Просмотр содержимого документа
««А?тау- Астана- Мектеп- білім» »
«Ақтау- Астана- Мектеп- білім»
математикалық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру.
Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1. Поезд- үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама бөлімі.
3. Касса.
4. «Космосқа ұшу» ойыны.
5. Бетшелердегі есептер.
6. Аквариумдағы балықтар.
7. Есептер, ребус, жұмбақ.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Поездға билет алу.
3. Жолаушылар арасындағы сайыс.
4. Қорыту.
Жүрісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 7-сыныптар арасында өтітін «Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп- білім» математикалық ойынын бастаймыз.
Жүргізуші -1. Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші – 2. Ойынға қатысушы оқушылар келіп, тапсырмаларын алуға болады. Тапсырманы алып, орындарынан шығарып, анықтама бөліміне тапсырады. (15 ұпай жинағандар купеге, 12 ұпай жинағандар плацкартқа 8 ұпай жинағандар жалпы вагонга билет алады). Осы ұпай саны бойынша кассадан билет алады.
Жүргізуші: (3 рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де вагонға отырады.
Жүргізуші -1. Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір- бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір- бірімен жатқан тулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық-
деп ақын жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен.
Купедегілер- «Алғырлар», плацкарттағылар- «Тапқырлар», жалпы вагондағылар «Ойшылдар» тобы.
Жүргізуші -2. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Ақтау - Астана» бағыты бойынша «Мектеп- білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар(әндетіп).
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.
Жүргізуші -1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы «Балықшылар станциясына» келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны ойнатылады. Әр топтан бір оқушы келіп балық аулайды, яғни балықтағы есепті шығарады. (Балық аулау ойыны).
Жүргізуші -2. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Білім қуған біз оқушы ұландар,
Келіп тұрған жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен асын қоятын,
Біз боламыз математик ұландар.
Жүргізуші -1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы «Жұмбақ » станциясына келіп тоқтады. Бұл станциясы жұмбақ шешеміз. (Үш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі)
Жүргізуші -2. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Шақырып жарыстарға сан салалы,
Ұландар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
Қарсылас командасын қарсы алады.
Жүргізуші -1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы «Ойын» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Космосқа кім ұшады?» ойыны ойналады, есепті қай топ дұрыс шығарса, сол ұшу керек. ( «Космосқа кім ұшады?» ойынында дөңгелекшелерге есептің шарты жазылып, №3 есепке жетіп шығарған топ космосқа ұшады).
Жүргізуші -2. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы өз сапарын жалғастырады.
Ойыншылар: Ұландар биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.
Жүргізуші -1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы «Ребустар» станциясына келіп тоқтады. Мұнда үш топ ребус шешеді.
Жүргізуші -2. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Достық пен бірлікті біз етіп тұлға,
Жеңіспен жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін ұланыңның әділ сына.
Жүргізуші -1. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Мектеп- білім» поезы Астана қаласына келіп тоқтады.
Жүргізуші- 2. Сөз әділ- қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші- 1. Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мектеп-білім» поезы өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, хош сау болыңыздар.