kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Математика ?леміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма??ыстау облысы, Т?п?ара?ан ауданы, А?ш??ыр ауылы

М.?бдіхалы?ов атында?ы орта мектебіні?

бастауыш сынып м??алімі

Жа?ай?ызы Сауле

Саба?ты? та?ырыбы:  Математика ?леміне саяхат

Саба?ты? ма?саты:

О?ушыларды? математика п?нінен білімдерін тере?дету ж?не сол п?нге оларды? ?ызы?ушылы?тарын арттырып дарынды балаларды ай?ындау. Зейінін, еске са?тау, бай?а?ышты?, ба?ыла?ышты?, ?иялдау, танымды? іс – ?рекеттерімен ?здігінен білім алу?а, ізденуге бейімдеу;

Саба?ты? ?дісі: Сайыс

Саба?ты? к?рнекілігі: асы?, слайд,

Саба?ты? ж?рісі:

  • С?лематсыздар ма, балалар?! Б?гінгі бізді? «Математика ?леміне саяхат» интелектуалды? сайысына ?ош келді?іздер!

Мінеки, залда тынышты?,

Естілмейді дыбыс т?к.

М?ны біз де ?оштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

?ылымдарды? ?ылымы,

Математика ?леміне саяхатты бастаймыз!

  • ?ош келіпсіздер,?ымбатты ?стаздар, о?ушылар! Математиканы? жанк?йерлері! Адамзат тарихында ?ай кезе?де болмасын ??ламалар ?ылым мен білім м?селелеріне  ерекше к??іл б?лген. ?азіргі ?аламды? заманда 50 елді? ?атарына ?осылу ?шін білімні? аса ?ажет екенін Елбасы Н.?.Назарбаев жолдауларында баса к?рсетті. ?аза?стан Республикасы ?ркениетті ел болу ?шін е? бастысы білім ?ажет. Білімді болу ж?йелі т?рде ?йренуді?,о?ы?анды зердеге, ми?а то?уды? н?тижесі. Б?гін біз математиканы? ?ыр-сырымен танысып,к??ілді демалып, білім к?шімізді сынау ?шін жиналды?.

?зімді таныстырып ?темін.

  • Б?гінгі сайсымызда ?ш топ болады.  ?рбір команда ??рамына 3 о?ушы кіреді: (2-сыныптан  - 1 о?ушы, 3-сыныптан – 1 о?ушы, 4-сыныптан – 1 о?ушы)

Топ м?шелерімен ж?не ?діл ?азылармен таныстыру.

Сайыс кезе?дері:

1-тур – «Асы?» (командалы? ауызша олимпиада)

2-тур – «?у, баста!» (командалы? жазбаша олимпиада).

3-тур – «Б?йге»  (жекелей ауызша  олимпиада)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Математика ?леміне саяхат »

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жақайқызы Сауле

Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және сол пәнге олардың қызығушылықтарын арттырып дарынды балаларды айқындау. Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу;

Сабақтың әдісі: Сайыс

Сабақтың көрнекілігі: асық, слайд,

Сабақтың жүрісі:

  • Сәлематсыздар ма, балалар?! Бүгінгі біздің «Математика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайысына қош келдіңіздер!

Мінеки, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика әлеміне саяхатты бастаймыз!

  • Қош келіпсіздер,қымбатты ұстаздар, оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне  ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім қажет. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің,оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып,көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық.

Өзімді таныстырып өтемін.

  • Бүгінгі сайсымызда үш топ болады. Әрбір команда құрамына 3 оқушы кіреді: (2-сыныптан  - 1 оқушы, 3-сыныптан – 1 оқушы, 4-сыныптан – 1 оқушы)

Топ мүшелерімен және әділ қазылармен таныстыру.

Сайыс кезеңдері:

1-тур – «Асық» (командалық ауызша олимпиада)

2-тур – «Әу, баста!» (командалық жазбаша олимпиада).

3-тур – «Бәйге» (жекелей ауызша олимпиада)


1-тур – «Асық» (командалық ауызша олимпиада ).

Бірінші кезеңде әр топ қолдарына асықты алып, теріс қарап тұрып лақтырады. Асық қай суретке түссе сол суреттің сұрақтарына жауап береді. Бір топқа 5 сұрақ қойылады. Әр сұраққа 10 ұпай.

1-топ:

  • Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады? Жауабы: 10 - шы қаңтар

  • 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? ( 4 минут)

  • Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді

  • Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
    Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті. 

  • Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2сағат)

2-топ:

  • Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? (40 шақырым)

  • 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? ( екеуі тең)

  • Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша? (6 кг)

  • Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Пернебек 7 гол соқты.Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Пернебек ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме? (Пернебектің командасы жеңді.Жалғыз Пернебектің өзі 7 доп соқса, онда команда 6 доп соғуы мүмкін емес. Сондықтан Пернебектің командасы жеңді.)

  • Дәу тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Бір күні ол жоғарғы қабатта тұрғысы келді де, үйді аударып қойды. Енді дәудің пәтері қай қабатта? (8қабат)

3-топ:

  • Аспазшы шұжықты төрт рет бөлгенде, неше бөлік шықты? (5)

  • Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
    Жауабы: үш

  • Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (Күн болмайды. Өйткені ол түн мезгілі)

  • Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8)



2 тур: «Әу, баста!» (командалық жазбаша олимпиада). Әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындап , түсіндіру керек. Тапсырма оқушының жас ерекшелігіне қарай орындалады.

1-топ:

2-сынып:

3-сынып:

  1. 39:1+56-5-80:1+12:6·10-14= 16

  2. 2222222=100 дұрыс теңдік болатындай теңдік белгісінің сол жағына көбейту және қосу белгісін қойыңыздар.

4-сынып:

  1. Асхат таңертең сағат 7-де, Әлішер Темірланның 4 минутқа кештеу, екі бөлікке Темірлан Асхатқа қарағанда 13 минутқа ерте, ал Ержан Алишерге қарағанда минутқа кеш тұрды. Балалардың аттарын тұру ретімен қойып шығыңыздар.

Жауабы: Темірлан, Әліше р, Асхад, Ержан

\

2топ:

2-сынып




3-сынып:

  1. 100:1+96:2·2·1:6·10-9:3=

  2. 678910=627 теңдігі тура болатындай етіп, теңдік белгісінің сол жағына көбейту және қосу белгісін қойыңыздар.

Жауабы: 67·8+91+0=627

4- сынып

  1. 6 қатарда солдан оңға қарай санағанда 10 адам отыр. Олардың әрбірі не сері, не өтірікші. Өтірікшілер , серілер әрқашанда шындықты айтты. Біріншісі «Таңертең жаңбыр болады» деді. Екіншісі менің сол жақ көршім өтірікші деді. Үшіншісі «менің екі көршімде өтірікші деді.» Оныншысы «Менің тоғыз көршімде өтірікші » Сонда олардың қайсысы сері болғаны?

Жауабы: екі жағдай қарастырамыз. Таңертең жаңбыр жауған болса, онда бірінші –сері, екінші –өтірікші, үшінші - сері, ал, жаңбыр жаумаған болса, онда бірінші - өтірікші, екінші - сері, үшінші - өтірікші, төртінші - сері .... оныншы - сері.


3-топ:

2-сынып:



3-сынып:

  1. 4·4:1+84:1-60:10·5+57-28=

  2. 2,3,4,5,6=1041 дұрыс теңдік болатындай теңдік белгісінің сол жағына көбейту және қосу белгісін қойыңыздар.

23·45+6=1041

Жауабы: 222:2-22:2=100

(22+2)·(2+2)+2+2=100

(22+2)·2·2+2·2=100

4сынып:

Атасы немерлеріне «мен сендерге 160 алма әкелдім. Осыларды екі бөлікке , кіші бөлігін бес есе ұлғайтып, үлкен бөлігін үш есе кішірейткенде тең болатындай етіп екі бөлікке бөл.»-деді. Олар қалай бөлді?

Жауабы. 10 және 150 алмадан бөледі. Есеп шартын ескерсек үлкен бөліктегі алмадан 15 есе артық болуы шарт. Онда барлық алма кіші бөліктегі алмадан 16 есе артық болады. Олай болса кіші бөлікте 160:60 алма, ал үлкенінде 160-10 =150алма болуы керек.

3-тур – «Бәйге» (жекелей ауызша олимпиада) әр топ мүшесі 1 минутта неше сұраққа жауап беретінін анықтау. Әр тапсырмаға 10 ұпай беріледі.

1 топ

2 сынып:

  1. Ең үлкен екі таңбалы санды ата. 99

  2. 3 см неше мм –ге тең? 30мм

  3. Төртбұрыштың неше қабырғасы болады? 4

  4. 83 бірл неше онд неше бірл бар? 8онд 3бірл

  5. 40 пен 10-ның айырмасы нешеге тең? 30

  6. 39 санының іргелес санын ата. 37,38

  7. 30 саны 60 тан неше санға кем? 30

  8. 1,3,9 қандай сандар? тақ

  9. 1 айда неше күн бар? 30-31 күн

  10. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?


3-сынып:

  1. 54 пен 9-дің бөліндісі нешеге тең? 6-ға

  2. Санды сол санның өзіне бөлсең неше шығады? 1

  3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын қандай амалмен алмастыруға болады? Көбейту

  4. 8-дің ½ бөлігі нешеге тең? 4

  5. 1 дм2-та неше см2 бар? 100см2

  6. Ең үлкен төрт таңбалы сан. 1000

  7. 3-тің квадраты нешеге тең? 9

  8. Екі шеті тұйықталған түзеу кесінді

  9. 48 бен 8-дің бөліндісі нешеген тең? 6ға тең

  10. Санды сол санның өзіне бөлсең неше шығады? 1


4-сынып:

  1. Бір жылдың жартысы неше ай? 6 ай

  2. 2-ге бөлінбейтін сандарды қандай сандар дейміз? Тақ

  3. Шеңберді қандай құралдың көмегімен саламыз? Циркуль

  4. Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі мм

  5. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда....... шығады. Екінші көбейткіш

  6.  Бір саннан екінші саннан неше есе кем екенін білу үшін үлкен санды кіші санға.................. керек. Азайтамыз

  7. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді

  8. 400 санының ½- бөлігі 200

  9. 10 санының квадраты нешеге тең? 100

  10. Бірдей қосылғыштарды қандай амалмен алмастыруға болады? көбейту


2 топ:

2 сынып:

  1. Ең кіші екі таңбалы сан. 10

  2. Сыйымылықты немен өлшейді? литрмен

  3. Үшбұрыштың неше қабырғасы болады? 3

  4. 75 бірл неше онд неше бірл бар? 75

  5. 20 мен 30-дың қосындысы нешеге тең? 50

  6. 28 санының іргелес санын ата. 37,39

  7. 30 саны 60-тан неше санға кем? 30

  8. Санды нешеге бөлуге болмайды? 0-ге

  9. Барлық қабырғасы тең қандай фигура? шаршы

  10. Тіктөртбұрышты қандай құралдың көмегімен саламыз? Сызғыш


3-сынып:

  1. 5 жүзд 6 онд 3 бірліктен тұралатын қандай сан? 563

  2. 2-нің квадраты нешеге тең? 4

  3. 20 мен 4 көбейтіндісі нешеге тең 80

  4. Үш таңбалы ең үлкен сан? 999

  5. Ұзындығы 5 см, ені 2 см-ге тең. Ауданы нешеге тең? 10см

  6. Текшенің неше жағы бар? 6жағы

  7. 3000г неше килограмм бар? 3кг

  8. Егер сан нөлден аяқталса 10-ға бөліне ме? бөлінеді

  9. 1-дің кубы нешеге тең? 1

  10. 4м 1дм-де неше дм бар? 41дм


4-сынып:

  1. Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең фигура. Тіктөртбұрыш

  2. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі ғасыр

  3. Ғасырдың жартысы неше жыл? 50 жыл

  4. 2-ге бөлінетін сандарды қандай сандар дейміз? жұп

  5. Көбейтудің қасиеттері ... ауыстр, терімділік, үлестірімділік

  6. 3 мыңд. 6 жүзд. 3 онд. 6 бірл неше бірлік бар? 3636

  7. Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда........................ шығады. Бөлгіш

  8. Бір саннан екінші саннан неше есе артық екенін білу үшін үлкен санды кіші санға.........керек. бөлеміз

  9. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді

  10. 1000 санының ½- бөлігі 500

3-топ:

2 сынып:

  1. Ең үлкен бір таңбалы санды ата. 9

  2. 2 см неше мм –ге тең? 20мм

  3. Үшбұрыштың неше қабырғасы болады? 3

  4. 75 бірл неше онд неше бірл бар? 75 бірл

  5. 20 мен 30-дың қосындысы нешеге тең? 50

  6. 39 санының іргелес санын ата. 37,38

  7. 40 саны 20 дан неше санға артық? 20 санға

  8. 2,4,6 қандай сандар? жұп сандар

  9. 1 аптада неше күн бар? 7күн

  10. 1см 2 мм неше мм-ге тең? 12мм


3-сынып:

  1. 2 жүзд 2 онд 0 бірліктен тұралатын қандай сан? 220

  2. 4-тің квадраты нешеге тең? 16

  3. 30 мен 5 көбейтіндісі нешеге тең 150

  4. Ең кіші үш таңбалы сан? 100

  5. Ұзындығы 4 см, ені 3 см-ге тең. Ауданы нешеге тең? 12см

  6. Кубтың неше төбесі бар? 8

  7. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғанмен көбейтіндінің мәні өзгермейді. Көбейтудің қандай қасиеті? ауыстырымдылық

  8. 2-нің кубы нешеге тең? 8

  9. 9 ц-де неше кг бар? 900

  10. 2 тәулікте неше сағат бар? 48 сағат


4-сынып:

  1. Шеңбердің радиусы 10 см-ге тең. Диаметрі неше см-ге тең?

  2. Жылдамдықты латынның қандай әрпімен белгілейміз? V

  3. 10 см2-та неше мм2 болады? 100мм2

  4. 2-ге бөлінетін сандарды қандай сандар дейміз? жұп

  5. 4 мыңд. 0 жүзд. 1 онд. 2бірл неше бірлік бар? 4012

  6. Көбейтіндінің мәнін екінші көбейткішке бөлсек нені табамыз . (бірінші көбейткішті )

  7. Бір саннан екінші саннан неше есе артық екенін білу үшін үлкен санды кіші санға..не істеуміз ...керек. бөлеміз

  8. 2000 санының ½- бөлігі 1000

  9. Төртбұрышты, үшбұрыш , шеңберді бір сөзбен қалай айтамыз? Фигуралар

  10. Текшенің барлық қыры 2 см-ге тең болса, көлемі нешеге тең болады? 6см3


Ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтау.


















М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі














Десант сабақ






Өткізген: Жақайқызы. С


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Математика ?леміне саяхат

Автор: Жа?ай?ызы Сауле

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 207008


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства