Просмотр содержимого документа
«"Математикалық калейдоскоп" сыныптан тыс шарасы»
Тақырыбы: Математикалық калейдоскоп
Мақсаты:Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете үйрету.Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан - жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: білімді бекіту. Сабақтың типі: жарыс сабақ Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс. Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану. Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару. II. Психологиялық дайындық Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат, Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық. Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық Балалар, бүгін біз сіздермен " Математикалық калейдоскоп" атты интеллектуалды жарыс өткіземіз. Жарысқа екі топ қатысқалы отыр I. топ"Алғырлар" II. топ " Тапқырлар" Жарыс ережесімен таныстыру. Әділқазылар мүшелерімен таныстыру. Жарыс 8 кезеңнен тұрады. 1. Таныстыру 2. Сиқырлы сөздер. 3 Кім жылдам? 4. Кім көп біледі? 5. Білгенге маржан. 6. Ғажайып аланы 7. Сын сағаты. 8. Өнерлі болсаң. Құрметті ұстаздар, оқушылар! "Математикалық калейдоскоп " сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық. Бас иіп топ алдына шығатын Сәлемдесу парызы әрбір жастың Білімдерін паш етер сайыскерлер Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"! Сөз кезегін " Тапқырлар" және "Алғырлар"топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын таныстырады.) 1 - кезең: Таныстыру. 1 - топ.Ұраны: Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл, Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл! 2 - топ. Ұраны: Неше сұрақ қозғайтұғын ойшылдар, Шешуі сол сұрақтардың дәл шығар! 2 - кезең."Сиқырлы сөздер" Қазір мен тақтаға" Қайырымдылық" сөзін жазамын. Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді құраса, сол топта көп ұпай болады.(екі минут уақыт беріледі). 3 - кезең."Кім жылдам" кезеңінде математика пәнінен сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауды көтерсе, сол топ жауап береді.
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Баймұханов, Базаров)
10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
12. 225 нешенің квадраты (15)
13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
II-топ
1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)
10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
12. Ең үлкен хорда. (диаметр)
13. 35 -тің квадраты (1225)
4 - кезең "Кім көп біледі" Бұл кезеңде әр топ кезек - кезек мақал айтудан жарысады. Көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады. 5 - кезең "Білгенге маржан"
1. Арифметика математиканың, ал математика арифметиканың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
6 - кезең "Ғажайып аланы"
20----20----20 \\30----30----30
40----40----40
1. (әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
2. Әзіл есеп Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 127
3 . “Тосап жеу”Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?
Жауабы: 2 мин
4. Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?
Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)
5.Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.
Жауабы: Гарриот
6.
1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.
Жауабы: Рене Декарт
7. XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім? Жауабы: Лейбниц
8..
«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы
(262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.
Жауабы: Аполлони
9. «Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
Жауабы: Лейбниц
7 - кезең "Сын сағаты"кезеңі бойынша әр топқа жағдаяттық сұрақ қойылады. Олар сол сұраққа ойланып, өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді. 1 - топқа сұрақ: Сабақта "2" алып қалдыңдар оған ұстазың да, анаңда қатты ренжіді, сол ренішті қалай өтер едіңдер? 2 - топқа сұрақ: Мектепке жаңа доп алып келдің. ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсіңдер? Үйдегілерге не айтасыңдар?
8 - Кезең "Өнерлі болсаң"
Қорытынды Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау. Ойын толқын жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар. Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі сайысымыз аяқталды.
1. Таныстыру 2. Сиқырлы сөздер. 3 Кім жылдам? 4. Кім көп біледі? 5. Білгенге маржан. 6. Ғажайып аланы 7. Сын сағаты. 8. Өнерлі болсаң.
Қайырымдылық
Математика
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Баймұханов, Базаров)