Просмотр содержимого документа
«Конкурс по математике »
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САЙЫС
“ЗЕРДЕЛЕР МЕН ЗЕЙІНДІЛЕР”
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, білімді азаматтар тәрбиелеу.
I тур СӘЛЕМДЕСУ: а) таныстыру
ә) команда эмблемасы
б) ұран
II тур “ҚАЛАУЫҢ БІЛСІН” (таңдалып алынған тапсырма)
Ш тур “ҚАЛЕСПЕ” (формула біліктілігін тексеру)
IV тур “ҚАПЫ ҚАЛМА” (топтарға есептер таратылады)
Жанкүйерлермен сайыс.
V тур “КАИТАНДАР САЙЫСЫ”
VI тур Үй тапсырмасы
Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үші, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Ортаға бүгінгі “Зерделер мен зейінділер” атты математикалық сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.
I топ “Жас математик ”
II топ “Ғажайып тапқырлар ”
III топ “Жас ойшылдар ”
Жүргізуші: Шеберлікті, білімді
Сараптап сендер көріңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Бірінші сайыс: “Сәлемдесу” Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын қосып, математикалық тілмен сәлемдесу.
Екінші сайыс: “Қалауың білсін! ”
Әр топтан бір-бір қатысушыдан ортаға шақырамыз. Ұсынылған ұяшықтардың біреуін таңдайсың.
1
2
3
4
“Жас математик ” тобы бастайды
“Ғажайып тапқырлар ”
“Жас ойшылдар ”
IV ұяшық сұрақтары
11 жай сан ба, әлде құрама сан ба? (жай)
Ең кіші натурал сан? (1)
Геометриядағы негізгі фигуралар? (нүкте, түзу)
Барлық бұрыштары тең төртбұрыш (тік төртбұрыш)
Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шапқан? (30 км)
Кесіндіні өлшейтін құрал қалай аталады? (сызғыш)
Кез-келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)
Қабырғасы 6 см және 8 см тік төртбұрыш ауданы неге тең(24 см2)
50-ді 0,5-ке бөл (100)
Екі жай сан ба, әлде құрама сан ба? (жай сан)
II ұяшық сұрақтары
Қай санға бөлуге болмайды? (0)
Екі ғасырда неше жыл? (200)
Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле)
Барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш? (квадрат)
Тік төртбұрыш ауданын есептейтін формула? (S=ab)
Трапецияның табандары 4 см және 6 см. Орта сызығы неге тең? (5 см)
Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
IV ширектің таңбасы? (+;-)
Қайсы артық 1 кг мақта, әлде 1 кг темір? (бірдей)
III ұяшық сұрақтары
Ең кіші жай сан? (2)
Миллионда неше ноль бар? (6)
Тік бұрыш неше градусқа тең? (900)
Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)
Барлық қабырғасы тең параллелограмм? (ромб)
Квадрат қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? ? (36)
1 тонна мақта ауырма, әлде 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей)
Шаршының неше қабырғасы бар? (4)
Күн көзі жылына неше рет соғады? (365)
Герон формуласы? S=√p(p-a)(p-b)(p-c)
I ұяшық сұрақтары
Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?(0)
1 метрде неше см бар? (100 см)
Бұрыш өлшейтін құрал (транспортир)
Y=x2 функциясының графигі. (парабола) Ең кіші жай сан? (2)
Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура?(бұрыш)
Жұп функция графигі қай оське симметриялы? (ордината)
Үшбұрыштың орта сызығы 10 см, табаны неге тең? (20)
Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
Ш-ші ширектің таңбасы? (-;-)
Қандай үш бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
Бір класстың барлық оқушылары бір-біріне фотосуреттерін сыйлады. Егер 60 сурет алмастырылған болса, сол кластағы оқушылар қанша болған.
Екі таңбалы санның ондығының цифры бірлігінің цифрынан үшеуі кем, ал осы екі таңбалы санның цифрларының қосындысына көбейтіндісі 70-ке тең. Осы сандарды тап.
Екі натурал санның біреуі екі еселенген екінші саннан 6-уы кем, ал олардың көбейтіндісі 20-ға тең болса, сол екі санды табыңдар.
Екі санның көбейтіндісі олардың қосындысынан 15 есе үлкен, егер бірінші санға екі еселенген екінші санды қосса. Онда 100 шығады. Сол сандарды табыңдар.
Үшінші сайыс: “Қателеспе”
Оқушылар бұл сайыста формулаларды қателеспей табулары керек (топпен жұмыс).
Қысқаша көбейту формуласын білесің бе?
Екі өрнектің қосындысының квадраты
Екі өрнектің айырмасының кубы
Екі өрнектің квадраттарының айырмасы
Екі өрнектің қосындысының кубы
Екі өрнектің кубтарының айырмасы
Екі өрнектің айырмасының квадраты
Екі өрнектің кубтарының қосындысы
Қиындықтан өткізер,
Білім деген биік шың.
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың.
Төртінші сайыс: “Қапы қалма”(топтарға есептер таратылады)
(Әр команданың жанкүйерлерінен жеті оқушыдан алға шықсын)
1-топ. “C”әріпімен басталатын жеті математикалық сөздерді атаңдар (синус, сүйір, сектор, сәуле, сегмент, синусоида, стереометрия, сан)
2-топ. . “К” әріпімен басталатын жеті математикалық сөздерді атаңдар (косинус, көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, координата)
3-топ. . “П” әріпімен басталатын жеті математикалық сөздерді атаңдар (пифагор, плюс, параллелограмм, пирамида, парабола, параллелелипед,планиметрия)
Бесінші сайыс: Үй тапсырмасы: 1. Математикалық
мақал-мәтел айтысы
2. Математикалық газет
Сайысымызды бірінші болып “Жас математик ” тобы бастайды
Екінші “Ғажайып тапқырлар ”
Үшінші “Жас ойшылдар ”
Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшің,
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім айтып оларды бермек үшін.
Алтыншы сайыс: КАПИТАНДАР САЙЫСЫ
Қай команданың капитаны көп формула жаза алады. Әр топ капитандарына қағаз бен қалам беріледі. Капитандар жазған кезде топ мүшелері зейін мен зерделіктерін тексеруге тапсырма беріледі.Берілген суреттегі фигураларды қай топ мүшелері дәлірек және көп салады.
Үш топта тапсырмаларын әділқазы алқасына тапсырады.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын-сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз дей отырып- бүгінгі сайысымызда мәресіне жетті. Ортаға сайысымызды қорыитындылауға әділ қазы алқасын шақырамыз шақырамыз. Сіздерден сұрайтынымыз әділ бағалау.Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.