kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Математика – барлы? ?ылымдар патшасы, ал арифметика оны? патшасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды? білім де?гейін аны?тау, ойлау ?абілетін дамыту, математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. О?ушыларды? шы?армашылы? ізденісін, тап?ырлы?ын, зеректігін, ойлау?а икемділігін дамыту?а ы?пал ету. О?ушыларды ал?ырлы??а, шапша?ды??а, тап?ырлы??а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Математика – барлы? ?ылымдар патшасы, ал арифметика оны? патшасы» »

Мерзімі: 24.01.2014 ж

Сыныбы: 9, 10, 11 сыныптар

Тақырыбы: «Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы»

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілетін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: Математикалық сайыс

Әдісі: Топ бойынша жұмыс

Көрнекілігі: Жылжымалы тақта, әртүрлі суреттер, кестелер, қанатты сөздер.

Жоспары:

І. Кіріспе сөз

ІІ. Өмірдерек (таныстыру, эмблема қорғау)

ІІІ. Шапшаңдық (9 сынып)

ІV. Байқағыштық (топ бойынша жұмыс)

V. Фигураларды құрастыру (10 сынып)

VІ. Формулалар әлемі (топ бойынша жұмыс)

VІІ. Әр қолда – өзінің ісі (жанкүйерлер сайысы)

VІІІ. Мықты болсаң, жеңіп көр (11 сынып)

ІX. Күлдіргі жұмбақ шешу ( топ бойынша жұмыс)

X. Топ жетекшілерімен сайыс (сөз құрау)

XІ. Қорытынды.



Құрметті де, қымбатты, ардақты да, аяулы ұзтаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Математика – барлық ғылымдар патшасы» атты сайысымыздың шымылдығын «Ақмаржан» би тобының «Боз інген» биімен ашуға рұқсат етіңіздер.

І. Кіріспе сөз.

- Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріне жар салайын

Бүгінгі сайыс төрінде,

Математика елінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді сайыс жасайық.

Асып әсте саспайық

Батыл қадам жасайық,

Сайыс қызығын, ей достар,

Осылайша шабытпен

Қане енді бастайық!



Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда

Сынау үшін өздерінің бақтарын

Шықсын қәне, өнерімен ортаға!

Ортаға сайысқа түскелі отырған топтарды шақырамыз.

1 – топ.

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты, - деп ортамызға Архимед тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

2 – топ.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Пифагортобын тосайық

Қол соғып, қарсы алайық. Ортаға Пифагор тобы шығады.



3 – топ.

Уа, халайық, халайық!

Бәріне жар салайық.

Бұл сайысқа қатысуға,

Логарифм тобы

Келіп тұр ортамызға.«Логарифм» тобын қарсы алыңыздар!



Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Енді әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Жарылкасинова Роза – физика пәні мұғалімі

Құлханова Қаласқас – математика пәні мұғалімі

Мыңбаева Айгүл – әдіскер, тарих пәні мұғалімі.



Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Өзімізді таныстырып тастайық – деп сөз кезегін әр топқа береміз. Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ. Өмірдерек (таныстыру, эмблема қорғау)

ІІІ. Шапшаңдық (9 сынып)

Әр топтан ортаға 9 сынып оқушылары шығады. Оқушылардың алдарына 0 – 9-ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар қойылады. Көбейтіндіні, қосындыны айырманы және бөліндіні екі цифр арқылы тез карточкаларымен көрсетулері керек. Қай топ бұрын көрсетсе, сол топ шапшаңдық танытады. Әрбір дұрыс және бірінші көрсетілген жауап 5 балдық жүйемен бағаланады.

9*5=45 18+7=25 48:3=16

7*8=56 63+12=75 46:2=23

9*6=54 99 – 54=45 80:4=20

4*3=12 85 – 32=53 78:3=26

2*15=30 75 – 33=42 60:5=12

ІV. Байқағыштық (топ бойынша жұмыс)

Қытайдың көне «Же – ким» деген кітабында қасиетті тасбақа туралы аңыз бар. Жыл бұрын император Ню өзен бойынан қасиетті тасбақаны көрген. Оның арқасында ақ және қара дөңгелектерден құрастырылған сурет бар. Әр фигураны дөңгелектер санына қарай ауыстырса кесте шығады. Кестенің ішіндегі сандарды қалай қоссаңда 15 саны шығады. Қытайлар бұл суреттер «ло – шоу» деп қасиетті таңба ретінде маги квадраты деп атаған.

Келесі сайысымыздың шарты, тиісті сандарды тауып, сиқырлы квадраттың бос тор көздерін толтыру керек. Нұсқау: Сиқырды квадраттың қатарлары бойындағы, бағандары бойындағы және қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінділер бойындағы сандардың қосындысы тең болуы керек және бір сан қайталанбауы шарт.



1 – топ.

6 123

4710

11 2 8



2 – топ.



11 49

6810

7 12 5



3 – топ.

4 9 2

3 5 7

816



Топтар дайын болғанша, тамаша өлең тыңдасақ.

8 «ә» сынып оқушысы Өтебай Әділеттің орындауындағы «Жалында» әнін қарсы алыңыздар.



V. Фигураларды құрастыру (10 сынып)

Әрбір топқа 5 есеп беріледі. Олардың жауаптары фигура бөдшектеріне жазылған, есепті дұрыс шешіп фигураны құрастыру керек. Фигураны бірінші құрастырған топ жеңімпаз атанады және 10 ұпаймен бағаланады.

1 – топ. Архимед тобына. «Үй»















2 – топ. Пифагор тобына. «Балық»













3 – топ. Логарифм тобына. «Гүл»





VІ. Формулалар әлемі (топ бойынша жұмыс)

Әрбір топқа бір парақ қағаздан беріледі. Олар өздерінің осы уақытқа дейін игерген, білетін формулаларын жазады. Әрбір дұрыс формула 1 ұпаймен есептеледі.



VІІ. Әр қолда – өзінің ісі (жанкүйерлер сайысы)

Әр топтың жанкүйерлерін ортаға шақырамыз. Ойыншыларға қағаз және екі қолына екі қарындаш беріледі.

Тапсырма: Сол қолымен үш үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Жақсы салған жанкүйердің тобына 5 ұпай беріледі.



VІІІ. Мықты болсаң, жеңіп көр (11 сынып)

Әр топтан сынып оқушыларына жеке – жеке математикалық термин оқылады. Естерінде қалғанын алдарындағы парақшаларға түсіреді. Топтағы 11 сынып оқушылары бір – бірімен ақылдасуға болады. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі. Егер кімде – кім көп термин жазса, сол топ 10 ұпаймен бағаланады.

1 – топ:

Коэффициент. Таңба. Сан. Координата. Натурал. Виет. Фигура. Түрлендіру. Көбейткіш. Көлем. Перпендикуляр. Сызғыш. Бөлшек. Кесінді. Симметрия.

2 – топ.

Түзу. Трапеция. Фалес. Бүтін. Функция. Бұрыш. Тіктөртбұрыш. Бөлінгіш. Параллелепипед. Сүйір. Дөңгелек. Пропорция. Сәуле. Хорда. Жанасу.

3 – топ.

Иррационал. Ромб. Теңсіздік. Теорема. Бөлшек. Параллелограмм. Қосынды. Аудан. Сыбайлас. Доғал. Циркуль. Процент. Өрнек. Көпмүше. Радиус.

Сайыскерлеріміз дайын болғанша «Ақмаржан» би тобының орындауындағы «Жадо» биін тамашаласақ.

ІX. Күлдіргі жұмбақ шешу ( топ бойынша жұмыс)

Бұл жұмбақ үш топқа бірдей айтылады.

Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан траллейбуста кондуктор мен шофердан басқа 23 адам болды. Көпір жанында 5 адам шығып, 3 адам кірді. Келесі 9 рет тоқтағанда 17 адам шығып, 19 адам кірді. Вокзал жанында барлық адам түгел шықты және бір адамның билетсіз мінгені анықталды. Сұрақ: траллейбус неше рет тоқтады? (1+1+9+1=12)

X. Топ жетекшілерімен сайыс (сөз құрау)

Әр топтың топ жетекшілерін ортаға шақырамыз. Топ жетекшілер «АРИФМЕТИКА»сөзінен бірнеше сөз шығару керек және әріптерді қайталамау шарт. Қай топ шапшаңдық танытып көп сөз құраса, сонша ұпай иеленеді.

Енді әділқазы мүшелері сайысымыздың қорытындысын шығарғанша 10 «ә» сынып және 9 «ә» сынып оқушылары Нұрбаев Рахим мен Жақсылықов Қайнардың орындауындағы «Көк айдай» әнін қабыл алыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
«Математика – барлы? ?ылымдар патшасы, ал арифметика оны? патшасы»

Автор: Башимова Гулшат Мухтаркызы

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181514

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Логарифм ж?не оны? ?асиеттері.Логарифмдік те?деулер."
    ["seo_title"] => string(54) "logharifmzhnieonynkasiiettierilogharifmdiktiendieulier"
    ["file_id"] => string(6) "299320"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456498484"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Математикалы? сайыс 9-сынып "
    ["seo_title"] => string(28) "matiematikalyk-saiys-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "175518"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424275081"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "«Математика-?ылымдар патшасы» сыныптан тыс саба?."
    ["seo_title"] => string(43) "matiematikagylymdarpatshasysynyptantyssabak"
    ["file_id"] => string(6) "292189"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455248547"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "«Математика-?ылымдар патшасы» сыныптан тыс саба?."
    ["seo_title"] => string(44) "matiematikagylymdarpatshasysynyptantyssabak1"
    ["file_id"] => string(6) "292190"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455248554"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Математика - ғылымдар патшасы"
    ["seo_title"] => string(30) "matiematika_g_ylymdar_patshasy"
    ["file_id"] => string(6) "373880"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482839002"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства