kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Көктерек ОЖББМ география пәні мұғалімі К.Т.Ажкеева
География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдері.
Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәнінің ролі өте зор!
География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады.
Оқушы оқу процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының дамуына, оның ойлау стилінің тәуелсіздігіне аударылады. Педагогикалық инновацияның мұғалімдер алдына қоятын талаптарының бірі оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап үйренуін  қалыптастыру. Сондықтан да мен оқулықтағы материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтырумен қатар, оқушының кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйреніп жаттығуларына мүмкіндік жасаймын. Жаңа білім игеру мақсатында оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырамын. География пәнінің ерекшелігі сол сарамандық жұмыстар мен өзіндік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады. Оқушының өз бетінше орындалуына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей, түсінікті, көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі болуын қадағалаймын. Өз бетімен жұмыс істеу оқушыларды тиянықтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі. Мысалы оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:
Оқулықпен жұмыс істеу— әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді.(көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді.)
Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру  керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.
Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 6-шы сыныптан бастап үйрете беру керек. Себебі 7 сыныптағы материктер картасын кескін картаға салу кезінде оқушылар қатты қиналады. Ал бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.
Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау: геогафияның бастапқы курсында географиялық есептер шығару арқылы оқушылардың қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады. т.с.с.
5   Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп отыру керек. Сондай-ақ онда кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс дәптерлерінің соңындағы бірнеше бетке жазып отыруды тапсырып отыру керек.  Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалап отыру қажет, себебі  ол- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
6.Кестелерді толтыру. Кесте толтыру арқылы оқушылардың салыстыру,нақтылау, ойлау қабілеттері дамытады.
7.График, профиль, диаграммалар сызу: 6-шы сыныптан бастап температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту- оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ 9- шы сыныпта статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік болады.
8.Қосымша әдебиетпен жұмыс. Қосымша әдебиеттердің ішінде саяхатшылардың өмір –тарихы, зерттеулері, қызықты әңгімелер оқу арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына, дүниетанымының артуына мүмкіндік туындайды.
9.Табиғатқа бақылау. (топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына күнделікті бақылау жүргізу)
Карта-сызба нұсқауларды қарау.
11.Әңгіме  құра білу
Оқушылардың өз бетімен жасаған нәтежесі білім ұстамының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуции: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді түсінемін» дегендей оқушылардың негізгі білім және білік дағдыларын қалпыстырады. Қазіргі кезде білім беру технологияларының негізгі бағыттарының бірі саралап оқытуға көп көңіл бөлінуде. Оқушыларды саралап оқыту ( деңгейлік тапсырмалар беру арқылы) Америкада бастауыш сыныптардан, ал Жапония мен Франция елдерін ортаңғы және жоғарғы сыныптарда жүзеге асырылуда.
Күнделікті сабақтарда әсіресе 5- 7 сынып оқушыларымен деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралап оқыту технологиясын пайдаланған өте тиімді. Себебі бұл сынып оқушыларының жас ерекшелігіндегі психологиялық жағдайларын пайдаланып, олардың бір-біріне деген қызығушылығын, еліктеу қасиеттерін ескере отырып дамытуға мүмкіндік туындайды. Айта кететін жағдай: бұл технологияны пайдаланғанда сынып оқушыларын білім, білік, дағдыларының қалыптасуына, зейіні мен есте сақтау қабілеттеріне қарай бірнеше топқа бөлу қажет. Оны «А», «Б», «С» тобы деп немесе І, ІІ және  ІІІ- топ деп бөлуге болады.  Тағы бір ескеретін жағдай білім алу барысында оқушылар бір топтан екінші топқа даму қабілетіне қарай көшіп отырады. Мысал ретінде 7 сыныпта өткізілген «Еуразияның ішкі сулары» атты ашық сабақтан панорамалық сабақ көрсетейін.
Сабақты дәстүрлі емес сабақ ретінде, яғни саяхат сабақ ретінде өткіздім. Сабақ үш аялдамадан тұрады.
Олар «Білемін» «Білгім келеді» «Білдім». Саяхатқа шықпас бұрын оқушылар жан-жақтан межелі орынға жиналып шуылдасып жатпай ма? Сол мезгілді елестеп миға шабуыл ойын ойнаймыз. Тақтаға ішкі су дегенді қалай түсінеді, соны тез-тез жазып шығады. Соның ішінен негізгі ұғымды «Көл, өзен, жер аты сулары, мұздықтар, батпақтар, бөгендер т.б. бөліп аламыз».
«Білемін» аялдамасында әр топқа деңгейлік  тапсырма беріледі.
Мысалы мынадай:
ІІІ топқа 1) Өзен деген не? Арна, саға, сала, бастау.
ІІ топқа:  Көл — қазаншұңқырына қарай қалай бөлінеді? Ағынды, ағынсыз көл деген не?
І топқа:  Жер асты сулары, түрлері қандай? Мұздықтар пайда болуына қарай қалай бөлінеді?
Бұл аялдамада оқушылардың 6-шы сыныпта алған білімдерін еске түсіреміз де енді деңгейлік тапсырманы күрделендіре түсеміз.
ІІІ топқа: өзен жүйесі, өзен алабы, өзеннің қоректенуі деген не? Бұл топ оқушыларына үлестірмелі дидактикалық материал бірге беріледі.
ІІ топқа: Ең ірі тау мұздығы қалай аталады?
І топқа: Жер асты суының деңгейіне не әсер етеді? Батпақтардың пайда болу себебі неде?
Осы сұрақтарға жауап алсақ 2-ші аялдамаға жетеміз.
«Білгім келеді» аялдамасында жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
деңгейде: ІІІ- ші топқа картадан (оқулық картасы) өзен алаптарын тауып, өзендерді көрсету тапсырылады.
ІІ- топқа: осы өзендерді қабырғада ілулі тұрған картадан көрсету тапсырылады.
І- топқа: климаттық белдеулердің өзен рижіміне қандай әсері барын анықтау тапсырылады.Сонымен қатар диаграмма бойынша өзен режімін айлар бойынша өзгерісін анықтау тапсырылады.
деңгейде:
ІІІ- топқа: Арасан деген не? Оның маңызы қандай деген сұрақтар беріледі.
ІІ- топқа: Каспий, Байкал,Арал,Балқаш, Онега, Ладога көлдері туралы
не білесіңдер ? (оқулықпен жұмыс)
І-топқа: 87 беттен (өтіп кеткен тақырып мұз басу,көп жылдық тоң қабаты) (Кола түбегі, Таймыр түбегінде 1500 метр оның 40-150 см беті ғана жазда ериді)
Батпақтар қайда орналасқан? (Палосье, Мещера, Батыс Сібір т.б.) пайда болу себебі не деп ойлайсыңдар?
    3 — деңгейде: (шығармашылық)
ІІІ-топқа: «Өзен» сөзіне сөзжұмбақ жасау тапсырылады.
ІІ-топқа: Анықтамалық материалдардан кейбір өзен-көл аттарының аталу    себебін анықтау, (Каспий- тайпа аты, Балқаш- монгол тілінен «батпақты» т.б.) экологиялық жағдайын сипаттау.
«Білдім» аялдамасында барлық топтар бірлесе отырып тест тапсырмасын  орындайды. Мұғалім қорытынды жасайды. Үйге тапсырма беріліп, әрбір топ оқушылары жеке бағаланады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында әрбір оқушы өз шамасына қарай тапсырма орындау арқылы оқулықпен, картамен, дәптермен жұмыс жасайды. Сонымен бірге оқушылар топпен жұмыс жасау барысында бір-біріне көмектесіп отырады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, пән бойынша білім сапасының артуына мүмкіндік береді.
Сонымен саралап оқуту дегеніміз- оқушының туа біткен ақыл – ой қабілетінің  жеке дамуының жан- жақтығына негізделген білім беру жүйесі.  
География пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты мен өз тәжірибемде сөз әдісін, наменклатуралық білім беруде сұрақ –жауап әдісін, тестік жүйенің әр түрін қолданамын.
Оқушылармен қабілетіне қарай жеке жұмысты қайталату арқылы,  білім негіздеріне қарай карточка жасап келіп  сұрау арқылы, кескін картамен жұмыс істету арқылы және тестік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырдым.
Ал оқушылармен оқу- білім беру жұмыстарын ұйымдастырғанда оқытудың жеке, ұжымдық түрлерін көбірек пайдаланамын. Жоғарғы сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға негізделген Web-технологияны көбірек пайдаланамын. Соның нәтижесінде оқушылардың іздену, зерттеу қабілеттері дамиды.
Пәннің ерекшелігіне байланысты Шаталовтың тірек-сызба технологиясын, Давыдовтың оқушыларды дамыта оқыту технологияларын пайдалану арқылы білім беру тиімді деп ойлаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдері»

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Көктерек ОЖББМ география пәні мұғалімі К.Т.Ажкеева

География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдері.

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәнінің ролі өте зор!

География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады.

Оқушы оқу процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының дамуына, оның ойлау стилінің тәуелсіздігіне аударылады. Педагогикалық инновацияның мұғалімдер алдына қоятын талаптарының бірі оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап үйренуін  қалыптастыру. Сондықтан да мен оқулықтағы материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтырумен қатар, оқушының кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйреніп жаттығуларына мүмкіндік жасаймын. Жаңа білім игеру мақсатында оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырамын. География пәнінің ерекшелігі сол сарамандық жұмыстар мен өзіндік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады. Оқушының өз бетінше орындалуына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей, түсінікті, көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі болуын қадағалаймын. Өз бетімен жұмыс істеу оқушыларды тиянықтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі. Мысалы оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:

Оқулықпен жұмыс істеу— әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді.(көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді.)

Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру  керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.

Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 6-шы сыныптан бастап үйрете беру керек . Себебі 7 сыныптағы материктер картасын кескін картаға салу кезінде оқушылар қатты қиналады. Ал бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.

Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау: геогафияның бастапқы курсында географиялық есептер шығару арқылы оқушылардың қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады. т.с.с.

5   Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп отыру керек. Сондай-ақ онда кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс дәптерлерінің соңындағы бірнеше бетке жазып отыруды тапсырып отыру керек.  Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалап отыру қажет, себебі  ол- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

6.Кестелерді толтыру. Кесте толтыру арқылы оқушылардың салыстыру,нақтылау, ойлау қабілеттері дамытады.

7.График, профиль, диаграммалар сызу: 6-шы сыныптан бастап температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту- оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ 9- шы сыныпта статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік болады.

8.Қосымша әдебиетпен жұмыс. Қосымша әдебиеттердің ішінде саяхатшылардың өмір –тарихы, зерттеулері, қызықты әңгімелер оқу арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына, дүниетанымының артуына мүмкіндік туындайды.

9.Табиғатқа бақылау. (топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына күнделікті бақылау жүргізу)

Карта-сызба нұсқауларды қарау.

11.Әңгіме  құра білу

Оқушылардың өз бетімен жасаған нәтежесі білім ұстамының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуции: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді түсінемін» дегендей оқушылардың негізгі білім және білік дағдыларын қалпыстырады. Қазіргі кезде білім беру технологияларының негізгі бағыттарының бірі саралап оқытуға көп көңіл бөлінуде. Оқушыларды саралап оқыту ( деңгейлік тапсырмалар беру арқылы) Америкада бастауыш сыныптардан, ал Жапония мен Франция елдерін ортаңғы және жоғарғы сыныптарда жүзеге асырылуда.

Күнделікті сабақтарда әсіресе 5- 7 сынып оқушыларымен деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралап оқыту технологиясын пайдаланған өте тиімді. Себебі бұл сынып оқушыларының жас ерекшелігіндегі психологиялық жағдайларын пайдаланып, олардың бір-біріне деген қызығушылығын, еліктеу қасиеттерін ескере отырып дамытуға мүмкіндік туындайды. Айта кететін жағдай: бұл технологияны пайдаланғанда сынып оқушыларын білім, білік, дағдыларының қалыптасуына, зейіні мен есте сақтау қабілеттеріне қарай бірнеше топқа бөлу қажет. Оны «А», «Б», «С» тобы деп немесе І, ІІ және  ІІІ- топ деп бөлуге болады.  Тағы бір ескеретін жағдай білім алу барысында оқушылар бір топтан екінші топқа даму қабілетіне қарай көшіп отырады. Мысал ретінде 7 сыныпта өткізілген «Еуразияның ішкі сулары» атты ашық сабақтан панорамалық сабақ көрсетейін.

Сабақты дәстүрлі емес сабақ ретінде, яғни саяхат сабақ ретінде өткіздім. Сабақ үш аялдамадан тұрады.

Олар «Білемін» «Білгім келеді» «Білдім». Саяхатқа шықпас бұрын оқушылар жан-жақтан межелі орынға жиналып шуылдасып жатпай ма? Сол мезгілді елестеп миға шабуыл ойын ойнаймыз. Тақтаға ішкі су дегенді қалай түсінеді, соны тез-тез жазып шығады. Соның ішінен негізгі ұғымды «Көл, өзен, жер аты сулары, мұздықтар, батпақтар, бөгендер т.б. бөліп аламыз».

«Білемін» аялдамасында әр топқа деңгейлік  тапсырма беріледі.

Мысалы мынадай:

ІІІ топқа 1) Өзен деген не? Арна, саға, сала, бастау.

ІІ топқа:  Көл — қазаншұңқырына қарай қалай бөлінеді? Ағынды, ағынсыз көл деген не?

І топқа:  Жер асты сулары, түрлері қандай? Мұздықтар пайда болуына қарай қалай бөлінеді?

Бұл аялдамада оқушылардың 6-шы сыныпта алған білімдерін еске түсіреміз де енді деңгейлік тапсырманы күрделендіре түсеміз.

ІІІ топқа: өзен жүйесі, өзен алабы, өзеннің қоректенуі деген не? Бұл топ оқушыларына үлестірмелі дидактикалық материал бірге беріледі.

ІІ топқа: Ең ірі тау мұздығы қалай аталады?

І топқа: Жер асты суының деңгейіне не әсер етеді? Батпақтардың пайда болу себебі неде?

Осы сұрақтарға жауап алсақ 2-ші аялдамаға жетеміз.

«Білгім келеді» аялдамасында жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.

деңгейде: ІІІ- ші топқа картадан (оқулық картасы) өзен алаптарын тауып, өзендерді көрсету тапсырылады.

ІІ- топқа: осы өзендерді қабырғада ілулі тұрған картадан көрсету тапсырылады.

І- топқа: климаттық белдеулердің өзен рижіміне қандай әсері барын анықтау тапсырылады.Сонымен қатар диаграмма бойынша өзен режімін айлар бойынша өзгерісін анықтау тапсырылады.

деңгейде:

ІІІ- топқа: Арасан деген не? Оның маңызы қандай деген сұрақтар беріледі.

ІІ- топқа: Каспий, Байкал,Арал,Балқаш, Онега, Ладога көлдері туралы

не білесіңдер ? (оқулықпен жұмыс)

І-топқа: 87 беттен (өтіп кеткен тақырып мұз басу,көп жылдық тоң қабаты) (Кола түбегі, Таймыр түбегінде 1500 метр оның 40-150 см беті ғана жазда ериді)

Батпақтар қайда орналасқан? (Палосье, Мещера, Батыс Сібір т.б.) пайда болу себебі не деп ойлайсыңдар?

    3 — деңгейде: (шығармашылық)

ІІІ-топқа: «Өзен» сөзіне сөзжұмбақ жасау тапсырылады.

ІІ-топқа: Анықтамалық материалдардан кейбір өзен-көл аттарының аталу    себебін анықтау, (Каспий- тайпа аты, Балқаш- монгол тілінен «батпақты» т.б.) экологиялық жағдайын сипаттау.

«Білдім» аялдамасында барлық топтар бірлесе отырып тест тапсырмасын  орындайды. Мұғалім қорытынды жасайды. Үйге тапсырма беріліп, әрбір топ оқушылары жеке бағаланады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында әрбір оқушы өз шамасына қарай тапсырма орындау арқылы оқулықпен, картамен, дәптермен жұмыс жасайды. Сонымен бірге оқушылар топпен жұмыс жасау барысында бір-біріне көмектесіп отырады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, пән бойынша білім сапасының артуына мүмкіндік береді.

Сонымен саралап оқуту дегеніміз- оқушының туа біткен ақыл – ой қабілетінің  жеке дамуының жан- жақтығына негізделген білім беру жүйесі.  

География пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты мен өз тәжірибемде сөз әдісін, наменклатуралық білім беруде сұрақ –жауап әдісін , тестік жүйенің әр түрін қолданамын.

Оқушылармен қабілетіне қарай жеке жұмысты қайталату арқылы,  білім негіздеріне қарай карточка жасап келіп  сұрау арқылы, кескін картамен жұмыс істету арқылы және тестік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырдым.

Ал оқушылармен оқу- білім беру жұмыстарын ұйымдастырғанда оқытудың жеке, ұжымдық түрлерін көбірек пайдаланамын. Жоғарғы сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға негізделген Web-технологияны көбірек пайдаланамын. Соның нәтижесінде оқушылардың іздену, зерттеу қабілеттері дамиды.

Пәннің ерекшелігіне байланысты Шаталовтың тірек-сызба технологиясын, Давыдовтың оқушыларды дамыта оқыту технологияларын пайдалану арқылы білім беру тиімді деп ойлаймын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдері

Автор: Ажкеева Камшат Тельмановна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406599

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Шы?ыс ?аза?стан шаруашылы?ыны? ?алыптасу ерекшеліктері. Хал?ы""
    ["seo_title"] => string(64) "shygyskazakstansharuashylygynynkalyptasuieriekshieliktierikhalky"
    ["file_id"] => string(6) "300831"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456810095"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Орта мерзімдік саба? жоспары ІІІ-де?гей "
    ["seo_title"] => string(45) "orta-mierzimdik-sabak-zhospary-iii-dien-ghiei"
    ["file_id"] => string(6) "158409"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421742880"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Африканы? географиялы? орны мен зерттелу тарихы"
    ["seo_title"] => string(50) "afrikanynghieoghrafiialykornymienzierttielutarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "271667"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451730383"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?ытай. ?ндістан "
    ["seo_title"] => string(17) "k-ytai-undistan-1"
    ["file_id"] => string(6) "209882"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431335347"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства