Просмотр содержимого документа
«1 "Ә" Класс Кері есеп»
Төлен Әбдіков
Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған.
-Қазақ мемлекеттікуниверситетін бітірген (1965).
-“Қазақстан пионері” (қазіргі “ Ұлан ”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары
-1977 —1979 жылы “ Қазақфильм ” киностудиясының бас редакторы, Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті"газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды.
-1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
-1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы ( 5қыркүйек1872жыл , қазіргі Қостанай облысы , ЖангелдіауданыСарытүбек ауылы – 8 желтоқсан1937 , Алматықаласы ) — қазақтың ақыны , әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы , публицист, педагог , аудармашы, қоғам қайраткері. [1]
-1882 — 1884 жж. ауыл мектебінде оқыды.
-1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
-1895 — 1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
-1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
-1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
-1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
-1918 - 19 жж. АлашОрда қатарында болады.
-1919 ж. маусымның24Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
-1922 - 25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
-1925 - 29 ж. Қазақ халық ағарту институтында ( Ташкент ) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
-1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельскоблысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның8 « халық жауы» есебінде атылған.
Сырбай Мәуленов (17.9. 1922 ж. туған Қостанай облысы ; Жанкелдинауданы ; Торғай поселкесі; — 1993 ) — ақын .
ҰлыОтансоғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген ( 1973 ). 1943 — 1950Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылародағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті"газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз"журналының , 1955 — 1957 , 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті"газетінің бас редакторы болды.
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28.9. 1932жылы туған, ЖамбылоблысыЖуалыауданыТалаптыауылы ) — жазушы , қоғам қайраткері , ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттікуниверситетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда. 1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.
Cайын Мұратбеков
(1936-2007) 15қазандаАлматыоблысыныңҚапал ауданындағыҚоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971жылыМәскеудегіЖоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында , «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылародағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттаубюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы»баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған ҚазақКСРЖоғарғы Кеңесінің депутаты .
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысыБұқар жырауауданыЖауыртауы – 20.1.1985, Алматы ) – жазушы , Қазақстанның халық жазушысы ( 1984 ), қоғам қайраткері.
Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген ( 1916 ). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек ( 12желтоқсан1942 , Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы , Қарағанды облысы - 16қыркүйек2009жыл , Астана )- жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).
Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.
-1976-1983 ж. « СоциалистікҚазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі.
-1983-1987 ж. « Білімжәне еңбек» журналының бас редакторы.
-1987-1988 ж. « Әлем» альманағының бас редакторы.
-1988-1997 ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
-1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
-1999 жылдан АстанадағыЕуразияұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.
Қабдолов Зейнолла (1927—2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
ҚазақКСР ҒА академигі (1985), СоциалистікЕңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы ().
Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы (), КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы () және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты.
Сафуан Шаймерденов ( 15сәуір1922жыл , Солтүстік Қазақстан облысыЖамбылауданыАмангелді — 23ақпан2007жыл , Петропавл ) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995)
-ҚазМУ -ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).
-1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы “Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер.
-1950 — 52 жылы “ Лениншілжас ” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды.
-“Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55).
-“Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56).
-Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63).
-“Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60).
-Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын . Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев ( 1847 , БатысҚазақстан облысыОрда қаласы — 1920 , БатысҚазақстан облысы Ақбақай елді мекені) — ақын .
-Бес жасында ата-анасы қайтыс болып, жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен білім алған. Орынборкадеткорпусында , Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін -үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды. [1]
-Сарытау ( Саратов ) мен Самара аралығындағы ата қонысы — Көлборсыда өмір кешеді. -Бөкеев аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өлеңдер жазады.
-1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Тайпақ ауданына келеді. Бөкеев шығармалары 1911 — 12 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген.
-1934 жылы жеке жинағы шығады. Одан кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды.
Әсет Найманбайұлы
Әсет Найманбайұлы ( 1867жыл , Қарағанды облысы , Ақтоғай ауданы , " Қызыл-арай " ауылы - 1922жыл , Қытай , Құлжа ) — қазақтың суырыпсалмаақыны , әнші-композиторы.
Ол 7-8 жасқа келгенде медресеимамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда арабтілі мен шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды.
14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешесі кедей , шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрьреволюциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды. [2]
1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (9 шілде 1882 , қазіргі Қызылорда облысыҚармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 15 мамыр 1939 , сонда) – ақын, аудармашы.
Алғаш Алдашбай ахуннан сауат ашқан. Бұқара қаласында әуелі “ Мир араб ” ( 1896 – 1899 ), кейін “ Көкілташ ” медреселерінде ( 1896 – 1905 ) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. “Көкілташ” медресесінде тәжік жазушысы Садриддин Айнимен достасып, қабырға газетін бірге шығарысқан. Өзі медреседе оқи жүріп қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста “Шәкірттерге”, “Ұстаз ұсынысы”, “Шөлмек” өлеңдерін жазған. 1905 – 1925 жылы ауыл мектебінде мұғалім, 1936 – 1937 жылы Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғыл. қызметкер болған.