Жыраулар поэзиясының орны мен ерекшелігін меңгерту. 2.Ойлау қабілеттері тереңдеп, шығармашылық ізденістерге дағдыланады. 3.Топтық жұмыста белсенділік таныта отырып, жыраулар өмірі мен шығармаларына тереңінен үңіліп, мәлімет алуға ынталанады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жыраулар поэзиясы 9-сынып»
Күні: 22.11.16ж Пәні: Қазақ әдебиеті Сынып: 9 «а»
Пән мұғалімі: Ракулова Гульзия Якияевна
Сабақтың тақырыбы: ХІҮ – ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы Сабақтың мақсаты: ХІҮ – ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, толықтыру. Жыраулар поэзиясының орны мен ерекшелігін меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
1.Жыраулар поэзиясының орны мен ерекшелігін меңгерту. 2.Ойлау қабілеттері тереңдеп, шығармашылық ізденістерге дағдыланады. 3.Топтық жұмыста белсенділік таныта отырып, жыраулар өмірі мен шығармаларына тереңінен үңіліп, мәлімет алуға ынталанады.
Оқыту технологиясы: ұжымдық оқыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Алдын ала оқыту, зерттеу, баяндау, топтастыру, салыстыру(СТО стратегиясы), ақпаратты – комуникативтік технология
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1.Құралдар мен көрнекіліктер: маркер, А1 форматты қағаз, интерактивті тақта, кестелер, тірек сызбалар, Бұқар жыраудың, Қазтуғанның, Асанқайғының портреттері, «Жыраулар» тақырыбына байланысты қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: тарих,география
Күтілетін нәтиже: 1. Жыраулар поэзиясынан мәлімет алады.
2. Жыраулар шығармаларын меңгереді. 3. Жыраулар поэзиясының әдебиеттегі орнын түсіндіру.
Сабақ барысы:
Уақыты
Жұмыстың түрлері
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
1 мин.
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды мозайка арқылы топтарға бөлуді ұйымдастырады.
4-5 оқушыдан
4 топқа отырады.
1 мин.
ІІ Қызығушылық ты ояту
А.Йасауидің және мазарының суреті арқылы үй тапсырмасына дайындық.
Оқушылар берілген тапсырма бойынша мәлімет береді.
8 мин.
ІІІ Үй тапсырмасын сұрау
«Кім жылдам?» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау
«Кім жылдам?» әдісі арқылы
І топ: Ахмет Йасауи кім? Өмірінен қандай мәлімет білесің?
ІІ топ: Ахмет Йасауи ұстанған дін жолы? Сопылық ілімнің негізгі мақсаты?
ІІІ топ: Ахмет Йассауи шығармасын ата? «Диуани хикмет» шығармасының басты тақырыбы? Жырдың қандай екі топқа бөлінді?
ІҮ топ: Әдебиетіміздегі сыншылдық дәстүр деген не? Ахмет сыншылдық дәстүрді әдебиетімізге әкелді деп не себептен айтады?
Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындай отырып, үй тапсырмасын талдайды.
Оқушы кітаптан тыс мәліметтерді жазып алады.
2 мин
ІІІ Мағынаны тану
«Болжау» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа дайындық.
Жыраулар суреттері көрсетіліп,олар туралы мәлімет беріледі.
Оқушылар суреттен жыраулар есімін анықтайды, мәлімет береді.
18 мин.
ІҮ Жаңа сабақ
Оқушыларға жаңа тақырыпқа байланысты ресурстар беріп,өз бетерімен тақырыпты меңгерту.
Сөздікпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Толғау, жырау, жыршы сөздеріне түсінік беру.
Кесте арқылы тақырыпқа қосымша мәлімет беріледі.
Әр топқа сөздердің мағынасы, аудармасы беріледі.
Жыр жолдарымен
жұмыс. Мәнерлеп оқып мазмұнын түсіну.Әр топқа өлең мәтіні таратылып, мазмұнына талдауға тапсырма беріледі.
Кестеден қосымша мәлімет алады.
Дәптермен жұмыс
Мәтін мазмұнымен танысады, мәтінді талдайды.
7 мин.
ІV Бекіту
Грамматикалық тапсырма:
Ойтолғау жазу
« Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер?...»
Ұлы адамдар сөздерімен тақырыпты қорытындылау.
Оқушылар өз бетімен тапсырманы орындайды, жауап береді.
5 мин.
VІ Қорытындылау
Түбірлес сөздерді анықтау.
Жыр-жырау, жыршы
Ел-елдік, елші
Ой-ойшыл, ойлану
Дана- даналық, данагөй
Жаңа тақырыптан алған білімдерін өз пікірлерін білдіру арқылы жинақтау. Тақырыптың ой түйінін айту.