Жаңа тақырыпқа шолу. Жаңа тақырыпты «Тыңдап отырған үштік» тәсілі арқылы меңгеру. Топтық жұмыс арқылы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмасы Диаграмма – грек тілінен аударғанда «сурет», «бейне», «сызба» деген ұғымды білдіреді. Мәліметтердің арақатынасын көрнекі етіп көрсету үшін қолдан ылады. Диаграммалар арқылы мәліметтердің сандық айырмашылықтарын анық көруге болады. Диаграммалар дөңгелек, бағанды және сызықтық диаграммаларға бөлінеді. Дөңгелек диаграмма толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыра кескіндеу үшін қажет. Дөңгелек диаграммада дөңгелектің центрі болатын О нүктесінің айналасындағы толық (360°) бұрыш, шаманың құрамды бөліктеріне сәйкес бөлінеді; Бағанды диаграмма түзу бойында бірдей қашықтықта орналасқан ендері бірдей, ұзындықтары шамалардың сан мәндеріне сәйкес бағандардан тұрады. Сызықтық диаграмма бағанды диаграмма секілді салынады. Тек бұл жағдайда шамалар кесінді арқылы көрсетіледі. Статистика – жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы. Статистика кесте немесе диаграмма түрінде беріледі.Статистикалық тәсілдер экономикадағы, медицинадағы, биологиядағы, әлеуметтік ғылымдардағы және басқа да салалардағы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Мысалы, 2017 жылы Қазақстанда еліктің саны 152 мың болды. Бұл көрсеткіш еліктің жалпы саны 2016 жылмен салыстырғанда 40,9%-ға өскенін көрсетеді. ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек 1 тапсырма «Жұпта талқылау» әдісі арқылы жұптық жұмыс орындау Диаграммада берілген мәліметтер бойынша бос орындарды толтыр. Марат – дәрігер. Ол Көкшетау қаласында тұрады. Оның жасы 25-те. Марат өз уақытын қатты бағалайтын адам болғандықтан, өзіндік күн тәртібін құрып алған. Дәрігердің жұмыс уақыты сағат. Ол тамақтануға және кітап оқуға жалпы сағат уақытын жұмсайды екен. Сондай-ақ Марат өз денсаулығына өте қатты мән беретін болғандықтан уақытының сағатын ұйқыға, сағатын дене шынықтыруға бөледі. Астана қаласындағы жол кептелісіне байланысты Марат жұмысқа барып-қайту жолы мен үй шаруасына сағаттан уақыт жұмсайды. Бағалау критерийі: диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпараттарды ала алады Дескриптор: Бағалау: «Стикердегі диалог» әдісімен оқушылар өзіне және жұбына баға береді. Жұпта кіммен жұмыс жасады. Бір-біріне көмектесе алдыма. Не үйренді. ҚБ: Жұпта «+, -» әдісімен интерактивті тақтадан жауап тексеріледі Жеке жұмыс Берілген мәліметтер бойынша оқушылар дәптерлеріне диаграммалар салу қажет. Қоспаның 40%-ын күміс, 20%-ын мыс, қалған пайызын мырыш құрайды. Қоспаның құрамын көрсететін диаграмманы салыңдар. Бағалау критерийі: дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар сала алады Дескриптор: Білім алушы: - берілген мәліметтерді анықтайды; - мәліметтерге сәйкес диаграмманы салады. ҚБ: бірін-бірі бағалау «Сергіту сәті» 2 тапсырма Машина жүргізу Келли өз машинасын жүргізеді. Жүріп келе жатқандамашина алдынан мысық жүгіріп өтеді. Келли тежеуішке басып, мысықты өткізді. Аздап мазасызданған Келли үйге қайтып келемін деп шешті. Диаграммада жүргізу уақытындағы машина жылдамдығының қарапайым сызбасын білдіреді. 1 – сұрақ. Машина жүргізу Жүріп келе жатқан машинаның ең жоғары жылдамдығы қандай? Ең жоғары жылдамдық: ....................................км/сағ. Дұрыс жауап: 60 км/сағ. 2– сұрақ. Машина жүргізу Келли мысықты басып кетпес үшін тежеуішке басқанда сағат қанша болған еді? Жауап: ........................................................... Дұрыс жауап: 9:06 3 – сұрақ. Машина жүргізу Келлидің үйге қайтар жолы оның бастапқыда үйінен шығып, мысықпен болған оқиға орнына дейінгі ара-қашықтыққа қарағанда қысқа болды ма? Диаграммада берілген ақпаратты қолдана отырып, өз жауабыңызға түсінік беріңіз. ................................................................................................................................... ................................................................................................................................... Дұрыс жауап: Тиісті түсінік бере отырып жасалған үйге қайту жолы қысқалау болды деген жауап. Бағалау критерийі: диаграммалар түрінде берілген статистикалық ақпараттарды ала алады Дескриптор: Білім алушы: - берілген мәліметтерді анықтайды; - мәліметтерге сәйкес дұрыс жауабын көрсетеді ҚБ: Дескриптор бойынша |