kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Математикалы? калейдоскоп»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? - м??алімні? ізденісіні? н?тижесі. К?нделікті саба?та?ы бірсарындылы? о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын жо?алтуы м?мкін. Сонды?тан саба?ты т?рлендіріп ?ткізсе, онда о?ушыларды? саба??а деген ынтасы, белсенділігі арта т?сері аны?. 9-10 сыныпта ойын т?рінде ?ткізілген сыныптан тыс шараны? жоспарын ?сынып отырмын.

Ма?саты: О?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру,     математикалы? ой ?рісін дамыту, ал?ан білімдерін пысы?тау.

К?рнекілігі: плакаттар, ?анатты с?здер

  1. ?йымдастыру б?лімі:

О?ушылар?а ойынны? ма?сатын т?сіндіру.

Ойынны? барысы:

1-ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі жастар-хал?ымызды? болаша?ы, елімізді? ерте?і. О?ушыларды? ой-?рісін ке?ейтіп, есте са?тау ?абілетін шы?дайтын, білімді жастарды аны?тайтын «Математикалы? колейдоскоп» атты сайысымызды бастаймыз.

?ылымдарды? патшасы атан?ансы?,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата ал?ансы?.

Т?збейтін ?тірікке, жал?анды??а!

Жасы?тан емессі? сен, ?аталдансы?.

«А?ыл-ойды т?ртіпке келтіретін

На?ыз п?н-математика атан?ансы?!»-дей келе орта?а  «Математикалы? колейдоскоп» ойынына ?атысушыларды ша?ырамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Математикалы? калейдоскоп»»


«Математикалық колейдоскоп»


Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бірсарындылық оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан сабақты түрлендіріп өткізсе, онда оқушылардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсері анық. 9-10 сыныпта ойын түрінде өткізілген сыныптан тыс шараның жоспарын ұсынып отырмын.

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, математикалық ой өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.

Көрнекілігі: плакаттар, қанатты сөздер

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларға ойынның мақсатын түсіндіру.

Ойынның барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар-халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Математикалық колейдоскоп» атты сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән-математика атанғансың!»-дей келе ортаға «Математикалық колейдоскоп» ойынына қатысушыларды шақырамыз.


2-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың 1- бөлімін бастаймыз. Әділ-қазылар алқасын сайлау. 1-бөлім (әр сұраққа 10 ұпайдан)


1-жүргізуші:

  1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді?(жер өлшеу)

  2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?(«Әл-жәбр» деген сөзден шыққан)

  3. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ұлы ғұламасы кім?(Әл-Фараби)

  4. Статистикалық сипаттамалардың ең қарапайым түрлерін ата (арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода, медиана)

  5. Түмен қай елдің сөзі және қандай санды көрсетеді?(түрік сөзі, 10000)

  6. Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын бер (барлық бұрыштары және барлық қабырғалары тең дөңес көпбұрыш)

  7. Самарқанда үлкен обсерватория салған. «Білім алу-әрбір мұсылманның басты парызы»-деп айтқан кім? (Ұлықбек)

  8. Аспанда 6 құс ұшып барады, аңшы екеуін атып алды. Неше құс қалды? (2 құс қалды, қалғандары ұшып кетті)

  9. 50-ді 0,5-ке бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай?(103)

  10. Мектепте оқитын «геометрия» пәнінің негізін салушы? (Эвклид)


2-жүргізуші. Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Таң сәрі, сәске, (кіші сәске, ұлы сәске) түсі, бесін (кіші бесін, ұлы бесін), қызыл іңір. Аптада жеті күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктер. Қазақ халқында жеті саны киелі болып саналады. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Білімдар кісіні «жеті жұрттың тілін біледі» -дейді. Көкті жеті қабат, жерді жеті қат деп есептейді. Тіпті, «жұт жеті ағайынды» деген сөздің өзі де, тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байланыс.

1-жүргізуші. Тәуке ханның «жеті жарғы» мен «жеті қазына» деген атаулардағы жетілік санының тектен-тек тумандығы айқын. Басқа-басқа, қауіп-қатерден аман қалған адам үшін жеті шелпек пісіріліп жатуы да немесе садақаға жеті түрлі нәрсе таратылуы да наным-түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «Жетіге келгенше, жерден таяқ жейтін» нәрестеге өсе келе «қазақтың жеті атасын білмеген-жетесіз» деген даналық тұжырым жасауы ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін»-деп

ойынымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын 2-ші бөлімін бастаймыз. Осы бөлімнен кейін ұпайы төмен 2 оқушы ойыннан шығады.


2-жүргізуші:

Тақтада жеті сұрақ ілініп тұр. Бірінші оқушыда таңдау. Сыртында ұпай жазылған. Әр оқушы кезек-кезек таңдап, жетеуін де шешеді. Әр есепке 1 минуттан беріледі. Болған соң жауабын көрсетеді.



10

20

10


20

30

20

30






Сол жақтағы 10. Сұрақ: Үш түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?(түйе құс ұшпайды)

Оң жақтағы 10. Сұрақ: Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең бес бөлікке бөлді. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

Жоғары қатардағы 20. Сұрақ: Суреттегі фигурада неше үшбұрыш бар?(12 үшбұрыш бар)

Ортадағы 20. Сұрақ: 223 – қандай цифрмен аяқталады? (8-бен аяқталады). 223 (22)10 * 23

Төменгі қатардағы 20. Сұрақ: Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың біреуі 1300. Қалған бұрыштарын табыңдар.(1300, 500, 500)

Төменгі қатардағы сол жақтағы 30. Сұрақ:


а-ның орнына қандай санды қоюға болмайды?(6-ны)

Төменгі қатардағы оң жақтағы 30. Сұрақ: Қорада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, неше тауық, неше қоян бар? (5 тауық, 10 қоян бар)


1-жүргізуші. «Полиглот» деп аталатын 3-бөлімде оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тіліне жүйріктігін тексереміз. Екі аудармаға 20, біреуін тапса 10 ұпай беріледі. Ұпайы төмен 1 оқушы ойыннан шығады.


2-жүргізуші.

  1. Денесі бар шыбықтан,

Темір тұмсық құдықтан.

Сусын алып ішеді,

Ойы із боп түседі. (қалам, ручка, pen)

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш, линейка, line)

  1. Ақыл ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (білім, знания, knowledge)

  1. Үнсіз тілдесесің,

Өзімен күнде өсесің. (кітап, книга, book)


1-жүргізуші. Ойыншыларымыздың ұпайы төмен 1 оқушы ойыннан босатылады. Сізге рахмет! Сонымен ойынымыздың келесі бөлімі «жанды сұрақтар». Бұл бөлім бойынша сіздерге қойылатын сұрақтардың жауаптары 3-нұсқада беріледі. Сіздер сол нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауларыңыз керек.

  1. Координаталық түзуді кім енгізді?

А. И.Ньютон; Ә. (Р. Декарт) Б. Э.Галуа

  1. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы.

А. О.Жәутіков Ә. Қ.Исаков Б. С.Сыдықов

  1. «Жиын теориясының» негізін салушы кім?

А. Р.Декард Ә. Э.Галуа Б. Г.Кантор


2-жүргізуші. Сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жорға» бөліміне көшейік. Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұрақтарға тез әрі нақты жауап берулеріңіз керек. 1 минут ішінде қанша сұрақ тыңдап нешеуіне дұрыс жауап беру сіздің шапшандығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауап 10 ұпай. Қазір ойынның шарты бойынша ұпайы аз оқушының уақытша ойыннан шыға тұруы сұралады.

1.Айырмашылығы тек таңбасында болатын сандар (қарама-қарсы сандар)

2. 0-ден үлкен сандар (оң сандар)

3. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0-ге тең)

4.

5. Кері сандардың көбейтіндісі (1-ге тең)

6. 9-ға кері сан (1/9)

7. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

8. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

9. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)

10. 0 неге тең? (1)

11. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (3600)

12. Бір жазықтықта жатпайтын түзулер (айқас)

13. а22 = с2 кімнің теоремасы? (Пифагор)

14. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?(0)

15. ? (1)

16. ах2+вх+с=0 түріндегі теңдеу? (квадрат теңдеу)

17. 75%- санның қандай бөлігі? (3/4)

18. Геометриялық кеңістікті зерттейтін бөлімі (стереометрия)

19. Қиылыспайтын түзулер (параллель)

20. Ең кіші жай сан (2)


1. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)

2. 0- неге тең?(1)

3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?(1800)

4. -негe тең? (2)

5. Минуттың 1/60 бөлігі (секунд)

6. Геометрияның жазықтықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі (планиметрия)

7. Квадраттық функцияның графигі (парабола)

8. 25%-санның қандай бөлігі?(1/4)

9. Берілген шаманың 1/100 бөлігі? (процент)

10. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр)

11. Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес теңсіздіктер)

12. Перпендикуляр түзулердің арасындағы бұрыш (900 )

13. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

14. Нәрселерді санау үшін қажет сандар. (натурал сандар)

15.? (1)

16. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? ( бұрыс бөлшек)

17. ах4+вх2+с=0 қандай теңдеу? (биквадрат)

18. Пифагор теоремасын айт. (а22 = с2)

19. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

20. 9-сынып алгебра оқулығының авторы. (Шыныбеков)


Сайыс сонында жеңімпаз оқушы анықтарып сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Енді осымен ойнымыз аяқталды, сөзді әділ-қазы мүшелеріне берейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Математикалы? калейдоскоп»

Автор: Тулендинова Кадиша Жолдаспековна

Дата: 07.12.2015

Номер свидетельства: 263031

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Математикалы? калейдоскоп" "
    ["seo_title"] => string(27) "matiematikalyk-kalieidoskop"
    ["file_id"] => string(6) "170035"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423495051"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Математикалық калейдоскоп""
    ["seo_title"] => string(25) "matematikalyk_kaleidoskop"
    ["file_id"] => string(6) "623870"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1674476642"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сыныптан тыс іс-шара "?ызы?ты математика.""
    ["seo_title"] => string(36) "synyptantysissharakyzyktymatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "261923"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449229062"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сыныптан тыс саба?  "?ызы?ты математика.""
    ["seo_title"] => string(34) "synyptantyssabakkyzyktymatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "261924"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449229129"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) ""Математикалық калейдоскоп" сыныптан тыс шарасы"
    ["seo_title"] => string(48) "matiematikalyk_kalieidoskop_synyptan_tys_sharasy"
    ["file_id"] => string(6) "397469"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488537143"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства