kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.  Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын  үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты-оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып, ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану"»

ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

Әлия Молдағұлова атындағы №173

орта мектебінің математика

пәнінің мұғaлімі

Ахметова Гүлжан

Математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану

Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.  Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын  үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты-оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып, ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Математика сабақтарында «Қыз қуу», «Қан талапай», «Теңге алу», «Арқан тартыс» сияқты қазақтың ұлттық ойындарын қолдануға болады. Мәселен, «Қыз қуу» ойыны. Алдымен сұрақтар беріледі. Содан кейін есеп оқылады. Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы — жіңішке демекші, алдымен қыз бала тапсырманың бірінші мысалын орындайды, содан кейін екінші карточкамен ер бала орындайды. Егер ер бала дұрыс шығарып, бұрын орындаса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.

«Қан талапай» — асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады, ал балалар талапайлап асық алады. Нөмірлері бойынша карточкадағы есепті шығарады. Кім тез әрі дұрыс шығарса, сол жеңіске шығады.

«Теңге алу». Бұл ойынды салыстыру, ерекшелігін табу, айырмашылығын табуға байланысты есептерді ойнатуға болады. Алдымен сұрақ беріледі. Есептің бірнешеуі оқып талданады. Ұлттық теңгеміздің суреті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы есепті дұрыс орындаса, сол төл теңгемізді алады.

«Арқан тартыс» ойынында алдымен ойынға байланысты сұрақтар беріледі. Тақтаға арқан суреті ілінеді. Көбейту кестесі бойынша берілген тапсырмаларды кім көп орындаса, сол топтық жеңіске жететіндігі айтылады.

Ұлттық ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта түседі, оқушылардың бойындағы білуге деген талпыныс пен құштарлықты оятады, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңёйте түседі, өмір тәжірибелерін молықтырады. Ұлттық ойынның бұл қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы халық ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді. Солардың бір парасы логикалық ойлау мен математикалық сызбаларға негізделсе, енді бір тобы тез ойлап, жедел шешуді талап ететін ауызша есептер, сондай-ақ философиялық ой түйіндерін жасауға арналған ойындар болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді пайдалана білсе, оқушылардың ой-өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз. Мектепке келмей тұрып-ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала бастайды. Бірақ оны саналы түсінбейді. Осы құбылысты сезген халық — балаларға сан ұғымы туралы мағлұмат берудің алуан жолдарын ойлап тауып, олардың ақыл-ойын арқылы өте шеберлікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын есептер арқылы, ауыз-екі әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы да жеткізген. Сан ұғымын заттық негізде, сол заттың бейнелі суреті арқылы беру — бала зердесінде өшпес із қалдырып, санасынан мықтап орын тебері сөзсіз. «Аз»,»көп» деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны карапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтірмейді. Халық ойындары арқылы сандардың жиынтық ұғымын да оңай түсіндіруге болады. Осының бәрі қазақ халқының бір ғана ойынының бойынан табуға болады десек, артық емес.  Мысал ретінде он бірге дейін санайтын санамақ ойынын алайық. Осы ғасырдың 30-40 жылдарында бұл ойын баланы мектепке әзірлеу құралы ретінде есептелетін. Бүгінде ол өзінің әуелгі маңызынан айырылып отыр. Бұл оның күні өтіп, тәрбие құралы болудан қалғандығынан емес, керісінше ұмыт болғандығынан, елеусіз қалғандығынан. Бірінші сыныпта  математиканы оқып үйрене бастағанда (яғни алғашқы ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатында санаумен қатар тіл жаттықтыруға арналған «Қуыр-қуыр қуырмаш» ойынын естеріне салып, қайталатып отыруы жөн. Бірінші сыныпта алғашқы ондықты үйреткен кезде «Сен тұр, сен шық» ойынын ойнатуға тиімді. Бұл сандарды тез айтуға жаттықтырады. Бұл ойындар мектепке дейінгі отбасы тәрбиесінде де қолданылады. Бұл ойындардың тиімділігі қарапайымдылығы мен санның заттық ұғымға негізделген ерекшеліктерінде. Сондықтан да ол балалардың санасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады. Ойын қолданған сабақ табысты болу үшін, мұғалім бірінші күннен бастап сынып  оқушыларын эерттейді. Ата-анасымен бірлесе отырып,оларды мінез-құлқына қарай бірнеше топқа бөледі. Мысалы, біз бірінші сынып  оқушыларын үш топқа бөлдік. Бірінші топқа жақсы үлгіретін, екінші топқа орташа үлгеретін, ал үшінші топқа нашар үлгіретін оқушылар енді. Мақсат: осы оқушылардың арасындағы айырмашылықтарды мүмкіндігінше жойып, олардың қалыпты үлгірулерін, бағдарламалық материалдарды саналылықпен игерулерін қамтамасыз ету. Біздің байқауымызша, ойын араласқан сабақта орташа оқитын оқушылар мен нашар үлгіретін оқушылар белсенді қатынасып, жақсы нәтижеге ие болады. Олай болса, бастауыш сыныптарда математика сабағын заттық негізде, деректі ұғымдар арқылы оқытудың пайдасы жоғары. Санамақ ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкіншілік береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе, ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін /санның рет қатарынан жаңылғанда/ қолданған жөн.

жеті дегенім желке

сегіз дегенім серке

тоғыз дегенім торқа

он дегенім оймақ

он бір қара жұмбақ

(Мысалы, бір дегенім білеу, екі дегенім егеу, үш дегенім үскі,төрт дегенім төсек, бес дегенім бесік,алты дегенім асық)

  Бұл ойынның оқушыға әсерлілігі,біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі, т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті. Бұл оқушыларды шапшаң ойлауға дағдыландырады.Математика сабақтарында ұлттық ойындарды үнемі пайдалана отырып, олардың ауызша есепке жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншіліктер бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Солардың ішінде «Сен тұр, сен шық» ойынын . «Қай қолымда?», «Өзім де құр қалмадым», «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық», «Ғалымбек қандай әдіс жасады?», «Үш аманат», «Мұғалім келді», «Торғай мен бұтақ», «Төрт жиырма», «Әке өсиеті», «Мектеп ауласында неше торғай отыр», «Неше қаз ұшып келді», «Мың қойда неше бақайшақ бар», т. б. ойындарды 5-6 сыныптарда қолдануға болады. Ұлттық ойындардың атын өэгертіп, күрделендіріп, не оқушылардың ұғымына лайықтап, жеңілдетіп те пайдалануға болады.

5-6 сынып оқушылары үшін есеп күрделендіріліп алынады. «Өзім де құр қалмадым» ойыны сабақ ортасында баланың сабаққа ынтасын арттыру, әрі тез ойлап табу қабілетін жетілдіру үшін, әрі сабақтың сапасын көтеру үшін қолданылады. Жексенбі күні еді. Атасының үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетпейді. Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табаққа салып әкелген алмасы неше болғаны? Оқушылар есепті шешуге қызу кірісті. Көп кешікпей жауабы да табылды. 3 бала, 4 алма. — Үш алманы үш немересі алды да, біреуін атасына берді,- деді Қанат деген оқушы. Есепте санның өзгеріп өсуі де мүмкін, дегенмен оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре түсу мүмкіндігі сөзсіз екені байқалады. «Сөз мәнісін байқайық» деген ойын есепті алсақ, мысалы, «Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр?»- Үш адам отыр, — деп жауап берді орташа оқитын Мұрат.
Барлық оқушылар да белсенді қол көтереді. Ойынды сабақтың
аяғында пайдаланған орынды. Ойынды математика сабағында қолдану мүмкіншілігі өте мол. Оны қолдану ретіне қарай түрлендіріп отыруға болады. Мысалы, «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», «Математикалық жорықтар», «Математикалық пойыз», «Математикалық кедергілер», «Математикалық жылжымалы ойындар», «Математикалық кросс», т. б.

Дидактикалық ойындарды  математика сабақтарында пайдалану  оқушының алған білімін күнделікті  өмірмен берік ұштастыра түсуге  қолайлы мүмкіндік жасайды. Математика сабақтарында ойындарды  пайдаланудың түрлі жолдары бар.  Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында  қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында пайдалану жаңа сабаққа  немесе сұралатын  үй тапсырмасына, өткенді қайталауға оқушыларды түғел қатыстыру мақсатын көздейді.  Егер ойын сабақтың ортасында  пайдаланылатын болса,  онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың  көңіл–күйлерін сергіту,  шаршағанын ұмыттыру,  ерік–жігерін  дамыту.  Ойын  сабақтың соңында тақырыпты бекіту не сол сабақтан  алған білімді жинақтау,  пысықтау мақсатында пайдаланылады.

Оқушыларға  ойындар арқылы берілетін білім балалардың санасына  тез жетіп,  есінде ұзақ сақталады.  Әрине,  белгілі бір  білімді меңгертіге  бағытталған дидактикалық ойындарды  пайдаланудың да өзіндік ерекшелігі бар. Ең бастысы,  математика сабақтарында  дидактикалық ойындарды пайдалану  оқушылардың білім, іскерлік, дағды сапасына  тиімді әсер етеді

.

Математика сабақтарында  дидактикалық ойындардың жіктемесі (Кесте 1) берілген.

  

Кесте 1. Математикада  қолданылатын дидактикалық ойындардың топтастырылуы

Жүз көлеміндегі  сандардың атауын, ретін меңгертуге бағытталған

Жүз көлеміндегі сандардың  құрамы туралы  білімді бекітуге бағытталған

Жүз көлеміндегі сандарды  қосу мен  азайту дағдыларын  қалыптастыруға бағытталған

Қарапайым  геометриялық  материалды меңгертуге бағытталған

Дидактикалық ойындар (5-6сынып)

Санамақ ойындар, жаңылтпаш ойындар, жұмбақ ойындар, «Тізбек», «Поезд», «Орнын тап»,                             «Жалғастыра санау», «Көрші – көрші»

«Мынау кімнің үйі», «Допты қай ойыншыға беру керек?», «Хаттың иесі кім?», «Керекті санды қой»

«Айға кім бұрын жетеді?», «Есептеуіш машиналар», «Дүкен»,    «Баспалдақ», «Аң  патшасы»,  «Орамал тастамақ», «Ханталапай», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу»

«Геометриялық эстафета», «Ою құрастыру»,   «Фигураны тап», «Бірден сызып шық», «Сыр сандықты ашып қара»

Математикалық жарыс — екі команданың немесе сынып оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы түрінде өтеді. Ол ойынға қатынасушылардан тапқырлықты, жылдамдықты талап етеді. «Математикалық тосқауыл», «Математикалық от», «Математикалық турнир», «Математикалық   салмақ», т. б. ойындардың бәрі де бір-бірімен іштей қабысып, математикалық ілімнің негіздерін оқушының санасына жеткізуде үлкен маңыз атқарады. Солардың ішінде «Математикалық    салмақ» ойынының өзі ішінара бірнеше тақырыпқа бөлінеді. Мысалы, «Әлемдегі жануарлар мен құстар», «Әлемдегі техника», «Арифметика есептері мен мысалдары», «Арифметика жұмбақтары», т.б. Бұл ойындарды сабақтың барысында ретті пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасы артып, ойлау жүйелері дамып, қалыптасады.



1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Баяндама "Математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану"

Автор: Ахметова Гүлжан

Дата: 10.02.2018

Номер свидетельства: 456169

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама: Математика саба?тарында ?лтты? ойындарды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-matiematika-sabak-tarynda-u-lttyk-oiyndardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "190941"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427234826"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Баяндама:    Ойын ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? ойлау ?абілетін дамыту."
    ["seo_title"] => string(78) "baiandama-oiyn-ark-yly-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "254669"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447784570"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? с?йлеу тілін ойын ар?ылы дамыту" "
    ["seo_title"] => string(57) "baiandama-ok-ushylardyn-soilieu-tilin-oiyn-ark-yly-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "151439"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420707871"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "Баяндама    Та?ырыбы: ?лтты?  педагогикалы? элементтерін  бастауыш сынып о?ушыларын о?ытуда ?олдану "
    ["seo_title"] => string(107) "baiandama-tak-yryby-u-lttyk-piedaghoghikalyk-eliemienttierin-bastauysh-synyp-ok-ushylaryn-ok-ytuda-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "199984"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428684604"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства