kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математиканы тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен бұл бағдарламаны ІІІ базалық деңгейдегі деңгейлік курстан өтіп келегн соң, өз іс тәжірибеме өзгеріс енгізу мақсатында 5-сынаптан бастап жүргізген жұмыс қорытындылары мен келесі оқу жылына арналған 6-сыны жоспармен бөлісуді жөн санадым. 

Бұл бағдарлама- біздің Ақсу өңірінің математика мұғалімдерінің бірлесіп құрастырған бағдарламасы. Бүгінгі таңда оны барлық мектептердегі математика мұғалімдері қолданып жүрміз. 

Келешекте мұндай жұмыстарды  жаңартылған бағдарламаларға негіздеп, өзгеріс енгізіп, қолдануға болады деп санаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математиканы тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс»


«Ақсу қаласы М.Омаров атындағы селолық округі

Еңбек ауылының орта мектебі» КММ
















Математиканы тереңдетіп оқыту 6«а» сынып























Құрастырған:

математика пәнінің мұғалімі Адарыш Б.






2016 жыл


Мұғалім туралы жалпы мәлімет:




Аты-жөні : Адарыш Бақытгүл

Туған жылы: 09.06.1979ж

Білімі: жоғары

Бітірген оқу орны: ПМУ, 2003ж

Диплом б/ша мамандығы: физика және математика мұғалімі

Еңбек өтілі: 14 жыл

Осы мектепте: 14 жыл

Санаты: І /2013жылы иеленді/

Дәрежесі: ІІІ базалық деңгейде сертификатталған, 2015жыл

Өткен курстары:

  1. «Математика сабағында қазіргі пед.технологиялар, математикалық білім беру сапасын арттыру», ПҚБАИ Павлодар қаласы, 01.10-14.10.2012ж.,№037563.

  2. «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу негізінде педагог мамандардың АКТ құзыреттілігі», 13.10-17.10.2014ж., «Өрлеу», №0092634.

  3. ҚР-сы пед.кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында ІІІ/базалық/деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы, 02.02-26.04.15ж, «Өрлеу» БАҰО АК филиалы, №0027455










Математиканы тереңдетіп оқытылатын 6-сынып туралы мәліметтер




Тереңдету сыныбының жұмысы басталды : 2015-2016 о/ж; Жұмыс аяқталады : 2019-2020 о/ж.




Оқушы аты-жөні

Оқу үлгерімі


Оқушы жетістігі


Нәтижесі

«өте жақсы»


«жақсы»


«қанағат»

1

Аманханұлы Б



+



2

Аманболұлы Ж



+



3

Аманжолұлы Ж



+



4

Батырхан Ж



+



5

Бахытханқызы З


+




6

Еркинбекқызы Ж


+




7

Костаулетова А



+



8

Омарова М

+



«Кенгуру\- математика»

Сертификат

9

Ондерханқызы Ф


+


«Кенгуру\- математика»

Сертификат

Обл.ғылыми-тәжіриб.конф

ІІІ дәрежелі

диплом

10

Сабитова Ж


+


Мектепішілік олимпиада

Алғыс хат

11

Сесерханұлы А



+



12

Советханұлы А


+


Мектепішілік олимпиада

Алғыс хат

13

Сулейменова Н


+




14

Тотан Н



+



15

Шайзада Н


+


«Зерде» қалалық ғылыми зерттеу жұмысы

3-орын

Интернет дист.ғылыми жобалар сайысы

Қатысу


Орташа есебі

7 %

47 %

47 %

47 %

21 %



Білім сапасы: 53 %



Зияткерлігі: 47 %





















Өткен 2015-16 оқу жылындағы

математиканы тереңдетіп оқыған 5-сынып жұмысына

жылдық сараптама




5 «а» сыныбында 15 оқушы (8 ұл, 7қыз) оқиды, оның 1-і үйден оқытылады, ол-Аманханұлы Б, оның әлеуметтік жағдайы-мүгедек. Ал қалған 14 оқушы сабаққа қатысады.

Сыныпта 1-оқу озаты бар, ол-Омарова М. Сонымен қатар 5 оқу екпінділері бар, олар Бахытханқызы З, Еркинбекқызы Ж, Ондерханқызы Ф, Советханұлы А, Шайзада Н. Сыныптың жалпы білім сапасы: 53%-ды құрайды.

Сыныптың тәрбиелік деңгейі қыркүйек айында 50% болатын, ал жыл аяғында 65%-ға көтерілді , бұның себебі оқушыларда – бастауыштан орта буынға ауысу кезеңінен өтуі. Осыған орай, сыныптың орта буынға қалыптасу кезеңін өткеріп жатқанын ескере келе, мектеп психологімен, ата-аналарымен, бұрыңғы сынып жетекшісімен және тәрбие ісінің меңгерушісімен бірлескен арнайы шаралар ұйымдастырылып тұрды.

Мектебімізде қазан айында өткен математика-физика пәндер апталығында 5-сыныппен «Бұрыш және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ берілді. Сабаққа оқушылар белсенді қатысты, оқытудың жаңа белсенді әдістері мен АКТ қолданылды.

Апталықтағы ашық сабақ сәтінен көрініс


Сонымен қатар қазан,ақпан, сәуір айларында мектепішілік әкімшілік тексерістерден өттік. Онда оқу ісінің меңгерушілері мен мектеп директоры сабақтарға қатысып, оқушылардың жұмыс дәптерлері, өздік және бақылау жұмыс дәптерлерін тексерілді, бақылау жұмыстар алынды. Әкімшілік бақылау жұмыстарының нәтижелері төмендегідей болды:

Оқушының аты-жөні

Қазан айы

Ақпан айы

Сәуір айы

1

Аманбол Жамбыл

3

3

3

2

Аманжол Жеңіс

3

3

3

3

Бахытхан Зейнеп

3

4

4

4

Батырхан Жасылан

3

3

3

5

Еркинбек Жансая

4

4

4

6

Косдаулетова Айгерим

3

3

3

7

Омарова Мадина

4

5

5

8

Ондерхан Фарида

3

4

4

9

Сабитова Жанелья

4

4

4

10

Сесерханұлы Аңсар

3

3

3

11

Советханұлы Арнұр

4

4

5

12

Сулейменова Назым

3

3

4

13

Тотан Нұх

3

3

3

14

Шайзада Нұрдәулет

4

4

4

Сапасы

36 %

50 %

50 %

Үлгерімі

100 %

100 %

100 %

Әкімшілік тексетістердің сәуір айында оқу ісінің меңгерушісі 2016 жылдың 20.04 және 22.04 күндері қатысты. Оқушылар түгел болды. Тексеріс кезінде жоспарға сәйкес өткізіліп жатқан сабақ - тереңдетіліп оқуға арналған қосымша-күрделі тақырыппен тұспа-тұс келді. 20.04 күні «Қозғалысқа берілген есептер. Шамалар проценті» тақырыбы бойынша сабақта белсенді қатысып, есеп шығару алгоритмін талдап, мысалдармен толықтырып, ізденіске берілген үй жұмысында оқушылар ғазет-журналдардағы процентке байланысты есептерді тақтаға орындады. Бұдан оқушыларды құзыреттілікке баулу, шығармашылығын ояту сияқты әрекеттер оңтайлы жүзеге асты. Ал 22.04 күні «Жұмысқа байланысты есептер» тақырыбы бойынша оқушыларды ОЖСБ-да кездесетін есептер жинағынан 5-сынып тақырыбына сәйкес есептер шығарылды. Сабақ соңында әдістемелік кеңестер берілді.

Әкімшілік бақылау сәтінен көрініс


Ал мамыр айында ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» өтті. Онда да жоспарға сәйкес, кезекті түрде ашық сабақ берілді. Оқушылар өте белсенділік таныиып, сабақ қызықты өтті. Оқушылар «Өте үлкен және өте кіші астрономиялық сандар» атты тақырыпта сабақ өтті. Мұнда қазақтың киелі сандарынан бастап, өте үлкен сандарды дәреже түрінде жазып көрсету сияқты бірнеше тақырыптар игерілді.


«Ашық есік күні» сәтінен көрініс

Мектебіміздегі мектепішілік олимпиадаға 5сынып оқушыларынан математика пәнінен 6 оқушы қатысып, 3-уі 1,2,3 орындарға ие болды. 5-қазақ сыныбы, математиканы тереңдетіп оқытуды биылғы 2015-16 оқу жылынан бастады. Келешекте Советхан А мен Омарова М-олимпиадаға; ал Шайзада Н пен Ондерханқызы Ф-ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындалып, жүлделі орындарға ие болады деген сенімдемін. .

Ф.И ученика

сыныбы

орны

Пәні

мұғалімі

1

Советхан А

5-қазақ

2


Математика


Адарыш Б

2

Сабитова Ж

5-қазақ

3

3

Омарова А

5-қазақ

1

Сондай-ақ, «Ақбота»-интеллектуалдық сайысына 1 оқушы қатысты. Ал «Зерде» ғылыми зерттеу жұмысына биыл мектебімізден 4 оқушы қатысса, оның 1-уі математикадан 5-сынып оқушысы болды, ол: Ондерхан Ф-5-қазақ. Қараша айында ең үлкен жетістігім ретінде 5-қазақ сыныбының оқушылары Ондерхан Ф мен Шайзада Н облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, 1 және сертификатқа ие болды; олардың жұмыстары осы конференцияға қатысушылардың материалдарының жинағына енді, «Туған өлкені тану – ғылымға жетелейтін жол» атты жинаққа енді.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының

«Математика» секциясындағы ғылыми зерттеу жұмыстарындағы жеңісіміз


Математика пәні бойынша сыныптағы оқу үлгерімі туралы әр оқушыға жеке тоқталайын. Сыныптағы ең алғыр оқушылар ретінде Советханұлы А мен Омарова М.-ны атауға болады. Олар оқу материалын тез әрі ұзақ қабылдайды, логикалық есептер мен ауызша есептерге жүйрік. Ал Шайзада Н пен Еркинбекқызы Ж. \керісінше сабақты баяу қабылдайды, асықпайды, уақыт көбірек берілсе тапрсырманы өте тиянақты орындайды, ал асықтырса жазулары нашарлайды. Ал Бахытханқызы З пен Сабитова Ж. жазулары өте нашар, тез қабылдап, тез ұмытады.бірақ сабаққа зерек, шығармашыл, ізденгіш. Олар қосымша жеке тапсырмалар орындауды ұнатады. Ондерханқызы Ф мен Сулейменова Н өздіктерінен есепті жақсы шығара алмайды, бірақ жеке-дара жұмыс істетсе абдырап, сасқалақтап, өзіне-өзі сенімсіздік танытады.бірақ оқу үлгерімдер жақсы.

Ал сыныбымыздағы математиканы меңгере алмаса да тырысып, үнемі қадағалауды, бақылап отыруды қажет ететін оқушылар бар, олар Костаулетова А мен Батырхан Ж. Оларға көбірек уақыт бөліп, жеке-дара оқыту қажет. Ал есепті мұлде түсінбей, тек қана көшіріп жазу, таза жазумен айналысатын, өздігінен ештеңе орындай алмайтын оқушылар бар, олар: Аманболұлы Ж, Аманжолұлы Ж, Сесерханұлы А және Тотан Н. бұлар оқу үлгерімдері «С» деңгейлі оқушылар, олармен үлгі бойынша орындауға жеке карточкалар дайындауды талап етеді. Осы аталған кемшіліктерге байланысты өз імнің әдіс-тәсілдерімді ортақ жүйеге келтіруді жоспарлаймын.

Осы оқу жылы барысында мынадай жұмыстарға баса мән беру анықталды:

- Дарынды балалармен жұмыста оқушының ой-өрісін дамытуға бағытталған іс-әрекетті

жүйелеу, күшейту;

-Математикалық стильді қалыптастыруда оқушыны жауапкершілікке, дербестікке тәрбиелеуде

практикалық жұмыс сапасын арттыру;

-Қосымша ақпараттарды пәнаралық байланыстыру, алдын ала сәйкес тақырыптарды оза оқыту

әдісін қолдану;

Осы аталған кемшіліктер мен оқытудағы мәселелерді келесі оқу жылының жоспарына қосып, бірге қарастыруды, кемшіліктерді жоюды жоспарлаймын.












2016-17 оқу жылында 6«а» сыныбында математиканы тереңдетіп оқытудың мақсат-міндеттері


Өткен 2015-16 оқу жылында математиканы тереңдетіп оқыту барысындағы кемшіліктерді ескере отырып, оны жою жолдарын қарастыра келе жаңа оқу жылының жоспарына келесі мақсат-міндеттерді қоюды жөн көрдім.



Оқыту мақсаты:

1) оқушыларды математикалық қызметке қатыстыру мен ой-өрісін дамытуға бағытталған математикалық база негізін сапалы қалыптастыру;


2) ұлттық жəне жалпы адами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысын, математикалық стилін қалыптастыру;


3) негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игерудің практикалық негізіне бастама жасау.

Оқыту міндеттері:

1) рационал сандар жəне олардың қасиеттері, рационал сандарға

қолданылатын арифметикалық амалдар туралы білімді қалыптастыру;


2) көрнекі-бейнелік жəне логикалық ойлауды, оқу уəжін, өздігінен білім алу

қабілетін, математика тілінде сөйлеуді, талдау мен дəлелдеулер жүргізу жəне қарапайым зерттеу есептерін шығару біліктігін қалыптастыру;


3) тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін (логикалық ойлау, интуиция,

танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік жəне т.б.) жəне математика тілінде сөйлеу қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;


4) өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту; берілген тақырып бойынша оқушыларға есептер құрастыру мен оларды шығаруға мүмкіндік беру;


5) қарым-қатынас мəдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мəдениетіне, əдет-ғұрпына жəне басқа байлықтарына құрмет көрсетуді,


6) оқушыларды математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде

жинақталған құндылықтарға қатыстыру;


7) математиканы жалпымəдени құндылық ретінде таныстыру, математика

қоршаған орта мен өзін-өзі танып білу құралы болатыны туралы түсінікті қалыптастыру.











2016-2017 оқу жылында 6-сыныпта математиканы

тереңдетіп оқытуға арналған жұмыс жоспары


Менің жұмыс тақырыбым «Оқытудың белсенді әдістерін пайдаланып, оқушыларды шығармашылық пен зерттеушілікке баулу» туралы болғандықтан, мен көбінесе оқушыларды зияткерлікке, шығармашылыққа және ізденгіштікке жетелейтін жұмыстарға дайындауды жоспарладым.



Мерзімі Жұмыс бағыты Жету жолдары




Қыркүйек

Тақырыптық-күнтізбелік жоспарға дидактикалық материалдар мен электронды оқулықтармен жұмысты енгізу


«Білім туралы» заңмен және әдістемелік нұсқау хатпен танысу
Оқушыларды ізденіс жұмысына дағдыландыру Сабақта топтық жұмыс ұйымдастыру, жыл бойы
«Зерде» ғылыми жобалар сайысына дайындау. 6 сыныптан Ондерхан Ф,Омарова М. Шайзада Н, Бахытханқызы З. сияқты оқушыларды сайысқа қатыстыру.



Қазан

«Ақбота» интеллектуалдық марафонына дайындау 6 сыныптан Советхан А, Омарова М Сулейменова Н.сияқты оқушыларды қатыстыру
Мектепішілік олимпиадаға дайындалу, қатысу Советханұлы А, Омарова М, Еркинбекқызы Ж



Қараша

Пән олимпиадасын жүргізу Жоспарға сәйкес олимпиадаға дайындау
Дарынды ж/е үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
Карточкалар дайындау
Келесі оқу жылына 7- сыныпқа ғылыми жоба жұмыстарын бастау Таңдаған тақырыптың мақсат және міндеттерін анықтау.

Желтоқсан

1-жарты жылдық жұмыс есебі Шығармашылық есеп түрінде

Қаңтар

Облыстық интеллектуалдық марафонға дайындалу 6 сынып оқушыларын дайындау

Ақпан

Сабақтан тыс іс-шара ұйымдастыру Сыныппен жұмысты дайындау

Наурыз

Сабақтан тыс іс-шара өткізу Интернет желісінде жұмыс

«Кегуру математика - 2017» зияткерлік сайысына дайындық

Сайысқа қатысу


Сәуір

Матемагика есептерін құру, шешу Зерттеуге барлығын қатыстыру
«Ескілікті математика» созди есептер шығару Зерттеу жұмысы

Мамыр

Ғылыми жоба жұмыстарын жалғастыру Презентациясын дайындау


Оқушыларды Халықаралық PIZA, TIMSS бақылау жүйесіне дайындау. Функционалды сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындау








2016-17 оқу жылының 6«а» сыныбында математиканы тереңдетіп оқыту туралы түсініктеме

Математиканы тереңдетіп оқыту, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқу мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне қарай ерекшелінетін екі кезеңнен тұрады: V—IX сыныптар үшін бағдарлы оқыту және X—XI сыныптар үшін бейінді оқыту. Сол себепті, математиканы тереңдетіп оқи отыра, оқушылар өмірлік жағдаяттарға бейімделе бастайды.

Қандай тақырыптарға баса мән беріледі:

6 - сыныпта математика пәнін тереңдету мақсатында әр тарауға негізгі керек формулалар мен ұғымдарды және арифметикалық, логикалық, мәселе есептерді шығару арқылы ой-өрістерін дамыту үшін әр тарауға есептер шығару тақырыбын тереңірек беру көзделіп отыр.

Қандай бағдарламамен оқытылады:

Еңбек орта мектебінде математиканы тереңдетіп оқыту жұмысы 2015-16 оқу жылында 5-сыныпта басталды. Биыл, яғни 2016-17 оқу жылында 6-сыныпта жалғасын табады. Тереңдетіп оқыту үшін мына бағдарламаны пайдаланылды: Ақсу қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебінің математика пән мұғалімдері құрастырған 5-9 сыныптарынa арналған «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Математика» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламасы»

Бағдарламада жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, жаңа технологиялар арқылы оқытуға негізделген өзгертулер мен толықтырулар енгізіле отырып, тақырыптық-күнтізбелік жоспар құрылды. Оқушылардың 6-сынып курсын тереңдете оқытуға бағытталған мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері мен математиканы оқытуда қойылатын талаптары, математикалық сауаттылығын қалыптастыруға арналған қадамдары көрсетілген.

Рецензиясы қандай:

«Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы » АҚФ «Павлодар облысы бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» аға оқытушысы Жаукенова Б. А., Инн.тех. және Ғ-Ж және Г пәндері ОӘ кафедрасының меңгерушісі Әшімбетова Р. Д., 29.10.2012.

Бағдарлама авторлары кімдер:

5-9 сыныптарына арналған бағдарламалардың авторлары: Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №2 жалпы орта білім беру мектебінің математика пән мұғалімдері:

Жанар Қайырбековна Ахметжанова,

Жамал Дюсембиновна Абдрахманова,

Толқын Кабидуллиновна Жанназарова,

Асель Сайлауовна Ахметова,

Бериктай Барлықбаевич Естемисов.

Оқыту жүктемесі қандай:

Оқу пəні 6-сыныпта аптасына 6+2 сағат жүктемемен жылына 272 сағат өтіледі.

6-сыныптағы базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) «5-сыныптағы математика курсын қайталау (12 сағ)».

2) «Қатынас жəне пропорция (24+10 сағ)».

3) «Рационал сандар жəне оларға амалдар қолдану (50 сағ)».

4) «Өрнектер мен тепе-теңдіктер (15+5 сағ)».

5) «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер (16 +18сағ)».

6) «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жəне олардың жүйелері (20 сағ)».

7) «Координаталық жазықтық (13 сағ+5)». Жазықтық. Перпендикуляр түзулер жəне

8) «Функция. Сызықтық функция (15+5 сағ)».

9) «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жəне олардың жүйелері (21+5 сағ)».

10) Логикалық есептер (10 сағат). Жас мөлшерін анықтауға арналған есептер. Салыстыруға

11) «6-сыныптағы математика курсын қайталау (18 +10сағ)».

Математиканы оқыту процесінде пəнаралық байланыс:

1) «Қазақ тілі» пəнімен сөйлемді (тұжырымды, қорытындыны жəне т.с.с.) құру кезінде қазақ тілінің ережелеріне сүйену;

2) «Тарих» пəнімен тарихи оқиғалардың ұзақтығын есептеу үшін тарихи периодтардың хронологиялық шекаралары туралы түсініктерін қолдану;

3) «География» пəнімен Жердің пішіні шар тəрізді екені, глобустың Жер бетінің бейнесі болатыны туралы түсініктерін қолдану; географиялық координаталар, карта мен жоспардың ұқсастықтары мен өзгешеліктері туралы білімдерін, географиялық картамен жұмыс жасау біліктерін қолдану;

4) «Биология» пəнімен табиғатты қорғау, экология жəне табиғат байлықтарын тиімді қолдану туралы білімдерін қолдану;

5) «Информатика» пəнімен компьютермен жұмыс істеу: «Калькулятор» бағдарламасы көмегімен есептеу, диаграмма салу жəне т.б. біліктіктерін қолдану;

6) «Еңбекке баулу» пəнімен тетіктердің құрамдас бөліктері элементтерінің графикалық бейнесін, сызбасы бойынша тетіктің пішін жəне оның өлшемдерін анықтай білу біліктігін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Тереңдетілген бағдарламадағы қолданылатын жұмыс түрлері: Өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, жеке нысанмен жұмыс, топпен жұмыс, іздендіру жұмыстары.

Ұйымдастыру формасы: лекция, семинар, конференция, дебат, практикум сабақ, кіріктірілген сабақ, саяхат сабақ, «ашық ойлар» сабағы.

Күтілетін нәтиже:

  • Есептердің себебі мен салдарын айқындай білу, осы есептер туралы тарихи мәліметтер жинақтайды;

  • Есептерді құрастыру, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау, логикалық есептерді жылдам есептеу және бұл есептердің күнделікті өмірде маңызын зерделейді;

  • Матаматиканың өмірмен байланысын анықтау, есептерін шығару жолындағы маңызды орнын түсінеді;

  • Берілген тапсырманы класификациялау, қарапайым есептерді құрастырады.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Математиканы тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс

Автор: Адарыш Бахытгуль

Дата: 07.12.2017

Номер свидетельства: 442754

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Авторлық бағдарлама "Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу""
    ["seo_title"] => string(65) "avtorlyk_bag_darlama_tien_dieulier_mien_tien_sizdiktierdi_shieshu"
    ["file_id"] => string(6) "392290"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487182682"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Де?гейлік  курс ( 1 де?гей)  бойынша 2 -ші  таныстырылым. "
    ["seo_title"] => string(59) "dien-ghieilik-kurs-1-dien-ghiei-boiynsha-2-shi-tanystyrylym"
    ["file_id"] => string(6) "133644"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1416561202"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Сындарлы о?ыту - заманауи білім талабы. Баяндама"
    ["seo_title"] => string(41) "syndarlyokytuzamanauibilimtalabybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "300261"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456680849"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) ""Жас математик""
    ["seo_title"] => string(14) "zhas_matematik"
    ["file_id"] => string(6) "483996"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1541572136"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Физика - математика кафесі "
    ["seo_title"] => string(26) "fizika-matiematika-kafiesi"
    ["file_id"] => string(6) "174177"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424097779"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства