kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сандар сыр шертеді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сандар сыр шертеді

Ойлап ?арап отырса?ыз, тарихи т?л?аларды? к?бісі ?здеріні? ?лылы?ы мен данышпанды?ын, та??ажайып батырлы?ын, д?ниені д?р сілкіндірген жа?алы?ы мен жетістігін 17, 21, 25 жасында-а? танытып ?лгірген.

Сенбейсіз бе, онда ты?да?ыз: Французды? ?лы ?алымы Блез Паскаль «Паскаль теоремасы» атты ата?ты е?бегін он жеті жасында жазса, Венгр хал?ыны? ата?ты а?ыны Шандар Петефи неб?рі жиырма алты-а? жыл ?мір с?ріп, ?зіні? барлы? шы?армаларын осы жас?а дейін ?мірге ?келді, «Тыны? Дон» роман-эпопеясыны? 1-2 кітабын жаз?анда М.Шолохов неб?рі 23 жаста болды. Француз математигі Эварист Галуа 21 жас, Шо?ан У?лиханов 30 жас, Саттар Ерубаев 23 жас ?ана ?мір с?рді. ?рине, тарихта м?ндай 17-30 жас аралы?ында-а? ата?-да???а б?ленгендер аз емес. Сонда 17, 21, 23, 30 жасты? ?андай ??дірет к?ші бар, жалпы сандарды? адам ?міріне ?атысы ?аншалы?ты шынды??! Б?л ж?нінде халы?ты? наным-сенім, ырымында болжам к?п.

Адамтану м?селесімен айналысушыларды? айтуынша, адамны? ??мыры ?ш кезе?нен т?рады. Осы ?ш кезе?ні? ?ркімге ?атысты ?з саны бар. Сол сандар ар?ылы ?зі?із алда?ы 10 жылды, 20-30 жылды ?алай ?ткізесі?, соны да біле аласы?. Оларды? пікірінше, алда?ы ??мыры? туралы сандар сыр шерте алады. Жасыратыны жо?, о?ан ырымшыл жандар, бас?а да адамдарды? бір?атары сенеді, кейбірі о?ан к?діктене де ?арайды. Алайда м?ндай болжам айтушыларды? ??гімесіне назар аудар?ан, оны ?з ?мірі?мен салыстырып к?рген, алда?ыны сандарды? айтатынын талдап, таныс?ан арты? емес. Біз енді адамтану м?селесімен айналысушыларды? ?р пендені? ма?дайына жазыл?ан ??мырды? 3 кезе?іні? о?ан «тиесілі» 3 санын ?алай аны?тайтынына, ол ж?нінде ?андай пайымдаулар айтатынына то?талайы?.

??мырды? 3 кезе?і

Бірінші кезе?. Ол – 28 жас?а дейінгі ??мыр. Б?л кезде адамны? балалы?, бозбалалы? ша?ы артта ?алып, ол сали?алы ша??а ая? басады. Сіз ?мірді? б?л б?лігін ?алай ?ткересіз, оны к?рсететін сан ?андай?

Ол ж?нінде мынандай болжам бар:

«?мірді? б?л б?лігін ?алай ?ткеретіні?ізді к?рсететін сан, ?а?тардан ?ырк?йекке дейін ту?андар ?шін сол айларды? реттік саны (?а?тар – 1, а?пан – 2, наурыз – 3 ай дегендей есеппен 9 — ай?а – ?ырк?йекке дейін кете береді) болып табылады. ?азаннан желто?сан?а дейін ту?андарды? м?ндай саны екі ?атар санны? бірін-біріне ?осу ар?ылы шы?ады (?азан — 10-ай: 1+0=1, ?араша — 11-ай; 1+1=2: желто?сан — 12-ай: 1+2=3).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сандар сыр шертеді »

Сандар сыр шертеді



Ойлап қарап отырсаңыз, тарихи тұлғалардың көбісі өздерінің ұлылығы мен данышпандығын, таңғажайып батырлығын, дүниені дүр сілкіндірген жаңалығы мен жетістігін 17, 21, 25 жасында-ақ танытып үлгірген.



Сенбейсіз бе, онда тыңдаңыз: Француздың ұлы ғалымы Блез Паскаль «Паскаль теоремасы» атты атақты еңбегін он жеті жасында жазса, Венгр халқының атақты ақыны Шандар Петефи небәрі жиырма алты-ақ жыл өмір сүріп, өзінің барлық шығармаларын осы жасқа дейін өмірге әкелді, «Тынық Дон» роман-эпопеясының 1-2 кітабын жазғанда М.Шолохов небәрі 23 жаста болды. Француз математигі Эварист Галуа 21 жас, Шоқан Уәлиханов 30 жас, Саттар Ерубаев 23 жас қана өмір сүрді. Әрине, тарихта мұндай 17-30 жас аралығында-ақ атақ-даңққа бөленгендер аз емес. Сонда 17, 21, 23, 30 жастың қандай құдірет күші бар, жалпы сандардың адам өміріне қатысы қаншалықты шындық?! Бұл жөнінде халықтың наным-сенім, ырымында болжам көп...



Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша, адамның ғұмыры үш кезеңнен тұрады. Осы үш кезеңнің әркімге қатысты өз саны бар. Сол сандар арқылы өзіңіз алдағы 10 жылды, 20-30 жылды қалай өткізесің, соны да біле аласың. Олардың пікірінше, алдағы ғұмырың туралы сандар сыр шерте алады. Жасыратыны жоқ, оған ырымшыл жандар, басқа да адамдардың бірқатары сенеді, кейбірі оған күдіктене де қарайды. Алайда мұндай болжам айтушылардың әңгімесіне назар аударған, оны өз өміріңмен салыстырып көрген, алдағыны сандардың айтатынын талдап, танысқан артық емес. Біз енді адамтану мәселесімен айналысушылардың әр пенденің маңдайына жазылған ғұмырдың 3 кезеңінің оған «тиесілі» 3 санын қалай анықтайтынына, ол жөнінде қандай пайымдаулар айтатынына тоқталайық.



Ғұмырдың 3 кезеңі



Бірінші кезең. Ол – 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, ол салиқалы шаққа аяқ басады. Сіз өмірдің бұл бөлігін қалай өткересіз, оны көрсететін сан қандай?



Ол жөнінде мынандай болжам бар:



«Өмірдің бұл бөлігін қалай өткеретініңізді көрсететін сан, қаңтардан қыркүйекке дейін туғандар үшін сол айлардың реттік саны (қаңтар – 1, ақпан – 2, наурыз – 3 ай дегендей есеппен 9 — айға – қыркүйекке дейін кете береді) болып табылады. Қазаннан желтоқсанға дейін туғандардың мұндай саны екі қатар санның бірін-біріне қосу арқылы шығады (қазан — 10-ай: 1+0=1, қараша — 11-ай; 1+1=2: желтоқсан — 12-ай: 1+2=3).



Екінші кезең. Ол – 28 жастан 56 жасқа дейінгі ғұмыр. Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуын- ша адам ғұмырының бұл бөлігіне тән сан – туған күннің саны болып есептеледі. Бұл кезеңде де 2 қатарлы санды бір-біріне қосу арқылы бір қатарлы сан алу тәсілі пайдаланылады (мысалы ай-дың 28-інде тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1 дегендей). Негізінен, әр айдың 9-жұлдызына дейін туғандардың саны сол туған күні болып табылады. Яғни, 9-қыркүйекте туғандардың саны – 9; 7 – ақпанда туғандардың саны – 7 деген тәрізді. Енді осы «тиесілі» сан бойынша болжам жасай беріңіз.



Үшінші кезең. Ол – 56 жастан кейінгі ғұмыр. Адам жасының осы кезеңінің саны туған жылының санын бір-біріне қосып, бір қатарлы сан шығару қажет. Мұны 2 амалмен жүзеге асырады. 1951 жылы тусаңыз, бірінші амал: 1+9+5+1=16. Екінші амал: 1+6=7. Сіздің саныңыз – 7.



Ғұмырдың үш кезеңіне байланысты болжамдар Адам ғұмырының үш кезеңіндегі «тиесілі» сандарды анықтап алғаннан кейін мына сандардағы болжамдарға арқа сүйеп, соған байланысты мінез-құлқыңызды, алдағы өміріңіздің қалай болатындығы туралы ой қоры-тыңыз. Әрине, оған сену, сенбеу өз еркіңізде. Бұлар – адамтану мәселесімен айналысушылардың болжамы ғана. Ал болжамның ақиқатқа айналатыны да, іске аспайтыны да бар. Бәрі Аллаһ Тағаланың бұйрығында. Алайда, өз ғұмырың туралы болжамдарды естуден қашпайтын шығарсың. Өйткені біздер, қазақтар ежелден құмалақ салғызып, жауырынмен болжам айтып, ырымға зейін қоятын халықпыз ғой. Біз енді сандар қалайша «сөйлейді», соған көңіл бөлсек.



1 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі 1 санына тұспа-тұс келетін болса, бойыңызда сенімділік, бастан сөз асырмайтын шам-шылдық сезімі бар. 1 санының иелері үнемі ізденіп, талпынып, өсу, жетілу үстінде өмір сүреді. Айдың бірінші күні ме, аптаның бірінші күні ме, өз өміріңнің бір кезеңіне бұл 1 саны жазылғандарға жақсылық сыйлайды.Осы күндері бір іске кіріссеңіз, сапарға шықсаңыз, соның бәрі сәтті аяқталады. Олай болса, мұндай сан иесі сондай саннан басталатын айдан, күннен, сағаттан қуаныш күте берсін.



2 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келген кезеңі иесінің жанына көңіл-күйінің, сезімінің үстемдік ететінін танытады. Не болса соған сезіктене, секемдене қарау, қорқып-үрку, дұрыс шешім қабылдай алмау, қай істі де мерзімінен кеш қолға алу осы кезеңге тән құбылыстар. Алайда адамдармен тіл табыса білу, қай нәрсенің де жақсылығы мен жамандығын қат-қабат көру өмірдің 2 санын еншілеген кезеңін табысты өткізуге көп көмектеседі. Сондықтан да бұл қасиеттердің керектігін әсте ұмытпаңыз.



3 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі осы 3 санына сәйкес келетін болса, ол дос-жолдастың, тілектес әріптестердің көбеюімен ерекшеленіп, мазмұндана түседі. 3 саны «тиесілер» сауық-сайранға, серілікке бейім. Сол себепті олардың сауық-сайран, серілік өмірден басқа да маңызды мәселелердің, ел мен жер алдында азаматтық жауапкершілігінің бар екенін ұмытпағаны жөн.



4 саны. Өмірінің 3 кезеңінің бірі бұл санға сәйкес келетін адамға тән ерекшелік – еңбекқорлық. Бұл сан иелері жоғары қызмет атқармаса да өзінің қабілеті, іскерлігі бар екенін танытып, өзін сол арқылы бақытты сезіне алады. Олардың есінде сақтауға тиісті жағдай: жаңаны жатсынып, ескіге бүйрегі бұратын кертартпалықтан (консерва- торлықтан) ешкім атақ-абыройға ие бола алмайды, сол себепті ондай сезім бар болса, одан арылуға тиісті.



5 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келетін кезеңі иесінің халыққа қалаулы болуымен ерекшеленеді. Бірақта Сіз «мен осындай санның иесімін. Яғни, жұлдызым жанып тұр», – деп дандайсымаңыз, ойланбай еш-нәрсені де жасамаңыз.



Бұл ақыл-кеңеске құлақ аспасаңыз, бармағыңызды тістеп, өкініп қалуыңыз мүмкін.



6 саны. Зерттеушілердің пайымдауынша, «бұл кезеңнің «билігіндегі» уақыт жұптасу-ға, топтасуға қолайлы». Егер- де сіз осы уақытқа дейін жал-ғыз жүрсеңіз, енді қасыңызда жанашыр жан пайда болады. Сіз жанашырыңызбен ақылдасып, пікірлесіңіз. Сонда бұл өмірдің мән-маңызы мен оның Жаратқан Иеміз сыйға тартқан таңғажайып тіршілік екенін терең түсіне бастайсыз.



7 саны. Өз өмірінің бір белесінде бұл санға «ие» болғандар өзін-өзі жетілдіруге, жан-дүниесін байытуға барлық күш-қайратын жұмсайды. Олар өткен өмір жолына үңіліп, өзіне-өзі есеп береді, келешекке жоспар құрып, осыған дейін жіберген қателігін енді қайталамауға бет бұрады. Ой-өрісі кеңейіп, тереңдейді, дүниеге көзқарасы жұмбақтанып, құпиялана түседі. Оның өмір бойы жинаған тәжірибесі шығармашылық жұмыспен айналысса, оң нәтижесін береді. Қай мәселені де талдап, талғамдай алатын қасиетінің қай істе де көмегі мол. 8 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі бұл санға тұспа-тұс келсе, өзіңізді өзгелерге билік жасау, басқару ісі күтіп тұр деп ойлай беріңіз. Мүмкін ел басқармассыз. Алайда бұл кезең-де Сіздің үй-ішіне, туған-туыстарыңызға билігіңіз, сөзіңіз жүреді. Оған кәміл сеніңіз.



9 саны. Бұл санға «ие» болсаңыз, ауқымды ой-жоспарлардың, жанқияр батылдықтың кезеңі келді деп біліңіз. Бұл кезеңде бойыңыздағы күш-қайрат тас қопарып, тау бұзуға жетеді. Жалғыз-ақ, армандап, қиялдана білсеңіз болғаны. Осы кезеңде өзіңізді үлкен маңызды істердің күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. Тағы да қайталап айтамыз, зерттеушілердің бұл болжамдарына сену, сенбеу өз еркіңізде. Алайда осынау қорытындылардың тектен-текке өмірге келмегені, онда халықтың мол іс-тәжірибесі жатқаны есіңізде болсын. Сандардың сұлу сипаты Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие», – деген екен. Мүмкін, біреу білер, біреу білмес, өмірде нумерология дейтін, сандар туралы ежелгі ғылым бар. Көпшілік қай санның қандай мағына арқалап тұрғанын соның болжамдары бойынша анықтап жатады. Соған сәйкес тіпті, автокөліктің нөмірінің қандай мән беретінін талдап, түсіндіретіндер де аз емес. Ол үшін автокөлік нөмірінде көрсетіліп тұрған бар санды бір-біріне қосады. Ондық сан шықса, мысалы 45 деген, онда екеуін тағы да қосады: 4+5=9. Қосынды қандай сан, болжамға қарап, ой қорытады. Біз енді тағы да сандар сипатына назар аударайық.



9 саны – қашанда көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән.



8 саны – басшылыққа ұмтылатындар саны, өзінің бар мүмкіндігін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар;



7 саны – әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал;



6 саны – әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай білетін, мінезі салмақтыларға сәйкес;



5 саны – керісінше, тәуе-келге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны;



4 саны – жұмбақ сан.



3 саны – ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны;

2 саны – сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен, өз ісіне ұқыпты жандарға тән;



1 саны – батылдар саны, қашанда тыныш жүріп, асықпауға тырысады.















3. Сандар сөйлейді

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.
Бір санның киелігі:
1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.
Күні-түні дем алмайтын екеу:
1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:
Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын.
Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат.
Пейіште көрінбейтін:
1. Күндіз. 2. Түн.
Пейіште болмайтын:
1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу:
1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен.
Жақсы дос пен жаман дос:
1. Мал-мүлік. 2. Ұл-қызы
Халық қашады, бірақ құтыла алмайды:
1. Нәпсі. 2. Шәкуат ( жүріс жүру).
Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
Енді осыларды таратып айтсақ:
Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,
Жағаңның қызылдығына қарайды.
Берсең жағасың,
Бермесең дауға қаласың
Өз жұртың – ағайын,
Бар болсаң көре алмайды
Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.
Жақсы болсаң күндейді,
Жаман болсаң жүндейді.
Нағашы жұртың:
Жақсылығыңа сүйінеді,
Жамандығыңа күйінеді.
Әрқашан тілеуіңді тілейді,
Тілеуқорлық ниеті билейді.
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне сөз,
Тіл қазынасы – ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы
ҮШ БИ
Үш жүзде болса да олар басты кiсi,
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi.
Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм,
Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi.

Жеңiс жоқ соғыстарда шабандарға,
Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға.
Жеңiске жету үшiн қайрат қылып,
Ат қойдым әскер бастап қамалдарға.

Мәлiм ғой, елге әскер басқарғаным,
Болдым деп Ордабасы мастанбадым.
Мылтығы көп болса да кәпiр жаудың,
Қалмақтың әскерiнен жасқанбадым.

Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл.
Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ,
Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын.

4 санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,
Ұрының пірі – жалтақ ата
Шебердің пірі – тепшен ата
Кәрінің пірі – кекшіл ата
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
Төрт тұрман:
1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы.
Төрт пайғамбар тірі:
1. Иса. 2. Ыдырыс. 3. Қыдыр. 4. Ілияс. Ыдырыс пен Иса 4-қат көкте, олар періштелермен бірге құлшылық жасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын береді. Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын береді.

Төрт нәрсені Адам Атаны жаратқанда жібереді:
1. Өлім. 2. Ләпсі. 3. Ашу. 4. Нәпсі.
Төрт асыл:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.
Төрт ұры:
1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.
Төрт дария:
1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария).
Төрт бейғамсыздық:
1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4. Аулақ жүру.

5 санына байланысты:
Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма
Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:
1. Бір-біріне сәлем беруге
2. Шақырса баруға
3. Кеңес сұраса ақыл қосуға
4. Сұрағына жауап беруге
5. Ауырып қалса көңіл сұрауға
6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға
Алты парыз:
1. Бiр-бiрiне сәлем беру. 2. Шақырса бару. 3. Кеңес сұраса - ақыл қосу. 4. Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса - көңiл сұрау. 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысу.

Алты асқар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
Алты тоймайтын нәрселер:
1. Көз қараудан тоймайды. 2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды. 3. От отынан тоймайды. 4. Ғалым ғылымнан тоймайды. 5. Бай малға тоймайды. 6. Адам өмірге тоймайды.
Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады.
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты
Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
Жеті нәрсені жүйкені тоздырады:
1. Ең жеген нан. 2. Зімәдан болған жан. 3. Боямалы тән. 4. Нашадан бұзылған қан. 5. Темекінің түтіні. 6. Арақтың жұтымы. 7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:
1. Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3. Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнаму әулие ана.

Жеті ғашық:
1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.
Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт:
1. Әкімдердің шарапаты. 2. Ғұламалардың шариғаты. 3. Байлардың салауаты. 4. Кедейлердің қанағаты. 5. Үлкендердің ұлағаты. 6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтардың ар-ұяты.
Жегідей жеген жеті кесел:
1. Коррупция. 2. Мафия. 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық. 5. Рэкетерлік.
6. Маскүнемдік. 7. Жезөкшелік.
Жеті ата:

1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің
Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады:

1. Дәрісләм – қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар – ккүмістен. 3. Жәннатіл нағим – замруттан. 4. Жәннатіл ғадин – лағылдан. 5. Жәннатіл мәғуй – гауһардан. 6. Дәрін нақар – нұрдан. 7. Жәннатіл фердәуіс – зұбаржаттан. 8. Жәннатіл ағла – алтыннан.
Сегіз адамға жұмақ лайық:
1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге.
8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге.
Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер:
1. «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» климасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдарынан зекет бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі. 5. Нәпсісін тыйғандар кіреді. 6. Хаж амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8. Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар.

Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы.
2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі.
3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырызаманға дейін сұлыны алып жүретін періште.
5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен бұлақ сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі.
Тоғыз-құмалақ — қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Он түрлі жаман:

Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті.
Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті.
1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-тан қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман.

3. 1 Зерттеу тұжырымы

Сандарды зерттеуге жаңа бағыт тұрғысынан келген ізденістерге тоқталатын болсақ олардың лингвокультурология, этнолингвистика, когнитивті лингвистика аспектісінде жүргізіліп келетінін айту керек. Осындай зерттеулердің бірінде мынадай тұжырымдар жасалған:
- бір, екі, үш, төрт, жеті сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады;
- жеті, тоғыз, қырық сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің тууымен бірге қалыптасқан;

- сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар, киелі сандар, тұрлаулы сандар ретінде семантикалық жағынан дамыған;
- сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық, психологиялық т. б. негіздермен сабақтасып, сандар арқылы көрнектенген этномәдени, рухани ескіліктердің күрделі де, кешенді мазмұны – тілдік сананың түп негіздері;
- сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты;
- қазақ тіліндегі бір, екі, үш, төрт, тоғыз, он екі, қырық сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген.

3. 2 Жұлдызшылар есебі

Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға болады.
Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы: 1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.
4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны.
Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар. 9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан. Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.

Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас, - деп есептеледі. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.

4. Қорытынды

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету.
Қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім.
1- жұмыс. Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандары санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді.
2- жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сандар сыр шертеді

Автор: Кыздарбекова Сабина Маратовна

Дата: 03.09.2015

Номер свидетельства: 228413

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Шеберлік сыныбы "Сандар сыр шертеді""
    ["seo_title"] => string(40) "shiebierlik-synyby-sandar-syr-shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "250718"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447129502"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "?дептілік т?рбие бастауы "
    ["seo_title"] => string(27) "dieptilik-t-rbiie-bastauy-1"
    ["file_id"] => string(6) "171533"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423676931"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Жанс?гіров «?нші»"
    ["seo_title"] => string(16) "zhansughirovnshi"
    ["file_id"] => string(6) "319348"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460805825"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Т?уелсіздігімізді? 25 жылды?ына арнал?ан "Мені? Отаным-?аза?стан" атты симпозиюм саба?"
    ["seo_title"] => string(79) "tuielsizdighimizdin25zhyldygynaarnalganmieninotanymkazakstanattysimpoziiumsabak"
    ["file_id"] => string(6) "322139"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461513520"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""?аза?стан?а саяхат""
    ["seo_title"] => string(23) "k-azak-stang-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "284141"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453919185"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства