5 ұпай – Арман әр туған күніне қанша жасқа толса, сонша тиын алады. Қазір Арманда 15 тиын болса, оның жасы нешеде? (Арманның жасы 5-те)
5 ұпай –Профессор айдың 21 күнінде кешкі 5-те ұйықтады. 22 күні түнгі 2-де оянды. Профессор 21 күнінде неше сағат ұйықтады? (7 сағат)
5 ұпай – Екі адам 5 партия шахмат ойнады. Бірақ әрқайсысы 3 партиядан жеңіске жетті. Ол қалай? (Екеуі бір-бірімен емес, басқа адамдармен ойнап отыр)
10 ұпай – Егер ешкінің бойының ұзындығы пілдің бойының ұзындығынан 180 см кіші, ал пілдің бойы ешкінің бойынан 3 есе ұзын болса, ешкінің бойы нешеге тең? (90см)
10 ұпай – Ұзындықты өлшейтін құралды пайдаланбай, қалайша ұзындығы м шілтерден м шілтерді қиып алуға болады? (Тең үшке бөлікке бөліп орайды, екі бөлігін қиып алады.)
10 ұпай – Жер бетіндегі барлық адамдар бір уақытта не істейді? (есейеді)
10 ұпай – Аш қарынға неше жұмыртқа жеуге болады? (бір жұмыртқа)
15 ұпай – Төрт нүктені үш түзумен қосу.
15 ұпай – Екі жануар бір-біріне телефон арқылы хабарласады. Берілген сандар арқылы қандай жануарлар екенін табыңыз. (Жолбарыс пен арыстан)
15 ұпай – 0 ... 109 сандарының арасында қандай цифр көп кездеседі? (1 цифры)
15 ұпай – Сіз мәреге соңғы келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қай орында келе жатырсыз? (Бұл жағдай мүмкін емес)
3-кезең. Жасырын конверт.
Топ капитандары залда жасырылған конвертті іздейді. Тауып алған соң, ішінде берілген тапсырманы топпен орындайды.
4 – кезең. Балық аулау.
Топ мүшелері кезегімен шығып, балық аулап артындағы тапсырмаларды орындайды