Айжан мен Маржанны? ?келеріні? аттарын ата. Айжан мен Маржан Ас?ар мен М?ратты? ?ыздары. Айжан Ас?арды? ?ызынан 2 жас кіші болса б?ларды? ?р?айсысыны? ?келеріні? аты кім? ( жауабы Айжан – М?ратты? ?ызы, Маржан – Ас?арды? ?ызы)
2. Тиісті өлшемдер жасап , параллелограмның периметрін тап
3. Парал-ң сүйір бұрышын 35-қа тең деп есептеп қалған бұрыштарын тап
9 сынып үшін
1. Қандай бір үшбұрыш сыз оны қиып өтпейтін түзу жүргіз, оларды белгіле.
2. Осы түзуге қарағанда берілген үшбұрышқа симметриялы үшбұрыш сал
3. Үшбұрыштың периметрін тап
10 сынып үшін
1. а жазықтығын ал осы жазықтыққа жататын М және жазықтықта жатпайтын К, О нүктелерін белгіле.
2. Оларды тиістілік белгілері арқылы жаз.
3. М, К, О нүктелерін кесінділермен қос. МК және МО кесінділерінің орталары арқылы түзу сыз. Осы түзу мен а жазықтығы қалай орналасады?
11 сынып үшін
1. Тік бұрышты параллелепипед сыз. Оның төбелелерін белгілеп, бүйір қырларын жаз.
2. Т.б. пар-педтің диагональдарын жүргіз.
3. Бір төбесінен шығатын қырларын 2 см ,5см және 7 см деп алып, оның диагональін тап.
Оқушылар геометриялық диктантты орындап жатқанда көрермендерге викториналық сұрақтар беру, логикалық есептер шығарту.
Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? ( жауабы Айжан – Мұраттың қызы, Маржан – Асқардың қызы)
Әсем , Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда мұғалім: Ешқайсың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3-те» «5-те» емес деді. Сонда әркімнің қандай баға алған? ( жауабы : Әсем – 5, Анар - 4 , Ардақ – 3)
Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? ( ол да 12 жол жүрді)
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды? ( 10 торғай қалды)
«Спутник » жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? ( 1 сағат 43 минут)
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? ( сегізінші)
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса , 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? ( жоқ)
Дода кезеңі
8 с
9с
10 с
11 с
Теңдеулер
10
10
10
10
Малахит
20
20
20
20
Кенгуру
30
30
30
30
Логика
40
40
40
40
Сызбалар сыры
Бұл кезеңде оқушыларға сызбаларға байланысты тапсырмалар беріледі.
8 сынып
Сызбада неше үшбұрыш бар? ( 8)
9 сынып
АВСД тік төртбұрышының ауданы 24. Тік төртбұрыштың боялған бөлігінің ауданын тап.
10 сынып
Үшбұрыштың қабырғалары 3 м, 4 м, 5 м. Суреттегі кіші үшбұрыштың периметрін тап. (жауабы 6 м)
11 сынып
Ромб берілген.Оның бір бұрышы 600.Бір диагоналі 8см,оның периметрін тап.
Үй тапсырмасы
«Математика ақындар тілімен» қатысушы әрбір оқушы математика туралы өлең, жаттап келу немесе өзі өлең шығару.
Қызықты математикалық есеп немесе жұмбақ дайындап әкеліп қарсыластарына шешкізу.