Просмотр содержимого документа
«Математика алгебра»
Біз ойлағандай кубикті жинау қиын емес екен. Бар болғаны 20 ғана жүріспен (солай алғанымыз дұрыс болар) істі толық бітіруге мүмкіндік бар көрінеді. Міне, осындай пікірге Огайо штатындағы Кент университетінің профессоры Морли Дэвидсонның көзі жетіп отыр. Ол компьютердің көмегі арқылы барлық жүрісті мұқият қарап, тиімді жолдарын жазып отырған. Анықталғаны, кез келген бастапқы кубикті жинастырушыға ең кемі 20 жүріс қажет
. Сонда барып қана "Құдайдың саны" (біткен жүрісті осылай атайды) толыққанды орындалатын болып шықты. 1974 жылы Эрне Рубик Кубик Рубикті ойлап тапқан болатын. 2009 жылы аталған заттың 350 миллионға жуық данасы әлем бойынша тараған. Дэвидсонның пікіріне сүйенсек, ол 20 жүріспен істі бітіру деген ғалымдардың ойлап тапқаны дейді. Өйткені, жайдан-жай ешкімнің де кубик жүрістерін зерттемейтіні анық. Ал Дэвидсонның өзі болса, кубиктің 20 жүріспен шешуге болатынына алғашқы кезде қатты сенгенін жасырмайды. Ғалымдар Кубик Рубиктің қыр-сырына жету үшін болуы мүмкін жүрістерді 2,2 миллиард топқа бөлген.
Математика ойды да, сөзді де жүйеге келтіріп қоймайды, шешендікке де, тиянақтылыққа да, сөзділікке де үйретеді
Математика сабақталған ине сияқты, барлық басын қосып біріктіріп тігуге үлкен көмек жасайды. Келешекте адамдардың ұғысатын ең қысқа тілі математика болады.
Математика нольден басталып шексіздікпен аяқталады, сондықтан оны шын ниетпен оқып үйрену керек, оның бергенінен бермегені көп, соны табу жастарға жүктелген.
Математика өмір тіршілігіне қажет ғылым. Қоғамда тіл қандай қажет болса, математика тілі де сондай қажет, ол табиғаттың тікелей тілі, оны сүйіп оқып үйреніңдер, сырын ашыңдар, сыйлығын алдында күтіп тұр.