Сабақ жоспары
№ 6 КППК әдіскері:____________ Маман: арнайы педагог – Нурбалаева С.К
Күні: 28.03.2019ж
Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты:Үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру. Өзінің үйіндегі үй жануарларын атай отырып, алған мағлұматын пысықтау.
2.Дамытушылық мақсаты: Үй жануарларын атай отырып, сөздік қорын молайту; сызба бойынша әңгіме құрастыру іскерліктерін жетілдіру.
3.Тәрбиелік мақсаты: Үй жануарларына деген қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Оларды күтіп-баптау керектігі жайлы мағлұмат бере отырып, оларды аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Жұмбақтар, мақал- мәтелдер, үй жануарлары туралы мағлұмат.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Баламен амандасып, қал-жағдайын сұрап, көңіл күйін бақылау
Педагог баланың назарын терезеден түскен Күн сәулесіне аударып, төмендегі «Тіршілік атаулыға қайырым жаса» өлеңін оқиды.
Шашы алтын, көзі от, шыға ғой, Күн тезірек!
Шуақ берші, жылу бер- маған, қозы, лағыма, тағы-тағы, тағы да!
II Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта өткен мақтақызбен мысық ертегісі жайлы сұрақтар қою.
III Жаңа сабақ. Әңгімелесу.
Педагог балаға ауылға саяхатқа шығуды ұсынады, ауыл туралы әңгімелеседі.
- Ауылға барғанда не көрдің? Онда кімдер тұрады?
Үй жануарларының суреттері ілінген немесе макеттері қойылған үстел қасына келгенде «ауылға жеткендерін» хабарлайды.
- Әр үй жануары бойынша сипаттау.
- Жануарды атау, оның денесі қандай?
- Аяғы қанша және олар қандай?
- Құйрығы қандай?.Арқасында не бар?
- Немен қоректенеді? Оларды қалай күтеді?
«Төрт түлік малдың ішіндегі жылқы мен түйе ең ірі жануарға жатады. Жылқы- ең жүйрік жануарлардың бірі, оны арба мен шанаға жегеді, мінеді, сүтінен қымыз ашытады. Жылқының төлі – құлын, ал пірі – Қамбар ата екен.
Түйе бірнеше күн аштық пен шөлге шыдайды. Сол себепті де, басқа жануарлар жемейтін тікен мен шөпті жеп, арқасына май жинайды, оны «өркеш»дейді. Түйенің пайдасы мол:сүті, терісі, жүні адам қажетін өтейді. Түйенің төлі – бота, ал пірі – Ойсыл қара
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
V Білім-дағдысын қалыптастыру.
« Ненің орны ауысты?» Педагогтың көмегімен.
Тақтаға үй жануарларының суретін іліп, бала көзін жұмады. Тақтадағы суреттің орнын ауыстырып қойып, ненің орнын ауысқанын сұрайды.
VI Үйге тапсырма. Өзіңе ұнайтын үй жануарының суретін салу
VIIҚортындылау.
- Бүгін сабақта не туралы айттық?
- Қандай үй жануарларын білесің?
- Сенің үйінде қандай үй жануары бар?
- Саған қандай үй жануары ұнайды?
Сабақ аяқталды Сау бол!