Менің зерттеген жұмысымның тақырыбы «Сандар сыры».
Мақсатым: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа пәндерде, көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Бұрынғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Мысалы солардың бірі: Халық сөзінде : аптаның бірінші,екінші, үшінші күні, айдың бірінші жұлдызы деп айтылады.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көзін жете түседі. Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі- Мысыр елі болды.
Зерттеу жұмысымның өзектілігі: ғылыми ізденістерде өскелең үрпақтың мектепте алған білімдерін әлеуметтік бейімделуде,әр түрлі өмірлік жағдайларда қолданып,құзыретті адам тәрбиелеу.
Жетістігімның әдісі: Тұрмыстық жағдайларға байланысты күнделікті пайдаланған оқиғалардан алдым..Аталарымыздің тұрмыс салт жырларының ырым наным-сенімдерге байланысты.Мысалы адамдарды жеті рет аластайды,ұшықтайды осыған 3,7 сандарды қолданады. Сандар қасиеті
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Мысалы жеті амал, жеті құбылыс- физикалық, географикалық заңдылықтарға байланысты. Әртүрлі салада болғандықтан алдым. Пайдаланылған әдебиеттер:
Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
Математикадан тарихи мағлұматтар.
«Математикадан тыс жұмыстар»
«Математика және физика» жұрналдары 2004-2009 ж.ж.
Интернет беттерінен.
«Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы»А.Құралұлы, Алматы 2001.
Ғылыми жобамның құнды нәтижесі- сандар сыры
Жай сандардан құралған сиқырлы квадраттар
Жолды сиқырлы квадрат деп (кең мағынада) әр түрлі натурал сандардан құралып жолға (сонша бағанға), жазылғанда әрбір жолдағы, әрбір бағандағы және әрбір бас диагоналдардағы сандардың қосындылары өз ара тең болатын таблицаны айтады. Тек жай сандардан құралған үш және төрт жолды сиқырлы квадраттар белгілі. Мәселен мына квадраттар:
569
59
449
239
359
479
269
659
149
17
317
397
67
307
157
107
227
127
277
257
137
347
47
37
367
Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:
Адамның жасына байланысты атаулар.
№
Жасы
Атауы
1.
1жасқа дейін
Шақалақ, нәресте.
2.
1 жастан 2 жасқа дейін:
а) қыз бала
б) ұл бала
Бөпе.
Бөбек.
3.
2жастан 3 жасқа дейін
Бүлдіршін.
4.
3жастан 5 жасқа дейін
Балдырған.
5.
6жастан 7жасқа дейін
Сәби
6.
8 жастан 12жасқа дейін
Ойын баласы
7.
13жастан15жасқа дейін
Ересек бала(сығыр.)
8.
16жастан19жасқа дейін
Боз бала
9.
20 мен 30 жас аралығы
Жас жігіт.
10.
30 бен 40 жас аралығы
Дүр жігіт.
11.
40 пен 50 жас аралығы
Ер түлегі.
12.
50 мен 60 жас аралығы
Жігіт ағасы.
13.
60 пен 70 жас аралығы
Қарасақал
14.
70 пен 80 жас аралығы
Ақсақал
15.
80 жастан жоғары
Шал,қарт,қария
Қазақтың байырғы өлшемдері.
Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі»сөзінің алдында парсының 1,2,3,4,5 сияқты реттік сан
есімдерін қою арқылы жасалған.Олар мыналар:
1.ЖЕКсенбі-бірінші сенбі. 4.СӘРсенбі-
төртінші сенбі
2.ДҮЙсенбі-екінші сенбі. 5.БЕЙсенбі-бесінші
сенбі
3.СЕЙсенбі-үшінші сенбі
Шілде.
1.Жазғы шілде-26маусым мен 5 тамыз аралығы.
2.Қысқы шілде-27желтоқсанмен 6 ақпан аралығы.
Жыл санау.
1. Биыл-осы жыл.
2. Былтырғы(өткен) жылы-1жыл бұрын.
3. Бұрнағы(мұрнағы)жылы-2жыл бұрын.
4. Одан арғы жылы-3 жыл бұрын.
5.Бұрынғы жылдары: 4жылдан бұрынғы жылдары.
Мүшел жас.
1-мүшел - 13жас/ер жете бастау/.
2-мүшел - 25жас/жігіттік шақ/.
3-мүшел - 37жас/ақыл тоқтау/.
4-мүшел - 49жас/орта жас/.
5-мүшел – 61жас /орта жас/.
6-мүшел - 73жас/қарттық/.
7-мүшел - 85жас/кәрілік/.
8-мүшел - 97жас /қалжырау/.
9-мүшел - 109жас /шөпшек сүю/.
10-мүшел - 121жас /немере сүю/
Ауырлық өлшемдері.
1.Мысқал -5 грамға жуық ауырлық өлшемі.
2.Қадақ -400 грамға жуық ауырлық өлшемі.
3.Пұт-16 килограмға жуық ауырлық өлшемі.
4.Қап – 4путқа жуық ауырлық өлшемі.
5.Батпан-10путқа жуық ауырлық өлшемі.
Жұмысымның қорытындысы: Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процессте бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын тұлға ретінде бағытталған. Жаңа білім бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын ,білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдамасынан «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.
Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Назарларыңызға рахмет!
Ұсыныстар:
Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып,осындай қызықты мәліметтері бар оқулықтар көптеп шығарылса, көпшілікке ұсынылса;
Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.
Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.
Жұмыстың Мақсаты
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту. Қызықты математиканың көптеген аса қызықты жақтарын таныту.
Өзектілігі: Өскелен ұрпақтың ғылыми ізденістерге, «өмір бойы білім алуға»деген құштарлығын арттыру,мектепте алған білімдерін әлуметтік бейімделуде,әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу.
Болжам: «Сандар сырын»күнделікті сабақтарды көп қолданса,мектеп маңызы кеңейте түсер еді.
Күтілетін нәтиже:Сандар сырымен танысады,дағдыларын қалыптасады.
П і к і р.
«Сандар сыры»атты ғылыми жұмысқа беріледі.Математика тақырыбын тарих пен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай білу негізгі міндеттердің бірі болып табылатындығына ерекше көңіл болінген.
Ұсынылып отырған жұмыста ұлтымыздың материалдық және рухани мәдениетіне қатысты көптеген мағлұматтар келтірілген.
Пікір жазған:Қ.Қ.Кашаева.
Мазмұны:
Аннотация
Кіріспе
Киелі 3, 4, 5, 7 сандарының қасиеті
Шехеризада саны
Жай сандар туралы білетініміз
Қорытынды
Кіріспе
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарғанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны. Бұл санның ерекшелігі неде?
Жай сандар туралы не білетінімізді және нелерді білмейтінімізді барынша түсінікті түрде айту. Біз жай сандар туралы элементар арифметикада кездесеміз, олар математиканың басқа бөлімдерінде, негізінен сандар теориясы ме алгебрада маңызды роль атқарады.
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Киелі сандар сияқты жай сандардың да ең маңыздысын, ең қызықтысын қатар қоя отырып, шешілмеген проблемаларды көрсеттік.
Киелі сандардың қасиеті
. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Мәселен 3, 4, 5, 6, 7 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.
Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
Енді осыларды таратып айтсақ:
Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,
Жағаңның қызылдығына қарайды.
Берсең жағасың,
Бермесең дауға қаласың
Өз жұртың – ағайын,
Бар болсаң көре алмайды
Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.
Жақсы болсаң күндейді,
Жаман болсаң жүндейді.
Нағашы жұртың:
Жақсылығыңа сүйінеді,
Жамандығыңа күйінеді.
Әрқашан тілеуіңді тілейді,
Тілеуқорлық ниеті билейді.
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жамнның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне сөз,
Тіл қазынасы – ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы
4 санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,
Ұрының пірі – жалтақ ата
Шебердің пірі – тепшен ата
Кәрінің пірі – кекшіл ата
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу
5 санына байланысты:
Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма
Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:
Бір-біріне сәлем беруге
Шақырса баруға
Кеңес сұраса ақыл қосуға
Сұрағына жауап беруге
Ауырып қалса көңіл сұрауға
Қайтыс болса жерлеуге қатысуға
Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады.
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты
Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас, - деп есептеледі. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.
Қазіргі дәстүр бойынша «0» және «5» санына аяқталған елеклі кезең аталып өтіледі. Республикамыздың егемендік алғанының 10 һәм 15 жылдыөтары тойланды. Елімізге еңбегі сінген тұлғалардың мерейтойлары аталып ететін болды. 20069 жылы «Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі, халықтың біртуар перзенті ақын Олжас Сүлейменовтың 60 жылдығын мемлекет болып тойлаған болатынбыз. Дәл осы жылы Қазақстандағы қазақ халқының үлесі 60%-ға жетті.
Шехеризада саны
1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны. Бұл санның ерекшнлігі неде? Мұның ерекшелігі мынада: бұл 1001 саны, 7, 11 және 13 сандарына қалдықсыз бөлінеді немесе 1001=7 Х 11 Х 13 болады, бірақ бұл санның ерекшелігі бұл емес. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткенде шығатын көбейтіндіні осы үш таңбалы санды екі рет қайталап жазғанға тең.
873 Х 1001=873873
236 Х 1001=236236
Ал бұл санның қандай ғажап сыры бар екендігін дәлелдеп көрейік. Ол үшін «ойлаған санды табу» есебін шығарып көрейік. Ол үшін Іоқушығаүш таңбалы сан ойлауды ұсынады. Оны қағазға жазғаны дұрыс. Енді ойлаған санға осы санның өзін тіркеп жазып, сан жазылған қағазды ІІ оқушыға береді. ІІ оқушы қағазға жазылған санды 13-ке бөліп, шыққан санды ІІІ оқышыға береді, ІІІ оқушы 13-ке бөлінген санды11-ге бөліп, ІV оқушыға беруі керек, ал ІV оқушы ІІ-ге бөлінген санды 7-ге бөліп, шыққан санды оқуы керек. Бұл сан 1 оқушының ойлаған саны болады.
Мұнда ешқандай да құпия жоқ. Үш таңбалы бір сан ойлап, оны 1001-ге көбейтіп, қайта 1001-ге бөлдік. Нәтижесінде ойлаған санның өзі шықты.
Ойынды мысалмен көрсетейік:
І оқушы 871 санын ойлады дейік, оған 871 санын тіркеп 871871 түрінде жазып, ІІ оқушыға берді делік. Бұл 871 Х 1001-ге көбейтілгенде 871871 саны шығады. ІІ, ІІІ, ІV оқушының кезегімен 13, 11, 7-ге бөлуі, бұл санды 1001-ге бөлумен тең. Себебі, 13 Х 11 Х 7=1001 санын береді. Сонымен, 871 санын 1001-ге көбейтіп, қайта 1001-ге бөлгенде, бөліндіде ойлаған 871 саны шығады. Бұл саннан басқа да үш таңбалы кез келген сан ойлап, ойынды жалғастыруға болады.
Жай сандар деген не?
Натурал, яғни бүтін оң сандарды көбейту сияқты элементар арифметикалық амалдарға байланысты ең қарапайым есептердің өзі жай сандар ұғымын тудырады.
Екі натурал санның көбейтіндісінің әрқашан натурал сан болатыны аян. Олай болса, екі натурал санның, көбейтіндісі болатын, бірден артық натурал сандар бар. Бірақ екі натурал санның көбейтіндісі болмайтын, бірден артық натурал сандар да бар, мәселен 2, 3, 5 немесе 13 сандары. Міне осындай сандарды біз жай сандар деп атаймыз.
Сөйтіп бірден артық екі натурал санның көбейтіндісі бола алмайтын, бірден артық әрбір натурал санды біз жай сан деп атаймыз.
Егіз жай сандар
Тетелес жай сандардың шектеусіз тізбегі, яғни 2, 3, 5, 7, 11, 13, 17, 19, 23, 29, 31, 41, 43, 47, ... тізбегі, жөнінде бірқатар сұрақ туады. Олардың тек кейбіреулеріне ғана оңай жауап беруге болады.
Мәселен, ең кіші жай сандар 2 мен 3, олар тетелес натурал сандар болып табылады. Екеуі де жай сандар болып табылатын басқа да тетелес натурал сандар бар ма деген сұрақтар туады. Ондай сандардың жоқ екенін дәлелдеу оңай. Шынында да, тетелес натурал сандардың әтбір екеуінің біріжұп, демек, егер ол 2-ден артық болса, ол құрама сан болады.
Дегенмен екеуі де жай сандар болатын көптеген тетелес тақ сандар пары бар, мәселен 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13, 17 мен 19, 29 бен 31, 41 мен 43 парлары. Осындай пар сандарды біз егіз сандардың парлары деп атаймыз. 30миллионға дейінгі сандар ішінде осындай 152 892 пар сандар бар.
Гильбрайт болжамы
1958 жылы Н. Л. Гильбрайт мынадай болжам айтты.
Егер біз тетелес жай сандарды тізіп жазсақ, сонан соң бірінші жолға – тетелес жай сандардың айырмаларын екінші жолға – бірінші жолдағы тетелес сандардың айырмаларынынң абсолют шамаларын, үшінші жолға – екінші жолдағы тетелес сандардың айырмаларының абсолют шамаларын жазсақ т. т., онда әр жолдың алғашқы саны 1 саны болады.
Сөйтіп, мәселен, алғашқы 17 жол (тетелес жай сандардан кейінгі) мынадай болады.
Жай сандар қанда цифрлардан басталады және аяқталады?
Бірден артық цифры бар жайсанның соңғы цифры жұп бола алмайды. өйткені онда сан 2-ден артық және жұп болар еді де, сондықтан ол құрама сан болар еді; соңғы цифры 5 те бола алмайды. Өйткені бұл жағдайда сан 5-тен артық болып және 5-ке бөлінер еді, демек, құрама сан болған болар еді. Сонымен 10-нан артық жай санының соңғы цифры тек 1, 3, 7 немесе 9 бола алады.
Жай сандарды екі квадраттың айырмасына жіктеу және басқа жіктеулер
Үш натурал санның квадраттарының қосындысы болатын шексіз көп сандардың, сонымен қатар мұндай қосынды болмайтын шексіз көп жай сандардың, сонымен қатар мұндай қосынды болмайтын шексіз көп жай сандардың бар екенін дәлелдеуге болады. 100-ден кем жай сандардың арасында үш натурал санның квадраттарының қосындысы болатын сандар мыналар:
Жолды сиқырлы квадрат деп (кең мағынада) әр түрлі натурал сандардан құралып жолға (сонша бағанға), жазылғанда әрбір жолдағы, әрбір бағандағы және әрбір бас диагоналдардағы сандардың қосындылары өз ара тең болатын таблицаны айтады. Тек жай сандардан құралған үш және төрт жолды сиқырлы квадраттар белгілі. Мәселен мына квадраттар:
569
59
449
239
359
479
269
659
149
17
317
397
67
307
157
107
227
127
277
257
137
347
47
37
367
Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:
Адамның жасына байланысты атаулар.
№
Жасы
Атауы
1.
1жасқа дейін
Шақалақ, нәресте.
2.
1 жастан 2 жасқа дейін:
а) қыз бала
б) ұл бала
Бөпе.
Бөбек.
3.
2жастан 3 жасқа дейін
Бүлдіршін.
4.
3жастан 5 жасқа дейін
Балдырған.
5.
6жастан 7жасқа дейін
Сәби
6.
8 жастан 12жасқа дейін
Ойын баласы
7.
13жастан15жасқа дейін
Ересек бала(сығыр.)
8.
16жастан19жасқа дейін
Боз бала
9.
20 мен 30 жас аралығы
Жас жігіт.
10.
30 бен 40 жас аралығы
Дүр жігіт.
11.
40 пен 50 жас аралығы
Ер түлегі.
12.
50 мен 60 жас аралығы
Жігіт ағасы.
13.
60 пен 70 жас аралығы
Қарасақал
14.
70 пен 80 жас аралығы
Ақсақал
15.
80 жастан жоғары
Шал,қарт,қария
Қазақтың байырғы өлшемдері.
Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі»сөзінің алдында парсының 1,2,3,4,5 сияқты реттік сан
3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
Математикадан тарихи мағлұматтар.
«Математикадан тыс жұмыстар»
«Математика және физика» жұрналдары 2004-2009 ж.ж.
Интернет беттерінен.
«Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы»А. Құралұлы, алматы 2001.
Ұсыныстар:
Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып,осындай қызықты мәліметтері бар оқулықтар көптеп шығарылса, көпшілікке ұсынылса;
Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты жолдауында, «ұлттық бәсекелестіктің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деген болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процессте бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын тұлға ретінде бағытталған. Жаңа білім бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын ,білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.(Нұрсұлтан Назарбаев).
Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген
Қорытынды
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету.
Пайдаланған әдебиеттер
Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы Алматы 2002
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И.М. , Көкенова Ж. Алматы – 1974
Қырық қазына Ә. Доспамбетов Алматы 1987
Матеиатикалық кеш С. Елубаев, Н. Шәкуов Алматы 1971
Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз