kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Мұғалім: Партаева Арайлым Жарылкасыновна

       Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Қазіргі кездегі  оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

Ұстаз бола отырып, мен де өз тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын  іздестірудемін. Оқушылар өз пікір-көзқарастарын еркін түрде білдірсе, тек білдіріп қана қоймай,  сонымен қатар өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде іске асыра алатын жеке  тұлға болып қалыптаса алса, сонда мұғалім  мақсатының жүзеге асқаны.

Қазақ халқында жеті санын қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болып табылады. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып,  оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді іс-тәжірибемде  қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізіп отырмын.  Бірақта, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр әдіс-тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар.

Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл  жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Информатика сабағында бұл бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтарын көруге болады.

Бағдарламаның  негізгі факторларға тоқталар болсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере, игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады.

Бұл таңда «Тыңдап отырған үштік», «Жұптық әңгіме», «Қар үйіндісі», «Әңгіме-дебат»  сяқты әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді.

            Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. АКТ-ны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз информатика сабағында теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға көмектеседі. Сабағымда АКТ-ны қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз АКТ-мен байланысты. Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол.

            Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз  оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет. Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданылады. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Әр сабақта оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Бағалау оқушылардың өзі-өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс жасауын бақылау болып табылатындықтан оқушы өзінің ойлауын, түсінуін, тәртібін қадағалап отыруды үйренеді, дағды қалыптасады.

        Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Бір қарағанда, балалардың барлығы біркелкі болып көрінеді. Дарынды оқушының дарындылығын айқындау үшін баланы ұзақ зерттеу қажет. Дарындылықты зерттеген Дж.Рензуллидің пікірінше, дарындылық адамға мінез-құлықтың үш негізгі "кластерінің" өзара байланысы арқылы беріледі:

Дж.Рензулли - дарындылықтың үш компоненті

Дарынды бала - бұл жақсы оқитын оқушы ма? деген сұрақ туындайды. Дарынды бала дегеніміз: өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала! Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді.

Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Алдымен өткізген сауалнама нәтижесі арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Мәселен, 5 жолды өлең, реферат жазу, эссе жазу, сөзжұмбақ құрастыру және т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандары. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды.

Өз тәжірибемнің барысында келесідей оқушының дарындылығын анықтаудың кешенді әдіс-тәсілдерін қолданған болатынмын.

Оқушының дарындылығын анықтаудың кешенді әдіс-тәсілдері

Сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерге ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, дарынды оқушының білімін диагностикалау, дарынды оқушы деңгейін анықтауға бағытталған сауалнамалар алынды. Бұл көбінесе мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жасауға бағытталды. Бұл оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулімен ықпалдастырылып өткізіледі. Себебі, сабақ басында  сыныптың психологиялық ахуалын орнатудағы психологиялық тренинг-жаттығулар, сергіту сәтттері қолданылады. Мен тәжірибенің бас кезінде сыныптағы дарынды оқушыларды анықтауға бағытталған сауалнамаларды алдым. Солардың кейбіреулеріне тоқталып өтсем, «Ерекше қабілетті оқушыны анықтау» сауалнамасының мониторингісі бойынша сыныптағы оқушылардың қаншалықты дарынды екенін анықтаған болтынмын.

Оқыту әдістерінде проблемалық оқыту әдісі, көп деңгейлі тапсырма беру әдісі, тірек-сызбалар, ойын элементтері және т.б. көптеген әдіс-тәсілдер пайданылды.  Бұл тек дарынды және талантты баланы оқыту модулі арқылы ғана іске аспайды, сонымен қатар бағдарламаның басқа да модульдерімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды бағалау мен оқыту үшін бағалау модульдері. Себебі, оқудағы жаңа тәсілдер модуліне сәйкес оқушыларға сабақтың өң бойында берілетін, мысалы, «Тыңдап отырған үштік»  әдісін   қолданғанда,   қабілетті оқушы диалогты дұрыс ұйымдастыра алады. Проблемалық сұрақтар арқылы оқушының  одан  шығудың  тиімді, әрі ұтымды жауаптарын беруі де дарындылықтың бір сатысы деп есептеймін.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау тәсілдері кластер жасау, «Синквейн» бес  жолды өлең жазу, шағын эссе жазу, логикалық есептерді шешу, реферат, сөзжұмбақ және т.с.с әдіс-тәсілдер қолданылуда. Бұл әдіс-тәсіл бағдарламаның сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және оқудағы басқару мен көшбасшылық модульдерімен байланысты. Себебі оқушының шығармашылық деңгейін дамыту үшін сын тұрғысынан ойлаудың «Синквейн» бес  жолды өлең жазу, шағын эссе жазу (3-сурет),  «Мозайка» кластер жасау, «Автор орындығы» стратегиялары қолданылса, реферат, сөзжұмбақ құру, компьютерде деңгейлік тапсырма орындау және т.б. АКТ модулі арқылы іске асырылады.

        Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулі оқушының танымдық дамуына негізделген. Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Тәжірибе кезінде оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптар бере отырып, олардың сол тақырыпты қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән бердім. Бұл жерде байқағаным әр бала ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдайды екен. Сондықтан да сабақ жоспарын жасауда тапсырмаларды құру барысында әр оқушының деңгейін ескеру керектігін түсіндім. Мысалы, сыныптағы оқушылардың деңгейге байланысты топтастыруға немесе жұптастыруға болады, жоғары деңгейлі оқушыларға күрделі тапсырма, орта деңгейге орташа және төмен деңгейлі оқушыларға төмендеу тапсырмалар дайындап отыру керек.

    Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі педагогикалық жетілудің пайдалынылмаған әлеуеті, мұғалімдерге қолдау көрсетілген жағдайда, кәсіби өсу мен бірлескен білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген.  Яғни, мұғалім сабақ бойы оқушыларды дұрыс басқарып, көшбасшылық жасай  алған жағдайда, жақсы нәтижеге қол жеткізгені деп түсінемін.  Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманында ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізуге болады.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы №1-2011 ж., (б.8-11)
  2. «Қазақстан мектебі» ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет белгісі» орденді республикалық ғылыми-педагогикалық журналы №1, 2012 ж., (б.31-32)
  3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012 ж (б.72)

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану»

Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру

www.aikyn.kz

141 жалпы білім беретін мектеп

Тақырыбы: Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын  арттыру

Дайындаған: Кыдыкова Айнур Ержанқызы

Алматы қаласы, 2014 жыл

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның информатика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.  Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат -оқушының  сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты.   Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс  жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектептің информатика  кабинетінде интерактивті тақта орнатылған.
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде информатикадан практикалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.  Мысалы:  информатика пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық -  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі информатика сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Информатика пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы информатика бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу.
Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Көңілді тапқыштар», «Тапқыр достар» сияқты танымдық ойындарын қолданамын.  Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.  Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: «Word мәтіндік редакторында кесте құру»тақырыбындағы ашық сабақта ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың информатикалық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп,  оқушыны қызықтыратындай информатикалық ойындар викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Қорытындылау кезінде тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Жалпы  оқушылардың  ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».

2. «Информатика негіздері» журналдары.

3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы.

4. А. Салихова  «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»

5. Ғылыми-әдістемелік  журнал, №5-2009 ж

6. Интернет материалдары «Google» және «Mail.ru» сайттары  2012 ж.



Толығырақ: https://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/akparattyik-tehnologiyanyi-koldanu-arkyilyi-okushyilardyin-informatika-panne-67554/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану

Автор: Партаева Арайлым Жарылкасыновна

Дата: 11.04.2021

Номер свидетельства: 577920

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Жа?а ?лгідегі саба?тарды жоспарлауды? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(63) "zhan-a-ulghidieghi-sabak-tardy-zhosparlaudyn-ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "267691"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450443000"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства