kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп о?ушыларыны? т?л?асын ?алыптастыруда?ы е?бекке т?рбиелеуде м??алімдерді? ролі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ?жымды? е?бек да?дыларын

?алыптастыруды? ма?ызы

 

О?ыту ж?не т?рбие ж?мысыны? барлы? ж?йесі о?ушыларды е?бекке психологиялы? ж?не практикалы? т?р?ыдан дайындау міндеттерін шешуге ба?ытталуы ?ажет. О?ушыларды? ?жымды? е?бек да?дыларын ?алыптастыруды? ма?ызы ?те зор. ?жымды? е?бекте балаларды? ?абілеті, дарындылы?ы толы? ашыла бастайды, ?жымды? ?мірде адамгершілік ?деттері, да?дылары ?алыптасады.       

Е?бекте досты?, жолдасты? ?зара к?мек ж?не жауапкершілік ны?аяды. ?ркімні? ?ылы?тары ?жымды? ?мір нормалары т?р?ысынан ба?аланады. Осыларды? барлы?ы бригадаларында бай?алады. Егер ?жымды? е?бекті? да?дылары о?ушыны? бойында ?алыптасса, ол мектепті бітіргеннен кейін нормаларын ж?не жолдасты? ?зара к?мекті ?руа?ытта ?олдайды.

Е?бек м?дениеті да?дыларын дарыту – басты м?селелерді? бірі. Е?бек м?дениетіні? к?рсеткіші: ж?мысты сапалы ж?не тиімді істеу, уа?ытты ?тымды пайдалану, е?бек ??ралдарына, т?рлі материалдар?а ??нттылы?пен ?арау. Е?бек м?дениетіне жариялылы?, ?зіні? инициативасын к?рсете білу, дербестік, е?бекті? демалыспен ?абысуы, алда?ы ж?мысты? негізгі кезе?дерін белгілей білу, е?бек процесін талдау ж?не іс ??жаттарын сауатты жасау жатады.

Балаларды? ынтасын ж?не ?абілетін е?бек т?рбиесіндегі жеке міндеттерді? бірі. Халы? шаруашылы?ында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, электрониканы, радиотехниканы т.б. ?олдану барлы? мамандардан жо?ары техникалы? сауаттылы?ты талап етеді. Сонды?тан мектепте о?ыту ж?не т?рбие ж?мысыны? барысында о?ушыларды? ынтасын ?ылыми-техникалы? білімді игеруге дамыту ж?не т?рбиелеу ?ажет.

Міне, осылай ма?сат?а ба?ытталып ж?ргізілетін ж?мыс о?ушыларды? ынтасыны?, ?абілетіні?, шы?армашылы? ой-?рісіні? дамуына м?мкіншілік жасайды, е?бекті? т?рбиелік ??ндылы?ы артады.    

О?ушыларды? е?бек т?рбиесі мектепте, к?сіптік техникалы? о?у орындарында ?ткізіледі. Е?бек т?рбиесіні? ж?йесіне т?рлі іс-?рекеттері кіреді. Олар: о?у процесіндегі е?бек; сыныптан тыс ?йірме ж?не жаппай ж?мыстар; ?зіне-?зі ?ызмет ету; ?о?амды? пайдалы ж?не ?тімді е?бек. О?у процесіндегі е?бек. Саба? процесіндегі е?бек да?дылары, іскерлік, т?зімділік кейін жаппай е?бек іс-?рекеттеріні? т?рлерін де бай?айды. Е?бек т?рбиесі ?шін ?те ма?ызды е?бек саба?ы, онда о?ушылар е?бек да?дыларына ?йренеді, техникалы? білімді игереді. Е?бек саба?тары процесінде о?ушылар жалпы ж?не техникалы? білімге с?йенеді. Білім – е?бек саба?тарыны? ?ылыми негізі болады, ал е?бек саба?тары мен т?рбие барысында о?ушылар ал?ан темір т?жірибесіне теориялы? білім ж?йесі ар?ылы т?сінеді. Е?бек саба?тарыны? процесін жетілдіру о?ушыларды? е?бекке зерттеу ж?не шы?армашылы? ?атынасын ?алыптастырады. О?ушыларды? ?ндірістік бригада базасында, мектепті? орман шаруашылы?ында, о?ушыларды? е?бек ж?не демалыс лагерлерінде ?йымдастырыл?ан е?бек саба?тары туралы жа?ымды мысалдар аз емес. О?ушылар мектепте ал?ан білімдерін пайдаланып, ?р т?рлі ?сімдіктерді ?сіреді, т?жірибелер жасайды, практикалы? да?дылар мен іскерлікті игереді, кейбір маманды?тарды? т?рлерін ме?гереді. Сыныптан тыс ?йірме ж?не жаппай ж?мысты? е?бек т?рбиесін іске асыруда т?рбиелік м?мкіндігі ?те зор. «Жас натуралистер», «Жас техниктер», «Жас т?жірибешілер» ж?не п?н ?йірмелеріндегі саба?тар о?ушыларды е?бекке баулиды, оларды? шы?армашылы? ойларыны? дамуына м?мкіндік ту?ызады. ?рбір о?ушыны? ?йірме саба?тарында е?бекке шы?армашылы? ?атынасы бай?алады, олар е?бегін ?йымдастыру т?сілдерін іздестіреді, ?ылыми зерттеу да?дыларына (?дебиеттермен ж?мыс істеу, жазып алу, ба?ылау м?ліметтерді жина?тай білу т.б.) т?сіледі. Мектепті ?ндіріске жа?ындату ма?сатымен техникалы? ?йірмелер саны к?бейіп келеді. Мысалы, ауыл мектептерінде «Жас механизаторлар, «Жас ?сімдік ?сірушілер» т.б. ?йірмелер ??рыл?ан. Б?л ?йірмелер келешек маманды?ты та?дап алуда о?ушылар?а ой салады. Олар ?р маманды?ты? болымды, болымсыз жа?тарымен танысады, зерттейді, с?йтіп, ?зінше тиісті шешім ?абылдайды. Осы?ан орай, м??алімдер мен ата-аналар о?ушылар?а ?немі, бірізді педагогикалы? пікір айтып, ке?ес беріп отырса, оларды? маманды?ты та?дауда бірте-бірте шабыты, ?ызы?ушылы?ы арта т?седі. ?йірме ж?мыстарын жаппай ж?мыстар толы?тырады. О?ушылар ?ыз?ылы?ты, ?лкен м?ні бар к?птеген шаралар?а белсенді ?атысады ж?не оларды тікелей ?йымдастырады. М?ндай жаппай ж?мыстар?а «??стар к?ні», «Орман к?ні», «Ба? аптасы», «Е?бек мерекесі», «Асты? мерекесі» т.б. жатады. ?зіне-?зі ?ызмет ету – е?бек т?рбиесіні? ?ажетті элементтеріні? бірі. Балалар ?зіне-?зі ?ызмет ете отырып, ?р т?рлі е?бек іс-?рекеттерін орындауды? т?сілдеріне ?йренеді, ?здеріні? жауапкершілігін сезеді, б?л мені? адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар ?лкендерді? е?бегін ба?алайды, олардан ?лгі алады. Мектеп жа?дайында ?зіне-?зі ?ызмет ету – о?у ??ралдарын, кабинеттерді, жи?азды, сынып б?лмесін, мектеп ?йін ж?ндеу, сыныптарды, коридорларды, шеберханаларды, спорт ала?дарын, мектеп ?йлерін жинау т.б. Жан?ядан ?зін-?зі ?ызмет етуді? т?рлеріне т?сек-орынды, п?терді жинау, киім, ая? киім ж?не бас?а ?й м?ліктерін тазалау, кір жуу, ?тектеу, киімді жамау, тама? дайындау т.б. жатады. Мектеп ж?не жан?я алдында?ы басты міндет – б?л ?зіне-?зі ?ызмет етуді? берік ж?йесін жасау, т?рмысты? е?бекті ?р адамны? к?нделікті ?мір игілігіне айналдыру ?ажет. ?сіресе м?ндай ?р т?рлі т?рмысты? е?бекті орындауды? барысында о?ушылар арасында бай?алатын а?сауса?ты??а, н?уетектікке, жас шонжарлар?а жол берілмейді. Олар?а д?рыс ба?ыт беру м??алімдерді?, ата-аналарды? ж?не ?рбір жан?я м?шесіні? адамгершілік борышы.

?о?амды? пайдалы е?бек – ?о?амды? ?ажеттілікті ?ана?аттандыру, жеке адамны? жан-жа?ты дамуына м?мкіндік жасау ??ралы. Мектеп жа?дайында ?ткізілетін ?о?амды? пайдалы ж?мысты? т?рбиелік м?ні ?те зор. ?о?амды? пайдалы ж?мысты? барысында о?ушыларды? ?ылыми д?ниетанымы дамиды, маманды?ты тануда к?з?арасы ке?иді, денсаулы?ы жа?сарады, саяси сенімі ж?не м?дени-адамгершілік ??ымы артады. ?німді е?бек ар?ылы адам баласы ?зіне ж?не ?о?ам?а ?ажетті материалды? ??ндылы?ты жасайды. Жалпы білім беретін орта мектеп о?у цехтары, к?сіпорын учаскілері, мектепаралы? о?у ж?не о?у-?ндірістік шеберханалар, мектепаралы? ?ндірістік комбинаттар, о?ушыларды? ?ндірістік бригадалары, мектепті? орман шаруашылы?ы т.б. ар?ылы о?ушыларды ?німді е?бекке ?атыстыруды іске асырады. ?німді е?бек процесінде о?ушылар ?з м?мкіншіліктеріне с?йкес жалпы халы?ты? іске ?лес ?осады. О?ушыларды? ?німді е?бегін ?йымдастыруды? бірнеше объектілері аталды. Сол объектілерді? бірі о?ушыларды? ?ндірістік бригадасы. Б?л е?бек т?рбиесін, политехникалы? білім беруді, ?німді е?бекті ?йымдастыруды? негізгі формасы. О?ушыларды? ?ндірістік бригадасы іс-?рекетіні? байыр?ы м?селелері:

-материалды? базаны жасау, о?ан ?ндірістік ж?не т?жірибелік жер учаскелері, техника ж?не ауыл шаруашылы? ??ралдары, мал шаруашылы? фермасы, далалы? ?ос т.б. жатады;

-о?ушыларды? ?ндірістік бригадасы ?ІІ-Хсынып о?ушыларынан ?йымдастырылады;

-бір жылды? о?у-?ндірістік жоспарлар жасалады. Жоспар?а машиналар, агротехниканы, зоотехниканы о?ып ?йрену, т??ымды, топыра?ты дайындау, технологиялы? карта, агрономиялы? жоспар жасау, т?жірибені ?ою, о?у-практикалы? тапсырмаларды орындау, егінді ору ж?не жинау м?селелері кіреді.

О?ушыларды? ?ндірістік бригадасыны? ж?мысы екі ба?ытта ж?ргізіледі: ?німді е?бек процесін ?йымдастыру ж?не ауыл шаруашылы? т?жірибелік ж?мысын істеу. О?ушыларды? ?ндірістік бригадасы ауыл шаруашылы? да?ылдарын ?сіреді, ?нім алады, оны мемлекетке тапсырады. ?німді е?бек процесінде о?ушылар мектептен ал?ан теориялы? білімдерін практикада ?олданады. О?уды ?німді е?бекпен байланыстыруды? тиімді формасы ауыл шаруашылы? т?жірибелік ж?мыс. Оны? педагогикалы? негізі: ?ылымилы?, о?умен байланыстылы?ы, шы?армашылы? даму, о?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс істей білуі. ?ылыми-зерттеу м?ліметтеріне ?ара?анда ауыл шаруашылы? т?жірибесіне ?атыс?ан о?ушыларды? химия, биология т.б. п?ндер бойынша ?лгерімі, ауыл шаруашылы? т?жірибесіне ?атыспа?ан о?ушылардан ана??рлым жо?ары болатынды?ы бай?алды. О?ушыларды?  ?ндірістік бригадасы жа?дайында о?ытуды ?німді е?бекпен байланыстыруды? басты да формаларын атау?а болады. Олар о?ушыларды? ?ндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия ?йірмелері, шаруашылы? ?жымдарында?ы агрохимиялы? лаборатория т.б. Сонымен, о?уды е?бекпен ?штастыруда, о?ушыларды? к?сіби ынтасын, ?ызы?ушылы?ын, ауыл шаруашылы? е?бегін дамытуда, е?бек ж?не адамгершілік т?рбиесін комплексті т?р?ыдан іске асыруда о?ушыларды? ?ндірістік бригадасын ролі ?те зор.

«Ша?ан кенті №24 ЖНББМ» КММ

директоры                                                Н.М.Жолбарысов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп о?ушыларыны? т?л?асын ?алыптастыруда?ы е?бекке т?рбиелеуде м??алімдерді? ролі »


Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын

қалыптастырудың маңызы


Оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы қажет. Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдық өмірде адамгершілік әдеттері, дағдылары қалыптасады.

Еңбекте достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады. Осылардың барлығы бригадаларында байқалады. Егер ұжымдық еңбектің дағдылары оқушының бойында қалыптасса, ол мектепті бітіргеннен кейін нормаларын және жолдастық өзара көмекті әруақытта қолдайды.

Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту – басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне жариялылық, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс құжаттарын сауатты жасау жатады.

Балалардың ынтасын және қабілетін еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, электрониканы, радиотехниканы т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан мектепте оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.

Міне, осылай мақсатқа бағытталып жүргізілетін жұмыс оқушылардың ынтасының, қабілетінің, шығармашылық ой-өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды, еңбектің тәрбиелік құндылығы артады.

Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық оқу орындарында өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу процесіндегі еңбек; сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өтімді еңбек. Оқу процесіндегі еңбек. Сабақ процесіндегі еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік кейін жаппай еңбек іс-әрекеттерінің түрлерін де байқайды. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары процесінде оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім – еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған темір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді. Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, мектептің орман шаруашылығында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді. Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. «Жас натуралистер», «Жас техниктер», «Жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, бақылау мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төсіледі. Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы, ауыл мектептерінде «Жас механизаторлар, «Жас өсімдік өсірушілер» т.б. үйірмелер құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі. Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай жұмыстарға «Құстар күні», «Орман күні», «Бақ аптасы», «Еңбек мерекесі», «Астық мерекесі» т.б. жатады. Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, жиһазды, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, коридорларды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б. Жанұядан өзін-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, өтектеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады. Мектеп және жанұя алдындағы басты міндет – бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әр түрлі тұрмыстық еңбекті орындаудың барысында оқушылар арасында байқалатын ақсаусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір жанұя мүшесінің адамгершілік борышы.

Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды, мамандықты тануда көзқарасы кеңиді, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады. Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды. Жалпы білім беретін орта мектеп оқу цехтары, кәсіпорын учаскілері, мектепаралық оқу және оқу-өндірістік шеберханалар, мектепаралық өндірістік комбинаттар, оқушылардың өндірістік бригадалары, мектептің орман шаруашылығы т.б. арқылы оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыруды іске асырады. Өнімді еңбек процесінде оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады. Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың бірнеше объектілері аталды. Сол объектілердің бірі оқушылардың өндірістік бригадасы. Бұл еңбек тәрбиесін, политехникалық білім беруді, өнімді еңбекті ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылардың өндірістік бригадасы іс-әрекетінің байырғы мәселелері:

-материалдық базаны жасау, оған өндірістік және тәжірибелік жер учаскелері, техника және ауыл шаруашылық құралдары, мал шаруашылық фермасы, далалық қос т.б. жатады;

-оқушылардың өндірістік бригадасы ҮІІ-Хсынып оқушыларынан ұйымдастырылады;

-бір жылдық оқу-өндірістік жоспарлар жасалады. Жоспарға машиналар, агротехниканы, зоотехниканы оқып үйрену, тұқымды, топырақты дайындау, технологиялық карта, агрономиялық жоспар жасау, тәжірибені қою, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау, егінді ору және жинау мәселелері кіреді.

Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу. Оқушылардың өндірістік бригадасы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіреді, өнім алады, оны мемлекетке тапсырады. Өнімді еңбек процесінде оқушылар мектептен алған теориялық білімдерін практикада қолданады. Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың тиімді формасы ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатысқан оқушылардың химия, биология т.б. пәндер бойынша үлгерімі, ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатыспаған оқушылардан анағұрлым жоғары болатындығы байқалды. Оқушылардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен байланыстырудың басты да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың өндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия үйірмелері, шаруашылық ұжымдарындағы агрохимиялық лаборатория т.б. Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауыл шаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін комплексті тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасын ролі өте зор.




«Шаған кенті №24 ЖНББМ» КММ

директоры Н.М.Жолбарысов










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп о?ушыларыны? т?л?асын ?алыптастыруда?ы е?бекке т?рбиелеуде м??алімдерді? ролі

Автор: Жолбарысов Н?рлан М?стафа?лы

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 180184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства