kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сандар сыры" тақырыбына арналған презентация

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сандар сыры" презентациясында сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарға толықтай мәліметтер берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сандар сыры" тақырыбына арналған презентация»

М.САПАРБАЕВ ИНСТИТУТЫНЫҢ «ПАРАСАТ» КОЛЛЕДЖІ, ЖМ


«Жалпы білім беру және педагогикалық пәндер» бөлімі










ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Тақырыбы: САНДАР СЫРЫ















Орындаған: Құрбанова С.Ә.

Ғылыми жетекші: Абдирахманова З.Б.














Шымкент, 2023ж.

М.Сапарбаев институтының

«Парасат» колледжінің

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығының І курс БСО 22-1 тобының

білім алушысы Құрбанова Саламаттың

«Сандар сыры» ғылыми ізденіс жұмысына






Пікір



Қоршаған әлем адамзатқа өз сырын толық ашпаған. Қуантатыны білім, ғылымның дамуымен қатар білім алушылар, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жаңа көзқарасы, жаңа ойлар, ізденістері, білуге деген құштарлығының артып келе жатқаны. Сондай білім алушылардың бірі

БСО 22-1 тобының студенті Құрбанова Саламат ғылыми ізденіске жаңадан аяқ басып өзінің «Сандар сыры» тақырыбындағы жұмысын назарымызға ұсынып отыр. Бұл жұмыста ол ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен нанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына үлкен мән бере қарастырған. Біраз сандардың сырларына қанығып, ғылыми болжамдарға, ұстанымдарға назар аударып, өз қатарларына сандар қасиетінің өмірде алатын орнын түсіндіре білген.

Құрбанова Саламат ізденіс жұмыстарын қарапайым түсініктерден бастаған. Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып, сандар сырының тереңіне бойлап, қасиетті сандар сырына қанығатындығына сенім білдіремін.



Пікір беруші Абдирахманова З.Б.















Аннотация


«Сандар сыры» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемді жұмыс жасаған.










































Мазмұны:


І. Кіріспе ..................................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Сандар тарихы.........................................................................................4

2.2 Сандар сыр шертеді................................................................................5

2.3 Сандар қасиеті …....................................................................................9

2.4 Тылсым сандар......................................................................................12

2.5 Нумерология..........................................................................................17

2.6 Сауалнама..............................................................................................18

2.7 Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім..................................19

ІІІ. Қорытынды......................................................................................................22 IV.Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................22














.
















І. Кіріспе

Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Математиканың негізгі ұғымы – сан ұғымының сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ашу, білу – ғылыми әдіснамалық үлкен өзекті мәселе. Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Математиканың негізгі ұғымы – сан ұғымының сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ашу, білу – ғылыми әдіснамалық үлкен өзекті мәселе. «Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор.  «Сандар сыры» атты жобада бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиеті салмақталып, өзіне тән ерекшелігі сараланып, орнына, маңызына сай қолданылды. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатыны көрсетілді.

Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дегенмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз.

Санның адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлеміне саяхат жасаймыз.

Бұнда білім алушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының өзектілігі да осында жатыр.


Ғылыми жобаның мақсаты:

Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.

Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.

Сондықтан біз бүгін сандар сырына саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Негізгі бөлім

2.1 Сандар тарихы

Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.

0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.

Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.

Үнділерде өте үлкен сандардың аттары болды. Олар миллионды “коти”, жүз миллионды-“врнда”, ал аңыздарда Будда діңінде, қалай ол үлкен сандарға аттар берген туралы айтылған. Марко Полоның әңгімесінде “миллионе” сөзі қайта айтыла беретән. Оның айтуы бойынша “миллионе”-мыңнын мыңы. Сенбеген венецияндықтар оны Марко Миллионе деп атаған. Жүз жылдан кейін европалықтар Қытаймен танысқанда ғана, көпес Марко Полоның айтқаны расталды.

Француз математигі Шюке миллионның миллионы “биллион” деді. Биллионды жазу үшін, бірден кейін 12 нөл қою керек деді.“Би” сөзі латын тілінен аударғанда “екі рет” деген мағынаны білдіреді. Басқа да санау жүйелері Англия мен Германияда болды. Оларда мыңнын миллионның миллиард немесе биллион, мыңнын биллионы-триллион, ал мыңнын триллионың-квадриллион деп атады. Бұл санау жүйесін қазірде біздің елімізде қолданған.

Кез келген санға нөлдерді тіркей берсек, ең үлкен сан алуға болады. Бұл қателік емес. Алайда, оның қалай аталатынын білесіз бе? Сандар атауы екі түрлі жүйеде қарастырылады екен. Американдық немесе ағылшындық жүйе.

Америкадық жүйе -қарапайым. Бұл жүйеде сандарға "иллион" жұрнағы жалғанады.  миллион, триллион, квадриллион, квинтиллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион және дециллион. Бұл жүйе АҚШ, Канада, Ресей, Франция сияқты мемлекеттерде қолданылады.

Ағылшындық  жүйе-кең таралған. "иллион" жұрнағы жалғанған сандардан үлкендеріне "иллиард" жұрнағы қосылады.  Мәселен, триллионнан кейін триллиард, квадриллионнан кейін квадриллиард , тағы сол сияқты.

Бізде бұл жүйеден тек миллиард сөзін қолданамыз. Америкада бұл сан биллион деп аталады.

Ал енді Гуголға тоқталайық. Бұл жүз нөлі бар сан. Ол туралы алғаш рет 1938 жылы жазылған. Американдық математик Эдвард Каснерге  бұндай үлкен санды "гугол" деп атауды оның жиені ұсынған екен. Ал әлемдік танымал іздеу жүйесі "Google" осы санның атауы екенін білесіз бе? Бұдан кейін  асанкхей саны. Ол 140 нөлі бар сан.  одан кейін гуголплекс саны.  Ол 1 гугол нөлмен. Есептей беріңіз.  Одан да үлкен сан Скьюза.  Бірақ, бұлар да ең үлкен сан емес. Математикалық дәлелдеуде бұлардан үлкен тағы көөп сандар бар. Ал ең үлкені ретінде Гиннестің рекордтар кітабіна енген Грэм саны. Оны ең алғаш 1977 жылы Рамсей теориясын дәлелдеуде қолданған. Ең үлкен дәрежелі сан ретінде Кнут жүйесіне 1978 жылы енген.

Он 10 

Жүз 100

Мың 1000

Миллион 1000 000

Миллиард 1000 000 000

Триллион 1000 000 000 000

Квадриллион 1000 000 000 000 000

Квинтиллион 1000 000 000 000 000 000

Секстиллион 1000 000 000 000 000 000 000

Септиллион 1000 000 000 000 000 000 000 000

Октиллион 1000 000 000 000 000 000 000 000 0000

Нониллион 1000 000 000 000 000 000 000 000 000 000

Дециллион 1000 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000


2.2 Сандар сыр шертеді

0 саны. Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.

1 саны. Бір саны — әлемнің, танымның бастамасы. Барлық сандар жиынтығы осы бірге келіп тоғысады. Алла жалғыз – Бір.Бүкіл жаратылыс басы осы бірден басталады. Енді бардың міндетті түрде көлеңкесі болады. Сондықтан көру, сезу және білім арқылы сол бірліктерден басталып отырады. Біздер үшін жер біреу.

Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. 1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.

2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.

3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.

Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі.

4 саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған.

5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған.

Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.» деп, бес саны жайлы айтып кеткен.

6 саны. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл – адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.

7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген.

Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт – бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тамамдалғаның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.

8 саны. Көне заман адамдары сегіз санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. Сегіз саны сегіз төбесі бар кубты білдіреді. Сегіз санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз саны – мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). Сегіз саны дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Сегіз санының омонимі – «гүлдену».

Бұл қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленеді.

9 саны. Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.

Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының омонимі – «ұзақ өмір».

10 саны. Ертеде Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейінгі сандарды жазып, үш биге жіберіпті. Сонда Қазыбек бидің берген жауабы мынадай болған екен: 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідерден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-та қыздай қосылған бәйбішеден айырылған жаман.

Сандар сыр шертеді

Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы:

1 саны – батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.

2 саны - сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән.

3 саны- ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.

4 саны - жұмбақ сан.

5 саны - тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны.

6 саны - әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағымдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес.

7 саны - әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал.

8 саны - басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.

9 саны – қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.

Бұл келтірген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.


2.3 Сандар қасиеті


Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді: Базен Л. , Тенишев Э. Р. , Чернышев В. И. , Умаров Э. А. , Уаңкі М. және т. б. Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Сандарға қатысты тілдік мәселелер» атты үлкен конференция өтті.

3 саны туралы
Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай
Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қадірлі: бақ, ырыс, дәулет
Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Үш алыс: көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы.
Үш даусыз: мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.
Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш тұл: қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым

4 саны туралы
Төрт тұлға: от, су, жер, жел
Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз
Төрт періште: Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил
Төрт мұрат: дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету
Төрт кітап: Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран

5 саны туралы

3 саны ежелден белгілі, оны бүкіл дүние жүзі ғалымдары пайдаланса 5 саны құпия болып Пифагордан бастап Европа елдерінде 5 саны қасиетті киелі сан болып, оны тіптен нотаға да қатыстырмаған. 5 саны бар ноталарды қолдануға тыйым салынған. 5 санын алғашқы болып енгізген ғылыми дәлелдеген Әл-Фараби атамыз. Әл-Фараби оның жалған түсінік екенін дәлелдеп, ноталық сандарды жаңа жолға, бір жолға келтірген, табиғи сандардың үздіксіз санатын қолданған. Осы жаңалық барлық  халықтардың музыкалық мәдениетіне әсерін тигізеді.

Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма

7 саны туралы
1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.
2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды.
3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды.
Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз.
4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.
5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетелік садақасын береді.
6. Жеті санына байланысты асыл сөздер:
Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына:
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.
Жеті күн:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жұт:
Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,
топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада тамақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Жеті қат көк:
Меркурий, Шолпан, Күн, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран.


9 саны туралы
9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідей түсінік бар.
1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.
2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.
3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды.
4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн қалыптасып дүниеге келуі.
5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.
6. 9 - дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер.
7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.
8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны дейді.


12 саны туралы

Тек қазақ халқында ғана емес, барлық халықтар үшін он екі саны – қасиетті сан. Қазақтар он екі жылды бір мүшел дейді. Алғашқы мүшел жас қана он үш жыл, оған он екі жастан қосып отырсаң келесі мүшел шығады. Қазақтар мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсінген. Қазақ жыл санауда он екі жылдың әрқайсысына он екі жануар аты берілген. Он екі саны көптеген циклды таңбалайды – он екі ай, он екі жыл, он екі қарақшы, он екі сағат... Қазақтың сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдары өте көп. Он екіде бір нұсқасы жоқ, он екіде бір гүлі ашылмаған, он екі саққа жүгіртті, он екі құрсау жез айыр, он екі қарыс, он екі мүше. Он екі сан «табыс», «тоқтық» ұғымдарын білдірген. Санның омонимі – «оңай ұтыс».


13 саны туралы

Қазақ халқы үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Алайда өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде он үш санын сәтсіз санға балайтында шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.


40 саны туралы

Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген.

60 саны туралы

Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мәнге ие. Оны олар «құдай саны» деп атаған.

Міне, әдетте соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың бәрінің мән - мағынасы бар екен. Қазақ халқының наным - сенімімен басқа халықтардың наным - сенімін салыстыра отырып аңғарсақ, сандар сырының құпиясының соншалықты тереңде жатқанын байқаған болармыз.


2.4 Тылсым сандар

Сандар белгісі зат қасиетінің көрінісі. Асылында, сандар сиқыры іс жүзінде бар және оны ешкім жоққа шығара алмасы хақ. Иә, сонымен, сандарда не құдірет бар, қандай тылсым күш бұғып жатыр? Соған келелік. Мәселен, Әлем елдері жақсы көретін не болмаса тым жек көретін сандар да бар. Сондай-ақ үнділер 2 деген санды ұнатпаса, қытайлар ұнамаған санды жазбайды.


3 саны

Қатерлі 3 цикл адам өмірінің сандарға байланысын дәлелдейтін тағы бір мысал: денедегі биоырғақтың үш циклдан тұратындығы, олардың 23, 28, 33 күндік екендігі. Бұл жөнінде Владимир Мезенцев былай деп жазады: «Біздің ағзамызда болып жататын аса күрделі ырғақ (ритмика) құбылысының аса күрделі көріністерін зерттей отырып, кейбір ғалымдар адамның биоырғағында үш цикл (оралым) жайында жазады. Бұл 23 күндік физикалық цикл, 28 күндік эмоциялық (сезім) цикл, 33 күндік ой-парасат циклы. Ғалымдардың бұл болжамдары ақиқатпен астасып жатқандай. Мысалы, олар бақытсыздыққа ұшыраған 1400 жағдайды зерттегенінде, оған тап болған осы адамдардың әрбір онының алтауы мұндай сәтсіздікке, қайғыға өзінің «нөл» күнінде ұшыраған. Ал жапондық ғалымдар жаяу адамдар жол-көлік апатына ұшыраған 153 оқиғаны зерттегенінде оның 75 пайызының оған өз өмірлерінің 3 циклындағы қолайсыз, ең қауіпті күндері тап болғанын анықтаған. Тек бізді бір таң-тамаша қалдыратыны адам бойындағы биоырғақтың үш циклының ішінде неге физикалық циклдың 23 күндік, эмоциялық циклдың – 28 күндік, ой-парасат циклының – 33 күндік екендігі. Неге бұл циклдар қатып қалған осы сандардан тұрады? Бұл да бір табиғаттың беймәлім құбылысы. Иә, адам ғұмырының да, мінез-құлқының да, келешегінің де, қуаныш-қайғысының да әйтеуір бір сандармен байланысы бары анық.


4 саны

Жапондар мен қытайлар 4 санынан қорыққан. «Қарғыс атқан» сан деп есептейді. Қолдан келсе, осы 4-ке жоламауға ты­ры­сады. Жапон тілінде 4-тiң дауыс­талуы «өлім» деген сөзге ұқсас болып келеді екен. Төрт саны қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады. Өйткені қытайларда төрт – «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті биік ғимараттарда төрт және он төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, төрт қасірет саны болып саналады.  Ал Қытайлар үшін 4 саны ерте кезде солтүстігін жайлап, үнемі ша­буыл­дап күн көрсетпеген көшпенді тайпа­лардың белгісі болса керек. Сол кезден санаға сіңіп қалған үрей­ден қытайлар әлі арылмаған секілді.

Қазірдің өзінде қытайлар үй сатып алу, көлік, телефон номерінде міндетті түрде санға қарайды. Олар «4» санын ең бақытсыздық әкелетін сан деп біліп, ауруханаларда 4 қабат деген белгінің орнына 3 «а» деп таңбалайды. Ал, 4 саны белгіленген бөлмелерге, ауруханаларға науқастар емделуден бас тартады.

Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин және Айдаһар. Қытайларда төрт саны шамға теңелген – бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ.


6 саны

Латын Аме­рикасы «6» санын өлердей жек көреді. Не үшін, ол жөнінде ешкім мардымды уәж айта ал­майды. 6 саны еркіндіктің нышаны, ешкімге еш нәрсеге бас имейтін асау сан. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда ол жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке айналмақ. Осы­лардың ішінде жұрт өлердей қорқатын һәм «шайтанның саны» деп атап кеткен 666 саны өте қауіпті деп есептеледі. Неге? Дәл осындай нөмірлі көлігі бар аза­маттар жол апатына өзгелерге қарағанда жиі ұшырайтын көрі­неді. Жалпы, бұл сан ешкімге жақпайтын болса керек. Бұл – ес біліп, етек жиған кезден бері келе жатқан әдет. Осы санға байла­нысты әр ұлтта, соның ішінде Еуропа халықтарында көптеген аңыз-әңгімелер бар. Барлық аңыздың өзегінде бұл санды жын-шайтанмен байланыстырып айтады. Демек, жұрттың көкейін­де сол бір үрейлі әңгіме қалып қойған сынды.

“666” саны әлемде әсіресе, батыстықтарды дір еткізетін санның бірі. Жалпы бұл сан сайтанның белгісі деп аталғанымен оның дінге қатынасы шамалы. 666-ның соншалықты жексұрын болуына 6 санының мінезінің жамандығы жазықты. 666 санымен тарихтың өте қызықты және қорқынышты фактілері, тіпті қазіргі заманғы әлемде жағымсыз және қайғылы сәттермен байланысты сандармен байланыстырылған болса да, бұл 666-нің неге шайтан санасы деп саналатынына қатысты жауап болады.

1. АҚШ президенті Никсонның айға түсетін алғашқы ғарышкермен байланысқан телефон нөмірі 666 666 болды.

2. Лувр алдындағы пирамида 666 шыны плитамен жабылған.

  1. Неміс-Советтік Агрессиясыз пактіге 666 күн жалғасты (23.08.1939 ж. - 20.06.1941 жж.).

  2. 1945 жылдың 6 тамызында Хиросима атом бомбасын тастады, ал Жапонияда күн сәулесінің Жердің 666-шы басқарушысы болып табылатын император Хиро-Ито әулетінің ережесі.

  3. WWW (World Wide Web немесе Интернет ) қысқаша сөзі еврей тілінде жазылған, үш әріптен тұрады: «W» - 6 = 666 дегенді білдіреді.

  4. Apple алғашқы 666 доллар және 66 цент сомасына сатылды. Неге? ол бір ғана саусақпен теріңіз жайлы болды ретінде Stiv Возняк Осы бөлмені таңдады Себебі. Ал маржа көтерме бағасы 30 пайызы болды. Айтпақшы, ені доллар банкнот 6,66 сантиметр.

  5. Ал бірнеше адам біледі, бірақ WWW комбинациясы үш шестерки болып табылады! а «W» - еврей саны «6» бастап. 

  6. 666 -ның 1 -мағынасы: Ойларыңызды әлеммен сәйкестендіріңіз

  7. Өмір, сіз білетіндей, көміртектен тұрады-адамдар да. Көміртек 6 электрон, 6 нейтрон және 6 протоннан тұрады. Демек, сіз материалдық формада 666 санын білдіресіз.


8 саны

Қытайлықтар 8 санын ерекше құрметтейді. 8 санының өзі шексіздікті білдіретініне мән береді. 8 – қытайша “фа” – «байлық» (сәттілік, гүлдену) дегенді білдіреді. Сондықтан осы сандардан тұратын телефон мен машина нөмірлері сәттілік әкеледі деп сенеді. Қытайлықтар жақсылыққа ырымдап 8.08.2008 күні кешкі сағат 8-де Пекинде 29-шы жазғы Олимпиада ойындарын бастады.


13 саннын сиқыры

Әлем халықтарында "13" тылсым құпияға толы сәтсіз сан саналады. Кейбірі тіпті бұл сан бақытсыздық әкеледі деп сенеді.

Ал христиан әлемі 13 деген санды түсінде көрсе де шошып оянады. «Заһар сан» деседі. Кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Пол Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт он үш санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанаға барып соқтығысқан. Он үш санын қатерлі көргендіктен. Ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың он үшінші жұлдызы жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір-ақ рет қайталанатын көрінеді.

Осы жұрт 13 - тен неге шошиды? Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.

13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді. Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жеккөрінішпен қараудың бір себебі де осында. Италияда 13 нөмерлі лотерея жоқ. Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ. Ал Женевада ұшақта 13 орын жоқ. 13 қатерлі көргендіктен. Ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған.
Орыс халқының сенгіштері 13-ті «Чертовые дюжина», бұл күні тағдырдан жақсылық күтуге болмайды», — десе, ағылшындар: «сенімі күштілер үй салып, үйленуге болмайдытіпті автобус, поезд, ұшақ, автокөлікке отырып жол жүруге болмайды, олар бақытсыздық әкеледі», — деп, ешқайда шықпай үйлерінде болады. Осы елде Роберт Рен-фри деген шофер 13-ші  күндері  он мәрте жол апатына ұшыраған. Сол себепті, ол 13-ші  күндері  машина  руліне  отырмайтын болған.
Ал енді кейбір елдің сенім-нанымында жұма күнге тап келген айдың 13-і жын-шайтандардың ел кезетін күні деп саналады екен. Сондықтан да болар, Батыс елдерінде 13 санын қолданбайтындар баршылық. Яғни осы нанымға сенетіндер 13-ші пәтерді, 13-ші үйді қаламайды, кезекке 13-ші болып тұруды да қатерлі деп санайды. Германия, Швефцария, Скандинавия мен Австрияда сондықтан үйлер мен пәтерлерде бұл сан мүлде жазылмайды, яғни 12-ден кейін бірден 14-ші нөмір көрсетіледі. Тіпті ұшақ салондарында, жолаушылар автобусында, кинотеатрларда, пойыз вагондарында, ауруханада 13 деген орын болмайды. Себебі – жұма айдың 13-не тап келген күні «қара мысық» кірпік қақпай, аяқтан шалатын адам аңдитын көрінеді. Британияда айдың 13-і күні жедел болмаса, дәрігерлер мүмкіндігінше операция жасамауға тырысады екен. Ал егер айдың 13-і жұма күнге тура келсе, онда тағдыр осылай деп шешті деген сеніммен өлім аузындағы адамға да операция жасалмайды.  


*Еуропалық мәдениетте 13 бақытсыз сан болып есептеледі, сондықтан кейбір ғимараттарда 12-шіден кейінгі қабат бірден 14-ші қабат немесе 13-тің орнына 12А, болмаса «12+1″ қабат деп аталады. * Италияның опера театрында 13 санды орын жоқ. Кемелер мен ұшақтарда да көбіне 12-ші орын не қатардан кейін 14 саны жазылады. *13 санынан қорқу сезімін «трискаидекафобия» деп атайды. Ал еуропалықтардың ескі аңыздарына сәйкес, 13 санына тура келген жұма күнінен қорқу «параскаведекатриафобия» немесе «фриггатрискаидекафобия» деп аталады. *Кейбір компаниялар өз өнімдерін шығару кезінде 12-шіден кейінгі нұсқасын «2013» түрінде немесе басқаша белгілейді. * Еуропалықтарда бір үстелдің басына 13 адам жиналса, соның ішінде біреуі бір жыл ішінде ажал құшады деген сенім бар. Осы сеніммен күресу үшін АҚШ-та «Он үш клубы» құрылған. * Көлік жарыстарында да ешқашан 13 саны қолданылмайды. * Ал майя үндістері 13 санын сәттілік әкеледі деп есептейді. * Ең алғаш АҚШ-тың құрамында 13 штат болған. * Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде орыс армиясындағы «13-ші әскер» «Айрықша бөлім» деп аталған. * Ұлы Отан соғысы кезінде кеңестік теңіз әскері үшін 13 сәттілік әкелетін сан болған. * «Аполлон-13″ ғарыш кемесі 1970 жылы 11 сәуірде 13 сағат 13 минутта ғарышқа ұшқан. Бірақ, 13 сәуірде апатқа ұшырап, негізгі мақсаты – Айға жете алмаған. * Ұлы Отан соғысы кезіндегі реактивті артиллерияның әйгілі «Катюша» әскери машинасы ресми түрде «БМ-13″ деп аталған. * Ресейдің әскери авиациясында борттық нөмірі 13-пен белгіленген ұшақтар да, осы санды иеленген ұшқыштар да жоқ.

*Ежелгі скандинавиялық мифте үстел басында 12 құдай бас қосатын болған. Бірақ үстел басына үшінші болып белгісіз Лог есімді құдай кіріп келіп, бәрінің көзін жойған дейді.

*13 санының тағы бір бақытсыз сан болып саналуы өліп ағашына көтеріліп бара жатқан баспалдақ саны мен мойынға салынатын арқанның он үші өрімі болған.

*1307 жылы 13 қазан күні барлық тамплиер тұтқынға түскен. Олар француз рыцарлары. Бұл оқиға да жұма күні болған.

*Ал жұма күніне он үш саны сәйкес келсе, онда дәл осы күні Иса пайғамбарды ағашқа тартып ілген деген дерек бар. Бірақ бұл нақты емес, себебі зерттеушілер бұл оқиға жұма күні үшінші сәуір күні орын алған деп түйіндейді.

* Он үш санын бақытсыздық әкеледі деп түсінетін халықтың көзқарасы мен мифтеріне сүйенсек, Иса пайғамбардың құпия кешінде 13 адам болған деп суреттеледі. Ал сол он үшінші адам Иса пайғамбарды сатып кеткен адам ретінде көрсетілген.

*Сандарды зерттеушілердің айтуынша, 12 саны нағыз бақыт пен сәтті шақ. Ал оған бір артық санды қосып, мәселе тудырып жүру адамның қателігі деп түсіндіреді.

*Ежелгі Мысырда 13 саны қасиетті боп саналған. Мына қызыққа қараңыз, бәрі бұл санды жек көреді деген түсінік жоқ екен.

* Италия мен Қытай жерінде де 13 саны жақсы жағынан қарастырылады. 13 саны қанның саны дейді.

*Денесіне тату салдыратындар үшін де 13 саны бақыт әкеледі-міс.


2.5 Нумерология

«Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға болады»

Нумерологияға ерте заманда пифогоршылар өте күшті қызығушылықтар танытқан. Бірақ қазіргі кезде нумерологияны математикалық білім беретін ғылым саласы деп есептемейді. Дегенмен де біздер математика ғылымының ерте кездері тарихи бастауларының бірі ретінде зерттеу нысанасына алуды басты мақсат етіп отырмыз. Нумерология – қазіргі таңда әсіресе, астрологиямен байланысты. Нумерологияны танып-білудің бір жағынан психологтар үшін де қажеттілігі бар. Өйткені, адамның туған жылы мен айына қарап, адам тағдырына қатысты белгілі бір жорамалдар жасауға болады. Нумерология арқылы адамның табиғи дарындылықты, таланттылықты адам баласының мінезінің күшті және әлсіз жақтарын біле отырып, тәрбие процесінде дұрыс шешім қабылдауға болады. Адам-баласы дүниенің қыр-сырын енді түсінуге ұмтылған уақытта әр цифрмен, санмен байланысты түрлі магиялық құбылыстар жатыр деп түсінді. Осындай кезеңде негізін ежелгі грек ғалымы, ойшыл, математик Пифагор қалаған «нумерология» ғылымы дүниеге келді. Пифагор заманынан жай цифрлардың өздеріне тән белгілері және ерекшеліктері бар деп есептелді. ХҮ ғасырларда атақты Корнемей Агриппа сандық және астрономиялық сәйкестіктер туралы жазба жұмыс жасаған. Содан бері астрологтар планеталық әсерлерді бағалап, маңызды сандық астрологиялық ақпарттарды жинақтаған. Жұлдыз - жорамалшылардың пайымдауынша әр планеталардың өзінің сандық мағынасы бар. Мысалы Меркурий – 4, Нептун – 9 сандарымен байланысты. Меркурий материалдық жетістік әкеледі, 4 санының иелеріне интеллектуалды нұр мен шығармашылық әкеледі. Ал Нептун адамға күшті психологиялық энергия береді. Ол да үлкен жетістікке, қабілетін аша біледі. Жылдың әр айының әр күніне байланысты бақытты, бақытсыз күндері анықталған. Әр адамның туылған күні, айына, жылына байланысты өз санын есептеп шығаруға болады.

Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау.

Мәселен олар 28 - нөмерлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 өркендеу- дің, алға жылжудың жоқтығын білдіреді дейді. Олар 4 санынан өлердей қорқады екен, бірақ 48 - ге жуық деген құрметтері ерекше, шамасы «өлердей ақша» дегенді білдіретіндіктен болар. Тіпті 2828 нөмерлі үйдің құны қанша шарықтап тұрса да оны сатып алушылардың санында шек болмайды.

Егер сіздің үйдің нөмері 2457 болса, онда өміріңіз шат - шадыман (2), дегенмен шектелу де бола қоймайды (4). Өзгеріс көп болғанымен (5), білімділігіңіз, даналығыңыз сізді биіктетіп тұрады (7).

Олар сандардың жоғарыдағы сипаттамасына мынадай анықтамалар береді:

БІР – тәуелсіздік пен жетістік;

ЕКІ – әдеп, дипломатиялық және жеке қарым - қатынас;

ҮШ – шығармашылық жетістік, әрі өмір қызығы;

ТӨРТ – шектелу, бір орында қалу;

БЕС – жолсапарлар, өзгерістер, әртүрлілік;

АЛТЫ – қызмет, үй, түрлі міндеттер;

ЖЕТІ – талдау, рухани өмір, білімнің өсуі, даналық;

СЕГІЗ – ақша мен билік;

ТОҒЫЗ – махаббат, берік байлам.

ҚЫРЫҚ – бак, дәулет.

Адамның өз саны ай ішіндегі сәтті күндері:

1 1, 10, 19, 28

2 2, 11, 20, 29

3 3, 12, 21, 30

4 4, 13, 22, 31

5 5, 14, 23

6 6, 15, 24

7 7, 16, 25

8 8, 17, 26

9 9, 18, 27


2.6 Сауалнама

1.Қасиетті сандар туралы білесін бе?

а) иә ә) жоқ

2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?

а)ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-апаларымнан

3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?

а) иә ә) жоқ

4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?

а) иә ә) жоқ

5. Тылсым сандарды білесіңбе?

а) ия ә) жоқ

6. Сандардың сырын білесің бе?

а) ия ә) жоқ

7. Сүйікті сандарың бар ма, қандай?

а) ия ә) жоқ

Сауалнама қорытындысы:



2.7 Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім








ІІІ. Қорытынды.


Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.

Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.

Сөзімді түйіндей келе алдағы уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу жұмыстары ары қарай жалғасын тапса деген оймен төмендегі жобаларды ұсынамын.




Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Алдамұратова Т.А. «Математика». Алматы, «Атамұра», 2001.

  2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым. Өскемен, 2001.

  3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар». Алматы, «Рауан», 1992.

  4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті. Алматы, 2001.

  5. http://www.wikibilim.kz/

  6. https://www.tarbie.kz/22567

  7. https://massaget.kz/blogs/21240/

  8. Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ
    ескiлiктерi» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001.

  9. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті. Алматы, 2001.

  10. Дүсіпбаева Қ. С. Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері. Алматы, 2001. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский
    12. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттікуниверситеті, 2003.
    13.Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Сандар сыры" тақырыбына арналған презентация

Автор: Абдирахманова Замира Болатовна

Дата: 20.12.2023

Номер свидетельства: 642825


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства