Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы сұрақ - жауаптар, логикалық есептер, математикалық жұмбақтарды шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды өз білімдерін шыңдауға, білгендерін нақты дәлелдермен жеткізе білуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«5 сыныптар арасында "Үздік математик" сайысы»
Сабақтың тақырыбы: «Үздік математик» Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы сұрақ - жауаптар, логикалық есептер, математикалық жұмбақтарды шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды өз білімдерін шыңдауға, білгендерін нақты дәлелдермен жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Танымдылық сайыс. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру, практикалық тапсырмалар Көрнекілігі: Карточкалар, слайд шоу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Армысыздар құрметті ұстаздар ,5 сынып оқушылары және сайыскерлер, көрермендер! Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 5 сынып оқушылары арасында «математика, информатика , физика апталығына орай ұйымдастырылып отырған «Үздік математик» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Ал, қанекей қаралық,
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика еліне
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ән салып
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық
Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от, көздерінде жалын бар Білімді оқушыларды халайық! Қол соғып қарсы алыңдар!
Ал, енді бүгінгі ойынға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.(сайыскерлер сахнаға шығады сәлемдеседі )
5 «А» Сатыбалды Данияр
5 «Ә» Усен Гаухар
5 «Б» Әділғазыұлы Шәкен
5 «В» Сұлтан Мөлдір
5 «Г» Бөлеков Нұр –Адил
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіз
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіз! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.
Құрметті оқушылар сіздерге сәттілік. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысымызды әділ – қазылар ұпаймен жинап отыратын болады. Сайыста ұпайды көп жинаған оқушы «үздік математик» номинациясына ие болады.
Ең алдымен әр оқушы өздерін таныстырып өтсе. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін оқушылар өздерін таныстырып, математика пәні несімен қызықты екенін де айта кетіңіз. Қазылар алқасының алдынан оқушылардан өз нөмірлерін таңдауды сұраймыз.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін: І бөлім – «Сұрақ - жауап» -деп аталады әр оқушыға 10 сұрақ қойылады. (5 - сыныптан өткен тақырып бойынша) ІІ бөлім «тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады әр оқушы әділқазы алқасынан математикалық жұмбақтар алып соған жауап береді (ойлану уақыты 1 минут)
ІІІ бөлім «4 сурет 1 сөз» деп аталады слайдтан 4 суретке ортақ сөзді табу керек (ойлану уақыты 1 минут) ІV бөлім логикалық тапсырма (ойлану уақыты 3 минут) V бөлім практикалық жұмыс әр оқушы ұяшық таңдап, заттардың атын таңдайды ондағы заттарды алып практикалық тапсырма орындайды (орындау уақыты 5 минут) І бөлімімізді бастаймыз. 1 – оқушының сұрақтары: 1. Квадраттың периметрінің формуласы неге тең? ( Р=4а тең) 2. 69 градус доғал бұрыш па?. (жоқ) 3. 41 жай санба? (иә) 4. Сектор дегеніміздің анықтамасы ? (екі радиуспен және олардың арасындағы доғамен шектелген дөңгелектің бір бөлігін сектор деп атаймыз ) 5. аралас санын бұрыс бөлшекке айналдыр. ()
6. 360 минут дегеніміз неше сағат? (6 сағат) 7. Қандай бөлшекті дұрыс бөлшек деп атаймыз? (алымы бөлімінен кіші болатын бөлшектерді дұрыс бөлшек деп атаймыз)
8. Ширек дегеніміз? (Заттың бөлігі) 9. 12 неше бөлгіші бар ? оларды ата? (6 бөлгіші бар 1,2,3,4,6,12) 10. Қандай сандарды өзара жай сандар деп атаймыз? (1 ден өзге ортақ бөлгіші жоқ сандарды)
2 – оқушының сұрақтары. 1. Тіктөртбұрыштың периметрінің формуласы қалай (P=2(a+b)) 2. 1 саны жай сан ба? (жоқ) 3. 3 санына бөлінгіштік белгісін айт. (цифрларының қосындысы 3 - ке бөлінетін сандар 3 –ке бөлінеді ) 4. 72 градус сүйір бұрыш па?. (иә). 5. Шеңбердің радиусы дегеніміз ? (центрді шеңбердің бойындағы нүктемен қосатын кесіндіні айтамыз) 6. Жарты дегеніміз қандай бөлшекке тең? () 7. Ең кіші жай сан? (2)
8. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир). 9. 16 –ның неше бөлгіші бар? Оларды ата? (5 бөлгіші бар , 1,2,4,8,16)
10. Құрама сан дегеніміз? (екіден көп бөлгіші бар сандар)
3 - оқушының сұрақтары. 1. Кесіндіні өлшейтін құрал ? (Сызғыш) 2. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді? (цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін сандар)
3. 56586 саны 5 ке бөлінеді ма?. (жоқ). 4. 179 градус доғал бұрыш па?. (иә) 5. Шеңбер дегеніміз не?. (бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиынтығы). 6. Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай? (жай бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға көбейтіп немесе бөлсе сол бөлшекке тең бөлшек шығады)
7. Аралас санның ережесі? (бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен құралған санды айтамыз) 8. Толық бұрыш неше градусқа тең? . (360 градус) 9. бұрыс бөлшегін аралас санға айналдыр? (9 )
10. Қандай сандарды егіз сандар дейміз? (айырмасы екіге тең қатар тұрған екі жай санды егіз сандар деп атаймыз)
4 - оқушының сұрақтары. 1. Қандай сандарды натурал сандар деп атаймыз? (санауға қолданылатын сандарды)
2. Шеңберді сызатын құрал (циркуль) 3. 36 саны жай сан (жоқ) 4. жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?(180) 5. 369 саны 9 ға бөлінеді ме? (иә) 6. Қандай бөлшекті бұрыс бөлшек деп атаймыз?(алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшекті) 7.Ең кіші бөлгіш сан? (1) 8. бұрыс бөлшегі координаталық кесіндіде қай натурал сандардың арасында орналасады? (3 мен 4)
9. қабырғасы 6 см шаршының ауданы неге тең? (36 )
10. Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? (қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамыз)
5- оқушының сұрақтары:
Санды өрнек дегеніміз не? (Сандардан , амал таңбаларынан қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен құралған өрнектер)
Жылдамдықты қалай табамыз? (Жүрілген жолды жүруге кеткен уақытқа бөлеміз)
3 пен 5 санының ең кіші ортақ еселігі неге тең? (15)
207 жай сан ба, құрама сан ба? (құрама сан)
Рахмет құрметті біздің қатысушылармыз. Әділ – қазылар ұпайымызды есептеп отырар. Ал біз болсақ сайысымызды жалғастырамыз. ІІ бөлімге кезек берейік. ІІ бөлім «тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады әр оқушы әділқазы алқасының алдынан математикалық жұмбақтар алып соған жауап береді (ойлану уақыты 1 минут)
1.Бірдей санды бірнеше рет, Өмірің сенің қызық, Көбейтуден тұрады. Жолында жоқ түзу сызық, Егер оны ықшамдасаң Басы да жоқ аяғы. Қандай атау болады? /дәреже/ Бір айналым баяғы. /шеңбер/
2.Нәрселерді санағанда Нүктеден екі сәуледен Керек бізге ауадай Құралған айтшы бұл не екен? /бұрыш/
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай /натурал сан/
3.Алды –артымыз шексізде Егіз туған қос жүйрік Жете алмайсыз біздерге Жарыса шауып терлейді Сәуле менен кесінді Бірін-бірі көрмейді шыққан тегін білесін бе? /түзу/ Дамылсыз қанша шапса да
4.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Үлкен кіші сандарға Ұзындығы жазылып тұр бойында /сызғыш/ Қандай таңба қояр едің
Ажыратқың келсе егер
Қане ойлан куәгер /теңсіздік/
5. Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Оң қазықты айналды. / циркуль /.
104 түйме
11 ине / есеп шот /
Келесі кезегіміз ІІІ бөлім «4 сурет бір сөз» деп аталады слайдтан 4 суретке ортақ сөзді табу керек (ойлану уақыты 1 минут) Ұяшық таңдаймыз сол ұяшықтан суретке қарап ортақ сөзді табамыз.
Сөздер : теңсіздік, қосынды, параллелепипед, бөлшек, шеңбер.
ІV бөлім : ІV бөлім логикалық тапсырма (ойлану уақыты 3 минут)
V бөлім практикалық жұмыс әр оқушы ұяшық таңдап, ондағы тапсырмаларды орындайды және заттар арқылы практикалық тапсырмамен көрсетіп дәлелдейді (орындау уақыты 5 минут)
5 алманы 6 балаға қалай тең бөліп беруге болады? (2 –ін 3 –ке 3 –ін 2-ге бөлсе тең бөлінеді)
Бір сіріңкенің орынын ауыстырып теңдікті тура қыл.
жауабы:
80 см лентадан ешқандай өлшеу құралысыз ұзындығы 50см лентаны қалай қиып алуға болады?
Дөңгелектен ешқандай өлшеу құралысыз 135 бұрышты қалай қиып алуға болады?
Жауабы: әуелі тең екіге бөлеміз 180 болады сосын оны тең етіп тағы бүктейміз содан бір бетін тағы екіге бүктесек 45 болады содан 90 +45 135 болады.
Қабырғасы 2см болатын бірдей шаршылар берілген осы шаршылардан сурет құра және оның ауданын тап .
Қорытынды :
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессін сен қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтуға
қазылар алқасының төрайымы: --------------------- сөз береміз.
Марапаттау кезеңі: Бүгінгі сайысымызда өзінің тапқырлығымен, дарындылығымен қарсыластарын басып озып «үздік математик » атағына ие болған 5 « » сынып оқушысы -------------------------- шын жүректен құттықтаймыз! Барлықтарыңызды жеңістеріңізбен құттықтап, білімдеріңді шыңдай беріңіздер демекпін! Осымен 5 сыныптар арасында ұйымдастырылған «үздік математик » сайысымыз аяқталды келесі кездескенше сау болыңыздар!