kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок по математике во 2 классе на тему: "Баға. Сан. Құн"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка  направлена на то, чтобы научить детей различать купюры и знать их математическое значение. Уметь вести счет и делать математические вычисления с ними.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок по математике во 2 классе на тему: "Баға. Сан. Құн"»

Ершеева.А.Т

Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Тақырыбы:Баға.Сан.Құн.

Пәні: математика. Сынып:2

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.6.- 50тг,100 теңгелік монеталарды 200 тг,500 тг купюрларды ажырату және түрліше төлем жасауды үйрету.Баға,құн,сан ұғымдарына түсінік беру.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы орындай алады: 50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажыратады.

Оқушылардың көбісі орындай алады: Есеп шығаруда «баға», «мөлшер» (сан), «құн» шамаларының арасындағы тəуелділікті пайдалануды, 200 тг, 500 теңгелік купюралар мен монеталарды ажыратуды жəне олармен түрлі операциялар жүргізуді біледі.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

«Баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына байланысты есептер құрастырады жəне шығарады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, «Жетістік сырғанағы»

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Қызығушылықты ояту.

«Түсті лента» арқылы топқа бөлу

Теңгенің дүниеге келу тарихынан мәлімет беру.


Жаңа білім

10 минут








Ортасы

10 минут

Ұлттық ойындарға тоқтала кету: сауал қою.

Қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

«Теңге ілу», «Қыз қуу», «Көкпар», «Ақ сүйек», «Алтыбақан»т.б.

Дұрыс ақ.Балалар ендеше біздер қазір «Теңге ілу» ойынын ойнап көрейік.

Осы жерде балаларға әр топқа тапсырма беріледі.

Көбейту кестесіне байланысты.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Біз осы сабақта нені үйренеміз?

«Баға», «мөлшер», «құн» не екенін жəне оларды табуды үйренеміз.

Сабақтың мақсаты айқындалады: «баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына байланысты есептер құрастыру жəне шығару.

Топпен практикалық жұмыс, оқулықтағы 1- тапсырма.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Мұғалім оқушыларды өзара байланысты шамаларды табу ережесімен таныстырады.


Оқушылар ұжыммен оқулықта жəне дəптерде 1тапсырманы – кесте бойынша есептер құрастырады.

Бұдан кейін əрбір есептің шешуі жəне жауабы жазылады. Мұғалім кестедегі мəліметтерді «шамалар үшбұрышымен» сəйкестендіреді.

Бұдан кейін оқулықтағы келесі суреттер бойынша жұмыс жасалады. Мұғалім əр түрлі елдерге қыдырып барған қонақтар өздері болған жердің өмірі мен тұрмысын бейнелейтін кəдесыйларды үйлеріне алып қайтуға тырысатыны туралы əңгіме жүргізеді.

Біз сіздермен кəдесыйлар сататын дүкенге келдік.

  • Сіздер суреттен қандай кəдесыйларды көріп тұрсыздар?

  • Бағаларын қараңыз.

  • Сіздер осы мəліметтер бойынша есептер құрастыра аласыздар ма?

Кестеде берілген мəліметтерді пайдаланып, оқулықтағы 2тапсырма бойынша есептер құрастыру ұсынылады.

«Дүкенде» ойыны ойналады.Әр топтан бір оқушы шығады.

Ламинадталған қағазға тапсырмалар беріледі.

10теңгеден 5дәптер қанша? 1топ

20 теңгеден 4қалам қанша? 2топ

200т/н 3 альбом қанша?

Өздік жұмыс. Дəптердегі 1-тапсырма орындалады.

Оқушылар бағалау критерийлерімен салыстырады.

Бағалау критерийлері

ҚР монеталары мен купюраларының құнын білемін

Көрсетілген сомаларды ұсақтай аламын жəне жинақтай аламын.Оқулықтағы 3-ші жəне дəптердегі 2, 3-тапсырмалар үйренгенді бекітуге берілген.

Оқулық,

мәтіндер.













Оқулық, түрлі-түсті маркерлер

Сергіту сәті 2м

Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"


Аяқталуы 7минут

Заттың құнын қалай білеміз?

Заттың санын қалай білеміз?

Заттың бағасын қалай білеміз?

Әр топ бір- бірін бағалайды.Бүгін біздер қалай жұмыстандық?

"Таңда да таста" әдісі

Бағалау

3мин

Кері байланыс

3 минут

Рефлексия. «Жетістік сырғанағы» әдісі

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Ендеше өз стикерлеріңізді бүгінгі «Жетістік сырғанағына» жапсырыңыздар.

Кері байланыс

Өз стикерлерін

«Жетістік сырғанағына» жапсырады.

Үйге тапсырма:Дәптердегі тапсырмаларды аяқтау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендірудіқалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенінтексеруді

қалай жоспарлайсыз?





Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-менбайланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгіноқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Дүкен ойыны арқылы практикалық ойын ойнайтын кезі

2:Топтық жұмыс

Қандай ек і нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Рефлексия

2: Кері байланыстың үнемі болып отыруы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім?








Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Ершеева.А.Т

Пәні:жаратылыстану

Сынып:3

Тақырыбы:

Асқорыту жүйесі

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;

3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;

Сабақтың

мақсаты:

Адам ішкі ағза мүшелерін біледі, орналасуын көрсетеді;

Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін анықтайды;

Бағалау критерийі

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды;

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Асқорыту жолы

Асқорыту жүйесінің маңызын түсіне отырып, асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Асқорыту жүйесі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын асқорыту жолдарын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут


Ұйымдастыру. Психологиялық жайлы ахуал орнату. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тілек білдіреді.






4 минут


«Көрші» тренингі

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Топқа бөлу

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.


Тренинг

Слайд № 1,2,3









Слайд№4










Слайд № 1,2











Сабақтың ортасы

2 минут



1 минут

4 минут




















7 минут


























5 минут




2 минут





2 минут

7 минут






















Жедел жауап. «Доптың сұрағы» ойыны арқылы оқушылардан жалпы тағам туралы білетіндерін талқылау. Сұрақтар:

  • Тағам құрамындағы қандай негізгі қоректік заттар ағзаны құрайды?

  • Асқорыту жүйесі қалай орналасқан? Асқорытудың әртүрлі кезеңдерінде тағам қандай қандай өзгерістерге ұшырайды?

  • Асқорыту үдерісі нені білдіреді?

Астың саяхаты.

Сұрақтар қойылып, әр топтың жауаптары талқыланады. Сұрақтарға асқорыту кезеңдерінің сипаттамасын қолдануға болады, мысалы,

1. Астың ұсақталуы, сілекеймен араласуы, мұнда көмірсулар сіңіріле бастайды. – Ауыз қуысында болады.

2. Астың түйіршік түрінде өтуі. – Өңеште.

3. Астың механикалық тұрғыдан қайта өңделуі, асқазан сөлімен араласуы, нәруыздар сіңіріле бастайды. – Асқазанда.

4. Қоректік заттар қанға сіңіріле бастайды. – Ашішекте.

5. Қорытылмаған тамақ қалдықтары нығыздалады, сыртқа шығарылады. – Тоқішекте.

Асқорыту жүйесіне ұқсас мысалдарды айтуын сұраңыз (жол, туннель). Асқорыту жүйесіне ұқсас нені айта аламыз? (Қала, зауыт, жеке бөліктерден тұратын механизм.)

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу мәселесі. Оқушылар топтасып зерттеу жұмысының мақсатын анықтайды. Зерттеу сұрағын құрастырады. Мысалы:

  1. Ас неліктен біздің ағзамызда осынша ұзақ жол жүреді?

2.Ас асқорыту жүйесінде қалай қозғалады?

Зерттеудің мақсаты: Оқушылар дереккөз түрлерін ажыратуды үйренеді. Адам ағзасындағы асқорыту үдерісі ұзақ уақыт алатынын түсінеді.

Ресурстарды дайындау. Әр топқа ұзындығы 8м30 см, ені 3см таспа (тесьма), жапсырмалар, сантимерлік лента, топ санына қарай циферблат үлгісі.

Модель жасау. Оқушылар асқорыту мүшелерінің үлгісін жасайды. Әрбір асқорыту мүшесіне ондағы асты қорытуға жұмсалатын уақытты көрсетіп, циферблатпен белгілеу. Әр топ асқорыту үдерісін мысалмен бейнелеп көрсету үшін азық-түлік түрін өздері таңдайды.

Зерттеу барысы.

• Асқорыту жолы қандай мүшелерден тұратынын топта талқылау. Жакаптарымен бөлісу..

• Асқорыту жолын көрсететін таспаға ауызды белгілейді. Қағазға суретін салып, таспаға жапсыру. Бірінші циферблатқа 1 минут деп түрлі түсті маркермен жазу.

• Ауыз қуысынан өңешке дейін – 40 см – 8 секунд.

• Таспаға шарды (үрленбеген) бекітеді. Бұл – асқазан – 15 см. Жапсырмаға жазып, циферблатқа белгілейді – 3 сағат.

• Шардан бастап, 25 см өлшейді, бұл – он екі елі ішек.

• Аш ішек – 6 м. Циферблатқа белгілейді – 4 сағат. Жапсырмаға жазады.

• 1 м 50 см, маркермен белгілейді. Бұл – тоқішек. Циферблатқа белгілейді – 10 сағат.

• Басқа топтың нәтижелерімен өз нәтижелерін салыстыру. Топқа тапсырмалар беру.

І топ. Адамның сұлбасын сызып,ағзаларды орналастыру немесе суретін салу.

ІІ топ.Ас қайда қорытылады? Әңгімелеу.Тәжірибе түрінде көрсетеді.

ІІІ топ.Ас қорыту үдерісін айтып береді.Мысалы: Ас ауыз қуысынан өңешке дейін тез барады,содан соң ас асқазанға түседі онда 4сағаттай қорытылады асқазанда ас асқазан сөлімен аралады.Сосын ол ашшекке барып ,онда 7-8 сағат қорытылып,қоректік заттар қанға сіңіріліп,барлық ағзаға тарайды. Қорытылмаған ас сыртқа шығарылады

ҚБ. «Галереяны шарлау» ойыны арқылы топтардың зерттеу жұмысын ауызша бағалау.

Ойлан. «Мен журналистпін» ойыны арқылы оқушылардан суды қалай және қай уақытта ішкен дұрыс екендігін талқылау. Оқушылардың жауаптарын салыстырып, қорытынды шығару.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сен білесің бе? Оқушылар жұптасып, астың осынша ұзақ жолды жүріп өтуі кездейсоқ емес екенін талқылау. Біздің асымызды құрайтын әртүрлі тағамдардың қорытылуы үшін көп уақыт керек екендігін қорытындылайды.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

34-жұмыс парағы. «Асқорыту мүшелері», 36-б.

Асқорыту мүшелерінің қызметі. Асқорыту мүшелері мен оның қызметін сәйкестендіруге бағытталған тапсырма.

Критерийлер:

-Асқорыту мүшесінің суретін анықтайды;

-Берілген суретті оның қызметімен сәйкестендіреді.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:



Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады

Дескрипторы:

  • Ас сілекеймен араласып, майдаланатын қуысын анықтай алады;

  • Ас қоймалжың ботқаға айналып қорытылатын қуысты анықтайды;

  • Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүшені біледі;

  • Қорытылған астың қанға сіңіп, ағзаға тарауына көмектесетін мүшені анықтайды.

Рефлексия.



Доп

Оқулықпен жұмыс

Слайд №5


Асқорыту жүйесінің суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


















Таспа, жапсырмалар, сантимерлік лента,

циферблат.


Слайд №6
























Слайд №7







Слайд №8




Дәптермен жұмыс слайд№9











Слайд№10



















«Ыстық орындық» орындық әдісі












Слайд№11

Сабақтың соңы

4 минут


Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады.

Слайд№12

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • Топ бойынша саралау;

  • Сұрақ қою барысында саралау;

  • Тапсырма бойынша саралау:

  • Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

  • Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

«Бағдаршам»әдісі арқылы бағалау;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың ауызша кері байланысы



-Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында);

- әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.















Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Ершеева.А.Т

Пәні: әдебиеттік оқу

Сынып 2

Сабақтың тақырыбы: Тазалықты сүйемін. Салақтық.Ыбырай Алтынсарин

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 – шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп,оқиғаның соңын болжау.

2.2.5.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

Сабақ нәтижесі:


Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. «Суреттер арқылы»

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б



«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну. Үй жұмысына шолу жасау. «Сүт қалай ұйықтады» өлеңіндегі негізгі ойды әңгімелеп береді.

Оқушылар оқулықтағы мәтіндерді түсініп,оқиды.

Еріншектен салақтық,

Салақтықтан надандық,

Бірінен бірі туады.

Жоғалар сөйтіп адамдық.

«Салақтық» мәтінін оқу.Ы.Алтынсарин туралы дерекке тоқталу.

Түсіндірме сөздермен жұмыс.

Шиқан –тері ауруы


Оқулық,

мәтіндер.



Слайд автор

Ортасы

10 минут




Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс.Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

3.Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мәәліметті сызбаға толтыру.

4.Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет жазу.Шиқан сөзінің түсіндірмесін жазу.

5.Тазалықты саақтау ережесін жазу.

6.Төмендегі сызбаны пайдаланып,әңгіменің негізгі ойын және оның басталуын,жалғасуын,аяқталуын тауып айтып беру.

Қазақ халқының ұлы ойшылы, аса көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24 шілдеде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында, Кеңбұлақ деген жерінде дүниеге келді.

Құдайберді Құнанбайдың бірінші әйелінен туған, Абайдың ағасы.

Жеті жасқа толғанда оның әкесі Құдайберді дүниеден қайтады. Сол күннен бастап ол Құнанбайдың қолында тәрбиеленеді





Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Көңілді күн»


видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

"Дұрыс*Бұрыс"ойыны арқылы сабақты қорыту.Ойын шартыбойынша жаңа сабақ туралы бірнеше дұрыс және қате мәліметтер жазамын, сыныпты екітопқабөліп тұрғызып, екі орындық қоямын, дұрыс мәлімет оқылса дұрыс орындығына немесекерісінше жылдам отыру керек, кім бірінші соған смайликтер беремін, соңындақай топтың смайликтері көп санаймыз



«Дұрыс бұрыс» әдісі


Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?


Бағалау парақшасы

Рефлексиялық шеңбер


Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгіноқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

қандайболды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:











Тәуелсіздік алған күн .Тұманбай Молдағалиев

Ершеева.А.Т

Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы

Бөлім

Менің туған өлкем


Сабақтың мақсаттары

2.1.5.1 – Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.

Күтілетін нәтиже


Барлық оқушылар:мәтінді дұрыс,түсініп,шапшаң мәнерлеп оқиды

Оқушылардың көпшілігі: Қазақстанның тәуелсіздігі туралы айтады.

Кейбір оқушылар:мәтіндегі мәліметті нақты жағдаятпен баайланыстырады.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,кері байланыс, рефлексия.

Өткен сабақтардан алған білім

Өз мекенім жақсы

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Сабақтың басы

5 минут








Сабақ барысы :

Қызығушылықты ояту

Сыныпты қалыпқа келтіру

Үй жұмысын сұрау.Жоспар бойынша әңгімелеу.

Ой сергек.Шаттық шеңберге тұру.

Көк аспанда күн күлсін,

Бізге күлсін бүлдіршін

Өк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

Көк аспанда Күн күлсін

Ұл қолында ту жүрсін.

Көк аспанда Күн күлсін

Бірге жүрсін бүлдіршін

Ресурстар

Сабақтың ортасы

25 минут





Мағынаны ажырату.

Ой қозғау

Оқулықтағы жауабы тәуелсіздік болатын сөзжұмбақ шешіледі.

Т 1.Рәміз.

Ә 2.Қазақтың ханы.

У 3.Жыл басы.

Е 4.Киелі сан.

Л 5.Бұрынғы астана.

С 6.Ресей халқы.

І 7.Алып жануар.

З 8.Қасиетті ай.

Д 9.Мұз айдыны.

І 10.Жыртқыш құс.

К 11.Қазақстан қаласы.


Шешуі: Ту,Тәуке ,Наурыз,жеті,Алматы,орыс,піл,рамазан,Медеу,бүркіт,Өскемен.

Тақырыпты болжау.Сөзжұмбақтың жауабына сәйкес тақырып болжанады.

Сабақты мақсатымен таныстыру.

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып,жетістік критерийін анықтау.

Тәуелсіздік

Монументінің фотосы



Сөзжұмбақ жазылған

плакат

маркер







Оқылым.

Түсініп оқы.

16-желтоқсан Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн.Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқы.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Тұманбай Молдағалиев

Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан»деп аталады?

Бұл күні қандай мереке аталып өтеді?

Сызбаға сүйеніп,автор туралы әңгімеле.

Постер


Интербелсе нді тақта



Жазушының портреті





Сергіту минуты

2минут

«Қара жорға» әніне би билейді.

Видео музыка


Сабақтың

соңы

8 минут



Тыңдалым.

«Желтоқсан желі» атты бейнебаян көрсетіледі.

Тәуелсіздік тұғыры мәтіні тыңдалады.Электронды оқу құралынан тыңдалады.

Бағалау.Қол соғу арқылы бір бірін бағалау.

Ой толғаныс

Сурет бойынша құрастырылған әңгімеге сұрақ дайындап,жауап беріңдер.

Жетістік крийтерийі: жазушының сөздерін пайдаланады.,ойын көркем жеткізеді.

Бағалау.ЖК бойынша бағалау

Қазақстан тәуелсізідігі туралы мәліметтер жинастыру.

Кері байланыс: жазбаша

Рефлексия: ауызша.Бүгінгі сабақта қандай мәтінді оқыдың?Авторы кім?Ол туралы не білесің?Мәтін несімен ұнады?Қандай сөздер немесе тұтас сөйлемдер үйрендің?

Бұл сөздерді қай кезде қолданасың?



Желтоқсан желі» бейнебаян








стикер

Қосымша мағлұматтар

Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен

Байланыс (тәрбиелік элемент)

А,А+ақын сөздерін пайдаланып көркем сөйлеу

Ойлану

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Жетістік крийтерийлері арқылы,қол соғу арқылы


Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық;

Құрмет;

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

АКТ ны қолдану дағдылары:осы сабақа барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Тәрбиелік мәні: елге,жерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.



Жалпы баға

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Ершеева.А.Т

Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Тәрбие сағатының тақырыбы:


« Кітап – білім бұлағы»


Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру. Ақыл-ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған нақыл сөздер, суреттер.

Тәрбие сағатының кезеңдері:

1.Ізденіс- жеміс кепілі

2.Әдеби монтаж

3.Сахналық қойылым

4.Постер қорғау

5.Қорытынды «Бес саусақ» әдісі
Сабақтың барысы:
1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

«Ыстық лебіз» (ата- аналарымен бірге)шығады. Ата аналарына ыстық тілектерін айтады. Топқа бөлінеді.Түрлі түсті лента арқылы.


I-слайд
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2 - сынып оқушылары дайындаған «Кітап - білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - бөлім. Кіріспе. Білімнің салтанат құруы. Рухани жаңғыру.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.


II слайд. Кітап туралы не білеміз?
Кітап – араб сөзі, “жазба”,
ал түрікше “дәптер”, мерзімдібаспасөзбасылымы” дегенсөз
Кітапөмірайнасы, замана сыры, тарихшежіресі, оқу, тәрбиеқұрал
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспа сөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырдажазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“ Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеуцехы.( слайд)

III слайд
Жұмбақшешу. Мұғалім: Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.
Кітапты ортаға шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білімкөзі - кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдерме?
Балалар: Ағаштан
Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала. Оқушылардың кітаптың жасалу жолы туралы тақпақтары:Әдеби монтаж.(Аружан,Бекарыс,Диас,Арсен,Рахман)
Алғашқыкітапбаспасыағаштанжасалды. ҚазақкітапбаспасыРесейгеқосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?
Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
6. Көрініс
2. «Науқас кітап» көрініс. Дәрігер ролінде: Азиза
Науқас кітап рөлінде: Аминна.
Кітаптың мұңы „
Аружан: Ұқыпты баланың кітабы. Толқын: Жалқау баланың кітабы
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек!
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.
слайд Жалғастыр
1. Кітап – таусылмайтын байлық. 2. Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына. 4. Өнерліге нұр жауар
5. Өнер – ағып жатқан бұлақ, Білім – жанып жатқан шырақ.
1. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды, Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
4. Білекті бірді жығады,..................
5. Оқу білім бұлағы,....................
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
Ы. Алтынсарин «Кел, балалар оқылық»! тақпақ
Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан – жақты тәрбие беруде әртүрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін жаңағы ережелерді естеріңізге сақтаңыз!
Қорытынды. «Бес саусақ» әдісі.Ата аналарға рахмет айтылады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Урок по математике во 2 классе на тему: "Баға. Сан. Құн"

Автор: Ершеева Айгуль

Дата: 01.04.2019

Номер свидетельства: 505635

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Конспект урока  математики по теме "Азайту?а берілген те?деуді шешу" для 1 класса "
    ["seo_title"] => string(93) "konspiekt-uroka-matiematiki-po-tiemie-azaitug-a-bierilghien-tien-dieudi-shieshu-dlia-1-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "190477"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427183444"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "презентация урок математики "
    ["seo_title"] => string(32) "priezientatsiia-urok-matiematiki"
    ["file_id"] => string(6) "153562"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421045495"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Открытый урок по математике на теме «3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.» (3-класс)"
    ["seo_title"] => string(80) "otkrytyi_urok_po_matiematikie_na_tiemie_3_kie_kobieitu_zh_nie_bolu_kiestiesin_py"
    ["file_id"] => string(6) "436001"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509540010"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "Конспект внеклассного мероприятия по математике " Математическая викторина""
    ["seo_title"] => string(84) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-po-matiematikie-matiematichieskaia-viktorina"
    ["file_id"] => string(6) "307110"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458248446"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "урок математики во 2 классе на тему "?рнектер .а+8 ,  а-8,  а+1  ,а-1 " "
    ["seo_title"] => string(65) "urok-matiematiki-vo-2-klassie-na-tiemu-orniektier-a-8-a-8-a-1-a-1"
    ["file_id"] => string(6) "165845"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422882841"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства