Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 9.1.2.2 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау. 9.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау; 9.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
| ||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар | ||
Мәтін бойынша түсінгендігін айта алады. | |||
Оқушылардың басым бөлігі | |||
Мәтін бойынша негізгі тапсырмаларды орындай алады,Шығарма бойынша кесте толтыра алады. | |||
Кейбір оқушылар : | |||
Берілген тапсырма бойынша өз ойын толық жеткізе алады. Мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алады | |||
Бағалау критерийі | Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанымен өмірі мен шығармаларымен танысады, біледі. Диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады , көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденеді. | ||
Тілдік мақсат | Негізгі сөздер мен тіркестер: | ||
Танымдық, шығармашылық қабілетін, ізденістерін арттыру; өздігінен білім алуға жетелеу. | |||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым): | |||
Талқылауға арналған тармақтар: | |||
Ақыл,нақыл, өсиет,адал достық, амал достық. | |||
Жазылым бойынша ұсыныстар: | |||
Постер қорғау,топпен жұмыс,сәйкестендіру,құрылысына қарай талдау, шығармашылық жұмыс,«Адамтану диаграммасы» | |||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.Функционалды сауаттылық артады алған білімдерін өмірмен ұштастыра алады. Шығарманы оқи отырып адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. | ||
АКТ қолдану | Интерактивті тақта. Видео.Аудио.Рефлексия. | ||
Алдынғы оқу | 1.Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырларды қамтыған және неше кезеңге бөлінеді? 2.Ислам дәуіріндегі әдебиетке қандай ақын-ғалымдар жатады? | ||
ЖОСПАР | |||
ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ | Жоспарланған жаттығулар | ||
Басталуы (Қызығушылықты ояту) 1.Топқа бөлу (2 мин) 2. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин) «Алтын сандық» 3. Миғашабуыл стратегиясы(3 мин)I Ой қозғау Постер қорғау | |||
Сабақ басында: - Балалардың сабаққа қатысуын тексеру, зейінін мақсатқа бағыттау - Сабақтың оқушылармен бірлесе атқарылар жұмыс бағытын анықтау -жаңа сабақ тақырыбын анықтауға байланысты сұрақтарқою,үй тапсырмасын тексеру. Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Ұлы ғұламалардың суреттері арқылы бөлінеу 1.Әл-Фараби 2.Ахмет Иасауи 3.Ахмет Иүгнеки Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Оқушылар шығармадан үзінді оқи отырып кейіпкерлерді анықтайды. | |||
Бүгінгі сабағымызды болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтінМәңгілік Ел идеясымен бастамақпын. «Қазақ елі –мәңгілік» деген ұлттық идеямыздың темірқазығын осыдан мыңдаған жылдар бұрын ғұлама ғалымдарымыз жазып кеткен.Бұл жазуды тасқа қашалынып жазылған «Күлтегін» жырынанда кездестірген болатынбыз.Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналды.Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Өйткені біз ұлы тұлғалар үміт артқан ұрпақпыз. Сандықша ішіндегі сұрақтарға жауап беру. 1.Ахмет Иасауидің еңбегі қалай аталады? «Диуани хикмет» 2.Қожа Ахмет Иасауи өзінің әйгілі еңбектерін қай қалада жазған? Испиджабта 3.Ахмет Иасауи қандай отбасында дүниеге келген? Көрнекті дін қайраткерінің 4.Қожа Ахметке алғаш білім берген ұстазы кім? Бахаул-дин Испиджаби 5.Диуани хикмет» қай тілде жазылған?. Орта Азиялық түркі тілінің қыпшақ диалектісінде 6.Ахмет Иүгнеки қай ғасырда өмір сүрген? ХІІ ғ аяғы мен ХІІІ ғ басында 7.«Ақиқат сыйы» кітабының қанша көшірмесі сақталған?3 8.Ақын «Ақиқат сыйы» еңбегінде нені дәріптейді? Барлық нәрсе бір Алланың еркінде екендігін 9.Ахмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі неге негізделгенін айтыңыз? Ислам құндылықтарына 10.Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен жалғыз туындысы?«Хибуатул-хақайқ» «Ақиқат сыйы» 11.Әл-Фарабиге Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз деген атақты ким берген? Шығыс ғалымдары 12.Әл-Фараби қай жылы,қай қалада дүниеге келген? 870-950ж Отырар қаласында дүниеге келген. 13.«Тіршілікте құрыштай бол төзімді» кімнің шығармасы? Әбу Насыр Әл-Фараби 14.Әл-Фараби қандай ғылым саласымен айналысқан? Музыка,математика,логика,философия,астрономия,әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан. 15.Ақындарды үш топқа бөліп,поэзияның қыр-сыры туралы байыпты пікір айтқан кімнің, қай еңбегінде? Әл-Фарабидің « Өлең өнерінің қағидаттары» атты еңбегінде. Аудио, видео Жүсіп Баласағұн 1.топ «Ж.Баласағұнның өмірбаяны» 2.топ «Ж.Баласағұнның еңбектері» 3 топ «Құтты білік» дастанының тақырыбы. Оқушылар видеодан не көргендігін баяндайды? |