(МКҰ) 1 вагонның тапсырмасы. Оқушылар вагондадағы сұрақтарға жауап береді. Аптада неше күн бар? Жеті күнді не деп атаймыз? Жұманың алдында аптаның қай күні келеді? Дүйсенбі аптаның нешінші күні? Сәрсенбіден кейін аптанын қай күні келеді? Біз сабакқа аптаның қай күнінде келеміз? Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн? ҚБ: Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер:«иә, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «Жарайсың!» Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: «жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейіктеді? 2 вагонның тапсырмасы (Ө) Дәптермен жұмыс Мозаика құрастыр. Мозаиканы пазлдарына апта күндерін ретімен жаз. Содан кейін бір аптаның пазлдарын бір түспен, келесі аптанікін басқа түспен боя. ҚБ: бағалау критейрийлері бойынша өзін өзі тексереді, «Смайликпен» бағалайды Саралаудың қарқын әдісі Топшамалардағы тапсырмалар Сергіту сәті Бір апта Дүйсенбіде доп ойнадық аулада. Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп, Жұма күні жидектерді қыраттан, Сенбі күні кино көрдік клубтан, Жексенбіде үйде болып демалдық Осылайша өте шықты бір апта 3 вагонның тапсырмасы Тақтамен жұмыс. Есептің шешуін жазады 1. Әлия сәрсенбі күні 12 қазақ ертегісін, жұма күні 7 орыс ертегісін оқыды. Әлия барлығы қанша ертегі оқыды? Жауабы: Әлия барлығы 19 ертегі оқыды. 2. Әлия жексенбі күні 20 ертегі оқыды. Бірнеше қазақ ертегісін және 8 орыс ертегісін оқыды. Ол неше қазақ ертегісін оқыды? Жауабы: Әлия 12 қазақ ертегісін оқыды. 3. Әлияда барлығы 15 ертегі оқыды, оның 8 сәрсенбі күні, 2 жұма күні оқыды ал жексенбі куні нешеуін оқыды? Жауабы: Әлия жексенбі күні 5 ертегі оқыды ҚБ: Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер:«иә, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «Жарайсың!» Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: «жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейіктеді? (Т) 4 вагонның тапсырмасы 1 топ. Электронды сағаттағы уақытқа қарап, механикалық сағатқа уақытты белгілейді 5 вагонның тапсырмасы 2 топ. Күн тәртібін ретімен орналастырады. 6 вагонның тапсырмасы 3 топ. Апта күндерін кері ретпен орналастырады 7 вагонның тапсырмасы 4 топ. Аптадағы оқу күндерін ретімен орналастырады ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бірін бірі бағалайды (Ұ) « Күн мен түн» ойыны Ойынның шарты: тақтадағы жіпке апта күндері ілінеді. Оқушылар «түн» дегенде көздерін жұмады, сол кезде тақтадағы бір апта күнін алып тасталынады. «Күн» дегенде көздерін ашып, қай апта күні жоқ екенін анықтайды. |