kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект технологической карты "Жабайы аңдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім  саласы: «Қатынас»

Бағдарлама тарауы: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жабайы аңдар

Мақсаты: балаларға жабайы аңдар, олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Аңдардың тіршілігі мен төлдерін таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға әңгімелей білуге, сөйлей, ойлау қабілеттерін дамыту. «Жандандыру» арқылы ой-қиялдарын арттыру. Қоршаған ортаны қорғауғ, сүюге, жануарларға қамқорлық жасауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 

Құрал-жабдық: слайд-шоу, аңдардың суреттері, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, жұмсақ ойыншықтар, теледидар.

Сөздік жұмыс: арқар, ілбіс, мыршай-жаутаң.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Жылулық шеңбер!

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн апайлар!

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылулық сыйлады. Мейірімді жүзбен амандасып, бүгінгі күнге сәттілік тіледі. Қимылмен қайта-қайта қайталады.

Іздену-ұйымдастырушылық

Балалар табиғаттың бір бөлігі-жануарлардан тұратынын білеміз. Сендер қандай жануарларды білесіңдер? Өте дұрыс!

Балалар біз жануарларды екіге бөлеміз: үй жануарлары және жабайы аңдар.

Үй жануарлары- үй маңайында тіршілк ететін жануарлар. Адамдар оларды күтіп баптайды, қарайды. Ал, жабайы аңдар туралы бүгін біз тереңірек танысамыз.

Жабайы аңдар- табиғи жағдайда өз бетімен жемтігін тауып, тіршілік етеді. Қазақстанда жабайы аңдардың түрлері өте көп. Кез-келген адамға таныс: аю, қоян, қасқыр, түлкі, кірпі.

Кірпі- орманда тіршілік етеді. Тікенектері арқылы жауларынан қорғанады. Шөп қоректі жануар.

Қоян- шөп қоректі жануар, денесі ұзын, иілгіш, қорғауға секіруге икемді.құйрығы қысқа, ұзын құлақтары, дыбыстарды жақсы сезеді. Көзі маңдайына қарай жоғары орналасқан. Сондықтанды мойынын бұрмай-ақ жан-жағын жақсы көреді. Қоянның баласын көжек деп атаймыз. Қоян қандай балалар? Дұрыс айтасыңдар.

Тиін-  ағаштың кеуектерінде өмір сүреді. Артқа  аяғы, алдыңғы аяғынан ұзынырақ. Ол алысқы секіруге көмектеседі. Қорыққанда «тук-тук» дауыс шығарады, ал қуанғанда ысқырады. Тиін-ақкөңіл.

Аю- ірі денелі жыртқыш аң. Икемсіз, көру қабілеті төмен. Сондықтан есту мүшесіне сүйенеді. Аюдың баласын қонжық дейді. Аю- маймақ аң.

Қасқыр- күшті, батыр, ержүрек, жыртқыш аң. Ақылы мен айласы түлкіден асып түседі. Қасқырдың баласы – бөлтірік дейді.

Түлкі- терісі бағалы жартқыш аң. Оның денесі ит пен қасқырға ұқсас. Тұмсығы ұзын, сүйріктеу келеді, құлағы үнемі тік тұрады. Түлкінің терісінен бағалы бас киім тымақ тігеді. Түлкінің баласын-мыршай және жаутақ(есейіп келе жатқан түлкі) дейді. Түлкі-қу, айлакер.

Ілбіс немесе барыс- қаар дақтары бар мысық тұқамдасқа жататын ұзые ұйрықты жыртқыш аң. Мәңгілік қарлы тау етегінде өмір сүреді.

Арқар- қой тектес жабайы аң. Оңтүстік-шығыс Қзақастан тауларында тіршілік етеді. Бұл қой тауларының ішіндегі ең ірісі. Сұр-қоңыр түсті, үлкен шиыршықталған, бұйратылған мүйізі бар.

Арыстан- мысық тұқымдасқа жататын ең ірі жыртқыш аң.

Жолбарыс- мысық тұқымдасқа жататын жолық терілі ірі жыртқыш аң

  -Міне, балалар, жабайы аңдар туралы түсініктер алдық. Барлығымыз орнымыздан тұрып бой жазып алайық.

Сергіту сәті: сұр қоян.

Слайд- қандай аңдар туралы тақпақ білесіңдер.?

               Түлкі

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері ду ғой.

Жүріп алып жоғада,

Іздегені шу ғой.

              Қасқыр

Қасқыр, қасқыр жолама.

Кірме біздің қораға

Аңдып келген қасқырды

Қойшы келіп басқа ұрды.

                        Аю

Ормандағы  аю қонжық.

Ұялардан бал іздеді.

Орман ішін аралады.

Ағаштарды шайқап көрді.

 

«Кім жылдам»ойыны.Жұмбақ жасыру.

Мақсаты:Балалардың зейінін дамыту.

 Сөздік қорын,ойлау қабілетін арттыру.

Өзі айлакер, өзі қу.

Жүрген жері айқай да шу.(Түлкі)

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.(Аю)

Көп,көп ине көп ине.

Бір сабағы жоқ ине

Іс тікпейді әрине.(Кірпі)

Далада жүр шапқылап,

Керемет тым саққұлақ.

Тым есектей басқада,

Оған ұқсас жоқ құлақ(Қоян)

 «Кім жылдам» қиылған суреттерден аңдардың суретін құрастыру.

Қоян,тиін, қасқыр,аю.

Сергіту сәті:        

                      Аю

Қорбаңдаған аюдың.

Құлпынайыкөп екен.

Теріп, теріп алайық.

Қалтамызға салайық.

Балала, сендер сүйікті ертегілеріңнен қандай жабайы аңдарды кездестірдіңдер?

«Бауырсақ» ертегісіндегі аңдарды атаңдаршы?

«Үш аю»ертегісінде ше?

«Маша аен аю» ертегісінде ше?Ендеше біздің сүйікті мультигімізге кезек берейікші.Аяз ата қандай аңдарға сыйлық апарып берді?Өте дұрыс айттыңдар балалар.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сұраққа жауап беріп,жабайы аңдармен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорқақ деді балалар.

 

Барлық жабайы аңдардың ерекшеліктерін,өздеріне тән қасиеттерін слайд шоу арқылы біледі.

 

 

Балалар өздерінің аңдар туралы тақпақтарын айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қоянды қимылмен

қайталап айтып шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 түлкі туралы тақпағын балаларға айтып берді.

 

Мансұр қимылмен қайталап айтты.

Балалар жұмбақты жарыса шешіп, қателескен достарының,

жауабын түзеді.

Балалардың барлығы қимылмен әдемі жасап шықты.

Балалар жеке- жеке атап шықты

Қоян,қасқыр,аю, түлкі.

Ата,апа,бал,қонжық.

Тентек қыз Маша мен аю деді балалар.

Барлығы мультикті қызыға көрді. Қоянға, қасқырға,тиынға,түлкіге аюға деді.

Рефлексифті – корригиялық

Балалар бүгінгі іс-әрекетімізді қортындылайықшы.

-қандай тапсырма қызықты болды?

-қандай аңдармен таныстық?

Өте жақсы балалар мен сендердің бүгінгі еңбектеріңді, білімдеріңді сүйікті мультиктерін «Маша мен Аю» суретімен бағалағым келіп отыр.

Бәріміз шеңберге тұрып,бір-бірімізге тілек айтайықшы.

Сендерге көп-қөп рахмет!

Суретті құрау,жұмбақ шешу деді.

Жабайы аңдармен.

Балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін сыйға алғандарына қатты қуанды. Шеңберге тұрып:

Мен саған,аюдың мықтылығын тілеймін.

Мен саған қоянның жүйріктігін тілеймін.

Мен сағсн түлкінің әдемілігін тілеймін.

Мен саған қасқырдың батырлығын тілеймін деп бір-біріне бақыт тіледі.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Жабайы аңдар, олардың тіршілігімен және төлдерімен танысу.

Меңгергені:Аңдарды атау,сурет құрастыру,жұмбақтар шешу,сергіту сәтін орындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект технологической карты "Жабайы аңдар"»

Әдістемелік ізденіс тақырыбым: “ Тәрбиеленушілердің көру арқылы есте сақтау қабілетін қалыптастыру”.

Әдістемелік ізденіс тақырыбым:

Тәрбиеленушілердің көру арқылы есте сақтау қабілетін қалыптастыру”.

Мақсаты:

Мақсаты:

  • Дидактикалық материалдарды, ойын түрлерін тиімді пайдалана отырып, баланың сөйлеуін және көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Міндеттері:

Міндеттері:

  • Ойын технологиясы туралы білім жетілдіру, ойын жинақтау, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
  • Дыбыстарды дұрыс дыбыстап, сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрай алуға үйрету.
  • Көрнекіліктерді қолдана отырып,белсенді сөздік қорын дамыту, қолданыста жоқ сөздерді белсенді сөздер арқылы үйрету.
  • Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру
Жүзеге асыру кезеңдері:

Жүзеге асыру кезеңдері:

Ойын – мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі турі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады .

Ойын – мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі турі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады .

“ Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі – ойыннан тұрады”
  • Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі – ойыннан тұрады”

А.С. Макаренко

Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды Ойын

Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды

Ойын

Бүгін қоянның туған күні. Достары қоянға әр түрлі сыйлықтар әкелді. Күшік бантик, тоты құс шар, үйрек гүл, кірпі қорапша, түлкі доп сыйлады. Қоянның туған күніне қай аң қандай сыйлық әкелгенін мұқият қарап ал.

Бүгін қоянның туған күні. Достары қоянға әр түрлі сыйлықтар әкелді. Күшік бантик, тоты құс шар, үйрек гүл, кірпі қорапша, түлкі доп сыйлады. Қоянның туған күніне қай аң қандай сыйлық әкелгенін мұқият қарап ал.

Қонақтарын шығарып салған қоян достары әкелген сыйлықтарын тамашалай бастады. Сыйлықтардың көптігінен қоян достарының әкелген сыйлықтарын шатастырып алды. Балақай сен білесің бе? Қоянның достары, қай аң қандай ойыншық әкелген тауып беруге көмектес.

Қонақтарын шығарып салған қоян достары әкелген сыйлықтарын тамашалай бастады. Сыйлықтардың көптігінен қоян достарының әкелген сыйлықтарын шатастырып алды. Балақай сен білесің бе? Қоянның достары, қай аң қандай ойыншық әкелген тауып беруге көмектес.

“ Ұстаз – үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды”, - деп К.Д.Ушинский айтқандай, үнемі шеберлікті шыңдау жолында жаңа әдіс – тәсілдерді үйреніп, қолдануға тырысамын.
  • Ұстаз – үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды”, - деп К.Д.Ушинский айтқандай, үнемі шеберлікті шыңдау жолында жаңа әдіс – тәсілдерді үйреніп, қолдануға тырысамын.
Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Конспект технологической карты "Жабайы аңдар"

Автор: Мухаметрахимова Арайлым Даулетовна

Дата: 10.04.2018

Номер свидетельства: 465722


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства