kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушыларды әртүрлі мектептерде математиканы оқытудың ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл мақалда оқушыларға әртүрлі мектептердегі математиканы оқытудың жүйесіне сараптама жасалған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушыларды әртүрлі мектептерде математиканы оқытудың ерекшеліктері»



Оқушыларды әртүрлі мектептерде математиканы оқытудың ерекшеліктері



Қазіргі кезеңдегі техника мен технологияның теориялық негізі болғандықтан, математиканың теорияларын,негізгі қағидаларын, формулаларын білу маңызды және шешуші рөл атқарады.Қандай мамандық болса да математика үнемі қолданыста болады.Қазақстан Республикасының қарқынды даму кезеңінде математиканы меңгерту негізінде бүгінгі оқушылардың матемтикаға ынтасын, белсенділіктерін дамыту,қызығушылықтарын арттыру басты міндет болып саналады, әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап ететіні даусыз,яғни әрбір адамда саналы және терең білім мен іскерліктің болуын,жастардың белсенді түрде жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Білім жүйесі өмірдегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі.Ал оқу процесіндегі дәстүрлі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтыны түсінікті жайт.Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді.

Математика бірізділікті талап ететін пән. Әртүрлі мектептердегі математиканы оқыту әдістемесін бір жүйеге негіздеу,бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

XXI ғасыр адамзат есігін буырқанған,бұрқанған жойқын күшпен айқара ашып,оның барлық тыныс-тіршілігіне түбірлі өзгерістер мен жаңаруларды әкелді.Егемендігін енді алған азат еліміз де ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениетті,жан-жақты дамыған елдер қатарына көтерілу сынды қасиетті мақсаттармен аяғын нық басып, алға жылжуда.

Елбасымыз «ұлттық интеллектің діңгегін,Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет » деп атап көрсеткен болатын.Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын ,оқушының қызығушылығын ,икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын мектептер жүйесі құрылды.Бүгінде елімізде білім беру деңгейіне байланысты ,бірнеше мектептер жүйесі құрылған.

Әртүрлі мектептерде математика пәнін оқытудың ерекшеліктерін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.


Жалпы білім беретін

мектеп

Гимназия


Лицей

Назарбаев

Зияткерлік

мектебі

Сабақ беру форматы

Дәстүрлі

сабақтар өткізеді.

Сын тұрғысынан

ойлауды жетілдіру

мақсатында сабақтар

өткізіледі.

Сыныпты екі топқа бөліп оқытады.

Кембридж

бағдарламасы

бойынша,яғни

көбінесе

дәстүрлі емес

сабақтар өткізеді.

Халықаралық

стандарттар

бойынша сызу математика пәнімен интеграцияла-

нып оқытылады.

Кіріктірілген

Білім беру бағдарламасы(CLIL);

«Team-teaching» оқыту қағидасы,яғни, сыныпта екі мұғалім-ағылшын тілінде сөйлейтін мұғалім және пән мұғалімі бірігіп сабақ жүргізеді.Сабақ ағылшын тілінде өтеді. Сыныпты екі топқа бөліп оқытады.


Ақпаратты технологиялар-

ды

қолдану

Интерактивтік тақта,видео,

презентация ,

электронды оқулықтар

Интерактивтік тақта,видео,

презентация ,

электронды оқулықтар

Интерактивтік тақта,видео,

презентация ,

электронды оқулықтар

Интерактивтік тақта,видео,

презентация ,

электронды оқулықтар

Оқулықтар


«Алгебра және анализ бастамалары» Әбілқасымова А.,Есенов М және т.б

«Алгебра және анализ бастамалары» Әбілқасымова А.,Есенов М және т.б


«Алгебра және анализ »

Шыныбеков А.

Jeramy Pickles

«Mathematics»

Junior Member «SAT II books to study for Mathematics»

Richard Elves «Mathematics»

Мұғалімдер отандық

және шетелдік

авторлардың кітаптарынан әр сабаққа worksheet құрастырады.

Тіл


Қазақ тілі,

Орыс тілі

Қазақ тілі,

Орыс тілі

Қазақ,орыс,

Ағылшын тілі

Қазақ,орыс,

Ағылшын тілі

Бағалау


Сандық

Бағалау жүйесі

Сандық

Бағалау жүйесі.

Формативті бағалау

Суммативті бағалау жүйесі

Критериалды

бағалау

жүйесі

Аптасына оқытылатын

сағат саны

5 сағат +1 сағат

(факультатив)

5 сағат+2 сағат

(факультатив)

6 сағат+2 сағат

(қосымша)

8 сағат+3 сағат (қосымша)

     

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы анық көрсетілген.

Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
      РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.Соның нәтижесінде, нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде. Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.

Математикадан күнтізбелік жоспарда көрсетілген тақырыпты әртүрлі мектептерде қанша сағат бөліп қарастыратынына сараптама жүргізсек;10 сыныптағы «Вектор» тақырыбын жалпы білім беретін мектептерде-15 сағат; НЗМ -20 сағат; Гимназияларда - 17 сағат .

11 сыныптағы «Логорифм» тақырыбын жалпы білім беретін мектептерде-12 сағат; НЗМ -18 сағат; Гимназияларда -15 сағат . бөлінген.Бұдан, әр мектептің оқушыларына тақырыпты меңгеруіне әртүрлі сағат сандары көрсетілген,яғни,логорифмді 18 сағат оқыған оқушымен 12 сағат оқыған оқушының білім деңгейлері әртүрлі екеніне көз жеткіземіз.

Қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математиканы оқытудың негізгі ерекшеліктері адамның ақыл-ойын дамытуға,математикамен адам қызметі саласы ретінде таныстыруға,қазіргі қоғамды еркін бағдарлану үшін қажетті білім мен біліктерді қалыптастыруға арнайы бағдарлану болып табылады.

Жаратылыстану –математикалық бағыттағы сыныптарда математиканы оқыту оқушыларға математиканы белгілі бір деңгейде меңгеруіне септігін тигізеді.

Осылайша,білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.


Күшті жақтары

Әлсіз

жақтары

Мүмкіндіктер

Жалпы білім беретін

мектеп

Қабілетіне қарай іріктеп,жаратылыстану-

математикалық сыныптарға математиканы тереңдетіп оқытуда.

Сыни тұрғыдан ойлаудың жеткілікті түрде қарастырылмауы. Ақпараттық технологиялардың толық меңгерілмеуі.

  • Білім беру саласында оқытудың жаңа тиімді әдістерінің пайда боуы


  • Білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігі



  • Үштілділік


  • Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру



  • Халықаралық рейтингтердің көрсеткішті

жақсарту


  • Үздік білім беру

ресурстары мен технологияларына қол жеткізу

Гимназия


Пәнді тереңдетіп,

ағылшын тілінде

жүргізілуі

Шет тіліндегі еңбектермен толық қамтамасыз етілмеуі.

Лицей


ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Үштілділік.

Оқушылардың теориялық білімнің аздығы.

Назарбаев

Зияткерлік

мектебі

Еуропалық білім

беру кеңістігіне

енуі.Үштілділік.Жаңа оқыту бағдарламалары. Халықаралық Бакалавриат үздіксіз әрі сапалы білім алу мен шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін ерекше білім беру жүйесімен әлемге әйгілі. Халықаралық Бакалавриаттың  тағы да бір абзал тұсы – тәлім мен тәрбиенің толассыз жалғасуы және  мақсатты оқыту мазмұнымен астасып жатуында.

ЖОО-ғы мұғалімдермен мектеп мұғалімдерінің арасындағы байланыстың жоқтығы. Еуропалық оқулықтар мен мемлекеттік оқулықтарды байланыстыра жүйелі оқу құралының қарастырылмауы.



Жоғарыда көрсетілген сараптамаларды қорыта келе,мына тұжырымға келеміз.«Математик болу мақсат емес, бірақ білу міндет».Әр оқушы осы принципті ұстану керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы.

  2. Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы

  3. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы

  4. Педагогика және психология ғылыми-әдістемелік журнал.

Алматы,: 2003жыл

  1. Красноборова А.А. «Критериальное оценивание как технология формирования учебно- познавательной компетентности учащихся »








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқушыларды әртүрлі мектептерде математиканы оқытудың ерекшеліктері

Автор: Оспанбаева Бақтыгүл Мелісқызы

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359771

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Ша?ын жина?ты мектептерде саба? жоспарлау мен ?йымдастыруды? тиімді жолдары "
    ["seo_title"] => string(87) "shag-yn-zhinak-ty-miektieptierdie-sabak-zhosparlau-mien-u-iymdastyrudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "186656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426402643"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "МАТЕМАТИКАНЫ О?ЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ МАТЕРИАЛДАРДЫ ?ОЛДАНУ "
    ["seo_title"] => string(62) "matiematikany-ok-ytu-barysynda-tarikhi-matierialdardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "198943"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428491130"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "А?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? м?мкіндіктерін м??алімдерді? іс-т?жірибелерін ?олдану"
    ["seo_title"] => string(112) "ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologhiialardyn-mumkindiktierin-mu-g-alimdierdin-is-t-zhiribielierin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "286970"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454421031"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Сындарлы о?ыту - заманауи білім талабы. Баяндама"
    ["seo_title"] => string(41) "syndarlyokytuzamanauibilimtalabybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "300261"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456680849"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Нурова Зауре Жумаровна "
    ["seo_title"] => string(24) "nurova-zaurie-zhumarovna"
    ["file_id"] => string(6) "187538"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525340"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства