kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математикалық калейдоскоп"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан тыс шара "Математикалық калейдоскоп". Қызықты логикалық есептер мен тапсырмалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математикалық калейдоскоп"»

Сыныптан тыс шара (5 сыныптар)


Тақырыбы: МАТЕМАТИКАЛЫҚ КОЛЕЙДОСКОП


Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлауын тереңдету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар

Түрі: сайыс сабақ


Сайыс сабағының барысы:

Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, оқушылар!

Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат

бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Мектебімізде математика апталығы болып жатыр. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып «Математикалық калейдоскоп» атты танымдық ойынымызды мынадай өлең шумақтарымен бастаймыз.

Уа, жарандар, жарандар

Мына бізге қараңдар,

Мінекей сыныпта тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

ойын – сайысты бастаймыз!

Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, ол әр уақытта да батымды. Ендеше ортадағы білім сайысына түсетін 5 «А, Ә, Б» сынып оқушыларын шақырайық.

Ойын барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныстырайық:

1.

2.

3.

Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Әл-Фараби «Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады,»- деген.


Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ балл алады.

Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар, сайыс мынадай бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Лабиринт

  3. Қоянның есебі

  4. Ойлан-тап

  5. Не артық?

  6. Мозаика

  7. Сіріңке есептері


  1. Таныстыру. (сәлемдесу, эмблема, ұран)


  1. Лабиринт. Қоянға сәбізге жететін жолды табуға көмектесіңдер

(І-ші орындаған командаға 3 балл, ІІ -2 балл, ІІІ – 1 балл)

  1. Қоянның есебі

Қоянның тапқан сәбізі үлкен болып шықты. Ол достарымен бөліскісі келді. Бірінші қоян осы сәбізді 2 күнде, екінші қоян 3 күнде, үшінші қоян 6 күнде жей алса, үшеуі бірігіп бір сәбізді неше күнде жеп қояды?

  1. «Ойлан – тап!»

1. Қанша қалтам?

Өзімде бар сан қалта

Арт жағымда қос қалта

Жейдеде екі төс қалта

Пиджакта екі іш қалта

Бір төс қалта және бар

Сонда есепте, кәне ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар? (12)


2. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Имашқа

Қалады сонда қанша алма. (24)


3. Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді (8)

  1. Жай сан дегеніміз не? (1-ге және өзіне бөлінетін сандар)


5. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. ( сызғыш )


6. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)


7. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)


8. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)


9. Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші бөлшек)


10. 2-нің кубы қанша? (8)


11. Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен үлкен бөлшек)


12. Өзара кері сандарды ата. (көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер)


5. «Не артық?»



6. «Мозаика»

3,4,5,6,7,8,9 сандар берілген. Әр жолдағы сандардың қосындысы тең болатындай сандарды орналастырыңдар.


7. «Сіріңке есептері»

1) 12 сіріңкеден 5 шаршы құрастырыңдар.
2) Шыққан фигурада екі бірдей шаршы шығатындай 4 сіріңкені алып тастаңдар.
3) 1-ші есепте шыққан фигурадан екі шаршы шығатындай екі сіріңкені алып тастаңдар.

Жауаптары:

Көрермендермен ойын


Бір көжекке бір көжек

Келе қалды қонаққа,

Бес сәбізден бірден жеп,

Тойып алды тамаққа.

Айта қойшы алғырың

Қанша сәбіз барлығы?(10)


Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі – қайың астынан.

Біреуі – терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?(3)


Қасқыр қақты қақпаны.

-Ашыңдар тез! – айтқаны.

Сол-ақ екен, лақтар –

Титтей-титтей шұнақтар

Жан-жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді:

Бірі – төсек астына,

Бірі – пештің қасына,

Бірі – сәкі астына,

Бірі – астына кереует,

Бірі – тапқыр керемет

Отыр күбі түбінде.

Қанша лақ бар бұл үйде?(5)


Үйге кірді Алдияр,

Оған қоса Мадияр,

Кейін келді Айдана,

Қанша болды бар бала?(3)


Тауық шықты көшеге,

Ерді барлық шөже де.

Алға кетті 7-еуі,

Артта қалды 3-еуі.

Санай алмай барлығын

Есі шықты тауықтың.

Сен есепте, балақан,

Қанша еді балапан?(10)





Әр қолына Нүриден

Төрт өріктен бердім мен.

Бала санай білмеді,

Неше өрік ол жеді?(8)


Ұлпа жүнін қыздырып,

Күн шуақта бір күшік,

Отыр еді маңына,

Келді тағы бір күшік.

Қанша күшік барлығы?(2)



Алты қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда?(5)




ҚОРЫТЫНДЫ


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Математикалық калейдоскоп"

Автор: Конырбаева Динара Абжановна

Дата: 23.01.2023

Номер свидетельства: 623870

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Математикалы? калейдоскоп" "
    ["seo_title"] => string(27) "matiematikalyk-kalieidoskop"
    ["file_id"] => string(6) "170035"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423495051"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Математикалы? калейдоскоп»"
    ["seo_title"] => string(26) "matiematikalykkalieidoskop"
    ["file_id"] => string(6) "263031"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449473573"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сыныптан тыс іс-шара "?ызы?ты математика.""
    ["seo_title"] => string(36) "synyptantysissharakyzyktymatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "261923"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449229062"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сыныптан тыс саба?  "?ызы?ты математика.""
    ["seo_title"] => string(34) "synyptantyssabakkyzyktymatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "261924"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449229129"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) ""Математикалық калейдоскоп" сыныптан тыс шарасы"
    ["seo_title"] => string(48) "matiematikalyk_kalieidoskop_synyptan_tys_sharasy"
    ["file_id"] => string(6) "397469"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488537143"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1680 руб.
2400 руб.
1580 руб.
2260 руб.
1850 руб.
2640 руб.
1450 руб.
2070 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства