Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады. Кіріспе тапсырма. Сабақтың бас кезінде оқушылардың тақырып туралы қандай білімдері бар екенін анықтап алу қажет. Бұл тақырыпты әрі қарай дамыту үшін керек. Оқушыларға апта күндерінің атаулары жазылған парақшаларды таратып шығыңыз. Содан соң оқушылардан жеті-жетіден топқа (сөздер қайталанбайтындай етіп) бөлінуін сұраңыз. Осы жеті күнді бір сөзбен апта деп атайтынын айтыңыз. Әр күннің өз атауы бар. Өз топтарында оқушылардың ретімен тұруын сұраңыз: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Апта күндерінің атауын ретімен бірнеше рет қайталап, әр айтқан сайын алдыңғысынан тезірек айтуын сұраңыз. Апта күндерінің атауы бойынша жеті оқушыны тұрғызғаннан кейін сұрақ қойыңыз: “Жексенбіден кейін қай күн келеді?” . Содан кейін келесі аптаны тұрғызыңыз. Осылайша, барлық топпен жұмыс жасаңыз. Шын өмірде уақыттың бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болатынын, тәуліктен кейін тәулік келетінін, олардың апта құрайтынын, аптадан кейін апта келетінін түсіндіріңіз. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалармен бекітіңіз. Бәйге. Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сабақтың басында жалпылама түрде немесе сабақтың соңында оқушыларды жұптастырып орындатуыңызға болады. Жауабы: 7 күн. Сабақ кестесіне байланысты. Бейсенбі. Жеті күн, яғни 1 апта. Үш күн өткен соң. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен оқи отырып, апта күндерінің ретін еске түсіреді. Күндерді қоса отырып, өзіне қажетті апта күнін тауып үйренеді. Жауабы: домбыра үйірмесі бейсенбі күні болады. | Отбасылық демалыс. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы талдау және орындау барысында 1 аптада 7 күн бар деген қорытынды жасайды. Жауабы: 14 күн. Орындап көр. Тапсырмада оқушылар дүкенге бару кестесін құрады. Шарты: дүкенге күнара бару керек. Жұмысты 4 оқушыдан тұратын топпен ұйымдастырыңыз. Оқушылар еш қиындықсыз кесте құра алады. Бірақ тапсырманы орындау барысында апта күндерінің саны тақ екенін түсінуі, сондықтан бір аптаның кестесі келесі аптаға сәйкес келмейді деген тұжырымға келуі тиіс. Ертегілер оқу. Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыныңыз. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді. Ойлан. Бұл тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындатуыңызға болады. Бұл апта күндерінің ретін, атауын еске сақтауға және 1 апта ішіндегі уақытты тәулікпен санау дағдысын бекітеді. Жауабы: жексенбі. |
Апта күндерінің атауын есте сақтап қалуы үшін оқушылармен “Үндемес” ойынын жүргізіңіз. Алдымен оқушыларға ойынның шартын түсіндіріңіз. Ойынды бастамас бұрын 1-ден 7-ге дейінгі аралықтағы сандар жазылған парақшаларды интерактивті тақтада көрсетіледі. Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айтыңыз. | Мозаика құрастыр. Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Сен қай күні қандай үйірмеге қатысасың? Оқушылар кестеге өздері апта ішінде қатысатын үйірме аттарын жазып толтырады. |
Бағалау | Қалыптастырушы бағалау 1-тапсырма «Сәйкестендіру» Аптаның бірінші күні сейсенбі Аптаның төртінші күні жексенбі Аптаның бесінші күні бейсенбі Аптаның үшінші күні жұма. Аптаның алтыншы күні сәрсенбі. Аптаның екінші күні сенбі Аптаның жетінші күні дүйсенбі Дескриптор: Білім алушы - апта күндерінің ретін ажыратады; - апта күндерін ретімен сәйкестендіреді. Оқушылар сабақ соңында:апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді; апта күндерінің ретін біледі. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоямын: — бір аптада неше күн бар? — Бүгін аптаның қай күні? — Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келесіңдер? — Сейсенбі аптаның нешінші күні? — Дүйсенбіден кейін қай күн келеді? — Жексенбінің алдында қай күн? — Арғы күн қай күн болады? — Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекеттердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге болады? Неге? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалатыңыз. |