|   1.«Бірге ойлаймыз» стратегиясы. Зерттеу тапсырмасы ретінде әрбір топ қолдарындағы үшбұрыштың анықтамасын, қасиеттерін, белгілерін айтады. Дәптерлеріне сызып, үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы және биіктігін табады. Топтардың пікірлері тыңдалады.   Бағалау :  «Бағдаршам, бармақ, смайлик» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.    «Ой қозғау»     Әрбір топқа теңбүйірлі үшбұрыштардың суреттері таратылады.  Тапсырма:  1-топ. Үшбұрыштың бүйір қабырғаларын анықтап, бұрыштарын өлшеп, жұппен талқылайды, тұжырымдайды, қорытынды жасайды.  2-топ. Үшбұрыштың табанын анықтап, табанындағы бұрыштарын өлшеп, жұппен талқылайды, тұжырымдайды.  3-топ. Үшбұрыштың табанына қарама-қарсы төбесі арқылы биіктігін, медианасын, биссектрисасын берілген түрлі-түсті маркерлер арқылы кескіндейді, талқылайды, қорытынды жасайды.  Мынадай сұрақ беріледі:  -Сіз қандай тұжырымға келдіңіз?  - Түсіндіріп бере аласыз ба?  Бағалау : «От шашу» әдісі      3.Оқулықпен жұмыс. /Жеке жұмыс/  Оқулықпен жұмыста сараланған тапсырманы оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай орындайды. Жауаптарын слайдта көрсетілген дескрипторлар бойынша бағалайды.  1-тапсырма.  №181.Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 20,6 дм.Табаны 6 дм болса, бүйір қабырғаларын табыңдар.       2.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 м,     ал бүйір қабырғасы 2 м. Үшбұрыштың табанының   ұзындығын табыңыз.     3.Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 4 см,   бүйір қабырғасы 6 см. Осы үшбұрыштың     периметрін табыңыз.         Дескриптор :      |   1.Үшбұрыштың периметрін біледі.  2.Теңбүйірлі үшбұрыштың белгісіз элементін табады.       |    1      1   |            2-тапсырма   1.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20 см,     бүйір қабырғасы табанынан екі есе ұзын.     Оның қабырғаларының ұзындығын табыңыз.     2.Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі   бұрышы 500-қа тең болса, табан бұрыштары     неге тең?        Дескриптор :      |   1.тең бүйірлі үшбұрыш анықтамасын    біледі  2.тең бүйірлі үшбұрыштар қасиеттерін біледі  3.есептерді шығару барысында тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданады  4.тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштарын    табады   |        1      1          1      1   |            |