Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі Сисенов Қалдыбек
Күні: 16.01.2015ж
Сынып: 6
Пәні: математика
Пән мұғалімі: Кенжеахметова С.Ш
Сабақтың тақырыбы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
Сабақтың жалпы мақсаты
Қандай теңдеудің бір айнымалысс бар сызықтық теңдеу екенін білу
Қандай теңдеулердің мәндес болатынын түсіну
Сызықтықтеңдеулердің қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
Оқу нәтижесі
Қандай теңдеудің бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу екенін біледі
Қандай теңдеулердің мәндес болатынын түсінеді
Сызықтықтеңдеулердің қасиеттерін пайдаланып есептер шығарады
Негізгі идея
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Оқу әдістері
Алдыңғы сабақтағы өзіндік жұмысқа шолу жасау
Миға шабуыл
Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
Топтық жұмыс (есептер шығару)
рефлексия
Ресурстар
Тақта, бор, оқушы дәптері, оқулық, үлестірме материалдар
№
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І
2 мин
Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату. топтастыру
Оқушылар сәлемдеседі. Топқа бөлінеді. Бірімен араласады, қарым-қатынас орнайды.
Өзіндік жұмыстың қорытындысы бойынша көптеген оқушы 4 тапсырманы шығарудан қиналған
4 есепті барлығымыз шығару жолына шолу жасау
ІІ
5 мин
Миға шабуыл
Теңдеу дегеніміз не?
Теңдеудегі коэффициент пен бос мүше дегеніміз не?
Теңдеуді қалай шешеміз?
Оқушылар берілген сұрақтарға өз беттерінше жауап береді. Әр оқушы бір-бір мысалдын келтіріп сол теңдеуді өздері шешеді.
ІІІ
10 мин
Топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс
ax=b түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.
1 қасиет
Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы ға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 қасиет
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Әр оқушы өз бетінше мәтінмен танысады, жұптарымен бөліседі, топта талқылайды. Мәтіндегі 4 мысалды 4 топтың баяндамашылары тақтаға шығып түсіндіреді.
ІҮ
20 мин
Топтық жұмыс есептер шығару
1 топ - №835 (1, 2)
2 топ - №835 (3,4)
3 топ - №835 (5,6 )
4 топ - №836 (1,2)
Топ мүшелері бірлесе отырып берілген сатылы бөлшектерді екі тәсілмен шығарады.
2 мин
Рефлексия
Балалар бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? Неліктен? Сен кімге көмектестің, одан қандай сезімде болдың. қандай ұсыныс айтасыңдар?