|   Күн реті     |     № 2 коучинг     |  
  |   Коуч У.Асылбаева   |    Мектеп: «М.Маметова орта мектеп-МДШО» КММ   |  
  |   Сабақ тақырыбы:   |     Оқушылардың шығармашылығының дамуына диалогтік оқытудың үлесі.   |  
  |   Жалпы мақсаты:   |    Диалогтік оқытудың білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік оқыту түрлерін сабақта қолданудағы маңыздылықтың зор екенін айқындау, оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпалын ұғындыру.       |  
  |   Сілтеме:   |    Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 38-39 беттер   |  
  |   Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:   |     Сұрақ қою маңыздылығын түсінеді, сабақтарында сұрақ түрлерін тиімді қолданады, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын қарастырады.   |  
  |   Негізгі идеялар:   |    Жоғары дәрежелі сұрақтар мен төмен дәрежелі сұрақтарды қолдану және сұрақ қоя білу маңыздылығын түсінеді.     |  
  |   Сабақта қолданылатын материалдар:   |    Интерактивті тақта  Бейнежазбалар  Ақ қағаз, маркерлер, стикерлер.       |  
  |   Дереккөздері:   |    Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.       |  
  |   Тапсырмалар:   |     Тренинг. Топқа бөлу. Миға шабуыл. Постер. Түсіндірілім. Сергіту сәті. Талқылау, көрсету. Рефлексия.       |  
 
       |   №   |    Коучтің іс-әрекеті   |    Мұғалімдердің іс-әрекеті   |    Күтілетін нәтиже   |  
  |   1.Мұғалімдерге психологиялық ахуал тұғызу   |    Ұйымдастыру кезеңі.  1. Тренинг «Мен кіммін?»         |    Мұғалімдер өздері туралы әңгіме жүргізеді, өмірлік ұстанымдарын айтады.   |    Өзара ынтымақтастық орнатады.   |  
  |   2. Топтарға бөлу       |    Мақал-мәтелдер арқылы үш топқа бөлу   |    Қорапшадан жазылған тілге байланысты мақал-мәтелдерді  таңдау арқылы топқа бөлінеді.   |    Тілге байланысты нақыл сөздердің маңызын ұғады. Дұрыс қарым-қатынас орнатады.   |  
  |   3. Бейнежазба «Кішкентай балалардың диалогі»       |    Миға шабуыл. Бейнежазбаны көрсетіп, бүгінгі коучингтің тақырыбын анықтау.   |    Бейнежазбаны мұқият көреді.   |    Ойлану арқылы осы бейнежазбада не көргендерін, қандай мақсатпен көрсетілгенін түсінеді.   |  
  |   4. 1). Ой-қозғау              2) Постер       |    -Мына бейнежазбадан не байқадыңыз? –Диалог деген не? -Диалог барысында нені жүзеге асырамыз?     |    Бейнежазбадан ойларын ортаға сала отырып, тақырыпты ашады.        Постер жасап, оны қорғайды.   |    Бейнежазбадан көрген диалогтің  маңызын түсінеді.      |  
  |   5. Түсіндірілім       |    Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Лилтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. (Ман 98-102 бет) слайд.   |    Диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратыны, Мерсердің әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттағаны, Александердің білімді игерудің бес үлгісі туралы мағлұмат алып, білімдерін толықтырады.               |    Диалогтік оқытудың сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты көп пайда беретін дәлелдермен танысады. Сұрақ қою маңыздылығын түсінеді.   |  
  |   6. Сергіту сәті       |    «Көңілді күн»     |    Көңілді әуенмен жаттығу жасап, бой сергітеді.   |    Көңіл-күйлері көтеріледі.   |  
  |   7. Мультфильм көрсету.       |    «Алтын қарбыз» мультфильмінен үзінді көрсету.   |    Бейнежазбадан мультфильм көреді. Кейіпкерлердің арасында жүргізілген әңгіме әңгіменің қай түріне жататыны туралы айтып, түсініктерін дәлелдейді.   |    Диалогтардың түрлерін бір-бірінен ажыратып, түсініктерін кеңейтеді.   |  
  |   8. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгіменің үш түрі       |         |    Әр топ әңгіменің түрін таңдап алған соң, оларға тақырыпты өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі. Өзара талқылап, көрсетеді.   |    Әңгіме-дебат, кумулятивті, зерттеушілік әңгімелердің сипаттамасын түсініп, оларды білім беру үдерісінде қолданады.   |  
  |   9. Рефлекси       |    «Екі жұлдыз, бір тілек»   |    Топтар бір-біріне баға беріп, тілектер айтады   |    Катысушылардың пікірлерін анықтау.   |