kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер (ҚМЖ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-сынып бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары. Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер (ҚМЖ)»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3С Координаталық жазықтық Мектеп: «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Муханова Диана Жанболатовна

Сынып: 6 Қатысқандар: 20 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер (2 сағат)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;

6.3.2.2параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;

Сабақтың мақсаты

параллель түзулер мен кесінділер, параллель түзулердің арақашықтығы ұғымын меңгеру;

параллель түзулер мен кесінділерді ажырата білу;

параллель түзулердің арақашықтығын табу дағдысы қалыптасу.

Бағалау критерийі

1) параллель түзулер және кесінділер ұғымын түсінеді;

2) параллель түзулер мен кесінділерді ажыратады;

3) параллель түзулердің арақашықтығын таба алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

«параллель» сөзі гректің «параллело» деген сөзінен алынған, қазақша «қатар жүруші» деген мағынаны білдіреді.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Параллель түзулер, параллель кесінділер, параллель түзулердің арақашықтығы тіркестерін дұрыс қолдануға дағдыландыру үшін ережесін ауызша тұжырымдау.

Белгіленуі: a//b

Оқылуы: а түзуі b түзуіне параллель

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу топтық жұмыс арқылы іске асырылады

Пәнаралық байланыс

Параллель кесінділерді табу есептерін шығару арқылы геометрия пәнімен, параллель түзулерге мысалдар келтіру арқылы қоршаған ортамен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Кесінділер, өзара қиылысатын және қиылыспайтын түзулер ұғымы

P=a*b тіктөртбұрыш формуласы


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут





Сабақтың ортасы

10 минут







































5 минут























17 минут

















































































2 минут




1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сабаққа қатынасты тексеру.

2.Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландыру үшін сұрақтар қоямын:

1) қоршаған ортада қандай түзулер болады? Мысал келтіріңіздер.

2) қиылысатын және қиылыспайтын түзулердің айырмашылығы неде?

Жаңа сабақ тақырыбын меңгерту үшін автомашина доңғалақтарының іздері, түзу жолдағы темір жолдың рельстері, электр сымдарының бағандары, кубтың қарама-қарсы қырлары көрсетілген суреттерді ұсынамын. Осы суреттер арқылы параллель түзулер мен кесінділер ұғымын енгізіп, анықтамасын оқушылардың өздеріне тұжырымдатамын.



Түзуге параллель түзу жүргізу, екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, ол түзулер өзара параллель болатындығын тұжырымдайды.


Жаңа сабақты меңгергенін анықтау үшін «Т-кестесін» қолданамын. Оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген әр түрлі суреттерден параллель немесе параллель емес түзулер мен кесінділерді ажыратып кестеге дәлелдерімен жазады.

Иә жоқ

(дәлелдер) (дәлелдер)





Оқушылардың жауаптарына сәйкес ынталандырып отырамын «жарайсың», «тамаша», «дәлелдемеңіз өте жақсы» т.б.


«Жеке-жұп-топ» әдісі арқылы оқушыларға оқулықта сараланған А, В, С деңгейлі тапсырмалар беремін.

А-деңгейлі тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды

1145/1060 a түзуін сызыңыз. а түзуінде жатпайтын Е нүктесін суреттегідей таңдап алып, Е нүктесі арқылы а түзуіне параллель түзу жүргізіңіз.


1147/1062 Суреттен s түзуіне перпендикуляр және параллель түзулерді белгіленулері арқылы жазып көрсетіңдер.

В-деңгейлі тапсырмаларды А-деңгейін аяқтаған оқушылар жұп болып орындайды


1152/1067 Қарама қарсы қабырғалары параллель және бұрыштары тік бұрыш болатын тіктөртбұрыш берілген. Оның параллель қабырғаларының арасындағы арақашықтық 7 см және 3 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. (Жауабы: 20см)


1153/1068 Дәптерге АВС үшбұрыш салыңдар. Оның АВ қабырғасының бойынан Е және К нүктелерін белгілеңдер. Е нүктесінен, К нүктесінен АС қабырғасына параллель EN, KLкесінділерін жүргізіңіздер. Неше үшбұрыш пайда болды? Үшбұрыштардың параллель қабырғаларын белгіленулерімен жазыңыздар.


С-деңгейлі тапсырмаларды В-деңгейін аяқтаған оқушылар жұбы топ болып орындайды (топта 4 оқушыдан артық емес)


1159/1074 m және n түзулері параллель. Е нүктесі m түзуінен 1 см қашықтықта болса, n түзуінен 3 см қашықтықта. m және n параллель түзулері бір-бірінен неше сантиметр қашықтықта? Сызып көрсетіңіздер. Есептің неше шешімі бар?

Деңгейі

Дискрипторы

Барлығы

А (жеке)

1-тапсырма дұрыс орындалса – 1 ұпай

2-тапсырма дұрыс орындалса – 1 ұпай

2 ұпай

В (жұп)

1- тапсырма дұрыс орындалса – 1 ұпай

2-тапсырма дұрыс орындалса – 1 ұпай

2 ұпай

С (топ)

Тапсырма дұр-ыс орындалса – 1 ұпай

1 ұпай

Барлығы

5 ұпай


«Қар кесегі» әдісі арқылы кейбір оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын:

  1. параллель түзулер мен кесінділер дегеніміз не?

  2. параллель түзулер мен параллель кесінділердің айырмашылығы неде?

  3. Параллель түзулердің арақашықтығын қалай анықтаймыз?

Оқушы жауабын «жақсы», «өте жақсы» т.б. сөздермен бағалап отырамын

Т.А.Алдамұратова. Математика. 6-сынып

90-бет

Слайд-1












Слайд 2











Слайд 3












Слайд 4






















































Қар кесегі

Сабақтың соңы

3 минут

«Бес саусақ» тәсілі арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды. Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиігімен қаламмен айналдырып өтеді. Салынған саусақтарына сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап береді:

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балан үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

3-4 оқушыға өзінің рефлексиялық жазбасын оқытып, қалғандары тақтаға жапсырады.

Үй тапсырмасы: қоршаған ортамен байланыстырып, параллель түзулерге мысалдар келтіру

Слайд -5

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

А, В, С деңгейлі тапсырмалар беріледі


Деңгейлік тапсырмаларды бағалау критерийі

Оқушылардың тақырып бойынша не үйренгендерін қорытындылау үшін «Қар кесегі» әдісін пайдаланамын

Интерактивті тақтаны пайдалану ережесін, топқа бөліну кезінде қауіпсіз қозғалыс ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер (ҚМЖ)

Автор: Муханова Диана Жанболатовна

Дата: 27.11.2018

Номер свидетельства: 487833


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства