Балаларға моншақты көрсетіп, әдемілігін, бір жіпке тізілгендігін айта отырып, оқушылардың да бір жіпке тізілген моншақтай, сабақ үстінде
дұрыс,әдемі отырып жауап беруге дайындау.
2.Өткен сабақты пысықтау.
1-ден 10 –ға дейін тура және кері санау.
Санамақ айту.
10-нан 100 –ге дейін ондықтармен санау.
3. Жаңа сабақ
1) кіріспе бөлім «Ой қозғау» стратегиясы.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл болады?
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Көктем. Суретін көрсету
-Көктем айларын кім айтады?
-Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?
-Жаз айларын кім айтады? /сурет/
-Жаздан кейін қай мезгіл келеді ?
Күз айларын кім атап шығады? /сурет/
-Күзден кейін қай қай жыл мезгілі келеді?
-Қыс айларын кім айтады? /сурет/
Тақтадағы тірек сызбаға назар аударайық.
Жыл
Маусым
Ай
Апта
Күн
-Олай болса біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз « Аптадағы жеті күн»
Балалар бір аптада жеті күн болады. Апта деген парсының «жеті» деген сөзінен шыққан.
Күн атауларын санамалап айтайық.Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
Мынау күнтізбе деп аталады. Ай атауы жазылады. Бір айда 4 апта болады.
Сол айдағы апта күндері рет-ретімен жазылады.
Біздер әр күнді үлкен үмітпен қарсы алып, бала дүйсенбі туса, сол күннің құрметіне Дүйсенбай,Дүйсен,Дүйсенбек деп есімін атаған, сейсенбі күні туса Сейсенбек деп атаған т.сс.
Суретпен жұмыс: «Топтастыру стратегиясы»
Қазақ халқы үшін 7 қасиетті сан болғандықтан: 7 күн апта , 7 шелпек , 7 қазына, 7 ата, 7 дәм наурыз көже, 7 тәулік. Ең киелі, қасиетті заттарын жеті санының маңына топтастырып отырған.
7 ата. Бірнеше оқушыдан 7 атаны сұрау.
Сергіту сәті.
ән «Бүгін қай күн?»
Кітаппен жұмыс.
№ 1. оқу. 72 бет .
№2. Сұраққа жауап.
Үлестірме карта
Көршісін тап.
Ретімен орналастыр. Сәрсенбі, бейсенбі т.б. тағы басқа күн аттары беріледі.
Суреттермен жұмыс.
Бір аптада неше күн бар?
Қазына дегеніміз не ? 7 қазынаға тоқталып, суреттерін тақтаға орналастыру.