kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сандар сыры"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?ргізуші: Барлы? кие сан да екен

Сансыз ??мыр бар ма екен?

Санны? сырын білуге

Жинал?ан ж?рт ар ма екен?

Шабыт тасып шал?ысып,
Есеппенен ?н салысып.
К??ілді кеш жасайы?
Ж?мба? шерді шашайы?
Ат салысып аянбай
Бар ?нерге басайы?.

?ош келді?іздер,  ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінгі «Сандар сыры» атты математика, информатика, физика п?ндері апталы?ыны? жабылуы салтанатын бастау?а р??сат еті?іздер.

Просмотр содержимого документа
«"Сандар сыры" »

Сандар сыры

Жүргізуші: Барлық кие сан да екен

Сансыз ғұмыр бар ма екен?

Санның сырын білуге

Жиналған жұрт ар ма екен?



Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.



Қош келдіңіздер, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сандар сыры» атты математика, информатика, физика пәндері апталығының жабылуы салтанатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Сандардың адам өміріндегі маңызы ерте заманнан-ақ белгілі болған. Сонау ерте замандардың өзінде-ақ адамдарға өздерінің күнделікті өмірінде кездесіп отыратын әр түрлі нәрселерді санауға тура келген. Сонда адамның тек екіге дейін ғана санай білетін шағы болған. Екі саны адамның көру және есту мүшелерімен, жалпы алғанда нәрселердің нақтылы бір жұбымен байланыстырылған.Үнділердің «көз», тибеттіктердің «қанат» деген сөздері «екі» санын білдірді. Алғашқы қауым адамдары бір, екі ары қарай көп деп есептеген. Адам бірте-бірте ғана үшке дейін, кейін беске, онға дейін санап үйренді.

Иә, өмір бұл – математика. Ал математика – сандар.

Жүргізуші: Сан болмаса ештеңені есептеп шығара алмайтын едік, сан болмаса өміріміз қиындап кететін ба еді. Мысалы, қарапайым әнді алайық, «Толғау» әнін. Сандар бұл әннің сәні болады ма екен? Мұнда 80 сөз, 18 қатар бар екен, 4 шумақтан тұрады, 1 қайырмасы бар, Сол қайырма 4 рет қайталанады. Сенбесеңіздер, өздеріңіз тыңдап көріңіздер. Алдарыңызда «Толғау» әнімен Асанова Мадина. Қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Осы орайда көшпелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құпиясын ашып, сырына қанығу біздің мақсатымыз.

Сандар сыры сан алуан. Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Осы орайда, бүгінгі сыныптан тыс жұмыс сайыс түрінде өтеді. Сайысқа 7-сыныптың оқушылары қатысып отыр.





Сайыс 5-кезеңнен өтеді.

1-кезең Таныстыру.

2-кезең Мақалдың жалғасын тап.

3-кезең Кім жылдам?

4-кезең Жеті жұмбақ

5-кезең Сандар құпиясы

6-кезең Шығармашылық жұмыс

Олай болса, 1-кезең. Таныстыру. 3 топ өздерін таныстырады. Жоғары ұпай 5 ұпай.



Ж: 40санын халқымыз
Бақ дәулетке балаған
Талай дәстүр салтымыз
Осы атаудан тараған.

Отызында орда бұзбаған,

Қырқында қамал алмас,

Ханда 40 адамның ақылы бар, дейді халқымыз. Жалпы сандар мақал-мәтелдер де жиі кездесіп отырады. Олай болса, 2-кезең. Мақалдың жалғасын тап деп аталады. Әр топқа 3 мақалдан беріледі. Әр дұрыс жауап 1ұпай.

Сайысты бастамас бұрын, 5-сынып оқушылар Сапарбекова Эльвира мен Мамытов Алпамыс 1ден 10ға дейінгі сандарға байланысты дайындаған мақал-мәтелдерін тыңдап көрейік. Жарайсыңдар, балалар!

1. Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.

2. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

3. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

4. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

5. Аласыға алтау аз,

Бересіге бемеу көп.

6. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

7.Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.

8. Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.

9. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.



Ж: Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз – деп Абай атамыз айтқандай 5 санының да өзіндік қасиеті бар екен.


Оймен кәне көк теңізін кешіңдер
Жарқ – жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып зердеменен шешіңдер. 3-кезең Кім жылдам? Әр дұрыс жауап 3 ұпай.



Жүргізуші: Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің

Осы жеті қазынасы жігіттің, демекші жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата.. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті.



Математика – ермек емес, балалық,

Математика – көрегендік, даналық,

Математика құрметтеуге лайық,

Кел, достарым, жұмбақ шешіп жаралық.

4-кезең. Жеті жұмбақ деп аталады. Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі. Дұрыс жауап 1 ұпай.

  1. Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)


  1. Сан ол сызықпенен бөлінген

Үсті алым, асты бөлім деп аталып,

Әсем түрде керілген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

/Бөлшек сан/

  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)


  1. Екі бұрыш ежелден

Тату көрші тұрады

Бірін – бірі толықтырып

Бір түзуде жатады (сыбайлас бұрыш)


  1. Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)

  1. Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құралды.

Айтыңдаршы канекі

Қалай ғана аталды (бұрыш)




1. Бұл отбасында 12 бала. Анасы балдарына 70 алма әкелді . Анасы әкелген алмалардың жартысын қыздарына бөліп бергенде ,әрқайсысы бірдей алма алды, қалған алмалардаң жартысын ұлдарына бөліп берді,онда да ұлдарына тепе-тең алмадан тиді.Бірақ әрбір ер бала әрбір қыздан екі алма артық алды. Сонда бұл отбасында неше ұл,неше қыз бар. ( 7 қыз, 5 ұл)


2. Қарт ата базарға жұмыртқа сатуға барды .

Көршісі атадан : -Неше жұмыртқа әкелдің деп сұрады? Сонда шал төмендегідей жауап берді .

Себетте бірнеше жұмыртқа бар. Егер екі - екіден қойсам, біреуі артық қалады, егер де үш-үштен қойсам, тағы да біреуі артық қалады, ал егер төрт-төрттен қойсам, онда да біреуі артық қалады. Егер бес-бестен қойсам онда ешқандай жұмыртқа артық болмайды. Сонда менің себетімде неше жұмыртқа бар. (25)

3. Атасының жасы неше жыл болса, немересінің жасы сонша ай болады. Атасы мен немересінің жастарын қосқанда, 91-ге тең. Атасы мен немересі неше жаста? (атасы 84жаста, немересі 7жаста)

Жүргізуші:

Осы жұрт 13 - тен неге шошиды?
Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.
Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген
адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
13 жылда мүшел жас келіп отырады.
13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға
12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді.
Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жек көрінішпен қараудың бір себебі де осында.
Италияда 13 нөмерлі лотерея жоқ.
Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ.
Ал Женевада ұшақта 13 орын жоқ.



Жүргізуші:

Болмашы ойға алаң, сәл сабыр,

Мен айтсам, ағымнан жарылам.

Сенің бар айналаң, өмірің

Есептің заңына бағынған, дей келе, сандар құпиясына кезек берейік.


6- кезең шығармашылық жұмыс. Әр топ өздері таныстырған сандарға байланысты газет шығарады. Жоғары ұпай 5 ұпай. Сайыскерлеріміз жұмыстарын орындап болғанша, ортада Жұбатқан Назерке «Мен қазақтың қызымын» әнімен.

Ж: Сөзді әділ қзылар алқасына берейік.

Жүргізуші: Математика ғылым саласында сан ұғымы ерекше орын алатыны белгілі. Бүгін санның шығу тарихы, әрбір тоғыз, жеті, үш, бір сандары қазақ халқында ерекше қасиетті ұғым екенін білдік. Киелі сандардың бар екенін ұғындық.

Ендеше, осымен 7 сыныптарының ұйымдастыруымен өткен «Сандар сыры» атты математика, физика, информатика пәндері апталығының жабылуы да өз мәресіне жетті. Сөзді мектеп директорының ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары Мұстафаев Бекжан Біртайұлына сөз береміз.

Келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар!



















1-кезең Таныстыру, жоғары ұпай – 5 ұпай

2-кезең Мақалдың жалғасын тап, дұрыс жауап 1 ұпай

1. Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.

2. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

3. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

4. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

5. Аласыға алтау аз, бересіге бемеу көп.

6. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

7.Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.

8. Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.

9. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

3-кезең. Кім жылдам? Дұрыс жауап 5 ұпай.

(5+5+5)∙5-5 = 70

555-(5+5) = 1

5·5+55+5 =31

4-кезең. Жеті жұмбақ. Дұрыс жауап 1 ұпай.

  1. Нәрселерді санауға

  2. Керек сан өзі негізгі

  3. Басы бар да, шеті жоқ

  4. Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)

  5. Сан ол сызықпенен бөлінген

  6. Үсті алым, асты бөлім деп аталып,

  7. Әсем түрде керілген

  8. Математиканы ұқпас адамға

  9. Құбыжық боп көрінген

  10. /Бөлшек сан/

  11. Бүтін, бөлшек бөліктерден

  12. Үтір айырып тұрады,

  13. Осы санның кім біледі

  14. Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

  15. Екі бұрыш ежелден

  16. Тату көрші тұрады

  17. Бірін – бірі толықтырып

  18. Бір түзуде жатады (сыбайлас бұрыш)

  19. Екі түзу қатар жүріп

  20. Үшіншісін қияды

  21. Сонда шыққан бұрыштарды

  22. Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)

  23. Нүктеден, екі сәуледен

  24. Фигура ол құралды.

  25. Айтыңдаршы канекі

  26. Қалай ғана аталды (бұрыш)

  1. 7. Бұл отбасында 12 бала. Анасы балдарына 70 алма әкелді . Анасы әкелген алмалардың жартысын қыздарына бөліп бергенде ,әрқайсысы бірдей алма алды, қалған алмалардаң жартысын ұлдарына бөліп берді,онда да ұлдарына тепе-тең алмадан тиді.Бірақ әрбір ер бала әрбір қыздан екі алма артық алды. Сонда бұл отбасында неше ұл,неше қыз бар. ( 7 қыз, 5 ұл)

  2. 8. Қарт ата базарға жұмыртқа сатуға барды . Көршісі атадан : -Неше жұмыртқа әкелдің деп сұрады? Сонда шал төмендегідей жауап берді. Себетте бірнеше жұмыртқа бар. Егер екі - екіден қойсам, біреуі артық қалады, егер де үш-үштен қойсам, тағы да біреуі артық қалады, ал егер төрт-төрттен қойсам, онда да біреуі артық қалады. Егер бес-бестен қойсам онда ешқандай жұмыртқа артық болмайды. Сонда менің себетімде неше жұмыртқа бар. (25)

  3. 9. Атасының жасы неше жыл болса, немересінің жасы сонша ай болады. Атасы мен немересінің жастарын қосқанда, 91-ге тең. Атасы мен немересі неше жаста? (атасы 84жаста, немересі 7жаста)

  4. 5-кезең. Сандар құпиясы. Дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтағы ұпайды алады.

  5. 6-кезең. Шығармашылық жұмыс. Газет шығарады. Жоғары ұпай – 5 ұпай.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Сандар сыры"

Автор: Ермекбай Индира

Дата: 24.04.2015

Номер свидетельства: 205281

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Сандар сыры" ?ылыми ж?мыс "
    ["seo_title"] => string(27) "sandar-syry-g-ylymi-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "151109"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420636888"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Сандар сыр шертеді "
    ["seo_title"] => string(21) "sandar-syr-shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "228413"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441295864"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Сандар сыры ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(23) "sandar_syry_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "382820"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485177184"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Сандар сыры» арнаулы курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(38) "sandar-syry-arnauly-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "221528"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1435378762"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Шеберлік сыныбы "Сандар сыр шертеді""
    ["seo_title"] => string(40) "shiebierlik-synyby-sandar-syr-shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "250718"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447129502"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства