӘЖА сызбасы бойынша ауызша айтып үйренеді. Мұғалім белгі бергеннен кейін балалар бір бірімен жұмыс жасай бастайды.Мұғалім сарапшылар жұмыстарын бақылайды. «Гамма» тобының жұмысына зер салмайды. Барлығы «Сарапшы жұмысы» сызбасы бойынша жұмыс жасайды. «Биоинтернет» картасындағы 3 суретте көрсетілген.
Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырғандар сарапшылар болады.
Есептемегенде 63%-дан кем болмауы тиіс.
6.
Түзету
Жұмыс аяқталғаннан кейін мұғалім әрбір сарапшының және жаттықтырушының жұмысын ұқыпты талдау жасайды, олар оқушылардың қандай қателер жібергенін сауатты, нақты түсіндіру керек.Сарапшылар жұмысының қателері мен жетістіктеріін көріп отыру үшін оқушылардан сұрап отыру маңызды. Мұғалім сарапшылар жұмысы туралы өзінің көзқарасын да білдіріп отырады. Мұғалімнің негізгі мақсаты
«Биоинтернет» картасындағы өзінің көмекшілерін–сарапшыларды дайындау, осыны есте сақтау керек. Оларсыз жоғары нәтижеге жету мүмкін емес.
7.
Ой толғау
Сынып үш тапсырма алады ТКШ–АКШ - ЖКШ екі нұсқа бойынша.
Нұсқа
ТКШ
АКШ
ЖКШ
І
№16
№18
№20
ІІ
№23
№19
№24
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырмайды, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. 5+30 уақыты тек қана «Бета» және«Гамма» топтарына.
8.
2 цикл.
Бақылау аяқталғаннан кейін, кезең толығымен қайталанады. Кезең саны шектелмейді. Егер 63% нәтиже алынса «Жаттықтырғыш» картасына көшуге рұқсат етіледі.
Мұғалім қобалжымау керек. Ең маңыздысы балалардың пәндік тілді сауатты менгеруі.
9.
Бағалау
Баға деңгей бойынша қойылады Альфа -5 ұпай, Бета -4 ұпай, Гамма–3 ұпай. Егер оқушы «Альфадан» «Бетаға» көшсе және қайталанса ол 4 деген баға алады. Егер «Бетадан» «Гаммаға» көшсе және тағыда қайта орнына барса – 3 деген баға алады. 2 деген баға қойылмайды. Барлық балалар көп жұмыс жүргізеді, сондықтан нашар бағаға лайық болмайды. Мұғалім көшбасшыларының ұмтылысын және сынып топтың жұмысының сапасын белгілеп отырады.
10.
Үй
тапсырмасы
1.«Альфа» тобына ЖКШ бойынша 10 тапсырмадан кем емес тапсырма беріледі.
2.«Бета» тобына АКШ бойынша 10 тапсырмадан кем емес және 5 тапсырма ЖКШ бойынша.
3.«Гамма» тобына 10 тапсырмадан кем емес ТКШ бойынша және 5 тапсырма АКШ бойынша.
4.6 сарапшы ЖКШ бойынша үйге 30 тапсырма алады, мұғалімге «Жаттықтырғыш» картасымен жұмыс жүргізуге көмекші болу үшін. Мұғалім «Альфа» тобының басқаларына «Бета» және «Гамма» тобының оқушыларының үй тапсырмасының орындалуын қадағалауды тапсырады.
α-ЖКШ №20-35;
β-АКШ №20-25, ЖКШ №30-35;
γ-ТКШ №25-30, АКШ №15-20;
Интерактивті тақтада салынды «Сарапшының жұмыс ережесі»
3 Сызба. Биоинтернет картасында. Сарапшылар мен жаттықтырушылар оқушылармен жұмыс жүргізгенде төмендегі сызба бойынша әрекет жасау керек. Сарапшылар мен жаттықтырушылар оқушылармен жұмыс жүргізгенде төмендегі сызба бойынша әрекет жасайды.
Егер оқушы үлгермеді немесе зейін қоймады. ОӘЖА бойынша қайта шығарып, айтып шығу. Оқушының тапсырманы қалай шешкеніне және қай жерде қате жібергеніне көз жеткізу.
Есеп қатесі болса:
1.Есеп дағдысын тексеру, үйге тапсырма беру, егер оқушы, мысалы, көбейту кестесін білмесе.