IІІ. Жаңа сабаққа меңгерту: Ең алдымен 5 сыныпта «теңдеу және оның түбірлеріне» тоқталып, мынадай мысалмен бастағым келіп отыр: Екі сөреде 40 кітап тұр, сонда үстіндегі кітап төмендегіден 3 есе көп. Төмеңгі сөреде неше кітап бар? Төмендегі сөредегі кітап санын х әріпімен белгілейік, сонда есептің шарты бойынша х+3х=40 мынадай теңдік аламыз. Кітаптың белгісіз санын табу үшін, біздер бір айнымалысы бар теңдік құрдық. Осықұрған теңдеуіміздегі х-тің орнына қойғанда тура теңдік шығатын санды табу керек. Мұндай санды теңдеудің түбірі деп атайды. х=10 болғанда х+3х=40 теңдігі тура болады. Теңдеудің түбірі – айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәнін атайды Теңдеуді шешу дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу Ал 5x = - 4; - 0.2x = 0; - x = - 6,5 теңдеулердің әрқайсысы ах=b түрінде жазыған, мұндағы а мен b кез-келген сандар, x – айнымалы. Бірінші теңдеуде: a = 5, b = 4; екіншіде a = -0,2, b = 0; үшіншіде a = -1, b = -6,5. Мұндай теңдеулер сызықтық теңдеулер деп аталады. Анықтама: ах=b (мұндағы х – айнымалы, а және b сандар) түрінде берілген теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. а саны айнымалының коэффиценті, b санын бос мүше деп атайды. Берілген теңдеуді шешу барысында теңдеуіміз мәндес теңдеуге түрленеді. Мысалы: 3(x+2)=0; және 3x+6=0 теңдеулерінің түбірі -2 тең. Анықтама: Түбірлері бірдей немесе түбірі болмайтын теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады Енді берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді ах=b түріне ықшамадау үшін теңдеудің мынадай қасиеттері пайдаланылады: 1-қасиет: Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді. 2-қасиет: Теңдеудің екі жағында да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде мәндес теңдеуге түрленеді Мысалы: 0.8x+14=2-1.6x 0.8x+1.6x=2-14 (1-қасиет бойынша) 2.4x= -12 x = -12/2.4 (2-қасиет бойынша) x = - 5 ІV. Оқулықпен жұмыс. №857 2x+17=22+3x; 2)18+3x=x+14; 3)25-4x=12-5x; 4)13x+27=16x+4,5 №860 1)1,1х -2 = x 3) 1y + 7,5 = 5y 2)6.75x = 2x – 9 4) 16 - 9y = 3y + 21 Оқушылардың жауаптарын күтпей, негізгі ғылыми еңбектері математикалық теңдеулерге, теориялық және қолданбалы механика саласына арнаған ҚРҰҒА-ң академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор ЖӘУТІКОВ ОРЫНБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ туралы мағұмат беру V. «Күн шуағы» ойыны Оқушылар алдын ала берілген кеспе қағаздар бойынша жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығарады. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырады. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу. 1)3х+2=3,5х-2 2) 2х-2,2=4х+4,8 3)4х-5,6=3х-2,7 4)7х-3=х+9 5)-12-2х=х-3 6)-50-17х=-15х-14 7)12х-14 =13х 8)2х+17=22+3x 9)18+3x=x+14 10)13x+70=2x+15 11)5×-8=2x+1 12)25-4х=12-5х 13)13х+27=16х+4, |