1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін - өзі бақылауға, өзбетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап
Түрі: зергерлік сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы
І. Кіріспе
Жүргізуші:
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
- Саламатсыздар ма, ұстаздар 3 - сынып оқушылары! «Қызықты математика» зергерлік сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа әр сыныптан екі оқушыдан барлығы 10 оқушы қатысып отыр. Әр оқушы өзі үшін сайысады. Ең соңында қалған бір оқушы сайыс жеңімпазы атанады. Сайыскерлердің жауаптарын саралап отыру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
/әділ қазылар алқасы сайланады/