Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Киелі сандар"»
3- 4 сыныптарымен ұйымдастырылған сыныптан тыс «Қазақтың киелі сандары»
[Введите подзаголовок документа]
[Выберите дату]
Hewlett-Packard
Владелец
Cабақтың тақырыбы: Қазақтың киелі сандары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу,сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?
Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.
« Жеті» .
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы- заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз- жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт.
Өлеңнің түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар.
Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?
Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17- ғасырда Тәуке ханның « Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді.
« Жеті жарғы» заңы.
Жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
Жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
Жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
Жарғы: Өзге әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.
Жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
Жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.
Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7- Жарғы: Ұрланған жылқы өзгеде құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.
Сұрақтарға жауап беру.
« Жеті Жарғы» заңын құрастырғандар кімдер?
Қай ханның тұсында шыққан заң?
«Жеті Жарғы» заңын құрастыруға қатысқан билер туралы айту.
Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасы:
1.Ұлттық қауіпсіздік.
2.Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3.Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі.
4.ҚР азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты.
5.Энергетика ресурстары.
6.Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
7.Кәсіби мемлекет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін оқушыларға айту.
Мақалды жалғастырыңдар:
« Жеті атасын білмеген ….»
Сұрақ : — «Жеті ата», « Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер?
« Жеті атаңды» білесің бе?
« Жеті ата» — бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.
Жеті атаЖеті ұрпақ
Бала Әке
Әке Бала
Ата немере
Арғы ата Шөбере
Тек ата Шөпшек
Түп ата Немене
Баба Туажат
Оқушыларға « Жеті атасын» айтқызу.
Сұрақ: -Құрамында жеті саны бар қандай жер аты бар?
Жауап: — Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – «Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзендері: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу.
Қасиетті «7» санына байланысты « Жеті жоқ», « Жеті жетекші», « Жұрттың жетекшісі туралы мағлұмат беру.
« Әлемнің жеті кереметі»
Хеопс пирамидасы
Семирамиданың аспалы бағы
Зевс мүсіні
Артемида ғибадатханасы
Родос алыбы
Галикарнас кесенесі
Александрия шамшырағы
Түсінік беру:
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. « Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері « жындар салған болуы ықтимал» десе, біреулері « бұл – жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі « жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай? Себебі , бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы – адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Осы 7 кереметтің бүгінге дейін аман жеткені осы хеопс пирамидасы ғана.
Бұл дүниежүзіндегі әлемнің жеті кереметі болса, Қазақстанның да өз жеті кереметі бар.
Қазақстанның жеті кереметі:
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
Тайқазан
Айша бибі мазары
Тамғалы жартас суреттері
Алтын адам
Домбыра
Күлтегін ескерткіші
Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар: 1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Зылиқа –Жүсіп. 3. Фархад- Шырын. 4. Таһир- Зуһра. 5. Арзу- Қамбар. 6. Мәлік- Жамал. 7. Зияда- Бозжігіт.
Тапсырмаларды орындау:
7 санынан басқа қандай тағы да қазақтың киелі сандарын білесіңдер?
( 3,9,12,40)
17.Сандар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
( сыныпты үш топқа бөлу әр топ өзінің ережесін ұсынады және қорғайды)
Тапсырма: Әр топ мектеп оқушысының 7 тараудан тұратын ережесін құру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қадыр Мырза –Әлі – сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты.
Бақыт деген- досыңның табағында,
Бақыт деген- домбыра шанағында,
Бақыт деген- өзіңнің босағаңда,
Бақыт деген- халықтың қабағында.
Рефлексия.
Үйге тапсырма: Өз беттерімен қазақтың қасиетті сандары туралы мағлұмат жинау.