Сабықтың тақырыбы: Жабайы аңдар.
Мақсаты: а) білімділік:Жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.
Жабайы аңдарды бір – бірінен ажырата білуге, әрбір аңның
аттарын, дұрыс айтуға үйрету және олардың тіршілік ететін
ортасы туралы түсініктерін молайту. Аңдардың балаларың
ажыратып атауын атауға үйрету, аңдарды сипаттауға
жаттықтыру. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге
үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарларының айырмашылығын
түсініп айта білуге үйрету.
б) түзетушілік: ауыз-қуысына арналған дайындық жаттығуларын
жасай білуге, тыныс алу жолдарын, сөйлеу мүшесінің қозғалыс
қимылын және ұсақ қол қимылдарың жаттықтыру.
в) дамытушылық: Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер
пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту. Қызықты
ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.
Жұмбақтар шешу арқылы ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру,
байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. Көріп есте сақтау қабілетін,
қабылдау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, зейінің дамыту,
ойын дағдыларын қалыптастыру және ойындар арқылы
сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, сабаққа деген
қызығушылығын арттыру.Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін
жетілдіру.
г) тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін
арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға
қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілік ізгі
қасиеттерге ұйымшылдыққа, мейірімділікке, кішіпейілдікке,
ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар:слайд:жабайы аңдар мен үй жануарларының суреттері, орман көрінісі мен үй қорасының суреті, қыс мезгілінің суреттері, жабайы аңдар мен төлдерінің жеке суреттері.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап алу, көрсету, түсіндіру, жұмбақтар жасыру, бой сергіту, ойындар,қорытындылау және мадақтау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандастыру.
-Сәлеметсіңдер ме балалар, бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл- күймен өткізу үшін сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Осы шеңберде бір-бірімізге гүл шоғын сыйлай отырып, жақсы тілектерді білдірейік.
- Жарайсындар балалар. Сендердің жүректеріңде әрқашан жеңілдік, қуаныш болсын және де сабақ бойы достарыңның жанжылулығы қолдау болсын.
2.Артикуляциялық жаттығулар: «тарақ», «сағат», «кірпі», «футбол», «алтыбақан», «күркетауық», «қамыр жаю», «тәтті бәліш», «тәтті тосап», «кесе», «тіс тазалау», «құрбақа», «піл», «ренжулі мысық», «сылақшы», «саңырауқұлақ», «ат шауып келеді».
Орындалуы: әр бала артикуляциялық жаттығуларды ертегіге айландырып, сөйлем құрап айтып отырып орындайды.
3. Тыныс алу жаттығуы: «Қолымызды жылту».
Орындалуы:қолымызды жылту үшін мұрынмен тыныс алып, ауыздан демді шығарамыз. 3 рет қайталау.
4.Сұрақ жауап алу:
- Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Қыс айларын атап беріңдерші?
- Қыс мезгілінде үш ай бар желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?
- Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін аппақ қар басады, аязды болады, мұз қатады.Балалар қыс мезгілінде қардан аққала жасайды, шанамен сырғанап ойнайды.
5.Балаларға кіріспе әңгімеден бастаймын.
– Балалар қандай жануарлардың түрлерін білесіндер?
- Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
- Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз?
-Үй жануарларына сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі, есек, шошқа, ит, мысық жатады. Үй жануарлары үйде яғни арнайы қорада ұсталынады. Оларға адамдар жем, шөп, су беріп күтіп қарайды.
- Балалар қазір мен сендерге жұмбақтар жасырамын, мұқият тындап отырындар.
1.Төрт түліктің қас жауы, түзде жүрген көк сері.
Аспанға қарап ұлиды,малды ауылды ториды.(қасқыр)
2. Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.(түлкі)
3. Өзі айбарлы, өзі аң патшасы.(арыстан)
4. Мысыққа ұқсайтын аң.(жолбарыс)
5. Тәтті көрсе бас салар,
Аумайды жас баладан.
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан. (аю)
6. Ұзын құлақ көзі қыли,
қорыққан сайын секіреді ылғи. (қоян)
- Жарайсындар балалар. Осы аталғандардың барлығын жабайы аңдар деп атаймыз.
Слайд көрсету. Жабайы жануарларды көрсетіп, балалармен бірге сипаттау. Жабайы аңдар елсіз далада, орманда тіршілік етеді.Олар өз қоректерін өздері тауып жейді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік етеді.Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Арыстанды – аңдардың патшасы деп атайды, оның басындағы қалың түкті ханның тәжіне ұқсатады. Арыстан – айбатты, қаһарлы,ең ірі әрі күштіжыртқыш аң. Оның тістері және тұяқтары өткір, ол жылдам жүгіреді. Арыстан-жануардың етімен қоректенеді.
Жолбарыс - мысыққа ұқсайды. Жолбарыс та өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі. Жолбарыс жан - жануарлардың, аңдардың етімен қоректенеді.
Қасқыр – түрі суық, қатыгез,батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң. Ол өте жүйрік және оның тістері өткір, аяқтары ұзын болады.Қасқыр ормандағы өзінен әлсіз
жануарларды аулайды, егер жайлауда үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды.
Түлкі - жүгіргенде жүйрік және оның сырт келбеті өте әдемі, құйрығы ұзын жыртқыш аң.Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық, тышқандарды аулап жейді.
Аюдың екі түрі бар: ақ аю және қоңыр аю. Аюлар иіс сезгіш жыртқыш аңдар. Ақ аю- суда суық мұзды жерде мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс-жидектер және бал жейді. Қоңыр аю қысбойы ұйықтайды, тек көктем мезгілі шыққанда ғана ұйқысынан оянады.
Қоян- ең қорқақ аң. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары мен жас сабақтары, ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.Қоян қыста үйілген маялардың түбінде, не ағаш қуыстарында қыстайды. Қоянның екі құлағы ұзын, ал құйрығы кішкентай болады. Оның терісі өте жұмсақ, көздері өте үлкен келеді. Ол ормандағы ең мейірімді және зиянсыз жануар.Қоянның сұр тоны қыста аппақ тонға ауысады. Осылай өзін басқа жыртқыш аңдардан қорғайды.
-Арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю, аталғандардың барлығы жабайы жануарлар болса да, өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді. Олар қыста тоңбайды, өйткені олардың жылы тоны бар.Аңдарды атуға, аулауға болмайды, себебі жабайы жануарлар табиғатымыздың көркі, қорғанышы.
Қанекей балалар орнымыздан тұрып, бойымызды бір сергітіп тынығып алайық.
6. Сергіту сәті «Гумигер қонжығы»
Электрондық таспамен орындау.
-Жарайсындар балалар, ал енді қызықты ойындар ойнаймыз.
7. «Мекеннін тап?» ойыны.
Ойын шарты:ортаға үй жануарлары мен жабайы аңдардың жеке суреттері беріледі, осы жануарлардың өз мекендері бойынша әрқайсысын тақтаға іліп жапсырады. Бірінші суретте үй және қорасы бар сурет бейнеленген, ал екінші суретте орман көрінісі бейнеленген.
8. «Анасын тап?» ойыны.
Ойын шарты: жабайы жануарлардың суреттері тақтада ілініп тұрады, әр балаға жабайы жануарлардың төлдерінің суреті беріледі. Әр жабайы жануарлардың төлдерін дұрыс тауып, қастарына жапсырып орналастырады.
Арыстанның баласы - /абдан/
Жолбарыстың баласы - /жөнжік/
Қасқырдың баласы - /бөлтірік/
Түлкінің баласы – /міршәй/
Аюдың баласы - /қонжық/
Қоянның баласы - /көжек/
9.«Не жейді?» ойыны.
Ойын шарты:жабайы жануарлардың немен қоректенетінің тауып, әр жануардың қасына өз қорегін жапсыру.
қоңыр аю → бал, ақ аю →балық, қасқыр → ет, түлкі → ет, тышқан, арыстан → ет, қоян →шөп, жолбарыс → ет жейді.
10. Тілді жаттықтыру:
Тан-тан-тан бұл айбарлы арыстан
Ыс-ыс-ыс бұл жүйрік жолбарыс
қыр-қыр-қыр- бұл көкжал қасқыр
кі-кі-кі-бұл айлакер түлкі
ю-ю-ю-қорбаңдаған аю
ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян
ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян
11.Сабақты қорыту.
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
- Жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады?
- Бүгінгі сабақтың ойындары қызықты болдыма?
- Балалар сендерге қайсы ойын ұнады?
Бағалау: сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтау.
- Жарайсындар балалар бүгінгі сабаққа барлықтарын жақсы қатыстындар, ойындарға белсене қатысып, ойындарды қызығушылықпен ойнадындар.
Сабақ соңында қоштасу.
- Сау болыңыздар, рахмет!