Просмотр содержимого документа
«Математика ойын әлемінде.»
«Математика ойын әлемінде»
"Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе - білім"
М.Әуезов
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылырдың тоқсан бойынша алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілітін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамутушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, слайд.
Түрі: топқа сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
Сұрақ-жауап
Математикалық эстафета
Жұмбақтар
Көңілді санау
Қорытынды
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын тексеру.
Балалар, біз бүгінгі сабағымыз «Математика ойын әлемінде» деп аталады. Сабақ барысында біз тоқсан бойынша өткен материалдарымызды қайталау мақсатында 2 топқа бөлініп сайысамыз.
1-топ. 5 класс оқушыларынан құралған «Тапқырлар» тобы
2-топ. 6 класс оқушыларынан құралған «Білгірлер» тобы
Енді сайысымызды бастамас бұрын сайыстың бөлімдерімен таныс болайық
«Математикалық эстафета» (Әр топтың мүшелері уақытты үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығару керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі)
1-топ
7;
Алымын бөліміне бөліп, ондық бөлшекке айналдыр: ;
2-топ
6;
Алымын бөліміне бөліп, ондық бөлшекке айналдыр: ;
«Венн диаграммасы»
Оқушылар Венн диаграммасы бойыша ондық бөлектер және жай бөлшектерге сипаттама береді.
«Жұмбақтар» сайысы: (Оқушыларға жұмбақтар қойылады.Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)
Көлден ұшты 50 қаз, Қайтып қонды 20 қаз Қонбады оның нешеуі, Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
4-жұмбақ:
11 түйе, бес жылқы. 2 сиыр, бір ешкі 2 қоян, үш түлкі, Неше болды барлығы? (24)
«Көңілді санау» сайысы.
Кестедегі сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының кестедегі сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы жеңіс иесі болады.
(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады)
Осымен, оқушылар «Математика ойын әлемінде» атты сайыс сағатын аяқтаймыз. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.