kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cстатья о применении игровых методов на уроках математики

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы"»

"Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы"




Әрбір күн өзгеріске толы. Бүгінгі жауапты кезеңде күн талабына сай оқушыларға жан-жақты білім беру әр ұстаздың ең негізгі міндеті. Елдің ертеңі

бүгінгі жас ұрпақ деп білеміз. Ал жас ұрпақтың білімді, саналы, бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуі, ол ұстазға байланысты. Сондықтан да мұғалім әрбір сабақты түрлендіріп, оны оқушылар жалықпайтындай етіп өткізу керек. Оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беруі керек.


Мектепте математика пәні оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда бұл пәнді кейбір оқушылар тез игеріп кете алмайды. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті де, қызығушылығы да әр түрлі. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақ бойы оларды белсенді қалыпта ұстап, сабақты өз бетінше меңгеруге құлшындырып, ынтасын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдістерін іс-тәжірибеде қолдану міндеті мұғалімдерге жүктеледі.


Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болу табылады. Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Сол себепті бұл әдістемелік құралмұғалімдер қауымына көмекші ретінде ұсынылды. Мұнда тәжірибе негізінде жинақталған математика сабағында дидактикалық ойындардың мақсаттары, міндеттері, түрлері, құрастыру ережелері, қолдану әдістері келтірілген, кейбір ойындар мен ойын элементтері ендірілген сабақ үлгілері келтірілген..


Дидактикалық ойындарды құру принциптері


  • Балалардың іс-әрекетіндегі ойын түрлері мен оқуды байланыстыру.


  • Ойын тапсырмалары арқылы біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан оқу-тәрбие міндеттеріне көшу.


  • Ойынның шарты мен ойын міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

  • Берілген тапсырмаларды шешуде оқушының ақыл-ой белсенділігінің артуы.


  • Оқу мен тәрбие міндеттерінің бірлігі.


Дидактикалық ойындарды құру ережелері.

  1. Ойын ережесі қарапайым, нақты тұжырымдалған болуы шарт.


  1. Ұсынылған материалдың математикалық мазмұны оқушылардың түсінуіне жеңіл, қол жетімді болуы керек.


  1. Ойын-ойлау әрекеті үшін қажеттілікті жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек.


  1. Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар қолдануға қолайлы болуы тиіс, олай болмаса ойын тиісті нәтижесін бермейді.


  1. Әр оқушы ойынның белсенді қатысушысы болу керек. Оқушының ойынға кірісу кезегін ұзақ күтуі баланың ойынға деген қызығушылығын төмендетеді.


  1. Егер сабақта бірнеше ойын жүргізілсе математикалық мазмұны жағынан оңайы мен күрделісікезектесе жүргізілуі тиіс.


  1. Математика сабағында ойналатын ойындардың ойындық сипатының белгілі бір шегі болу керек. Бұл шектен асқан ойынды оқушы тек қана ойын деп қабылдауы мүмкін.


  1. Оқушы ойын процесі кезінде өзінің ой қорытындысын математикалық жағынан сауатты түрде жеткізе алуы керек, қысқа, дұрыс, нақты тілде сөйлеу керек.


Дидактикалық ойындардың классификациясы.

Ойын мақсатының басты ерекше белгілеріне қарап оларды шартты түрде классификациялауға болады.



  • Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған ойындар.

  • Теориялық білімдерін өзектендіруге бағытталған ойындар.


  • Есептеу дағдылары мен шеберліктерін шыңдауға бағытталған ойындар.

  • Бақылау, зерттеу, қорытындылау ойындары.

  • Сурет, кесте, сиволдық жазулар арқылы есептер құрастыруға бағытталған ойындар.


  • Есептің шарты мен талаптары жасырылған схема бойынша өз бетінше тұжырымдамалар жасауға бағытталған ойындар.


Сонымен бірге көбінесе сыныптағы ұжымдық ойындар дидактикалық міндеттеріне қарай түрлерге бөлінеді. Олар: оқыту ойындары, бақылау ойындары, қорытындылау ойындары.


  • Егер оқушы ойынға қатыса отырып немесе ойынға дайындық кезінде жаңа білімді меңгерсе, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырса бұл тек ойынға ғана емес математикалық материалдың мазмұнында да айқын көрсетілсе, жаңа білімді меңгеру нәтижесі соғұрлым жақсы болады.


  • Дидактикалық мақсаты қайталау, бекіту, алынған білімді тексеру болып келетін ойын-бақылау ойыны болып табылады. Бұл ойынға қатысу үшін әрбір оқушыға арнайы математикалық дайындық керек.


  • Қорытындылау ойыны- білімдерді интеграциялауды талап етеді. Ондай ойындар пәнаралық байланыстарды таба алуға, әртүрлі оқу жағдайларында әрекет ету шеберліктерін меңгеруге


қалыптастырады.


Дидактикалық ойындар материалдың мазмұнына, ұйымдастыру әдісіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, сабақтың мақсатына қарай әр түрлі сипат алуы мүмкін. Олар: продуктивті,репродуктивті, шығармашылық, конструктивтік, тәжірибелік, тәрбиелік сипаттар.


Дидактикалық ойындардың түрлері.


Дидактикалық ойындар үш түрге бөлінеді.


  • Заттық дидактикалық ойындар: дидактикалық ойыншықтармен және басқа әр түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.


  • Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: ойынның бұл түріне «лото», «домино», «сіріңке» сияқты ойындар жатады.


  • Сөздік дидактикалық ойындар


Осы дидактикалық ойындардың түрлеріне мысал келтірейік. «Тез түгендеу ойыны» бұл ойын заттық дидактикалық ойын түріне жатады. Бұл ойын оқушыдан геометриялық біліммен қатар үлкен ұқыптылықты талап етеді. Сынып оқушыларын оқушы саны бірдей болатындай етіп 4 топқа дейін бөліп топтастыруға болады. Интерактивті тақтада беті пердемен жабылған үшбұрыштар және төртбұрыштардың барлық түрлерін қамтитын 12-15-тей фигуралар бейнеленеді. Перде ашылып барлық оқушылар бір мезетте 1минут бойы фигураларды көріп алады. Содан соң перде жабылады да оқушылар көрген фигураларының аттарын тізіп жазады. Оған қоса фигураларды көз алдына елестете отырып сызып шығады, яғни тез түгендеу басталады. Мұны орындауға барлығы 2-3 минут қана уақыт беріледі. Бұл ойында озып шығу үшін тез жазу, не сызу ғана жеткіліксіз, оған қоса білім керек, әр фигураның қасиетін көзге нақты түрде елестете аларлықтай болу керек. Ойын қорытындысын әр топ мүшелерінің дұрысжазып, сызған фигураларының санымен есептеп шығарған жөн.


Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойынның бір түрі «математикалық домино» ойыны қалай ойналады. Көлемі шамамен 5-10см болатын қатты қағаздан жасалған карточка екіге бөлініп біреуінде сұрақ не есеп, ал екіншісінде басқа сұрақ не есептің жауабы жазылады. Бірінші даминоның сол жағы бос болады, ал оң жағына сұрақ не есеп жазылады. Ал оның жауабы келесі доминоның сол жағында жазылады, ең соңғы доминоның оң жағы бос болады. Әр топқа «доминоның»



бірнеше нұсқасын ұсынуға болады.


«Геометриялық аукцион » ойынын сөздік дидактикалық ойындар қатарына жатқызуға болады. Бұл ойын үшін мына төмендегі ережеге сай геометриялық терминдер тізбегі құрылады. Әр келесі термин алдыңғы терминнің соңғы әрпінен басталады. Мысалы аукционды жүргізуші «перпендикуляр» деген термин айтса әр топтан: «радиус», «радиан», «ромб» т.б терминдер айтылады. Соңғы термин «ромб» болса оның соңғы әрпі «б» болғандықтан «биссектриса», «биіктік» т.с.с. терминдер жалғасады. Егер соңғы қабылданған сөздің соңғы әріпіне сөз табылмаса онда соңғы әріптің алдындағы әріпке яғни, «м» әріпіне сөз ізделеді. Терминдер осылай тізбектеліп жалғаса береді. Ең соңында термин табылмай қалса ойын аяқталады. Сөз тізбегін жазу кезінде терминді тапқан топқа ұпай қойылып отырады, сол бойынша жеңіске жеткен топ анықталады.


Дидактикалық ойынның құрылымдық элементтері


Әрбір дидактикалық ойынның барлық элементтері өзара байланысқан айқын құрылымы болу керек.


  1. Ойынның түпкі ойы-ойынның бірінші құрылымдық компоненті. Ол ойынның атауынан айқын көрініп тұрады және оқу процесі кезіндегі шешілуге тиісті дидактикалық міндет ретінде қойылады.Ойынның түпкі ойы ойын жүрісі кезінде бейнеленетін сұрақ, жұмбақ, есеп түрінде болуы мүмкін. Қалай болғанда да ол ойынға танымдық сипат беріп тұруы тиіс.


  1. Ойынның ережесі- ол ойын әркеттерінің тәртібін, ойын процесі кезіндегі оқушылардың мінез-құлқын реттейді. Сонымен бірге ойын ережесі оқушыларды өз-мінез құлықтарын басқара білуге ұжым талабына бағына білуге тәрбиелейді. Сонымен бірге ойын кезеңінің белгілі бір шегін, ұзақтығын бейнелейді.


  1. Ойын әрекеті- дидактикалық ойынның маңызды элементтерінің бірі. Ол ойын ережелеріне бағынады. Ол оқушыларға танымдық белсенділік көрсетуге, өздерінің қабілеттерін, алған білімдерін қолдана білуге, ойын мақсатына жету үшін ептіліктері мен дағдыларын көрсете алу мүмкіндігін береді. Ойын әрекеті есепті ауызша шешу кезінде өте жиіжүзеге асырылады.


  1. Танымдық мазмұн - дидактикалық ойынның негізі болып табылатын құрылымдық элементтерінің бірі. Ойындағы қойылған білімділік проблемаларды шешу үшін пайдаланылатын білімдер мен шеберліктерді меңгеру танымдық мазмұн болып табылады. Ойын мазмұнының математикалық, білімдік жағы бірінші орында тұруы керек. Сонда ғана ойын өзінің оқыту, дамыту, тәрбиелеу ролін атқарып шығады.


  1. Мәре (финиш)деп аталатын қорытындысы дидактикалық ойынның аяқталғандығын білдіреді.


Ол бәрінен бұрын қойылған оқу міндетінің шешілгендігін білдіреді, оқушыларға моральдық, өз жетістіктеріне қанағаттанғандық сезімін сыйлайды. Мұғалім үшін ойын қорытындысы оқушылар жетістігінің көрсеткіші болып табылады.


Сондықтан дидактикалық ойын қолданылатын сабаққа дайындалған кезде ойынды жүргізудің қысқаша сипаттамасын жасап алу керек. Ойынның барлық құрылымдық элементерінің үйлесімділігі, олардың өзара байланысы, ойынның ұйымдастырылу деңгейін көтереді, тиімділігін арттырады, күтілген нәтижеге жеткізеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы"

Автор: Балтабаева Гульсара Калиакпаровна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390224

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА О?УШЫЛАРДЫ? ОЙЛАУ ?АБІЛЕТІН – ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ."
    ["seo_title"] => string(77) "matiematikasabagyndaokushylardynoilaukabilietinoiyneliemienttieriarkylydamytu"
    ["file_id"] => string(6) "320038"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460994428"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Баяндама "Математика саба?ында дидактикалы? ойындарды ?олдану""
    ["seo_title"] => string(64) "baiandama-matiematika-sabag-ynda-didaktikalyk-oiyndardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "314800"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459773582"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Баяндама "МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ" "
    ["seo_title"] => string(119) "baiandama-matiematika-sabag-ynda-didaktikalyk-oiyndardy-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-p-ngie-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "190922"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427228111"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама: Математика саба?тарында ?лтты? ойындарды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-matiematika-sabak-tarynda-u-lttyk-oiyndardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "190941"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427234826"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "МАТЕМАТИКА САБА?ТАРЫНДА ОЙЫННЫ? ?ЙРЕНУДЕ ЗАМАНЫМЫЗ?А САЙ ?РПА? Т?РБИЕЛЕУГЕ ПАЙДАСЫ"
    ["seo_title"] => string(91) "matiematika-sabak-tarynda-oiynnyn-uirienudie-zamanymyzg-a-sai-u-rpak-t-rbiielieugie-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "286668"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454387424"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1500 руб.
1870 руб.
1920 руб.
2400 руб.
1880 руб.
2350 руб.
1920 руб.
2400 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства