1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сабаққа қатынасты тексеру. 2.Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландыру үшін сұрақтар қоямын: 1) қоршаған ортада қандай түзулер болады? Мысал келтіріңіздер. 2) қиылысатын және қиылыспайтын түзулердің айырмашылығы неде? Жаңа сабақ тақырыбын меңгерту үшін автомашина доңғалақтарының іздері, түзу жолдағы темір жолдың рельстері, электр сымдарының бағандары, кубтың қарама-қарсы қырлары көрсетілген суреттерді ұсынамын. Осы суреттер арқылы параллель түзулер мен кесінділер ұғымын енгізіп, анықтамасын оқушылардың өздеріне тұжырымдатамын.
Түзуге параллель түзу жүргізу, екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, ол түзулер өзара параллель болатындығын тұжырымдайды.
Жаңа сабақты меңгергенін анықтау үшін «Т-кестесін» қолданамын. Оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген әр түрлі суреттерден параллель немесе параллель емес түзулер мен кесінділерді ажыратып кестеге дәлелдерімен жазады. Иә жоқ (дәлелдер) (дәлелдер)
Оқушылардың жауаптарына сәйкес ынталандырып отырамын «жарайсың», «тамаша», «дәлелдемеңіз өте жақсы» т.б.
«Жеке-жұп-топ» әдісі арқылы оқушыларға оқулықта сараланған А, В, С деңгейлі тапсырмалар беремін. А-деңгейлі тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды №1145/1060 a түзуін сызыңыз. а түзуінде жатпайтын Е нүктесін суреттегідей таңдап алып, Е нүктесі арқылы а түзуіне параллель түзу жүргізіңіз.
№1147/1062 Суреттен s түзуіне перпендикуляр және параллель түзулерді белгіленулері арқылы жазып көрсетіңдер. В-деңгейлі тапсырмаларды А-деңгейін аяқтаған оқушылар жұп болып орындайды
№1152/1067 Қарама қарсы қабырғалары параллель және бұрыштары тік бұрыш болатын тіктөртбұрыш берілген. Оның параллель қабырғаларының арасындағы арақашықтық 7 см және 3 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. (Жауабы: 20см)
№1153/1068 Дәптерге АВС үшбұрыш салыңдар. Оның АВ қабырғасының бойынан Е және К нүктелерін белгілеңдер. Е нүктесінен, К нүктесінен АС қабырғасына параллель EN, KLкесінділерін жүргізіңіздер. Неше үшбұрыш пайда болды? Үшбұрыштардың параллель қабырғаларын белгіленулерімен жазыңыздар.
С-деңгейлі тапсырмаларды В-деңгейін аяқтаған оқушылар жұбы топ болып орындайды (топта 4 оқушыдан артық емес)
№1159/1074 m және n түзулері параллель. Е нүктесі m түзуінен 1 см қашықтықта болса, n түзуінен 3 см қашықтықта. m және n параллель түзулері бір-бірінен неше сантиметр қашықтықта? Сызып көрсетіңіздер. Есептің неше шешімі бар?
«Қар кесегі» әдісі арқылы кейбір оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын:
Оқушы жауабын «жақсы», «өте жақсы» т.б. сөздермен бағалап отырамын | ||||||||||||||
«Бес саусақ» тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды. Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиігімен қаламмен айналдырып өтеді. Салынған саусақтарына сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап береді: Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балан үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? 3-4 оқушыға өзінің рефлексиялық жазбасын оқытып, қалғандары тақтаға жапсырады. Үй тапсырмасы: қоршаған ортамен байланыстырып, параллель түзулерге мысалдар келтіру |