Күні: сыныбы: 9 пәні: алгебра |
Тақырыбы | Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның қасиеті. |
Мақсаты | Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын пайдалану арқылы тақырыппен жұмыс істеуді анықтайды,есептерді шығаруға, үйреніп практикада қолданады. |
Жалпы мақсат | Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді, өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды, білімдерін дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. |
Күтілетін нәтиже | а) арифметикалық прогрессияның анықтамасын, формуласын өзі қорытады. ә) үйренген формулаларды есептерді шығаруға қолдана алады. |
7 модульдің қолданылуы | “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Кім жылдам?» сұрақ- жауап, « Ой қозғау» , «Миға шабуыл», «Кім алғыр?», Сәйкестендіру тесті |
Қолданылатын ресурстар | маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер. |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | Оқушыларды сапқа тұрғызып, фигуралар арқылы топқа бөлу Сынып оқушыларын түгендеу. | Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Қызығушылық тарын ояту | «Қайталау -оқу анасы » Өткен тақырыпқа шолу жасау. «Кім жылдам?» сұрақ- жауап | Сан тізбегі деген не? Сан тізбегінің мүшелері қалай жазылады ? Сан тізбегінің қандай берілу тәсілдері бар? Қандай жағдайда тізбек өспелі тізбек деп аталады? Қандай тізбек кемімелі тізбек деп аталады? Қандай тізбектер тұрақты тізбектер деп аталады? | Топмүшелері берілген сұрақтарға жауап береді. |
Түсіну | « Ой қозғау» Жаңа сабақ: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның қасиеті. | А) Прогрессия тарихынан мағлұмат Прогрессия – (латын сөзі) алға қарай қозғалыс, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысаны мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды. Ә)Айталық 3-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең натурал сандар тізбегін қарастырайық. 4; 7; 10; 13 ; 16; ...... Не байқадыңдар ? Бұл тізбек 2-ші мүшесінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге 3-ті қосу арқылы алынатынын көреміз. Бұл тізбек арифметикалық прогрессияға мысал бола алады. Анықтама: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз. Яғни, кез-келген п натурал саны үшін ап+1= ап+d (1) теңдігі орындалса, онда тізбегін арифметикалық прогрессия деп, d санын арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайды. Сонымен арифметикалық прогрессияның айырымы үшін d=ап+1-ап(2)теңдігі орындалады. Арифметикалық прогрессияның п- мүшесінің формуласы Енді арифметикалық прогрессияны бірінші мүшесі а1 мен айырмасы d арқылы толық анықтауға болатынын көрсетейік.Ол үшін п-ші мүшесі ап-ді d мен а1 арқылы өрнектесе жеткілікті Арифметикалық прогрессияның анықтамасы бойынша . a2=a1+ d a3=a2+d=(а1+d)+d=a1+2d a4=a3 +d=(а1+2d)+d=a1+3d a5=a4 +d=(а1+3d)+d=a1+4d Осыдан мынадай болжам шығады. ап=a1+(п-1)d Сонымен арифметикалық прогрессияның п-мүшесінің формуласы.ап=a1+(п-1)d (3) Арифметикалық прогрессияның қатарлас үш мүшесінің ортаңғысы екі шеткі мүшелерінің арифметикалық орташасына тең.  Енді осы формулаларға мысалдар қарастырайық 1-мысал а1=-2 d=0.5  арифметикалық прогрессияның 25- мүшесін табу керек Шешуі : a25=a1+24d= -2+24*0.5=10 2-мысал: 130= | Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап отырады. |
Қолдану | Кітаппен жұмыс. «Миға шабуыл» | І топ: №165 3; 7; 11;....  d=7-3=4 ІІ топ: №166 ІІІ топ: №168 а) ІҮ топ: №168 ә) | Топмүшелері тапсырманы бірлесіп орындайды. Тақтаға шығып түсіндіріп береді. |
Талдау | «Кім алғыр?» | Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар таратып, тақтаға шығарып орындату. I топ: 120= ІІ топ: -300= ІІІ топ:  12,7= ІҮ топ:  0= | Әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген тапсырманы орындайды. |
Жинақтау | Сәйкестендіру тесті | Сәйкестендіру тестін тақтаға ілемін.  | Әр топтан бір оқушы шығып, формулаларды сәйкестендіреді. |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау (2 мин) бағалау парақшалары | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін-өзі топпeн бағалайды, топбасшылары топмүшелерін бағалап отырады. |
Рефлексия | Кері байланыс. | Не сәтті өтті? Не сәтсіз болды? Нені дамыта алар едім? | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасап, стикерге жазып түсінік парағына жапсырады |
Үй тапсырмасын беру. | №172-173 | Үй тапсырмасын түсіндіріп беремін. Күнделіктеріне жазып алуын айтамын. | Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады. |