Просмотр содержимого документа
«Математика таза ауада»
Армысыздар, ұстаздар, оқушылар!
15-19 қаңтар аралығында мектебімізде физика-математика-информатика пән бірлестігінің « Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты тақырыппен апталығы өтіп жатырғаны баршамызға мәлім.Олай болса, сол апталықтың бір бөлімі 6-сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша «Математика таза ауада» квест ойын-сайысы өткелі отыр.
Сайыстың мақсаты: ойын нәтижесінде оқушылардың білім алуға деген құштарлығы артады, ой-өрісі мен таным белсенділігі жан-жақты жетіледі.
Ойынға 6 «а», «ә», «б», «в», «г» сыныптары қатысады.
Олай болса, егеменді елдің ертеңі ұрпағының оқу-білімінің реңімен өлшенеді.
Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар – еліміздің баға жетпес байлығы, қазынасы.
Мынау елдің ертеңі де сендерсің,
Ұлы жұрттың ұяты да сендерсің.
Байтақ дала болашағы қолыңда,
Бақыттарың білімменен өрлесін, – дей келе сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.
1. «Аққала сәлемдемесі» (Оқушылар аққалалалардың ішінде сәлемдемесі бар аққаланы табуы керек және математикалық сауаттылық есебін орындайды)
2. Сандықшадан шыққан бас қатырғы. ( Оқушылар қарға көмілген сандықшаны тауып, тапсырманы орындау қажет)
3. Қызықты квадраттар. (Мектеп ауласында жасырылған затты тауып1 - ден 9- ға дейінгі сандарды тігінен, көлденеңінен орналастырып, әр жолда 15 саны шығатындай, квадраттарды толтыру)
4. Конкурс «Кім тапқыр?» (Мектеп алаңында ілінген жалаушалардың ішінен ерекше жалаушаны тауып,тапсырманы орындау)
Қорытынды.Марапаттау.
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналып отырмыз.
Әр бөлімде оқушылар логикалық есептер шығарып, сұрақтарға жауап бере отырып, математика пәні бойынша алған білімдерімен сайысқа түседі.
Бұл сайыста шалттық керек, жауабын білетін топ тез жауап беріп, ұпай жинауға тырысуы қажет.
Жас достарым мұны жақсы ұғайық.
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың , қозғалыстың бәрінде,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Олай болса тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділ қазыларды шақырайық.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Ал енді оқушылар онда ойынымызды бастайық.
1-тапсырманы мектеп алаңы бойымен сағат тілімен бағыттас жүргенде 12 – баған жанынан табуға болады.
Бұл бөлімде оқушылар аққаланың сәлемдемесін тауып әкеліп, топпен орындауға кіріседі.
Математикалық сауаттылық есептері
1)Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз
1 8 27 ? 125 216
А) 64 ; В) 625; С) 100; Д) 25; Е) 36
2) Қазір шешесі 44 жаста . Баласы 10-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы шешесінің жасына тең болады?
А) 28; В) 20; С) 26; Д) 24; Е) 30
3) 8; 23; 48; 83; 128; ... сан тізбегі берілген. Келесі санды анықтаңыз
А) 153; В)183; С)143; Д)163; Е)173
4) Сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
3 2 15
4 6 30
5 9 ?
45; B) 42; C) 50 ; D) 41; E) 40
5) Отбасында екі қыз бар. Олардың әрқайсысының үш інісі бар. Отбасында ең аз болғанда неше бала бар? A) 6; B) 2; C) 5; D) 8; E) 3
6) Cуреттегі үйдің жоспарын пайдаланып, осы үйдің жалпы ауданын анықтаңыз.
A) 70 м2
B) 75 м2
C) 76 м2
D) 74 м2
E) 72 м2
Оқушылар есептерін шығара берсін , біз көрермендерге сұрақтар беріп, олардың да білімін тексеріп өтсек.
Жанкүйерлерге тапсырма:
666 санын ешқандай амал таңбасын қолданбай 1,5 есе арттыру керек. Оны қалай орындауға болады?
Дұрыс жауап: 666 саны жазылған қағазды 1800 - қа бұру керек.
2)188 санын екіге бөлгенде , нәтижеде 1 саны шығуы керек. Оны қалай орындауға болады?
Дұрыс жауап: Осы санның ортасын көлденеңінен сызу керек.
188 .
көрермендер біз өлеңмен берілген жұмбақ есептерді шешіп көрелік. 3). Бір бірімен жарысқан Төрт аю, бір арыстан. Үш қоян, бір мәлік бар Бәрі нешеу? Табыңдар. (9) 4) Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді) 5)Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта: 0, 3, 8, 15, ? (24)
6). Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақпен қос ешкі. Төрт қозылы екі қой Бәрін бірге санап қой. (17) 7). Дүкеннен мен сабын алдым, Оның және қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші соның бәрі Қанша болды қолда бары (6) 8) 11 түйе,бес жылқы. 2 сиыр,бір ешкі 2 қоян,үш түлкі, Болды сонда нешеуі? (24) 9). Кездесіп бір топ аңменен, Болды отыз бас малменен. Олар кетті қоштасып, Үш түлкімен достасып Есепті ойлап тезірек, Мал саны қанша шешіңіз? (33)
2-тапсырманы мектеп алаңы бойымен сағат тілімен бағыттас жүргенде 30 – баған жанынан табуға болады.
Осы баған жанына қарға көмілген сандықшаны тауып, тапсырманы орындау қажет. Суреттерді түске бояйды. Оқушыларға осы тапсырмадағы 20 санының қандай себеппен алынғандығын айтып өту керек.
Тапсырманы топ мүшелері орындап болғанша жанкүйерлермен
«Ойымды жалғастыр» мақал-мәтелдерді жалғастыру ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ-... 2.ОТЫЗ ТІСТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ-.... 3. ЕКІ ЖАҚСЫ ҚАС БОЛМАС-.... 4.ЖҮЗ СОМЫҢ БОЛҒАНША-.... 5.ДОСЫҢДЫ ҮШ КҮН СЫНАМА-.... 6.БІР КІСІ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН- .... 7.БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР-.... 8.БІЛГЕНІҢ БІР ТОҒЫЗ-....
Оқушылар келесі тапсырмаларың осы 20 санымен байланысты.
3-тапсырманы мектеп алаңы бойымен сағат тіліне қарсы бағытта жүргенде
20 – баған жанынан табуға болады.
Қызықты квадраттар.
1 - ден 9- ға дейінгі сандарды тігінен, көлденеңінен орналастыр, әр жолда 15 саны шықсын.
1
8
6
9
4
2
5
3
7
4-тапсырманы мектеп алаңында ілінген жалаушалардың ішінен ерекше жалаушаны іліп, тапсырманы сол жалаушаның біріне жасыру керек.
4-тапсырма
Конкурс. Санмен байланысты қандай көркем фильмдер немесе мултьфильмдер аттарын білеміз. Қане қай топ көп ұпай жинар екен.
Көрнекілігі: табиғат аясы, үлестірмелі қағаздар,тапсырмалар, сандықша,жалауша
Сабақтың барысы:
I. 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды квест ойыны шартымен таныстыру.
2. Әділ қазылармен таныстыру.
II.Ойын жоспары:
1. «Аққала сәлемдемесі» (Оқушылар аққалалалардың ішінде сәлемдемесі бар аққаланы табуы керек және математикалық сауаттылық есебін орындайды)
2. Сандықшадан шыққан бас қатырғы. ( Оқушылар қарға көмілген сандықшаны тауып, тапсырманы орындау қажет)
3. Қызықты квадраттар. (Мектеп ауласында жасырылған затты тауып1 - ден 9- ға дейінгі сандарды тігінен, көлденеңінен орналастырып, әр жолда 15 саны шығатындай, квадраттарды толтыру)
4. Конкурс «Кім тапқыр?» (Мектеп алаңында ілінген жалаушалардың ішінен ерекше жалаушаны тауып,тапсырманы орындау)
III.Қорытынды.Марапаттау.
2017-2018 жылы15-19 қаңтар аралығында математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің « Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» тақырыбында өткен апталықта 6-сыныптар арасында өткен «Математика таза ауада» квест ойынына
Анықтама
18.01.18 күні 6-сыныптар арасында өткен квест ойынына 6-сыныптардан
үш оқушыдан он екі оқушы қатысты. Ойын «Аққала сәлемдемесі», «Сандықшадан шыққан бас қатырғы», «Қызықты квадраттар», «Кім тапқыр?»бөлімдерінен тұрды.
«Аққала сәлемдемесі» Оқушылар аққалалалардың ішінде сәлемдемесі бар аққаланы табуы керек және математикалық сауаттылық есебін орындады.
2. Сандықшадан шыққан бас қатырғы. Оқушылар қарға көмілген сандықшаны тауып, тапсырманы орындады
3. Қызықты квадраттар.Мектеп ауласында жасырылған затты тауып1 - ден 9- ға дейінгі сандарды тігінен, көлденеңінен орналастырып, әр жолда 15 саны шығатындай, квадраттарды толтырды.
4. «Кім тапқыр?» Мектеп алаңында ілінген жалаушалардың ішінен ерекше жалаушаны тауып,тапсырманы орындады.
Осы ойында 6 «Б», 6 «А» сынып оқушылары ерекше көзге түсті.Нәтиже бойынша 24 ұпаймен 6 «Б» сыныбы бас жүлдені, 22 ұпаймен 6 «В» сыныбы
I орынды, 18 ұпаймен 6 «А» және 6 «Ә» сыныптары II орынды иеленді.
Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№273 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі