Оқушылар, бүгінгі сабақ өткен тақырыпты пысықтау сабағы, сондықтан негізгі теориялық ұғымдарды еске түсіре отырып жұмыс істейміз. Ол үшін Bilimland.kz сайтын онлайн режимінде пайдаланамыз. Bilimland.kz сайтын ашып «Математика 1-6 сыныптар» бөліміне өтеміз. Бұл бөлімнен 6 сыныпты таңдаймыз. Сонан соң «Координаталық жазықтық» деген бөлімге өтеміз. Бөлім ішінен «Жазықтық. Перпендикуляр түзулер мен кесінділер. Параллель түзулер» тақырыбын таңдаймыз. Сабақты өткеннен кейін оқушыларға осы сабақтан алынған «Жұмыс парағы таратылады». (Жұмыс парағы алдын ала дайын тұрады). Жұмыс парағына жауап беруге оқушыларға 5 минут уақыт беріледі. Жауап беріп болған соң интербелсенді тақтаның көмегімен бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Мынадай суреттер ұсыну арқылы оқушыларды шағын топтарға біріктіріп, топтық деңгейлік тапсырмалар ұсынамын. Перпендикуляр түзулер, қиылысатын түзулер, параллель түзулер деген үш топқа бөлінеді. Сергіту сәті ретінде әрі жеңіл тапсырма ретінде әр топқа өзінің атына ай түзулерге мысалдар айтуға тапсырамын. Тапсырманы орындау уақыты 5 минут. Параллель түзулердің мысалдары: Препендикуляр түзулердің мысалдары: Қиылысатын түзулердің мысалдары: Әр топқа постер қорғап шығартатын тапсырмалар №1. Берілген сурет бойынша табыңыз: Жауабы: 1400, 400, 1400. Дескриптор: Білім алушы: есеп шартын пайдаланып белгісізді табады; сызба бойынша белгісіз бұрышты табады; тұжырымдардың дұрысын анықтайды. №2. AB, CD және EFтүзулері О нүктесінде қиылысады. ; , СОВбұрышының градустық өлшемін табыңыз. Жауабы: 600. №4. MN, KL және FT түзулері O нүктесінде қиылысады. және . және бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңыз. Жауабы: 750, 700. |