kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? м?мкіндіктерін м??алімдерді? іс-т?жірибелерін ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беруді? мазм?ны жа?арып, жа?аша к?з?арас пайда болды. Жа?а формация м??алімі инновациялы? о?ыту т?сілдерін ме?геруі шарт.    ?аза?стан Республикасы «Білім туралы» за?ыны? 10 бабында «О?ытуды? жа?а технологияларын, оны? ішінде к?сіптік білім беру ба?дарламаларыны? ?о?ам мен е?бек нары?ыны? ?згеріп отыратын ?ажеттеріне тез бейімделуіне ы?пал ететін кредиттік, ?ашы?тан о?ыту, а?паратты?-коммуникациялы? технология­ларды енгізу ж?не тиімді пайдалану» деп атап к?рсетілген.

Б?гінде  жалпы орта білім мазм?нын жа?арту, ?лтты? мектептерді? ?лгісін жасау ба?ытында о?ытуды? жа?а технологияларды, инновациялы? к?з?арастарды енгізу сия?ты о? ?згерістер елімізді? мектептеріні? ?ызметін жа?сартуда да ?лкен ?зектілікке ие болып отыр.

Осы?ан орай, б?гінгі ?стаздарды? алдында о?ушы?а білім, білік, да?дыларын игертіп ?ана ?оймай, ?абылдауын, ойлауын, ?иялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, я?ни жан-жа?ты, азат, шы?армашыл, ?з бетімен ж?мыс жасай білетін, б?секеге ?абілетті жеке т?л?аны дамыту міндеттері де т?р.

?азіргі заманны? даму ?ар?ыны м??алімдерден шы?армашылы?ын жа?аша, ?ылыми-зерттеу ба?ытында ??руды талап етеді. Сонды?тан, ХХІ ?асырды? информатика ?асыры, я?ни а?параттандыру технологиясы дамы?ан заманда мемлекетімізді? болаша?ы – жас ?рпа??а заман талабына сай білім беріп, жан-жа?ты дамуына ы?пал ету м??алімнен шы?армашылы? ізденісті, ?лкен с?ранысты талап етеді.

Талай ?асырды? сын елегінен ?ткен, ?лемді ме?геруді? мейлінше бай т?жірибе-та?ылымы небір тарихи д?уірлерді? рухын жина?та?ан, арман-ойларын уа?ыт с?згісінен ?ткізген таным теориясыны?  ?азіргі педагогикада?ы ма?ызы зор. О?ыту ?рдiсi екi жа?ты ?рдiс бол?анды?тан о?ушыны? ?зiндiк ж?мысы, дербес шы?армашылы? iс-?рекетi м??алiмнi? басшылы?ымен ?атар, оларды? iзденiмпазды?ын, белсендiлiгiн, ?з ы?ыласымен жасайтын ?рекетке ?ызы?ушылы?ын ?ажет етедi.

А?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? м?мкіндіктерін м??алімдерді? іс-т?жірибелерін ?олдануда о?ушы?а берер т?мендегідей тиімділіктері а??арылды:

-      т?рлі а?паратты?, бейнелік, дыбысты? аны?тамалар ар?ылы білімін жан- жа?ты жетілдіреді, дамытады;

-      ?з бетінше сараманды? тапсырмаларды орындайды;

-      та?ырыптан ?алып кеткен немесе д?рыс т?сінбеген та?ырыпты ?осымша ?айталау?а м?мкіндік беріледі;

-      п?нге ?ызы?ушылы?ы, ?здіксіз ізденісі артады;

-      ойлау, есте са?тау, пікірсайысты? ?абілеті дамиды;

-      ?з ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер т?рінде жеткізеді;

-      т?рлі бейнелік, сілтемелік, н?с?аулы? тапсырмаларды орындайды;

-      т?рлі де?гейдегі тест тапсырмаларын орындап ?зіні? ал?ан білімін тексереді.

А?паратты?-коммуникациялы? технологияны? м??алім ж?мысына е? тиімдісі – о?ушыларды? білім ол?ылы?тарына ?немі зерттеу жасап, т?зету ж?мыстарын ж?ргізуге пайдасы зор.

Компьютер ж?не а?паратты? технологиялар негізінде мектептердегі о?ыту процесі о?ушыны? жа?аша ойлау ?абілетін ?алыптастырып, оларды ж?йелік байланыстар мен за?дылы?тарды табу?а итеріп, н?тижесінде - ?здеріні? шы?армащылы? ?леуетіні?  артуына жол ашады.

А?паратты?-коммуникациялы? технологиялар - зерттелетін ??былыстарды?, объектілерді?, ?дерістерді? тек сырт?ы сипатын ?ана емес, оларды? ішкі м?нін, сондай-а?, таби?атты? ж?не ?о?амны? жеке ??былыстары арасында?ы байланыстарды ашып к?рсетуге м?мкіндік береді, білім беру ісінде а?параттарды даярлап, оны білім алушы?а беру процесі. Б?л процесті іске асыруды? негізгі ??ралы компьютер болып табылады, сол себепті ?азіргі мектепке шы?армашылы? ізденіс ?абілеті дамы?ан, жа?а педагогикалы?  технологияларды жете ме?герген, маманды? шеберлігі ?алыптас?ан жа?а а?паратты? технологияларды? тілін білетін м??алім ?ажет.

?азіргі та?да а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды ?олдану – м??алімні? о?ушылар?а к?п материал беру емес, на?ты ме?герте отырып, на?ты тірек –сигнал  есебінде ?з білімін  одан ?рі дамытып, ?рбір ??былысты? м?нін, ерекшелігін, сапалы? де?гейін  аны?тау?а ?йрету.

А?паратты? білімді игертуде: таным, ?абылдау кезінде бейнелерді ??ру, е? алдымен, бейнелі ес, к?рнекі-бейнелі ойлау, шы?армашылы? ойлау елесі, жан-жа?ты к?ріністер ?абылдау, с?здік-логикалы? ойлау, с?здік- ойлау, ес, сезім ?атынастары ?амтылады.

А?паратты?-коммуникациялы? технологиялар ар?ылы о?ушылар?а ?ылыми ??ымдарды т?сіндіруді ж?не оларды? ?абылдауын, т?сінуін же?ілдетуге м?мкіндік беріп, м??алімдерге саба? беруде к?мектесетін ма?ызды ??рал ретінде пайдалану ар?ылы танымды? ?ызы?ушылы?ты арттыруды? м?мкіндігі жо?ары деп санаймыз. Сонды?тан о?ыту барысында осы технологияларды тиімді ?олдану ма?ызды болып саналады.

Осы негізде о?ушылар тек біліммен ?аруланып ?ана ?оймай, ?здігінен білім алуды дамыта отырып, ?здіксіз ?з бетінше о?у?а ынталануына ?ажеттіліктерін тудырады. Осы м?селелерді? ж?зеге асу жолдарына себепкер а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? ?р?айсыны? ?зіндік о?ушы?а беретін ы?палы жо?ары болады. Электронды? есептеуіш техникасымен ж?мыс істеу барысында о?ушы материалды толы? ме?гереді, теориялы? ж?не эмпирикалы? ойлауы біркелкі дамиды, білім ж?не білік да?дысы, ?ызы?ушылы?ы, танымды? ?ызы?ушылы?ы артады, ал м??алім о?ушыларды? зейінін ?зіне тарту жетістігіне ие болады. Оларды ойландыра, тол?андыра отырып зейінін о?у процесіне тарту ?рекеттері - м??алімні? тиімді ??ралы болып табылады. Б?л о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын белсендіру амалы болма?. ?йткені, адам ?орша?ан ортада ?зіне керекті н?рсені алады, олай болса, білім беруде м?нді де ма?ыналы н?рсені о?ушылар?а ?ызы?ты т?рде ?сынуда а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? ы?палы жо?ары.

Алайда, психологтар В.Давыдов пен В.Рубцов «Жа?а а?паратты?-коммуникациялы? технологиялар адамны? жас ерекшелігіні? даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік о?ыту ба?дарламасыны? ?рт?рлі формалы? мазм?нында адамны? жас ерекшелігіне с?йкес келуі керек»  деген ?а?идасында естен шы?армай а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды ?олдануда о?ушыны? жас ерекшеліктерін ?арай ж?мыс ж?ргізу ?ол?а алынуы ?ажет.

О?ытуды? а?паратты?-коммуникациялы? технологияларына ?ту, оларды жасау шарттарын ??ру, ендіру жа?а ж?не д?ст?рлі о?ыту ?дістерін ?йлестіру психологиялы?-педагогикалы?, о?у-?дістемелік ж?не бас?а да м?селелерді? бірт?тас кешендерін шешуді талап етеді.

Оларды келесі ба?ыттар?а б?луге болады:

  • о?у процесіне а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды ендіру м?селелерін шешуді? бірт?тас кешенді ?ылыми-?дістемелік т?сілін жасау;
  • практикалы? ?ызметте а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды пайдалану ?дістемесін жасау;
  • педагогикалы? кадрларды о?ытуды? а?паратты?-коммуникациялы? технология ларын ме?геруге, оларды о?у ?дерісіне ендіруге даярлау;
  • о?ушыларды білімдер мен біліктіліктерді игеруге пайдалану?а даярлау;
  • о?у ?имаратыны? материалды?-техникалы? ?оры;
  • а?паратты?-коммуникацияларды ?олдану ар?ылы о?ушы т?л?асын дамыту, компьютерлік сауаттылы?;
  • а?паратты? м?дениет;
  • а?паратты? ??зыреттіліка?паратты? іс-?имылды ?йренеді.

Ал, м??алім ?шін де ма?ызы ?те зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді:

  • м??алім ?здіксіз ізденіс ?стінде ж?реді;
  • жеке т?л?аны ?алыптастыруда?ы жауапкершілігі артады;
  • инновациялы? технологияларды ?олдану іскерлігі, ?діс - т?сілі артады;
  • жас мамандарды? ?ызы?ушылы?ын туындатады;
  • мектептегі бас?а п?н м??алімдерімен т?жірибе алмастыру ар?ылы ?жымны? ?йымшылды?ыны? ?йт?ысы бола алады;
  • интернетке кіру ж?йесі ар?ылы ?лемдік де?гейде іс-т?жірибе алмасуды ?алыптастырады;
  • о?ытуды? т?рлі ?діс-т?сілдерін игеруге ?олы жетеді;
  • м??алім саба?ты ?ызы?ты, ж?йелі т?рлендіріп ?ткізуге машы?танады.

Б?гінгі та?да?ы а?паратты? ?о?ам айма?ында о?ушыларды? ойлау ?абілетін ?алыптастыратын ж?не компьютерлік о?ыту ісін дамытатын жалпы за?дылы?тардан тарайтын а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? тиімділігі жо?ары деп есептейміз.

?рбір о?ушы ?ала?ан та?ырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалы? ж?мыстарды орындау?а да?дыланады. Электронды? о?улы? ар?ылы т?рлі суреттер, бейнек?ріністер к?рсетуге, дыбыс ж?не музыка ты?дату?а болады. Б?л ?рине, м??алімні? та?та?а жазып т?сіндіргенінен ?лде?айда ?серлі, ?рі тиімді. Электронды? о?улы? о?ушы?а о?у материалын ме?геруге, ?зін-?зі ба?алау?а м?мкіндік береді. Электронды орталарды интерактивті та?таны пайдалану ар?ылы о?ушыларды? білімін тексеру ?шін ?р тарауды ая?та?анда, жа?а саба?ты бекіткенде тестілеу ?дісін ?олдану?а болады.

Саба?та электронды? о?улы?тарды ?олдану барысында о?ушыларды? п?нге деген танымды? ?ызы?ушылы?ыны? арт?анды?ы бай?алды.

М??алімдер  а?паратты?-коммуникациялы? технологиялар ар?ылы ?здеріне ?ажетті ?дістемелік материалдарды, к?мекші ??ралдарды ке?інен пайдалана алады.

Электронды о?улы?пен о?ыту, м??алімні? о?ушымен жеке ж?мыс ж?ргізгендей  болады. Теориялы? материалды графикалы? иллюстрация т?ріндегі ?рт?рлі суреттер, с?лба т?сілдер ар?ылы толы?тырып отырса, онда теориялы? білімді о?ып, к?збен к?ріп, т?сініп ж?не оны мида бекіту ?рдістері бір уа?ытта ?тіп отырады да материалды ?орыту процесі ?тымды болады.

Саба?та электронды? о?улы?ты пайдалануды? тиімді жа?ы к?п: бастауыш сыныптарда д?ниетану, математика п?ндерінде, жо?ары сыныптарды? физикадан, химиядан ??ралдар жетіспеушілігі саба?ты ?з де?гейінде білім беруде ?иын, ал электронды? о?улы?та барлы? т?жірибелер, ?алымдар ?мірі, аны?тама с?здік, материалдарды? барлы?ын пайдалана аласыз. ?р тарауда тест с?ра?тары, ?р тапсырманы? ?зіндік есептері бар, б?л о?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын ба?ылауда ж?не о?ушыны? танымды? ізденісін ту?ызады. Электронды? орта ар?ылы зертханалы? ж?мыстарды орындап ?ана ?оймайды, о?ушыны шы?армашылы? ж?мыс істеуге да?дыландырады, саба?ты? сапасын арттырады.

Білім беруді? кез-келген саласында «Электронды? о?улы?тарды» пайдалану о?ушыларды? танымды? белсенділіктерін арттырып ?ана ?оймай, логикалы? ойлау ж?йесін ?алыптастыру?а, шы?армашылы?пен ж?мыс жасауына жа?дай жасайды. Тек м??алімні? айт?андарын немесе о?улы?ты пайдалану ?азіргі заман талабын ?ана?аттандырмайды.

Б?гінгі та?да?ы а?паратты? ?о?ам айма?ында о?ушыларды? ойлау ?абілетін ?алыптастыратын ж?не компьютерлік о?ыту ісін дамытатын жалпы за?дылы?тардан тарайтын а?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? тиімділігі жо?ары деп есептейміз.

А?паратты? технология  - б?гінгі к?нні? тамаша жетістігі, осы техниканы? озы? ?лгісін мектеп ?абыр?асынан тере? ме?герту болаша? к?сіп мамандарын т?рбиелеуде, б?секеге ?абілетті ел азаматтарын ?алыптастыруда орны айырбасталмас н?рсе.

?орыта айтатын болса?, ?шінші мы?жылды? адамын ?алыптастыру – д?ниеж?зілік, сонын ішінде ?аза?станды? білім беру ж?йесі алды?да?ы жауапты міндет.  О?ытуды? жа?а технологиясын, е? алдымен білім сапасын жа?сартатын, жалпы б??ара?а білім беруді ?амтитын, а?паратты? білім беру ж?йесін д?рыс т?сінсек оны? ба?ытын д?рыс аны?таса? ж?не оны ж?зеге асыру барысында к?ргендік танытса? Отанды? білім беру ж?йесі ?з алдына ?ойыл?ан тарихи тапсырысты абыроймен орындап шы?ады деп ойлаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?паратты?-коммуникациялы? технологияларды? м?мкіндіктерін м??алімдерді? іс-т?жірибелерін ?олдану»





Баяндама










Тақырыбы: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін мұғалімдердің іс-тәжірибелерін қолдану »







Өткізген: мектеп директоры

Куланбаева Б.К.



















Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Жаңа формация мұғалімі инновациялық оқыту тәсілдерін меңгеруі шарт.    Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 10 бабында «Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология­ларды енгізу және тиімді пайдалану» деп атап көрсетілген.

Бүгінде  жалпы орта білім мазмұнын жаңарту, ұлттық мектептердің үлгісін жасау бағытында оқытудың жаңа технологияларды, инновациялық көзқарастарды енгізу сияқты оң өзгерістер еліміздің мектептерінің қызметін жақсартуда да үлкен өзектілікке ие болып отыр.

Осыған орай, бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Талай ғасырдың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай тәжірибе-тағылымы небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын уақыт сүзгісінен өткізген таным теориясының  қазіргі педагогикадағы маңызы зор. Оқыту үрдiсi екi жақты үрдiс болғандықтан оқушының өзiндiк жұмысы, дербес шығармашылық iс-әрекетi мұғалiмнiң басшылығымен қатар, олардың iзденiмпаздығын, белсендiлiгiн, өз ықыласымен жасайтын әрекетке қызығушылығын қажет етедi.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін мұғалімдердің іс-тәжірибелерін қолдануда оқушыға берер төмендегідей тиімділіктері аңғарылды:

-      түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады;

-      өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;

-      тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

-      пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

-      ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;

-      өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;

-      түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

-      түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы зор.

Компьютер және ақпараттық технологиялар негізінде мектептердегі оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің шығармащылық әлеуетінің  артуына жол ашады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - зерттелетін құбылыстардың, объектілердің, үдерістердің тек сыртқы сипатын ғана емес, олардың ішкі мәнін, сондай-ақ, табиғаттың және қоғамның жеке құбылыстары арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге мүмкіндік береді, білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық  технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.

Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – мұғалімнің оқушыларға көп материал беру емес, нақты меңгерте отырып, нақты тірек –сигнал  есебінде өз білімін  одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін, сапалық деңгейін  анықтауға үйрету.

Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді құру, ең алдымен, бейнелі ес, көрнекі-бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау елесі, жан-жақты көріністер қабылдау, сөздік-логикалық ойлау, сөздік- ойлау, ес, сезім қатынастары қамтылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал ретінде пайдалану арқылы танымдық қызығушылықты арттырудың мүмкіндігі жоғары деп санаймыз. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.

Осы негізде оқушылар тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше оқуға ынталануына қажеттіліктерін тудырады. Осы мәселелердің жүзеге асу жолдарына себепкер ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әрқайсының өзіндік оқушыға беретін ықпалы жоғары болады. Электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеу барысында оқушы материалды толық меңгереді, теориялық және эмпирикалық ойлауы біркелкі дамиды, білім және білік дағдысы, қызығушылығы, танымдық қызығушылығы артады, ал мұғалім оқушылардың зейінін өзіне тарту жетістігіне ие болады. Оларды ойландыра, толғандыра отырып зейінін оқу процесіне тарту әрекеттері - мұғалімнің тиімді құралы болып табылады. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын белсендіру амалы болмақ. Өйткені, адам қоршаған ортада өзіне керекті нәрсені алады, олай болса, білім беруде мәнді де мағыналы нәрсені оқушыларға қызықты түрде ұсынуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ықпалы жоғары.

Алайда, психологтар В.Давыдов пен В.Рубцов «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әртүрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек»  деген қағидасында естен шығармай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушының жас ерекшеліктерін қарай жұмыс жүргізу қолға алынуы қажет.

Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларына өту, оларды жасау шарттарын құру, ендіру жаңа және дәстүрлі оқыту әдістерін үйлестіру психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік және басқа да мәселелердің біртұтас кешендерін шешуді талап етеді.

Оларды келесі бағыттарға бөлуге болады:

  • оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру мәселелерін шешудің біртұтас кешенді ғылыми-әдістемелік тәсілін жасау;

  • практикалық қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесін жасау;

  • педагогикалық кадрларды оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технология ларын меңгеруге, оларды оқу үдерісіне ендіруге даярлау;

  • оқушыларды білімдер мен біліктіліктерді игеруге пайдалануға даярлау;

  • оқу ғимаратының материалдық-техникалық қоры;

  • ақпараттық-коммуникацияларды қолдану арқылы оқушы тұлғасын дамыту, компьютерлік сауаттылық;

  • ақпараттық мәдениет;

  • ақпараттық құзыреттілікақпараттық іс-қимылды үйренеді.

Ал, мұғалім үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді:

 

  • мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді;

  • жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады;

  • инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс - тәсілі артады;

  • жас мамандардың қызығушылығын туындатады;

  • мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады;

  • интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады;

  • оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін игеруге қолы жетеді;

  • мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.

 

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдатуға болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Электронды орталарды интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтағанда, жаңа сабақты бекіткенде тестілеу әдісін қолдануға болады.

Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығының артқандығы байқалды.

Мұғалімдер  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші құралдарды кеңінен пайдалана алады.

Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс жүргізгендей  болады. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту процесі ұтымды болады.

Сабақта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп: бастауыш сыныптарда дүниетану, математика пәндерінде, жоғары сыныптардың физикадан, химиядан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электрондық оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын бақылауда және оқушының танымдық ізденісін туғызады. Электрондық орта арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады, сабақтың сапасын арттырады.

Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Ақпараттық технология  - бүгінгі күннің тамаша жетістігі, осы техниканың озық үлгісін мектеп қабырғасынан терең меңгерту болашақ кәсіп мамандарын тәрбиелеуде, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда орны айырбасталмас нәрсе.

Қорыта айтатын болсақ, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру – дүниежүзілік, сонын ішінде Қазақстандық білім беру жүйесі алдыңдағы жауапты міндет.  Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға білім беруді қамтитын, ақпараттық білім беру жүйесін дұрыс түсінсек оның бағытын дұрыс анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ Отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп ойлаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Куланбаева Балдыр?ан Каменовна

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 286970


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства